жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Қош келдің - Жаңа жыл!»
Авторы: Сәдір Фариза Темірханқызы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы №19 «Бұлақ» МДҰ тәрбиешісі
«Балдырған» ортаңғы тобы
Қош келдің - Жаңа жыл!
Жаңа жылға арналған ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген.
Сайқымазақ залға кіріп, балаларды іздеп таппай шығып кетеді. Балалармен бірге әсем әуенмен кіреді.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! Міне біздің ең көңілді, ең сүйікті мерекеміз жаңа жыл да келіп қалды. Сендерді көңілді ойын-сауықтар, сыйлықтар күтіп тұр. Балалар қараңдаршы, қандай әдемі шырша, әдемі ойыншықтар тізілген. Бұл шыршаны Аяз ата орманнан жіберіпті. Құрметті қонақтар мерекемізді «Жаңа жыл» әнімен бастауға рұхсат етіңіздер!
Ән: «Жана жыл»
(Музыка әуенімен Аққала кіреді. Қолында шырша ойыншықтары бар.)
Аққала: Сәлеметсіңдерме балалар! Сендердің киімдерің қандай әдемі! Ой, неткен әсем шырша! Жана жыл мерекесі өтетінін біліп, шыршаны безендіруге келіп едім, сендер шыршаны әдемі етіп безендіріп қойыпсыңдар, мен үлгере алмай қалдым. Бірақ шырша керемет болып тұр. (мұңаяды)
Тәрбиеші: Шыршаны безендіруге алып келген ойыншықтарың қандай әдемі! Сен бұған бола мұңайма, сенің мұнда достарың көп, солармен бірге билеп, жаңа жылдық мерекені тойла. Қане балалар, Аққалаға жаңа жыл туралы тақпақтар айтып берейік.
Жаңа жыл туралы тақпақтар:
Перизат: Жаңа жылды қарсы алайық бәріміз,
Керемет қой жаңа жылғы әніміз.
Ән айтамыз бәрімізде қуанып,
Жаңа жылдың біз, сіз болар сәніміз.
Мира: Қайырлы күн, барша туған-туыстарым,
Құтты болсын бұл келген жаңа жылың!
Тышқан жылы кенеліп шын бақытқа,
Өсе берсін бұл жылда табыстарың.
Айсұлу: Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата-әже, әке шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Айдана: Жылдың әнін бастайын,
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды.
Сұлтан: Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Дарын: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Сезім: Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
(Залға майысып Түлкі келеді)
Түлкі: Сәлеметсіңдерме балалар! Сендер сондай әдемісіңдер! Балалар мен де сендермен бірге жана жыл мерекесін тойлағым келеді. Менде қосылсам болама?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Кел Түлкіжан бізден бірге Жана жыл мерекесін тойла. Балалар сенімен би билеп ән айтады. Қане балалар, түлкімен «Аңдар» биін билейік.
Би: «Аңдар»
Ақшақар: Құтқарыңдар, Құтұарыңдар. Балалар сендерге сыйлықтарын алып келе жатқан Аяз атаны Мыстан кемпір сиқырлап тастады.
Тәрбиеші: Балалар біз Аяз атаны құтқаруымыз керек. Егер Аяз ата болмаса Жаңа жыл мерекесі өтпейді.
Түлкі: Енді не істейміз? Қалай құтқарамыз.
Ақшақар: Жүріңдер, Аяз атаны мыстанның сиқырынан құтқарайық. Жаңа жыл мерекесі өтпесе балалар бізге ренжиді. (Музыка әуенімен Ақшақар, Түлкі, Аққала шығып кетеді.)
(Музыкамен Мыстан келеді.)
Мыстан: Неге әдемі болып, күшті киімдеріңді кидіңдер. Жаңа жыл мерекесі болмайды. Себебі мен сендер асыға күтіп отырған Аяз ата мен Ақшақарды сиқырлап тастадым. Ха ха ха.
Тәрбиеші: Мыстан кемпір, балалардың көптен күткен Аяз атасын жібер. Мерекемізді бұзба.
Мыстан: Менің бір шартым бар. Сол шартымды балалар орындап, жеңсе Аяз атаны жіберемін, жеңілсі онда жібермеймін.
Тәрбиеші: Ол қандай шарт?
Мыстан: Менімен ойын ойнайсыңдар. Сол ойында мені жеңсеңдер тілектер орындалады.
Тәрбиеші: Балалар, қане Аяз атаны құтқару үшін Мыстанмен бірге ойнап, жеңіске жетейік.
Ойын: «Кім жылдам?»
Мыстанның етігін бірінші киіп алып қашу керек.
Мыстан: Жарайсыңдар балалар! Сендер менің сиқырымды жеңдіңдер, Аяз атаны құтқардыңдар. Ендеше мен барып, аяз атаны сиқырымнан босатайын.
Тәрбиеші: Мыстан кемпір Аяз ата мен Ақшақарды сиқырынан босатқан болар. Қане бәріміз Аяз атаны қарсы алайық.
Хормен: Аяз ата, Аяз ата.
Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансыңба қыздарым,
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Ақшақар: Алыс алыс алыстан
Көз жетпейтін ғарыштан
Қырдан дара қиырдан,
Ақшақар келді асығып.
Тәрбиеші: Сәлеметсізде Аяз ата! Қош келдіңіз.Балаларымыз сізді асыға күтіп отыр. Аяз ата біздің мына әсем шыршамызды жарқыратып жіберіңізші.
Аяз ата: Әрине шаршаның шамдарын сиқырлы таяғыммен жағып жіберейін.
Барлығы: Таңырқат, таңырқат!
Шыршаны жарқырат!
Аяз ата: Бұл не сиқыр, Шырша неге жанбай тұр? (Шыршаны айналып қарайды, мыстан шыршаның артында тығылып отырады.)
Аяз ата: Ә! Мұнда мыстан бар екен ғой. Бар бәле сеннен келген екен ғой. Қазір мен сені өмір бойына мұз етіп қатырып тастаймын.
Мыстан: Аяз ата мені мұз етіп қатырмашы. Балалар кешіріңдер мені. Қателігімді түсіндім. Енді олай қайталамаймын.
Аяз ата: ау, балалар мыстанды кешірейікпе?
Балалар: Иә, кешіреміз.
Барлығы: Таңырқат, таңырқат!
Шыршаны жарқырат!
Тәрбиеші: Ал енді біздің бүлдіршіндеріміз шыршаның жану құрметіне арнап «Шырша шамы жарқыра» әнін орындап береді.
Ән: «Шарша шамы жарқыра»
Шырша туралы тақпақтар:
Нұрталап: Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Қасым: Тауда туып
Тауда өсіп
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Ерхат: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Мағжан: Әдеміліп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз
Орысша тақпақтар: Исламхан, Амина
Ақшақар: Мында менің сүйкімді сіңлілерім жүр екен, кәне солардың өнерлерін тамашалайыншы.
Би: «Шырша»
Аяз ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балаларым! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.
Ойын: «Шыршаны безендіру»
Тәрбиеші: Енді Аяз атаға арнап «Аяз ата мен аңдар» әнін айтып берейік.
Ән: «Аяз ата мен аңдар»
Тәрбиеші: Аяз ата демалып отырып, біздің балаларымыздың тамаша өлең жолдарын тамашалаңыз.
Ал балалар, Аяз атаға арналған тақпақтарымызды айтайық.
Аяз ата туралы тақпақтар:
Дильназ: Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Аяз ата келгенде
Билейміз, ән саламыз
Айзере: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталды
Аяз оны басқарды.
Арон: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Сымбат: Жылдың әнін бастайын
Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Мансур: Аяз ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз ата сонда болды.
Тәрбиеші: Аяз ата мерекемізге Микки маус достарымыз да келіпті. Солардың өнерлерін тамашалайық.
Би «Микки маус»
Тәрбиеші: Балалар Аяз атаның ойын ойнағысы келіп тұр екен.
Ойын: «Көңілді сиқырлы таяқ» (Ата аналар Аяз атамен бірге таяқты алмасып билеп журеді. Музыка тоқтағанда таяқ кімнің қолында қалса, сол өнер көрсетеді.)
Ән: «Ақшақар»
Би: «Ұлпа қарлар»
Аяз ата сыйлықтарды үйлестіреді.
Аяз ата, Мыстан, Түлкі қоштасады.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2020-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш алып келсін!
Қош келдің, Наурыз!
Сценарий мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Сценарий көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.
Тәрбиеші: Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды,
Қарсы алайық Наурызды!
Тәрбиеші:
Наурыз тойын жұп жазбай,
Қошеметпен қарсы алып
Досқа құшақ ашайық,
Өлең жырға басайық,
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!
Ән: «Отаныма көктем келді»
(Әже шашу шашады).
Әже: Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсан жол болсын
Ұлыс береке берсін
Бәле-жала жерге еңсін
Ұлы халқым тең болсын
Қуаныш көп болсын!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, Наурыз мейрамына арналған ертеңгілікке қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: Балалар, Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтып берейік!
Дарын: Наурыз бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін
Г.Айсана: Алақай ау, алақай!
Наурыз келді, балақай!
Халық тойды тойлайды,
Әсем әнге салады ай!
Мансұр: Жыл басы Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
Айсұлу: Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз
Күлімдеген көктемге
Шуағын шашқан Наурыз!
Исламхан: Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Мира: Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз.
Ойын: «Қыз қуу»
Өзбек биі
Ойын: «Тақия тастамақ»
Тақпақтар:
А.Айсана: Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты
Сұлтан: Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы Жаңаша
Табиғатта та тамаша
Тамылжып тұр жараса
<

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген