Қош келдің - Жаңа жыл!!!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің - Жаңа жыл!!!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қош келдің, Жаңа жыл

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймыз бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын – дей келе «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді бастау үшін «Жұлдыз» ересек тобын қарсы алыңыздар!

Ал балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр! Біз қандай мерекені атап өткелі отырмыз!

Балалар:

Жаңа жыл!

Жүргізуші: Ал балалар ендеше біздің келіп отырған қонақтарымызға жаңа жыл туралы өлеңдерімізді айтып берсек қалай қарайсыңдар!

Хор: «Шыршаға бардық»


Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Құрметті қонақтар біздің ертеңгімізге бірнеше елден қонақтар келіп отыр.Ал ендеше ертеңгілігімізді испан елінен келген қонақтарымыз керемет билерімен бастаса қалай қарайсыздар:

Қонақтар: -Әрине

Би: «Испан биі»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.Ал енді испан елінен келген балаларымыздың өлең шумақтарын қабыл алыңыздар!

Айлин:

Жаңа жылым, жарқын жүзді жандарым,
Жаңа жылым, әрбір атқан таңдарым!
Үміт артқан болашаққа ақ жарқын,
Сөнбесінші әр үйдегі шамдарың

Таңшолпан:

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын 
жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын 
Жаңа жыл


К.Айым:

Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.


Ажар:

Жаңа жылым, бейбіт күнім, жаратқан,
Жаңа жылым, достық үнін таратқан!
Елің үшін, жерің үшін кең байтақ,
Жаңа жылда, жаңа күнмен қанаттан!


Аяла:

Ақша қар, ақша қар,
Аппақ болып қонасың.
Тоса қалсам қолымды
Алақаныма толасың.

Дінмұхаммед:

Жаңа жылым, жаңа күнім, ардақты,
Жаңа жылым, салиқалы, салмақты!
Қазағымның айқара ашып есігін,
Жақсылықпен жаңалығын жалғапты!

Демеу:

Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.


Нұрдәулет:

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз

Жүргізуші:Ой, балалар бізге қонақтар келе жатқан секілді: Сендер бізге кім келе жатыр деп ойлайсыңдар?

Сайқымазақ:

Сәлем, достар! Халдерің қалай? Көңіл-күйлерің жоқ сияқты ғой. Неге?

(сол кезде бал арқалаған Ара ызыңдап ұшып кіреді)

Ара:

Балалар, мені құтқарыңдар! Аю маған тыныштық бермей жатыр. Балымды тартып алмақшы. (деп балалардың арасына тығылады)

Сайқымазақ:

Бал ара, сен қорықпа! Біз сені аюдан қорғаймыз. Балалар, біз араның көңілін көтеріп, ән айтып, би билеп берейік!

Жүргізуші: Балалар ендеше біз Араның көңілін көтеру үшін керемет аққала биін билеп берейік

Би: «Аққала»

Ибрахим:

Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр


Омар:

Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.


Абдурахман:

Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын


Хантөре:

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Жүргізуші:

-Жарайсыңдар балалар! Аражан, Аражан көңілің көтерілді ме?

БАЛАЛАРДЫҢ ӘН, БИ, ТАҚПАҒЫ (ара да қосылып, билеп қуанады)


Залға секеңдеп қоян кіреді. (аң-таң болып)

Қоян:

Не деген әсем шырша! Не деген сұлу балалар!


Сайқымазақ:

Сәлем, сәлем, сұр қоян!


Қоян:

Сәлем, сәлем,мен олрманда жүр едім музыканың дауысын естіп келдім. Мұнда не болып жатыр?

Сайқымазақ:

Бізде жаңа жылдық кеш өтуде.

Ара:

Мен орманнан аюдан қашып келдім. (сол мезет қорқынышты музыка ойнайды, залға аю кіреді ақырып)


Аю:

Әп, бәлем, ұсталдың ба?

(Ара балын ала қашады, аю артынан қуады)


Сайқымазақ:

Аю, сен тоқта! Ашуыңды бас. Әйтпесе Аяз атаға айтып, сиқырлатып жіберемін.

Балалар, аюдың ашуын басу үшін ән айтып берсек қалай болар екен?

Жүргізуші: -Әрине біздің балаларымыз керемет ән орындап береді және ол әнді балалар орыс тілінде орындайды.Қабыл алыңыздар!


ӘН; «Дед Мороз»

Жүргізуші:

Ой, балалар, аю паңның ашуы әлі басылмаған секілді.Мүмкін біз аюға , қонақтарға тағы бір өнерімізді көрсетіп берерміз.

Би: «Арап биі»

Айым:

Жаңа жылда бақшамыз,
Гүлдей болып жайнасын.
Аман болсын барлық бала,
Шат - шадыман ойнасын.

Айару:

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады

Айназым:

Айдай ару Ақшақар

Көмекшісі сол екен

Аяз ата ақсақал

Сыйлықтары мол екен!

Айнұр:

Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сагынған

Айнамкөз:

Жаңа жылым, тіршілігім, тынысым,
Жаңа жылым, күнделікті жұмысым!
Бесігінде ұйықтап жатқан маужырап,
Сәбиімнің бұза көрме тынышын

Фариза:

Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер 
жаңа кеп,
Мерекені бастаған. 


Аю:

Менің қарным аш, бал жейін десем ара бермей жатыр.


Қоян:

Менің де қарным аш.

Сайқымазақ:

Онда балалар Аяз атаны шақырайық. Мүмкін Аяз ата көмектесер.

Ендеше балалар Аяз атаны шақыру үшін сиқырлы сөзімізді айтайық!


Аяз ата, Аяз ата тез-тез кел,

Қарша қызды, қарша қызды ерте кел! (3 рет)


Залға Аяз ата кіреді

Аяз-ата:

Амансыңдарма балалар!

Құтты болсын, балалар!

Келген жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп ұл-қыздарым!

Өткен жылы келіп ем

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді де беріп ем

Ойларың мен бойларың

Бірдей өсіп қалыпты


Сайқымазақ:

Аяз ата саламатызба! Бізде бәрі жақсы, тек .....


Ара:

Аяз ата, менің жазымен жиған балымды аю тартып алмақшы.

Аю:

Аяз ата менің қарным аш, бал жегім келіп тұр, ара балын бермей жатыр.

Қоян:

Менің де қарным аш. Маған сәбіз бересіз бе?


Сайқымазақ:

Тоқтаңдар, достарым!

Аяз ата жолдан шаршап келді, демін алып, тынығып алсын. Шыршамыздың шамын жағып, балалармен бірге көңіл көтерейік! Қане балалар, өлең айтып, би билейік ендеше.

Жүргізуші:

Әрине,әрине, Біздің балаларымыз Аяз атаға көптеген өнерлерін дайындаған. Біздің балаларымыз тек қазақ тілінде емес ағылшын тілінде өлең шумақтарын біледі.Сіздерге тарту етеді:

Айша:

Winter, winter, winter day

winter day, winter day

Santa ,Santa ,Santa Clause

Come in my house.

Қайнар:

Winter, winter

Lets go skite

Winter, winter

Don’t be late

Бекзат:

Winter, winter

Lets go roll

Winter, winter

In the snow

Қазына:

Father Frost

Bring many toys

For little girls

And little boys!

Би: «Сайқымазақтар биі»

Сұлтан:

Жаңа жылым, жаңа айым, ақ берен,
Жаңа жылым, келді бірге бақпенен!
Төрт түлігім түгел болып жерімде,
Арылмасын дастарқаннан ақ деген!

Т.Дінмұхаммед:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Әміре:

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына

Расул:

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Мұхаммед:

Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.


Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.Ендеше барлығымыз бірге ән орындап берсек.

Ән; «Жаңа жыл»

Сайқымазақ:

Аяз ата, енді ара мен аюдың дауын шешу керек болып тұр.


Аяз ата:

Оның ешқандай қиындығы жоқ (қапшығын іздей бастайды әбіржіп)


Сайқымазақ:

Не болды ата, не іздеп жатырсыз, қатты әбіржідіңіз ғой?


Аяз ата:

Менің сыйлық толы қапшығым көрінбейді ғой, ақшақар қызым да кешікті.

(Сағатын қарап, Қалтасынан телефонын алып звондайды)


Сайқымазақ:

Аяз ата, егер телефонмен хабарласа алмасақ бәріміз бірге дауыстап шақырсақ қалай болады?

Балалар, қаршақызды барлығымыз бірге дауыстап шақырайықшы.

Қаршақыз, қаршақыз (хормен)


Залға Қаршақызды ертіп Күн келеді.

Күн:

Сәлеметсізбе Аяз ата, сәлеметсіңдерме балалар! Мен орманда адасып сыйлығын көтере алмай келе жатқан қаршақызды көрдім. Өзімнің шуағымды шашып, нұрымды төктім. Қаршақыз, міне сенің Аяз атаң, енді уайымдамасаң да болады.


Қаршақыз:

Рахмет саған жарқыраған Алтын күн! Сен маған шуағыңды төктің, атама жеткізіп салдың


Күн:

Мұнда не тұрыс? Қоян, Ара, Аю сендер неге көңілсізсіңдер?

Аяз ата:

Рахмет саған Алтын күн! Менің сыйлық толы қапшығым да келді.

(Аюға, қоянға сыйлықтарын береді)


Аю мен қоян:

Керемет, алақай! Аяз ата, Күн, Қаршақыз сіздерге рахмет.

Ара:

Қандай қатты қуанып тұрмын, алақай!


Аяз ата:

Ара сен асықпа билеуге. Жаңа жылдың қадам басуына бірнеше минуттар қалыпты. (сағатына қарайды)

Жаңа жылды шаттықпен қарсы алатын сәт келді. Ал, балалар, келе жатқан жаңа жылымыздың егесі кім деп ойлайсыңдар? (барлығы ойланып қалады)


Дұрыс айтасыңдар! Жаңа жылымыз-жылан жылы. Бұл жыл-даналықтың, сабыр мен ырыстың жылы. Ендеше бәріміз бірге жылан жылын қошеметпен қарсы алайық!


Жылан:

Армысыздар қадірлі халайық! Мен жылан жылымын. Ақыл мен даналықтың символымын. Сабыр мен сақтықты серік етіп, сіздерге ырыс пен береке әкелуге келдім. Әр отбасының табалдырығынан бақ пен молшылық аттасын. Әрбір игі іс сәттіліпен жалғассын. Менен тек жақсылық күтіңіздер, мен сіздерді қуантамын.


Сайқымазақ:

Балалар, керемет емес пе, ендеше көңілді би билейік.











ЖШС «Кішкентай данышпан» бөбекжай – балабақшасы







Бекітемін:

«Кішкентай данышпан»

бөбекжай-балабақшасының

меңгерушісі: У.К.Ешенкулова










Қош келдің , Жаңа жыл!

«Жұлдыз» ересек тобы





Тәрбиеші: Қалдыбаева А.Ж










Шымкент қаласы 2024-2025 ж.ж






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2025
128
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі