«Қараөзек» жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бекітемін»
Мектеп директоры:
Қ.Абдуллаев
Ертеңгілік
ТАҚЫРЫБЫ:
«Қош келдің, Жаңа
жыл!»
Жетекшісі: Әзі
Ботагөз
Мерзімі:
23.12.2017ж
Уақыты:
1000
«Таныстым» «Тексердім» ӘБ
жетекшісі: Д.о.і.ж.о:
«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты
ертеңгілік.
Тәрбиеші: Жаңа жылдың таңы
неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін.
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да,
Қол соғып қарсы алайық.
Шақырайық ортаға,
Ертеңгілік басталсын.
Тәрбиеші: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен
керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар
екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып
қаппыз. Бірақ,..шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның
көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Тәрбиеші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Аппақ аппақ
жапалақтап,
Қар жауады
тынбастан.
Қалың орман, қар
жамылған,
Маужырайды түнгі
аспан.
Кең пейілді, мол
мейірлі,
Сағынышпен
табысқан.
О,
алақай, Аяз ата,
Келе жатыр алыстан!
Кел
билейік, үйренейік,
Ол
келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты
болсын,
Құтты болсын жаңа жыл!
Тәрбиеші: - Балалар,
жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші
еді?
Тәрбиеші: Кәнекей, ендеше
бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 -
рет
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар,
Келген Жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп қыз, ұлдарым.
өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем.
Жыл өткізіп келем деп,
Уәдемді беріп ем.
Ойларың мен бойларың да,
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы.
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты
болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Тәрбиеші:Сәлем, Аяз
атамыз.Ақшақар Концерттік бағдарламамызды көріп тамашалаңыздар.
Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
Ал қане балаларымыздың таппақтары барма екен, айтып
беріңдерші.
Айзат:
Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп
Досымыз таң болып.
Нұрасыл:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Айару:
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Гүлайым:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.
Нұрдияр:
Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз.
Балауса:
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!
Оңалбай:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Сезім:
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.
Серікболсын:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Беколжас:
Қандай әсем шартарап
Шаттық күйге бөлеп тұр
Кәмпиттерңн арқалап
Аяз ата келіп тұр.
Азамат:
Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.
Кәусар:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақтон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Рамазан:
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтырап жатады.
Кәусар:
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті - ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ.
Ән: «Ертегілер» Орындайтын:
Асильбек Айзат
Би: «Қамажай» қыздар
тобы
Ән: «Көңілді күн» Орындайтын:
Ахметжан.Т
Әң: «Анашым» Орындайтын:
Ибраимкул.А
«Жеті лақ» ертегісінен
көрініс.
«Жаңа жыл» биі қыздар
тобы.
«Қуыршақ» биі қыздар,балдар
тобы.
«Шырша жанында» әні
Орындайтындар:Кәусар мен Көркем.
«Жаңа жыл» әні Орындайтын:
Ибраимкул.А
- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан
бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Аяз - Ата: Жарайсыңдар
балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде
көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі
екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің
сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да
балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,
өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын
бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға
арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып
жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп
тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек
бақыт пен қуаныш әкелсін!!!