Материалдар / "Қош келдің -Алтын күз"К
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қош келдің -Алтын күз"К

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз сценарий
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қош келдің, Алтын күз!

Жүргізуші:
Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Ботақан» тобының «Қош келдің, Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігін бастаймыз.

Көбейді құт-береке Астық толы қамбамыз Құтты болсын мереке Алтын күзді тойлаймыз

Жүргізуші: Балалар мінеки күз мезгілі де келіп жетті. - Күз мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады?

Қане кім күз айларын атап шығады?

-Қыркүйек,қазан,қараша (Бәрі хормен)

-Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.

Раяна: (Қыркүек айы) Менің атым –Қыркүйек. Күздің бірінші

Айымын. Байлықтың, барлықтың айымын.

Күн ғой ең бір тәуір

Бірінші қыркүйек.

Қоңырау соғылды,

Күміс күй төгілді,

Білімге талпынған

Балалар жиылды.

Айзере: (Қазан айы) Менің-атым-Қазан. Жиын-терімнің соңғы айымын!

Еңбекқор елді той думанға кенелтемін.

Жез бен алтын бұл шақтың туысы ма,

Қазан жылдың көл- көсір ырысы ма.

Құшағыма сыймаған қуаныштай,

Төгіледі жемістер уысыма.



Жүргізуші: Жақсы. балалар рахметімізді айтып күз айларын шығарып салайық.

Ал, балалар,балалар,
                    Енді бері қараңдар
                    Бізге қонақ келмекші
                    Сендерді бір көрмекші
                    Әуелі жұмбақ жасырам
                    Қулығымды асырам.
                    Таба алсаңдар шешімін
                    Қонақты  ортаға шақырам.


«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)

(Желдің уілі естіліп, залға сазды әуенімен Күз ханшайымы келіп кіреді)

Күз ханшайымы : Уа халайық, дархан далам армысың

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын

Балалар бірге : Қош келдің, Алтын күз!

Жүргізуші:
Терістіктен желдетіп,
Жаңбырлатып, селдетіп,
Шаттандырып біздерді,
Сары алтындай күз келді.

-Балаларымыздың орындауында «Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар

Ән: «Алтын күз»

Алтын күз: -- Жарайсыңдар балалар. әндерің қандай тамаша, тағы да қандай өнерлерің бар?

Балалардың тақпақтары:

даяна: Құстар қайтты ән салып, Бұлт шарлады аспанды Қыс келеді жар салып, Күзгі суық басталды.

миржан: Қарашы күз келді, күз келді, Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен керуен түзеді Қара бұлт қабағын түйеді.

Осман: Береке, бақ дарыған, Жомарт көңіл, жарқын жүз. Сары алтынға малынған, Жетті міне, Алтын күз!

Айзере: Мейірлі күз, мырза күз Сыйлығыңа ризамыз. Аппақ арай таңыңда Шомыламыз нұрға біз.

Жүргізуші: Бүгін мейрам, бүгін той Қуанышты күн біліп қой. Күзгі бақтай сыңғырлап, Алақанды соғып қой – дей келе, ендігі кезекті биге берейік.

Қыздардың орындауында «Жаңбыр Би»

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер Жайнап гүлдей жүріңдер Күздің тойын тойлайық Би билейік, ойнайық.

Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Дәмінен тап» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ортаға шыққан балалар көздері байланған қалпы табақтағы жемістерді жеп көріп, қандай жеміс екенін табуы керек. Кім дәмін татып, жемістерді дұрыс, әрі көп табады, сол бала жеңімпаз болады.

( Ойын ойналады)

Алтын күз: - Мына балақайлар барлық жемістерді біледі екен, жарайсыңдар!

Жүргізуші: Әсем әнсіз той бола ма?

Ән арнайық күзге жаңа!

Ендігі кезекті әсем әнге берейік: «Күз тамаша» әні, қабыл алыңыздар.

(«Күз тамаша» әні орындалады)

Алтын күз: - Балалар,мен сендерге Қыс деген ағайымнан, көктем, жаз деген апайларымнан үлкен сәлемдемелер әкелдім. Олар мына ашық аспанымыз, жарқыраған күніміз, піскен егін мен жеміс -жидектеріміз.   Балалар, мен сендерге жұмбақтар жасырайын, кәне жауабын кім көп табады екен.

Жұмбақтар:

  • Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл,

Түссе сары. (Жапырақ)

  • Көк ала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді. (Қарбыз )

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

  • Ұзын мұртты сарылар

Қойнында наны бар. (бидай)




Алтын күз: - Жарайсыңдар балалар, өте білімді, ақылды екенсіңдер, тағы да күз туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Аяулым: Күздің қазан айында Алма, алмұрт піседі. Жапырақтар сарғайып, Сыбдыр - сыбдыр түседі.

Ерасыл: Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға Шақырады біздерді.



Марлен: Сары жібек көйлегін желбіретіп Жапырағын ағаштың селдіретіп. Тойға бөлеп елімді күзім келді, Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Жүргізуші: - Рахмет, балалар, сендер күз туралы өте көп тақпақ біледі екенсіңдер, Алтын Күзіміз риза болып қалды.

Алтын Күз: - Ия, барлықтарың өнерлі, білімді екенсіңдер, сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр, бұл ойын - «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты: бес бала ортаға шығып, музыка әуеніне билейді. Музыка тоқтай қалғанда жерде жатқан бір жемісті жылдам ала қалуы керек, кімге жеміс жетпей қалды, сол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңында билеп жүрген екі баланың қайсысы жемісті бірінші боп алса, сол бала жеңімпаз болады. Ендеше бастайық!( Ойын ойналады)

Желдің гулеген дыбысы естіледі.
Күз: — Балалар, желдің гуілін естимісіңдер? Мені бауырларым шақырып жатыр. Балалар, бәрің өнерлі екенсіңдер. Өнерлеріңді тамашалап, тәнті болдым. Еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болыңдар. Арнайы сендерге әкелген мына күзгі жемістерден ауыз тиіңдер.

Жүргізуші:

- Күз арқылы білеміз, жомарттықтың салтын біз, біз өзіңді сүйеміз!
Балалар: Рахмет саған, Алтын күз!

Алтын Күз: Сендерге көп-көп рахмет! Қош сау болыңдар!  (Осылайша желдің дыбысымен қоштасып шығып кетеді.)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, осымен «Ботақан» тобының «Қош келдің, Алтын күз!» атты ертеңгілігі аяқталды.

Берекелі бақ-дәулет
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып

Жүргізуш: Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын, Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен көп рахмет!













42 «Айналайын» МКҚК

Бекітемін:

меңгерушісі:

Н.Г .Шугаева.









Тақырыбы: Қош келдің, Алтын күз!



«Алақай» ортаңғы тобы











Тәрбиешілері:Қуаныш Б













2023-2024 оқу жылы

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!