400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош келдің , әз Наурыз!" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған "Қош келдің , әз Наурыз!" ертеңгілігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»

ҰОІӘ: «Қоршаған ортамен танысу»

Тақырыбы: «Қош келдің , әз Наурыз!»
Мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру, Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, мерекелік көңіл - күй қалыптастыру. Әртүрлі ұлттық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту. Туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт - дәстүрді құрметтеуге, үлкендерді және бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтары:  Наурыз мерекесіне арналған ұлттық дастарқан, ойындарға арналған құралдар: доптар, арқан, сақина тастамақ, кегли.

Наурыз мерекесіне орай безендірілген топ іші көңілді.

Музыка әуенімен топқа ұлттық киіммен балалар кіреді.

Жүргізуші

Наурыз той -көңіл тойы,көктем тойы

Жақсылық болса дейтін өмір бойы.

Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін

Елдегі бақыт,байлық,бақ көбейсін.

Балалар бірге хормен

  • Ұлыс оң болсын!

  • Ақ мол болсын!

  • Қайда барсаң жол болсын!

  • Елімізде бақыт,байлық болсын.

Жүргізуші:

Наурыз құтты болсын ағаларға

Наурыз құтты болсын аналарға

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи

Наурыз құтты болсын баршамызға!

Жанбатыр:

Күнменен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді

Наурыз келді жүр енді

Жания:

Наурыз тойы – салтымыз.

Аман болсын халқымыз.

Ұлыс ақ болсын!

Ақ мол болсын!

Е.Ерасыл

Наурыз жырын жырлаймыз

Онымен де тұрмаймыз

Ойнаймыз, ән айтамыз

Наурыз тойын тойлаймыз.

Арай:

Наурыз келді балақай

Жасарды жер алақай

Наурыз тойын тойлайық

Әсем әнге салайық.


Музыка ырғағымен ортаға Наурыз қыз кіреді.

Наурыз қыз: Армысыңдар, балалар! Бүгінгі Наурыз мерекелерің құтты болсын. Бүгінгі мерекені ежелгі қазақтың дәстүрлі «Тойбастарымен» бастайық. Мен өзіммен бірге әкелген тойбастар кәдесін осы жерде сіздерге тарту етейін.(бауырсақ алып келеді)

Жүргізуші: Құрметті Наурыз қыз біздің қадірлі қонағымыз болыңыз, төрлетіңіз астан дәм татыңыз.

Наурыз – мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем ,

Жарығыңмен шуағыңмен Жер-Ана

Алып келдің жер бетіне гүл көктем!

Жүргізуші: Наурыз қыз мына балалардың наурыз мерекесіне дайындаған тақпақтарын тыңдаңыз.

Мұрагер:

Қыс өтіп қар кетіп,

Шырайлы көктем келді

Мейрамы бұл елдің

Құтты болсын Наурыз.

Анель:

Наурыз тойы береке

Наурыз тойы мереке

Наурыз тойы жыр – аңыз

Ай, қызық думан құрамыз.

Рустам:

Наурыз келді жыл келді!

Жылмен бірге жыр келді.

Жер бусаны қыс келіп

Жеріме әсем нұр берді.

Саннұр:

Қош келдің жаңа жыл

Жаңа бақыт, жаңа жыр

Төрлет наурыз төріме

Береке бер еліме

Айлана:Күйге толып көңілім,

Құлпырамын Наурыз

Мәнге толып өмірім,

Ынтымағым Наурыз!

Ән: « Наурыз біздің жаңа жыл»

Жүргізуші : Біздің балалар шеттерінен өнерлі. Мүмкін сіздің бізге қояр сұрақтарыңыз бар шығар.

Наурыз қыз: Әрине бар, енді мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін.

1. Қазір жылдың қандай мезгілі?

2. Қандай ай?

3. Көктем айларын атаңдаршы?

Балалар: Көктем мезгілі. Наурыз айы. Наурыз, сәуір, мамыр.





Наурыз қыз: Жарайсыңдар, ал наурызда Наурыз мерекесі тойланады. Наурыз - Жыл басы. Наурыз – Мұсылман қауымының ұлттық мейрамы. Наурыз ұлыстың ұлы күні.Бұл күні ата- аналарымыз бен әжелеріміз үй- үйді аралап наурыз көжеден дәм татқан. Қыздар мен ұлдар жиналып ән салып би билеген. Ұлттық ойындар ойнаған.

Жүргізуші: Наурыз қыз біз де ұлттық ойындарды білеміз мысалы: «Тақия тастамақ», «Орамал тастау» , «Арқан тартыс» «Қыз қуу», «Көкпар» т.б


Наурыз қыз: Олай болса ойынға кезек берейік. «Арқан тарту» ойынын ойнайық.

«Арқан тарту» ойыны.

Жүргізуші: Рахмет сізге Наурыз қыз,ойын өте қызықты өтті. Балалардың тақпақтарын тамашала.

М.Сұлтан:

Ата – бабам тойлаған

Наурызым армысың!

Қызығына тоймаған

Дала дарқан, қарлы шың.

С. Сұлтан:

Көктем келді алақай,

Тұрма қарап балақай

Наурыз тойын тойлайық

Қане, достар тұрмайық.

Аянат:

Жерді жапты көк кілем

Ондай кілем жоқ білем

Көктем келді күлімдеп

Міне, саған гүлім! – деп.

Даурен:

Қары еріп даланың

Арықтардан су ақты

Ақ жүзіндей ананың

Көктем келді шуақты.

Ән: « Көктем келді»

Наурыз қыз: Мен сендермен тағы бір ойын ойнасам деймін. Шапшаңдықтарыңды тексерейін. Балалар екі топқа бөлініп тұра қалыңдар.

Ойын: « Сақина тастамақ», « Допты түсіріп алма»

Наурыз қыз: Балалар шапшаң екенсіңдер. Мереке болған соң өлең айтып, ойын ойнап, би билеу керек.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыз Наурыз қыз, ендеше балалармен қазақтың ұлттық биі Қаражорға биін билейік.

Би: «Қаражорға»

Наурыз қыз: Балалар әндерің де, билерің де, жасаған дастархандарың тамаша екен. Ал сендер білесіңдер ме? Наурыз мерекесінде қандай көже әзірлейді?
Балалар: Наурыз көже.
Әже: Наурыз көжеге неше дәм қосылады?
Балалар: Жеті дәм.



Жүргізуші: Ол туралы балалар айтып берсін.

А.Ерасыл:

Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді.

Дания:

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды

Бидай, күріш, тары бар

Ащы құрты тағы бар.

Алишер:

Бата беріп атамыз

Бата беріп апамыз

Тәтті болып жасалған

Наурыз дәмін татамыз.

Мейіржан: Наурыз құтты болсын балаларға

Наурыз құтты болсын аналарға

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи

Наурыз құтты болсын баршамызға!

Жүргізуші: Олай болса «Наурыз көктем» әнін айтып, наурыз дәмін татайық. Дастарханға отырып астан алайық.

Ән: «Наурыз көктем»

Наурыз қыз:

Жаңбырменен жер көгереді

Батаменен ел көгереді, - дегендей, өнерлеріңе сүйсіне отырып, мен батамды берейін.

Дастархандарыңа береке берсін,

Бастарыңа мереке берсін,

Астарыңа адалдық берсін,

Дендеріңе саулық берсін,

Наурыз бақыт әкелсіп,

Наурыз береке бірлік әкелсін! (шығып кетеді)

Жүргізуші : Ұлыс бақты болсын,

Әр күніміз жақсы болсын

Достығымыз берік болсын,

Наурыз мерекесі құтты болсын!


























Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»

ҰОІӘ: «Қоршаған ортамен танысу»

Тақырыбы: «Наурызым армысың!»

Ересектер тобы.





Тәрбиешілер: Садвокасова С.Қ,

Каиржанова Т.Е






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
333
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі