400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош келдің Алтын күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
ІІ кіші топ тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алтын күз» мерекесінде жүргізілетін жоспар


Мақсаты: Күз кереметтері туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын ояту, сөйлеу тілдерін, қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыру, топтық жұмыстарда ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Арайлап таң атып,

Алтын сәуле таратып,

Тобымыз бір тойласын,

Мерекемен жайнасын,

Әнмен бүгін бастайық,

Қол соғып бір қоштайық ортаға балаларымызды қошеметпен қарсы алайық!

Балалар жұппен кіреді (Музыка ойнайды)

Армысыздар құрметті ата-аналар!

Бармысыздар жадыраған жас достар!

Береке, бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жүз.

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз.

- Міне бізге де күз келіп жетті.

Дәстүрдің жалғасы ретінде «Қош келдің, Алтын күз» атты меркелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуанышты күн біліп қой!

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой!

Біздің мерекемізде балаларымыз ән айтып, би билеп, көңіл көтеріп шаттанады

Ендеше «Балапан» тобының әдемі қимылымен айтатын әні бар қарсы алыңыздар.

Хор: «Бала бала балапан»

Жүргізуші:

Балалар қазір қандай мезгіл?

Балалар: Күз

(Музыкамен күз келеді)

Алтын күз:(Себет толы жеміспен келеді )

Сәлеметсіздерме, балалар! 
Сәлеметсіздерме, қонақтар! 
Мен - Алтын күзбін!

Жайдары, жарқын жүзбін. 
Қонаққа келдім сендерге.

Жүзім, шие, тәтті алма! 
Оған достым таң қалма!

Жапырақ та сиқырлы, 
Ойын ойнар түр-түрлі! 

Жүргізуші:

Рахмет, саған Алтын күз!

Қабылалдық сыйды біз!

Отырыңыз жайғасып! 
Ал, ендеше, балалар,




«Саңырауқұлақ» биін билеп бермеймиз бе?

Қарсы алыңыздар саңырауқұлақ биімен ұлдарымызды шақырамыз

Азат, Алинұр,Даулет, Айсұлтан, Нариман,Иманәлі,Бағдәулет

«Саңырауқұлақ» биімен алдарыңызда қарсы алыңыздар. (Ұлдар билейді)

Жүргізуші: Бала тілімен тәтті, Маған сүйкімді қылығымен жақты Айша мен дәрігердің арасындағы көрністі қарсы алыңыздар

Айша отырып қалады

Сол кезде бір Қ. Айару сұрайды саған не болды деп

Айша білмеймін дейді

Қ. Айару: дәрігер шақырайық деп телефон соғады.

Музыка:

Қоңырау даусы соғылады.

Айару: Алло,алло дәрігер тез келіңіз деп шақырады

Райгүл дәрігер: Алло, алло дейді

Тамағың іспеген, қызуың көтерілмеген, әлсіреген себебің дәрумен жетпегеннен әлсіредің

Балалар неде дәрумен бар?

Балалар: Алмада,жүзімде,шиеде басқа жемістерде болады.

Жүргізуші: Олай болса дәрумендерді шақырамыз қарсы алыңыздар

Аяна,Айдар,Айару шығады

Аяна:

Мен - алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным

Айдар:

Мені бәрі жүзім дер
Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген

Н. Айару:

Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін

Менде қышқыл шырын бар

Басты төмен иемін.

Дәрумендерге көп-көп рахмет!!!

Жүргізуші:Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік

Жемістерді шақырып

Қуанып билейік

Ендеше ортаға жемістерімізді шақырамыз қарсы алыңыздар

«Жемістер» биі ( Ұлдар билейді)

Айдар,Аңсар, Нурдәулет, Тамерлан, Ералы, Шоқан, Дінмұхаммед




Тәрбиеші:

Ойнап – күлмес бізбенен,

Мезгіл осы Күз деген?

Өзі қандай сымбатты!

Әнімізді тыңдапты.

Өзі қандай көңілді!

«Күн» әні қошеметпен қарсы алайық!

«Күн» әні (Барлығы бірге айтады)

Күз: Ал енді мен кетейін, тағы аралайтын жерлерім бар, сендер сияқты тағы да алтын күз мерекесін тойлап жатқан елдерге барып қуанышымды жалғастырайын, сендер әдемі ән айттыңдар, би билеп мені қуанттыңдар, сендерге көп-көп рахмет! Қош сау болыңдар! (Шығып кетеді)
Жүргізуші:

Ай Күзім-ай! Күзім-ай!

Жарқылдаған жүзің-ай!

Мейірімің мол екен.

Ынтымағың зор екен

Балалар сендердің әндеріңді тыңдап, билеріңді көріп ортамызда балабақша меңгерушісі отыр сол кісіге сөз берейік.

Әдемі сөз адамды қуантады,

Әдемі сөз адамды жұбатады,

Олай болса ортаға балабақша меңгерушісі: Амангүл Өтешовнаны шақырамыз қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар балалар,

Келгенше жыл айналып.

Назарларыңызға рахмет, келесі Алтын күзде

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 мамыр
430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі