400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош келдің, Алтын күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға күз мерекесі туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қош келдің,Алтын күз!»

Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту;
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
(Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген)

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ата-аналар, қонақтар. Бүгінгі «Балауса» 2-кіші тобының балаларының дайындаған «Қош келдің, Алтын күз» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Балалар, айналаға қараңдаршы, қандай әдемі,барлық жерге алтын шашқандай болып жатыр. Бізде қазір қандай мезгіл?

Күзде қандай өзгерістер болады? Жапырақтар қандай түске боялады?

Жарайсыңдар балалар өте ақылды екенсіңдер. Бүгінгі мерекемізді бастау үшін құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Малимбаева Жанар Дикамбайқызына берейік.



(Музыка әуенімен залға Маша кіреді)

Жүргізуші: Ой,балалар бізге қонаққа кім келді екен?

Балалар: Маша келді.

Маша: Сәлеметсіздерме балалар! Қандай әдемісіңдер. Менде бүгін әдемі көйлегімді киіп, мерекеге барайың десем, аю досымды таппай жүрмін. Балалар ,сендер аюды көрген жоқсындар ма? Онда маған аю досымды іздеп табуға көмектесесіңдер ма? Менің аю досым ән айтып би билегенді жақсы көреді, сендер ән айтып би билей аласыңдарма? Олай болса дауыстарыңды шығарып өнерлеріңді көрсетіңдерші, аю бізді естіп келер.

Жүргізуші: Балалар олай болса Машаға көмектесіп бір жағынан өз өнерімізді көрсетейік. Топппен «Балдырған» әнін орындайық.

Маша: Жарайсыңдар балалар, әнді жақсы айтады екенсіңдер. Бірақ аю досым әлі бізді естімей жатқан сияқты.Тағы қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші: Маша,біздің балалар күз мерекесіне дайындаған тақпақтарын айтып берсін. Мүмкін аю бізді естіп қалар.

Тақпақтар :

1.Аяннұр. Ән салыңдар,күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік,ойнайық.

2. Азат. Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

3. Аружан. Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

4. Амир. Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

5. Дильназ. Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

6. Айсұлтан. Нұрға бөлеп өңірді,

Жырға бөлеп көңілді.

7. Василиса. Келді міне күз,

Айнала сары түс.

8. У.Алихан. Аю отыр партада,

Екі қолы қалтады....

9. Айзере. Жеміс-жидек пісті,

Қамбаға астық түсті.

10. Нәби. Күзге бізде ризамыз,

Аянбаған ел үшін.

Аю: Сәлеметсіздерме балалар!Бұл жерде не мереке болып жатыр? Маша досым мен сені әрең таптымғой.

Маша: Сәлем аю, сенің келгенің жақсы болдығой, мен сені таппай балаларға өнерлерін көрсетуін сұрағанмын, балалардың дауыстарын естіп келгенің жақсы болды.Біз бұл жерде «Алтын күз» мерекесін тойлап жатырмыз.

Жүргізуші: Иә аю,сенде біздің мерекесге қатысып көңіліңді көтер. Олай болса қыздарымыздың орындауындағы « Көбелек» биін тамашалайық.

Маша: Не деген әдемі көбелектер! Балалар, мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр, ойнайсыңдарма?

Ойынның аты «Топқа бөл» ойыны. Шарты: жерде жатқан жемістер мен көкөністерді теріп екі себетке: бір себетке-жемістерді, екіншісіне- көкөністерді бөліп саласыңдар. Ал, кеттік онда, бастайық. (Музыка әуенімен ойын ойнайды)

Маша: Жарайсыңдар балалар, өте ақылды екенсіңдер.

Жүргізуші: Иә, Маша біздің балалар шеттерінен ақылды және өнерлі.

Тобымыздың батыр жігіттерінің орындауында «Жаңбыр» биін тамашалап көріңіздер.

Жүргізуші: Балалар Маша мен аюға тағы да білетін тақпақтарымызды айтып беремізба? Олай болса күз туралы тақпақтарымызды айтып көрейік.

Тақпақтар:

1.Айару. Соңғы шуақ төгіліп,

Салқындалып тұр аймақ.

2. Мерей. Жарқыраған сәулелі,

Күз әуені төгілді.

3. Нұрай. Ақтарады мырза күз,

Уылжыған жемісті.

4. Алина. Керемет,тамаша,

Қандай әдемі күз.

5. Әмина. Жеміс мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.



6. Жанель. Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

7. Нұриша. Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

8. Н.Дельназ. Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Аю : Балалар, бәрің шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер. Маған өте ұнады. Бірақ менің көзім мына дастарханға түсіп тұрғаны... Дәмді сияқты.?

Маша : Ой аю, өзіңнің әдетіңді қоймапсыңғой қомағайланып. Бұл жерде балалардың ата-аналарымен күз мерекесіне дайындаған «Күз байлықтары» атты көрмесі. Бұл жерде жемістер мен көкөністерден тіпті күзде жинап алатын бидайдай дайындалатын өнімдер бар.

Балалар, мынау қандай жеміс? Алма қай жерде өседі, ағашта ма жер де ме? Мынау қандай көкөніс?

Аю : Ааааа, бәсе ненің иісі мұрнымды жарып тұрған десем... Мен қыста ұйқыға кететінімді білесіңдер, ұйқыға кетпей түрып қарнымды бір тойдырып алсааааам.....

Жүргізуші: Иә аю, бірақ алдымен қыздарымыздың «Жапырақтар» биін тамашалап алайық.

Маша : Тамаша, не деген әдемі би. Балалар сендерге көп рахмет, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Біздің сендерге арнаған кішкентай сыйлығымыз бар соны тапсырайық.

Енді орманға үйімізге қайтайық. Аюдың ұйықтайтын уақыты жақындап қалды. Сау болыңдар.

Жүргізуші:   Берекелі бақ-дәулет,

                       Арта түссін тойланып.

                       Сау болындар, балалар,

                       Келгенше жыл айналып.

Осымен «Балауса» 2- кіші тобының «Қош келдің,Алтын күз» атты ертеңгілігі аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет.







«Балдырған» бөбекжай-балабақшасы















«Балауса» ІІ-кіші тобының «Қош келдің, Алтын күз!» ертеңгілігі.





Тәрбиешілері: Зейнолла Г.Ү

Укубасова И.Н















2018-2019ж









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
616
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі