Мирзалиева Гулжанат
Темировна
Мұнайлы ауданы №10 жалпы
білім беру орта мектебі
КММ-сі
бастауыш сынып
мұғалімі
Сабақтың түрі: мерекелік
кеш
«Қош келдің, Алтын
күз!»
Мақсаты: Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы
түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін
нақты айқындап ашуға, табиғатты сүйюге,
сақтауға үйрету.
Инабатты, иманды, іскер,
мәдениетті, жеке тұлғаны
қалыптастыру.
Ұқыптылыққа, шымырда
шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа,
таза әдемі болуға
тәрбиелеу.
Сахнада өздерін ұстай білу
қабілеттерін дағдыландыру.
Көрнекілігі: Сахнада күз көріністері, күздік
дастархан мәзірі, шарлар.
Қатысушылар:1-4 сынып оқушылары ,мұғалімдер және
ата-аналар
Іс-шара барысы:
Қош келдің ,алтын
күз!
Сәлем берем,сәлем беру
салтымыз,
Сәлемменен сөз бастаған
халқымыз
Аман-есен жүрмісіздер
жалпыңыз
Армысыздар,жиылған жұрт
халқымыз
Құрметті
қонақтар,ұстаздар! «Қош келдің, Алтын күз» кешіне қош
келдіңіздер!Алтын күз мерекесі құтты болсын
демекпіз.
Армысыздар, халайық!
Бармысыздар халайық!
Күзгі
тойды жұп жазбай,
Келіңдер
қарсы алайык!
Ендеше
дайындық «А»тобын өнер көрсетуге ортаға
шақырайық.
Енді,балалар ортамызға мерекеміздің сәнін келтіретін Күз
ханшайымын шақырайық
Балалар хормен
Келші
келші алтын күз
Келші
,келші жарқын күз
Мерекені
жалғастырып,
Ойнап
күлші алтын кұз
Алтын күз
себетке салған жемістері бар.Билеп кіреді.Әндете
жөнеледі.
Алтын
күз:
Сәлеметсіңдерме,балалар?
Уа,халайық,дархан далам армысың,
Табиғатым,жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы
күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ
болып бар халқымның алгысын
Өрік,алша,шие ,алма,жидек ,жүзім піседі
Қауын,қарбыз,кияр сәбіз дүкендерге түседі
Бұлттар
төніп жерге шөгіп Дымқыл тұман болады
Шөп
сарғайып өңі тайып дала сұры қашады
Бой жаза
алмай ойнай алмай
Денең
мұздап тоңады бөбектерім-ай тыңдаңдар
Бұл кай
кезде болады?
Балалар:
-Күзде
Алтын
күз:
Жарайсыңдар балалар менің өлең жұмбағымды бірден
таптыңдар.Сендерге өз жемістерімді ала келдім!
Жүргізуші:
Ендеше
Алтын Күз бүлдіршіндеріміздің сізге арнаған тақпақтарын
тыңдайық.
Жүргізуші:
Рахмет
,Алтын күз,енді төрімізге шығып балалардың өнерін
тамашалаңыз
Жүргізуші:
Бүгін
мейрам ,бүгін той,
Қуаныш
күн біліп қой
Күзгі
бақтай сыңғырлап,
Алақанды
соғып қой
Ал,кәнекі
тұрмайық,
Қол
соғайық халайық
Күзгі
бақта бүгінгі,
Шырқап
әнге салайық
«Алтын
күз» мерекесіне арналған «жемістер мен көкөністер салаты»атты
қойылым
«Алтын
күз» әні орындалады
Жүргізуші:
Күз
мезгілі тамаша!
Көз
тоймайды қараса
Аяқ асты
сап-сары
Төселгендей алаша
«Жапырақтар» биі
Жүргізуші:
«Кап-кап, тук-тук»әні
«Жалқаубек» биі
Құз
ханшайымы:
Берекелі
бақ-даулет
Арта
түссін тойланып
Сау
болыңдар ,балалар
Келгенше
жыл айналып
«Көңілді
күн» әуенімен шеңбер бойымен жүріп,қолдарындағы жапырақты
шашып,залдан шығып кетеді.
Жүргізуші:
Осымен,бүгінгі мерекеміз аяқталды.Ел тыныш,халқымыз аман
,бейбіт күніміз жарқын болсын.