жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қош келдің, Әз -Наурыз!"
Мақсаты: Наурыз туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар
қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға
күткен «Ұлыстың – ұлы күні!» наурыз
мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз. Балаларың «Қош келдің –
Әз Наурыз!» атты мерекесін
тамашалаңыздар.
Наурыз қазақтың
ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-де күн
мен түннің теңеліп, жер жаңарып, көк
шығып, төрт түлік мал түлеп,
көктем келіп, тіршіліктің бастауы, яғни
қазақтың жаңа жылы – Наурыз
мерекесі тойланады.
Жүргізуші: Ал,
халайық, тұрмайық,
Әндетейік,
жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс
тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән:
«Қош келдің төрлет
Наурызым!»
Жүргізуші: Жарайсыңдар
балалар! Сендермен «Асық ату» ойынын
ойнағым келіп тұр. Қане, олай болса
ортаға шығайық.
Ойын:
«Асық ату»
Жүргізуші: Ұлыс
оң болсын,
Ақ мол болсын.
Ұлыс бақты
болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс
береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін.
Жүргізуші: Енді біздің кішкентай ұлдардың мерекеге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар.
Абдірахман
Ата-бабам
тойлаған,
Наурызымармысың!
Қызығынатоймаған,
Жаңажылымбармысың
.
Ерасыл:
Осыншама
жақсылық ,
Алып келген Наурызым.
Төрлет
бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің.
Амирхан:
Көлдің
мұзын күн тесті,
Әппақ тонынын жер
шешті
Жан-жақтан күн күркіреп,
Жаңбыр
жауды сіркіреп.
Мейіржан:
Ашылды
да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем
наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
Бағдаулет:
Арпа
бидай бастаған,
Жеті дәмнен
аспаған.
Наурыз көже ежелден,
Бұл
тойдағы бас маман.
Айбар:
Жақсылыққа
бас болып,
Алдымызға ас болсын.
Келген
Наурыз құт болсын,
Берері тағы мол
болсын.
Батырхан:
Жылдың
басы Наурыз,
Жырдың басы Наурыз.
Наурызға
арналсын,
Бүгінгі жыр әніміз
(Наурыз
тойга Алдар Көсе келеді)
АлдарКөсе: Мен
Алдармын, Алдармын,
Балаларменойнаймын.
Ренжітерсәбилерді
,
Тентектерденқорғаймын.
ҚұттыболсынНаурызым!
Қарнымтойғанкүлкіге,
Базарлығымтағы
бар,
А-а-а-а-а-а-а-а-а-а .
Жүргізуші: Қош
келдің, Алдар Көсе балаларымыздың
өнерін бірге тамашала.
Алдар
Көсе: Ия
дұрыс айтасыз, балалардың өнерін
тамашалап, күштерін сынауға келдім.
Балалар мен сендермен күш сынасқым
келіп тұр. Қане күштеріңді
байқайық.
(ортаға балалармен күш сынасуға шығып,
қол күрестіреді)
Ойын:
«Кім күшті?» қолмен күш сынасу.
Алдар
Көсе: Байқаймын
баллалар, шетінен мықты екен, мені жеңіп
қойдыңдар.
Жүргізуші: Олай
болса балаларымыздың «Жігіттер» биін
тамашалаңыздар.
Би:
«Жігіттер» ұлдар биі
Тазша
бала: Уа,
Алдар Көсе, сені іздеп жүрсем сен
балалармен жүр екенсің.
Ей балалар,
балалар,
Енді маған қараңдар!
Наурыз
тойын тойлайық
Қызық ойын ойнайық.
Ойын:
«Арқан тартыс» ойыны
Жүргізуші: Жарайсыңдар
балалар, келіңдер қыздар «Наурыз –Думан»
биін билеп берейік.
Би:
«Наурыз-Думан!» қыздар биі
Жүргізуші: Енді
осы кышкентай өнерлі балаларымызбен
«Сыр-сандық» атты сұрақ-жауап
өткізсек.
Сұрақ-жауап: «Сыр-сандық»
– Өмірде
не тәтті? (Ананың сүті)
– Өмірде
не қымбат? (Бала,
Отан)
– Жыл басы? (Наурыз)
–
Қасиетті сан? (Жеті саны)
–
Өмірде не жұмсақ? (Ананыңалақаны)
Жүргізуші: Бүгінгі
тойға алыстан ат терлетіп, аса қадірлі
қонағымыз Қыдыр ата келді. Қыдыр ата
жоғары шығып, төрлетіңіз, балалардың
өнерін тамшалаңыз.
Қыдыр
ата: Амансыңдар
ма, балаларым!
Наурыз мерекесі құтты
болсын! Әр отбасына құт-береке
әкелсін!
Жүргізуші: Енді біздің кішкентай қыздардың мерекеге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар.
Айым:
Әнім
де саған биімде саған,
Құт қонақ өзім
үйімде.
Қуаныш силап еліме,
Күлімде
Наурыз, күлімде!
Іңкәр: Наурыз
күні той думан,
Ортамызды ашайық .
Ән
мен күйді төгіп,
Биден шашу шашайық
.
Аякөз:
Армысыздар
халайық,
Әркез аман болайық.
Наурыз
тойын әр жылда,
Бірге қарсы алайық.
Айару:
Наурыз
тойы береке,
Наурыз тойы жыр-аңыз.
Қызық
думан мереке,
Қызық думан құрамыз.
Ару:
Наурызкелдібалалар,
Көктемдекүнжағалар.
Наурызтойынтойлайық
,
Қызығынатоймайық.
Дария:
Көктем,
көктем, көктемде,
Құстар келіп
жеткенде.
Біз қуанып қаламыз,
Наурыз
әнін саламыз.
Жүргізуші: Олай
болса «Құтты болсын – Әз Наурыз!»
атты әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән:
«Құтты болсын – Әз Наурыз!»
Жүргізуші:
Қазақ
халқы қонақ күтуді де, қонақ болып
қыдыруды да жақсы көрген. Сондықтан
қазақ халқының тойлары да көп болған.
Олар « шілдехана», «бесік той», «азан
шақыру», «тұсау кесер», «сүндет той»
т.б.
Сүндет той - ежелгі дәстүрлердің
біреуі. Әр заманнан оған өзгешеліктерін
енгізгенімен, мұсылмандықтың бұл
қадамының діңгегі шайқалған жоқ. Тақ
санды кие тұтқан халқымыз да баланы 3
және 5, одан асып кетсе 7 жасқа толтырып
барып сүндетке отырғызу қалыптасқан.
Ендеше, бұл тойды өткізгенде жаңа заман
ерекшеліктерін барынша ескере отырып,
бұрынғы халық дәстүрінен айрылмауға
тырысайық. Тойға келген қонақтар құр
қол келмейді. Мұсылмандардың ең қастерлі
тойларының бірі болғандықтан, келуші
де, күтуші де барын аяп қалмайды.
Ұлттық
сарындағы музыка ойнап тұрады, батырларша
киініп, бас киіміне үкі таққан бала
алшаңдап басып келе жатады, соңында
қазақ киімін киген ұл балалар. Әжелер
шашуларын шашып, батырларды төрге
шығарады. Барлығы арнайы жабдықталған
орынға барып отырады.
Молда бата береді:
Бисмилла
ир – рахман – ир – рахим!
Мұсылмандық
– бұл міндет
Құтты болсын бұл
сүндет!
Өмір жолы – ұзақ жол,
Ұзақ
жолда талмағын.
Еңбек, өнер,
ғылымда,
Қатарыңнан қалмағын,
Биік
болсын талғамың.
Халқың сыйлар адам
бол,
Орындалсын арманың.
Мұсылмандық
– ұлы міндет,
Құтты болсын бұл
сүндет!
Әумин!
Жүргізуші:
Сүндеттеліп сәтімен,
Сен де болдың мұсылман.
Қыдыр бабаң қыдырып,
Кетпей жүрсін тұсыңнан!
Ал, халайық, халайық,
Балапанға қарайық.
Дінімізді құрметтеп,
Мұсылманға санайық!
Құрметті
қонақтар, бүгінгі Наурыз мерекесіне
арналған «Сүндет» тойының батасын
Қыдыр атамызға жолдаймыз.
Қыдыр
ата: Ұлыс
оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда
барсаң жол болсын,
Ұлыс бақты
болсын,
Төрт түлік ақты болсын
Ұлыстың
ұлы күні құтты болсын!
(бата
беріліп,шашу шашылып, дәм татуға
шақырамыз)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген