Қош
келдің, Әз Наурыз!
Залдың
іші мерекеге сай безендірілген .Қазақтың
ұлттық киімін киген балалар қолдарына
гүл ұстап,музыка ырғағымен залға кіреді.
Би:
«наурыз
флэшмобы»
Тәрбиеші:
Құрметті қонақтар, сүйікті балалар!
Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген
шуақты көктеммен бірге қазақ даласына
жаңа жыл келді. Әр адам келер жылдан
үміт күтіп оны ақтілекпен ақ ниетпен
қарсы алайық.
Наурыз
тойы-көңіл тойы, көктем тойы
Жақсылық
болса дейтін өмір бойы
Биылда,
былтырғыдай ақ көбейсін
Елдегі
бақыт байлық бақ көбейсін
Наурыз
құтты болсын ағаларға
Наурыз
құтты болсын аналарға
Жыл
сайын тойланатын мәңгі бақи
Құтты
болсын Наурыз баршаңызға дей келе
«Балдырған»
тобының
«Қош
келдің,Әз Наурыз!»
атты
ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Келесі
сөз кезегін балабақша меңгерушсі
Ерназарова Ақтолқын Кежденбекқызына
сөз беріледі.
Бүгін
мейрам бүгін той
Қуаныш
бүгін халайық
Наурыз
тойын тойлайық
Әсем
әнге салайық
Ән:
«Наурыз
көктем»
Келесі
кезекте балаларымыздың наурыз мерекесіне
арналған өлең шумақтарымен ортаға
шақырайық.
Алуа:
Әнімде саған биімде
Құт
қонақ өзің үйімде
Қуаныш
сыйлап үйіме
Күлімде
наурыз күлімде
Аружан:
Наурыз тойын тойлайық
Жалқау
бала болмайық
Бөбектерді
жұбатып
Үлкендерді
сыйлайық
Айқын:
Наурыз тойы береке
Наурыз
тойы жыр аңыз
Қызық
думан береке
Қызық
думан құрамыз
Айым:
Бақта бұлбұл сайраған
Сәнді
көктем нұрымен
Наурыз
тойы жырымен
Көңіл
гүлдей жайнаған
Тәрбиеші:
Құрметті қонақтар балаларымыздың бұл
биін наурыз шашу ретінде қарсы алаңыздар!
Би:
«Қара
жорға».
Тақпақтар:
Назар:
Уақыт үдеп келдім мен
Құтты
болсын мерекең
Әне
Наурыз келеді
Әсемденер
жер енді
Мақсат:
Наурыз тойы-елдің тойы
Көктем
тойы-төлдің тойы
Ән
айтатын күні бойы
Жақсы
көрем наурыз тойын
Еркенез:
Бүгін күн-түн теңелді
Жер
шуаққа кенелді
Наурыз
тойы салтымыз
Кемелденсін
халқымыз
Гүлзерен:
Ұлыстың ұлі күні
Жаңғырды
қазақ үні
Түрленді
жер анамыз
Бүршігін
жарып гүлі
Күн
мен түннің теңелуі
Күн:
Сәулесі
мол күнмін
Түн:
Жұлдызы мол түнмін
Бірге:
Бірдей болып бізде
Теңелеміз
бүгін
Түн:
Ертең түн ұзақ
Күн:
Күн қысқарар бірақ
Бірге:
Ұйқы қанбай қалып
Жүрмеңдер
бірақ.
Тәрбиеші:
Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын
бәйшешек гүліміз
Бақта
бұлбұл сайрасын
Сәнді
көктем нұрымен
Көңіл
гүлдей жайнасын
Намысты
қолдан бермеген
Жігіттер
де қарап қалмасын- деп ортаға тобымыздың
биші жігіттерін «Қазақ»
биімен
шақырамыз.
Тақпақтар:
Нұргелді:Жайнатамын
гүл-гүлді
Сайратамын
бұл-бұлды
Мерейлі
жұрт тойласын
Мейрам
етіп бұл күнді
Мейрамбек:
Жасасын деп шіркін наурыз
Құтты
болсын айтты атамыз
Барлық
үйге кіріп шығып
Барлық
үйден дәм татамыз
Қайсар:
Қарды ерітіп жылғасы
Наурыз
келді жыл басы
Шуақ
төкті жарық күн
Мейрамында
халықтың
Ханшайым:
Кел балалар тұрайық
Наурыз
тойын тойлайық
Баянды
боп мереке
Қыр
гүліндей жайнайық
Тәрбиеші:
Мың бұрала беліміз
Жадырасын
жүзіміз
Барлығыңды
құттықтап
Би
билейміз бәріміз деп ортаға сұлу
қыздарымызды «Қазақтың
қыздары»
биімен
шақырамыз.
Бекарыс:
Ата-бабам тойлаған
Наурызым
армысың
Қызығыңа
тоймаған
Дархан
дала, қарлы шың
Абай:
Наурыз тойы тамаша
Наурыз
тойы жаңаша
Табиғатта
тамаша
Тамылжып
тұр жараса
Мансур:
Наурыз тойың әдемі
Әжем
еске түсірді
Біздерге
арнап әдейі
Наурыз
көже пісірді
Жандәулет:
Наурыз келді еліме
Наурыз
келді жеріме
Байлық
бақыт тілеймін
Бүкіл
қазақ жеріне
Тәрбиеші:
Жиналдық наурыз тойға бәрімізде
Үлкен
кіші жасымыз кәрімізде
Ән
мен күйді,жыр мен биді шалқытып
Өнермен
інжу маржан шашайық деп
Әнші
балаларды
«Наурыз
келді»
әнімен
ортаға шақырайық.
Дастарханы
халқымның таса берсін
Бақыт
құсы әрқашан қона берсін
Ұлы
тойдың төресі наурыз тойы
Жылдан
жылға құтты той бола берсін!
Наурыздан
наурызға аман-есен жетейік. Бүгінгі
мереке баршаңызға құтты болсын. Әр
шаңырақ қуанышқа кенелсін, еліміз
молшылыққа бөленсін. Осымен біздін «Қош
келдің, Әз Наурыз»
атты
ертеңгілігіміз аяқталды. Аман-сау
болыңыздар!
2-бөлім:
Мерекелік дастархан.