жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қош келдің, әз-Наурыз"
«Бекітемін»
№40 жалпы білім беретін
мектеп директоры
_________Сарбагысов А.Т.
« ____» _________ 2019 ж
«ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!»
АТТЫ АУДАНДЫҚ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУЫ (1-4) СЫНЫПТАР
Мақсаты:
• Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды дәріптеу.
Көрнекілігі: слайдтар, кітап көрмесі, техникалық құрал-жабдықтар, аудио аппаратура.
ӨТІЛУ БАРЫСЫ:
Би: Шашу биі Шашу шашады.
1-жүргізуші:
Армысыздар,
құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар
және оқушылар! Бәріміздің
асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп
жетті. Наурыз – «жаңа күн» деген сөз.
Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз мыңдаған
жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл
басы мерекесі.
Осы мерекеге орай өткізгелі отырған
«Қош
келдің, әз- Наурыз!»
атты аудандық байқауға ҚОШ
КЕЛДІҢІЗДЕР!
2-жүргізуші:
Дәстүрімізге
айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз
құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен
бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып,
әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын
тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той
құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол
болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық
әкелсін!
1-жүргізуші:
Сәулесі
бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын
қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың
ұлы күні паш етейік,
Белгісін
достықпенен мәңгіліктің.
2-жүргізуші:
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
1-жүргізуші: Байқауға қазылық ететін әділ-қазы алқаларымен таныстырып өтейік:
_____________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
1-жүргізуші:
Байқауымыздың алғы сөзі Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Абдиманапова Қарлығаш Аканқызына және Қазақстандық ғалым, қоғам және мәдениет қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор «Парасат» орденінің және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Аслы Алиқызы Осман апамызға беріледі.
Байқауымыздың алғы сөзі мектеп директоры Сарбагысов Асқар Темірханұлына Қазақстандық ғалым, қоғам және мәдениет қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор «Парасат» орденінің және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Аслы Алиқызы Осман апамызға беріледі.
Күй:_________________________________________________________________
Қалалық№1 Балалар үйінің тәрбиеленушілерінен құралған оркестрдің орындауында халық күйі ____________________ тамашалаңыздар!
2-жүргізуші: Байқаудың шарттарымен таныстырып өтейік.
1 – кезең: «Наурыз бата» номинациясына әр мектептен бастауыш сыныптың ұл балалары қатысады. Номинация бойынша оқушылар бата беруден жарысады.
1-жүргізуші:
2 - кезең: «Көктем аруы» (бұрымды қыз) номинациясына әр мектептен бастауыш сыныптың бұрымды қыздары қатысады.
2-жүргізуші:
3 - кезең: «Наурыз думан» номинациясына қатысатын оқушы ұлттық нақышта (терме, ән, би) өнер көрсетеді.
1-жүргізуші: Наурыз мерекесінде, халқымыздың айтуынша 21-наурыз түні даланы Қыдыр ата аралайды екен. Қыдыр ата адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын ақсақал кейпінде көрінетін қиял-ғажайып адам. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекемізге орай әділ қазылар алқасының мүшесі ұлттық бұйымдарды дәріптеуші, қолөнер шебері,сәулетші,қоғам және мәдениет қайраткері, ақын Байтеков Набижан Күнтубайұлы ағамызды бата беруге шақырамыз!
Ендеше, «Наурыз бата» деп аталатын 1-кезеңімізді бастаймыз!
1-жүргізуші:
1
– кезең:
«Наурыз
бата»
номинациясына әр мектептен бастауыш
сыныптың ұл балалары қатысады. Номинация
бойынша оқушылар бата беруден жарысады.
Қатысатын оқушылар өздері жатқа білетін
баталардың тізбесін әкеліп алдын-ала
әділқазыларға ұсынады. Ұсынылған
тізбеден әділқызының нұсқауымен
кез-келген батаны жатқа оқиды. Әділ-қазылар
тізбенің кез-келген жерінен екі-үш бата
ұсынуы мүмкін. Үміткердің жатқа білетін
баталарының санына және мәнерлеп
көркемдеп оқылуына баға қойылады. Егер
әділқазылар ұсынған батаны үміткер
жатқа айталмаса ұпайы кемиді.
________________________________________

(Әділ-қазылардың бағасы)
Ән: _____________________________________________________________________Қалалық №1 Балалар үйінің тәрбиеленушісі ________________ орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам!
1-жүргізуші:
«Білектей
арқасында өрген бұрым,
Шолпысы
сылдыр қағып, жүрсе ақырын.
Камшат
бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу
қыздың көріп пе ең мұндай түрін,деп
«Көктем
аруы» (бұрымды қыз)
аталатын 2-кезеңімізді
бастаймыз!
2-жүргізуші:
Байқауымыздың 2 - кезеңі: «Көктем аруы» (бұрымды қыз) номинациясына бастауыш сыныптың қыздары қатысады. Қатысатын қыздардың шашы ұзын, ұлттық салт-дәстүрде киінген болу керек. Ұлттық салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап береді.

Би: _________________________________________________________________
Қалалық №1 Балалар үйінің тәрбиеленшілерінің тамаша биін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Ой,
халайық, халайық,
Әсем
әнге салайық.
Наурыз
тойын көңілді
Бірге
қарсы алайық,- деп
«Наурыз
думан» аталатын 3-кезеңімізді бастаймыз!
2-жүргізуші:
Байқауымыздың 3 - кезеңі: «Наурыз думан» номинациясына қатысатын оқушылар ұлттық нақышта (терме, ән, би) өнер көрсетеді.

Әділқазылардың шешімі.
Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Марапаттау рәсімі.
2-жүргізуші:
Осымен, «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты аудандық байқауымыз өз мәресіне жетті.Бүгінгі байқауға қазылық еткен әділқазылар алқасына және байқауға қатысқан бүлдіршіндерімізге және барша ұстаздарымызға көп-көп рахмет айтамыз. Әрқашан жүректеріңізді ән әуелеп, жандарыңызды жыр тербесін.Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген