400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің, әз Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша қызметкерлеріне көмегі зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы:Қош келдің,әз Наурыз!

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау,қуаныштарын үлкендермен бөлісуге,мейірімділікке тәрбиелеу.Қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен кеңірек таныстыру,әртүрлі ұлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту.

Зал мерекеге орай безендірілген.Балалар музыка әуенімен кіріп келеді.

Жүргізуші:

Армысыздар,халайық!

Бармысыздар,халайық!

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық.

Наурыз жыл басы,Наурыз тойы құтты болсын!Дендеріңіз сау болсын.Аман-есен болайық.Қымбатты ата-аналар,балалар,қонақтар,құрметті әріптестерім,көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды.Наурыз-мұсылман қауымның ұлттық мейрамы.Наурыз-ұлыстың ұлы күні,-деп,бүгінгі Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Ертеңгілігімізді ашып беру үшін балабақшамыздың меңгерушісі Азиева Әсем Темірбайқызына сөз кезегін береміз.

--Рахмет жылы лебізіңізге

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтастасып көріскен

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып көріскен

Ұлыс күні қар еріп

Сай-салалар гүрілдеп

Көк шөбі шығып желкілдеп

Дүние біткен күлімдеп

Ұлыс күні кәрі жас

Құшақтасып көріскен.

Мирас: Ассалаумағалейкум!

Үлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Нұрмұхаммед: Уағалейкуммассалам!

Ұлыс оң болсын,

Наурыз құтты болсын.

«Тойдың көркі-ән»,-дейді халқымыз.Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Хор: «Наурыз думан»

Жүргізуші: 22-ші наурызда күн мен түн теңеледі деген ұғым бар.Ендеше,біздің бүлдіршіндеріміз осы көріністі қалай бейнелер екен. Ендеше ортаға күн мен түнді шақырамыз.

Күн: Сәулесі көп күнмін.

Түн:Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі:Бірдей болып біздер теңелеміз бүгін.

Күн:Күнде ұзарам мен енді

Түн:Ал мен қысқарам енді.

Екеуі:Жылдың басы-Наурыз,

Жырдың басы-Наурыз.

Көрініс. 
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді) 
Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды. 
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе? 
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын. 
Мыстан: Сен маған не бересің? 
Шал: Бір отар қой беремін. 
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін. 
Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал. 
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің? 
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал. 
- Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады. 
Мыстан алтын сақаның жанында отырады. 
( Бала сақасын іздеп шығады) 
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші? 
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал. 
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде
балалар Кенжебекті іздеп шығады. 
Балалар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз. 
Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып,
балаларды қорқытады. Балалар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса , менің шартымды орындаңдар. 
Балалар: Орындаймыз, апа орындаймыз. 
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер. 
(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады) 

1.Бата беріп атамыз

Бата беріп апамыз.

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.


2.Ата бабам тойлаған,

Наурызым,армысың?

Қызығына тоймаған,

Дархан дала,қарлы шың.

3.Дастарханда дәніміз,

Жайдарымыз бәріміз.

Жарасу бар,жаулық жоқ,

Қандай жақсы Наурыз!

4.Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада,орманда,

Құстар әні төгілді.

5.Жаз келер,қыстыгүні қысым кетіп,

Қар ,суық,аяз,боран-бәрі кетіп.

Қасықтай қар,тобықтай тоң қалмайды.

Табиғат барша жаңға рахым етіп.

6.Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді-жыл басы.

Шуақ төкті жарық күні,

Мейрамында халықтың.

7.Келіп көктем құстар.

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары,

Ұя салып қарсы алды.


8.Көктем,көктем,көктемде

Құстар келіп жеткенде.

Біз қуанып қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.


9.Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлепміне жатыр маңайды.

Мал біткеннің бал татыған уызды.

Қуат болып қанымызда тарайды.


Мыстан: Жарайсыңдар! 
Балалар: Апа ,енді Кенжебекті жібересіз бе? 
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер 
( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады) 

Би: «Бипыл ай»
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой. 
Балалар: Енді, жібересіз бе? 
Мыстан:Жоқ.Мен қыздардың биін тамашаладым.Енді жігіттердің биін көрейн.

Би: «Батырлар»

Мыстан:Қандай батыр жігіттер.Жарайсыңдар.

Балалар:Енді жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма? 
( Айтыс өнерін көрсетеді) 
Мыстан: Өй, сендерде ақындарда бар екен ғой. 

Балалар: Кенжебекті енді жібересіз бе? 
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді) 
Ұлттық ойындар ойналады. 
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын,менің тағы бір қалауым бар.Ол тағы да бір би көргім келеді.

Би: «Қамажай»

Мыстан:Жарайсыңдар балалар,сендер менің көңілімнен шығып,мені риза қылдыңдар.Мен Кенжебекті бір жолға жіберейін.

Тақпақтар:

10.Тас төбеден күн күлді

Қошеметпен оралды.

Қараторғай былтырғы,

Ұясына оралды.


11.Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып,сүйеді.


12.Құтты болсын Наурыз,

Жалқаулық қас жауымыз.

Дала толы егіске,

Малға толсын тауымыз.


13.Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдемі,

Наурыз уөже пісірді.


14.Кел балалар, ойнайық ,

Наурыз тойын тойлайық.

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жйнайық.


15.Арпа,бидай,тары бар

Қатық,малта,тағы бар.

Ішілетін,жейтіннің

Бұл көжеде бәрі бар.


16.Бата беріп атамыз,

Бата беріп әжеміз.

Тәтті болып жасаған.

Көжеден дәм татамыз.


17.Құрт бауырсақ шашылып,

Наурыз тойы ашылсын.

Бір бірімен мына жұрт,

Көрімдігін асырсын.


18.Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханға елімнің,

Береке ырыс сыйлашы.

19.Ой,халайық,халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық.


Олай болса балалар біз ауылға барып тойға қатысайық.Ол тойда қандай қызықтар болып жатқанын,қандай салт дәстүрімізді көрсетіп жатқанын көріп қайтайық.

«Адамның бар қызығы бала деген»-деп халқымыз бекер айтпаған.Шыр етіп дүниеге нәресте келгенде бөркін аспанға атып,қуанбаған жан бар ма?

Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүрмен салтымыз-дей келе отырып назарларыңызға қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі-бесікке бөлеу дәстүрі.Бесік адам сатысы.Қазақ халқы «бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен.Себебә,бала өмірдің гүлі,жалғасы.Олай болса бесікке салу дәстүрін бүгін бізге қонаққа келіп отырған әжеміз көрсетеді.

Салт-дәстүр: «Бесікке салу»

Би: «Қаражорға»

Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22 түнінде сағат 3 те даланы Қыдыр ата аралайды екен.Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп,қос шырақ жағылып қойылады.Ыдыс атауларын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды.Жыл бойы дән тасысын,ақ мол,жауын- шашын көп болсын деп тілейді.

Қыдыр ата ортамызға келіп тұр,Бізге ақ батасын,ақ тілегін берейн деп тұр.Бәріміз бірге сәлем беріп,алақанымызды жайып атамыздың Ақ батасын алайық.



Қыдыр ата:Сұрасаң бата берейн,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Наурыз құтты болсын.

Жүргізуші:

Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,

Тербетсін шаттық әні қазақ жерін.

Той бастаған қадамың құтты болсын,

Дәстүрлі тамыр алып,өркен жайсын.

Қош болыңыз,Наурызым ардақты!

Халқым саған юар үмітін жалғапты!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,

Наурыз береке-бірлік әкелсін!-дей отырып бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.













«Гауһар Тас-2» балабақшасы









Shape1







Тобы: «Құлыншақ» ІІ кіші топ

Тәрбиеші: Өтепова Айшагүл









2018-2019-оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
434
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі