400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің, Әз Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22-сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№42 Айналайын МДҰ














Қош келдің,

Әз Наурыз!









Дайындаған:

Жарболова А.Қ.









Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!

Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22-сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші:

Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,

Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем

Жарығымен, шуағымен Күн – Ана

Алып келдің жер бетіне нұр көктем!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.
Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»

Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр

Би: «Қазақ биі»

Т: - Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Б: - Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.

- Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.

Көктем: - Мен Көктеммін өзіммен бірге аналар мерекесін және ұлыстың ұлы күні наурыз мерекелерін ала келдім. Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын.
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Ғизат:

Құтты болсын Наурыз

Жалқаулық қос жауымыз

Дала толы егіске,

Малға толсын тауымыз

Аяжан:

Біздерге арнап әдемі,

Наурыз көже пісірді.

Арнұр:

Кел балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық

Баянды боп мереке

Қыр гүліндей жайнайық

Арсен:

Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!

Қайда барсаң, жол болсын

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жәле жерге енсін

Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап қайтайық. Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді. Онда көже ішіп отырған аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан тұрып қарсы алды. Әже балаларға наурыз көже ұсынады.

Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7
түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7 саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.

Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.

Айша:

Арпа, бидай, тары бар

Қатық, малта, тағы бар

Ішілетін, жейтінің

Бұл көжеде бәрі бар.

Тарлан:

Бата беріп атамыз,

Бата беріп әжеміз

Тәтті болып жасаған

Көжеден дәм татамыз

Ерхан:

Құт бауырсақ шашылып,

Наурыз тойы ашылсын

Бір бірімен мына жұрт

Көрімдігін асырсын

Тәрбиеші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті Дастархан әніне береміз.

Ән: «Дастархан»

Тәрбиеші: Қасиет еткен халқымыз,

Жаңғыртар дәстүр салтымыз

Сән салтымен ел көрікті

Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.

Әжелер, Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ақ мол, дән таусылмасын, жауын шашын көп болсын» деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс атаулыны ырысқа (тары, бидай), аққа (сүт, айран), кәусар бұлақ суына толтырады екен. Әжелер ортаға шығып шырақ жағып көрсетеді, алдын ала дайындаған ыдыстарға қажетті тағамдар мен суға толтырады.

Тәрбиеші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.

Ақерке:

Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы

Дастарханға елімнің

Береке ырыс сыйлашы

Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.

Алихан:

Домбырасыз сән қайда

Домбырасыз ән қайда

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбайма

Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
Тәрбиеші: Балалар, әжелер! Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған ата бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті «Нақыл сөздерге» берейік.

Айсын:

Төле би айтқан екен

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шың жетпейді

Өзің білмесең білгендерден үйрен

Үйренгеннен ештеңең кетпейді

Тәрбиеші: Бәрекелді, балалар! Даналарымыздың осындай ақыл сөздерін жанымызға сақтап, үлгі етіп, мұра етіп алып жүрейік

Ойын: «Арқан тарту»

Тәрбиеші: Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей әжелерден бата күтеміз.

Тәрбиеші:

Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,

Тербетсін шаттық әні қазақ жерін

Той бастаған қадамын құтты болсын,

Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын

Қош болыңыз, Наурызым ардақты

Халқым саған бар үмітін жалғапты!

Жылда осылай келе берсін жарасып!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Наурыз береке – бірлік әкелсін!

Сау болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
411
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі