Материалдар / «Қош келдің, әз Наурыз!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қош келдің, әз Наурыз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
22 наурыз мерекесіне арналған сценарий. Қош келдің, әз Наурыз! «Қош келдің, әз Наурыз!» 1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Апталығымзыдың жабылуымен тұспа-тұс келген Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «Жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2022
589
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Қош келдің, әз Наурыз!"
































Ақтөбеқаласы - 2022жыл







22 наурыз мерекесіне арналған сценарий. Қош келдің, әз Наурыз!

«Қош келдің, әз Наурыз!»

1 - жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Апталығымзыдың жабылуымен тұспа-тұс келген Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «Жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.
Наурыз тойы құтты болсын!
Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 - жүргізуші:

Қазақ ұлттық аспаптар бөлімінің 09.03-19.03 аралығындағы апталық жұмыс жоспары бойынша бөлім меңгерушісі Саналина Жеңісгүл Тотанбаевнаға сөз беріледі.(Слайд)

1 - жүргізуші:

Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күні.

2 - жүргізуші:

Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!

Алдарынызда өнер көрсететін:

домбырашылар ансамблі халық күйі «Нәр агачи»

1- жүргізуші:
Қашанда Құт - береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.

Олай болса:

Молдағалив Бекарыстың орындауындаҚазанғаптың күйі «Көкіл»күйі. (2 номер)






1 - жүргізуші:

Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.

2 - жүргізуші:

Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. 

Айжарық Шәкәрімнің орындауында Қазанғаптың күйі «Ақжелең»


1- жүргізуші:

Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.

1 - жүргізуші:

Үніңдегі кереметке мәңгі игі,

Қиял сүңгіп қияндарға қаңғиды.

Тигенде ысқыш туқұйрыққа тіл бітіп,Әуен жылап,

Күй қоңырсып,Ән күйді...Күн сорғалап

Қырықбай Динараның орындауында: Күмісбеков «Поэма»

Концертмейстер: Бибинұр Қожанбаевна


1- жүргізуші:

Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ақ мол, дән таусылмасын, жауын шашын көп болсын» деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс атаулыны ырысқа (тары, бидай), аққа (сүт, айран), кәусар бұлақ суына толтырады екен.

Сдыков Нуралидің орындауында Қарасайдың күйі «Қарасай»







2- жүргізуші:

Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда.

Абатұлы Жарасқанның орындауында «Махамбеттің термесі»


1- жүргізуші:

Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра

Білгің  келсе  біздің  жайды, содан  сұра  тек  қана

Одан  асқан  жоқ  шежіре, одан  асқан  жоқ  дана» деп бекер айтпаса керек.

Алдарынызда

Орман Әйгерімнің орындауйында Мырза «Ташауыз» күйі


1-жүргізуші:

Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазынасы. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пай­даланудың зама­нымызға сай ұр­пақ тәрбиелеуде ора­сан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады.Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.

Нуралиев Қуаныш пен Джусупкалиев Бахтиярдың орындауында Қожынбаевтың күйі «Серпін»


2- жүргізуші:

«Наурызнама»- шат шадыман ойын – сауық той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. «Наурыз бата.» - Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі - осы Наурыз бата. 

«Бата»


1- жүргізуші:

Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында.
Береке - бірлік болсын деп,
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.

2- жүргізуші:

Осымен"Қош келдің, әз Наурыз!" мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Қош сауболыңыздар.


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!