Материалдар / Қош келдің, әз Наурыз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қош келдің, әз Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қош келдің, әз Наурыз!» ФОН Көрініс Голос за кадром:Прожектор Ұлыстың ұлы күні бәрі, бәрі, Жер Ана жаңарып Аспаннан Алланың нұры жауып, Ақ түйенің қарыны жарылады, – дегендей, міне, ел арқасы кеңіп, адамдарды тамаша бір шаттыққа бөлеп, күнгейден күншуағын төгіп, Көктем келді. Көгілдір көктеммен таласа-тармаса, қазағымның қасиетті мерекесі – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы да жадырап жетті. Сахнада Әжесімен немересі Бала: Әже осы Наурыз мейрамы деген не? Әже: Шығыс халықтарының жаңа жылы – Наурыз мейрамы бұл бір табиғаттың ерекше кезінде өтетін мейрамы. Толығырақ айтсақ халқымыздың түсінігінде Наурыз – осы айдың күні мен түні теңелген алғашқы жұлдызынан бастап қырық күн тойланатын шығыс халықтарының мерекесі. Бала: Алақай бізде Наурызды тойлаймыз ба?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2022
463
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қош келдің, әз Наурыз!»

ФОН

Көрініс

Голос за кадром:Прожектор

Ұлыстың ұлы күні бәрі, бәрі,

Жер Ана жаңарып

Аспаннан Алланың нұры жауып,

Ақ түйенің қарыны жарылады, – дегендей, міне, ел арқасы кеңіп, адамдарды тамаша бір шаттыққа бөлеп, күнгейден күншуағын төгіп, Көктем келді. Көгілдір көктеммен таласа-тармаса, қазағымның қасиетті мерекесі – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы да жадырап жетті.

Сахнада Әжесімен немересі

Бала: Әже осы Наурыз мейрамы деген не?

Әже: Шығыс халықтарының жаңа жылы – Наурыз мейрамы бұл бір табиғаттың ерекше кезінде өтетін мейрамы. Толығырақ айтсақ халқымыздың түсінігінде Наурыз – осы айдың күні мен түні теңелген алғашқы жұлдызынан бастап қырық күн тойланатын шығыс халықтарының мерекесі.

Бала: Алақай бізде Наурызды тойлаймыз ба?

Әже: Әрине,балам. 1991 жылы 15 наурызда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаев 22 наурыз көктемгі күн мен түннің теңесу күні халықтық мереке Наурыз мейрамы болып жариялансын деп арнайы Жарлық шығарды. Орта Азия республикаларынан қалмай біздің Қазақстан халқы да наурыздың 22-сі халықтық мереке болып жарияланғанына қуанғандарынан қуаныштарында шек болмады. Міне, содан бері 30 жылдан аса дүбірлі мерекемізді қарсы алып, еліміздің түкпір-түкпіріне киіз үй тігіліп, қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеп, халыққа наурыз көже таратылып, ән айтылып, күй шертіліп, халықтың көңіл күйі көтеріліп келеді.

Бала: Әже онда тезірек бізде Наурыз мерекесін тойлауға дайындалайық. Жүріңіз,әже жүріңіз!!!! ( сахнадан шығып кетеді)

ФОН

Сахнада күйшілер отырады

Күй "Ерке сылқым", "Балбырауын"

Фанфары

ФОН ведущие
1 - жүргізуші:

Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген берекесі,

Алаштың баласына нәсіп болған,

Кұтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

Фон поднимается

1 - жүргізуші:

Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір!

ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.( выходят бабушки)

Фон поднимается

1 - жүргізуші:

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс тіршілігі Анамен тығыз байланысты зерделі ел жыл басы Наурызды қараңғының- жарыққа, ызғардың -жылыға, қараның- аққа, кесірдің- киеге ауысатын талайлы табалдырығы деп таныған.

2-Ведущий : Сегодня замечательный день – праздник пробуждения новой жизни, праздник мира и весны. Наурыз – праздник весеннего равноденствия. Это новый год согласно древнему восточному календарю. Считается, что щедрое празднования праздника Наурыз принесет в дом обилие и успех на целый год.

Не знаю как ты, но я люблю этот праздник: посмотреть национальные обряды, отведать национальные блюда …

1 - жүргізуші: Әрине, Мадина,дұрыс айтасың, Наурыз мейрамын бәрі асыға күтеді.Наурыз- қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Ендеше, дүниеге көрік берген, шырай жылы жыл басы Наурыз мерекесі баршаңызға

Бірге: Құтты болсын!

Видеоматериал «Көрісу»
1 - жүргізуші:

Ақ ниетпен адал бол деліседі

Көріседі көңілдер жібісін деп

Көріседі тасысын ырысың деп

Көріседі көк мұзда жібісін деп

Көріседі оң болсын ырысың деп

Әжелер көріседі

1-жүргізуші: Ән «Наурыз» , орындайтындар Жайбергенова Мадина, Сәмен Салтанат, Нұрадин Аяулым

ФОН

2-Ведущий : Слово для поздравления предоставляется директору школы Әбдіғапаровой Әлие Пәуединовне

ФОН «Монтаж»

1 - жүргізуші:

Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
Монтаж

Саша:Мы здесь сегодня собрались,

Чтоб встретить праздник – Наурыз!

Улыбки, шутки, звонкий смех,

Пусть радуют сегодня всех!

Возьмемся за руки, друзья,

Ведь мы – единая семья:

Татарин, русский и казах,

Литовец, немец и поляк.

5а: Нурхан Кел, наурызым, шық төріме думандат,
Жұрт қарасын бейнетіңе қайран қап.
Табиғаттың тұмса шағы тамсантып,
Халқым да бір жадырасын сайрандап.
Кел, наурызым, самалыңмен еркелет,
Қырға шығар, жамағатты жетелет.
Бала біткен болып жүр ғой мәз - мәйрам,
Наурыз келген, көктем келген екен деп.

Нурсаулет:

Пускай погодные сюрпризы

В душе не оставляют след,

Пусть сердце радуется жизни,

А жизнь пусть будет, как цветов букет!

Желаем счастья до небес,

Изведать всех больших чудес!

Познать любви божественную силу,

И видеть мир прекрасным и красивым!

5а: Аманбек

Кел, наурызым, берекелі жыл басым,
Мәңгілікке замананың құрдасы.
Жылда мені қуанышқа бөлейсің,
Ғасырлардың және менің сырласым.
Кел, наурызым, бұла күшім, балғыным,
Сен келгенде қашар менен қайғы - мұң.
Құдіретің бар жаңғыратын ғаламда,
Сондықтан да асқақ сенің айбының.

Айхан:

Пригрело солнышко, теплее,

Снежки стекаются в ручьи..!

И ранним утром, веселее,

Поют баллады всем скворцы..!

В душе приятная надежда,

Весна пришла в свои права..!

А праздник, встреча Наурыза,

Дополнит радостью сердца..!

Желаю я, вам всем терпения,

Здоровья мира и всех благ..!

Родным и близким, поскорее,

Встречать на воле своих чад..!

5а: Омар

Кел, наурызым, көргенің көп көнесің,
Жия алмаған кездер болды ел есін.
Бұқпантайлап қарсы алатын өзіңді,
Кездер болды, ұмытпайсың, білесің.
Кел, наурызым, ортаймайтын ырысың,
Тәуелсіздік және өзің тынысым.
Жалғастырып ұрпақтарды ұрпаққа,
Аралай бер сәнге бөлеп ел ішін.

Алихан:

Наурыз – начало года

Так считает наш народ.

И обычаи народа

Людям всем передаёт.

С Наурызом поздравляем

Взрослых мы и малышей.

Счастья, радости желаем

И весенних тёплых дней.

5а:Ерасыл

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдікте.

Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді Ынтымақ пен бірлікке.
Бакытбек:

Брызги солнца вширь и ввысь

Это праздник... (хором) Наурыз

Он в улыбках тысяч лиц.

Это праздник... (хором)Наурыз.

Он равняет день и ночь

Он прогонит стужу прочь

Это праздник ... (хором)Наурыз

5а: Ильяс

Наурыз менің елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұлаңғайыр керілсін керегесі.
Қымбат білген адамға сөз өнері,
Бұрқ - сарқ етіп қайнасын көжелері.
Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,
Гүлге толсын көгеріп көшелері.
Шат күлкіге шомылып замандары,
Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.
Әрбір жанның арманы орындалып,
Сәтті болсын биылғы қадамдары.
Ел - жұртымның тілеуін тілесейік,
Жаңа жылда қалайық бір есейіп.

ФОН

Сахнада қонақтар отыр

1-жүргізуші:Сүйінші, сүйінші бүгінгі күні Балкия әже өзінің немересі Асылымнын «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші.


Музыка «Тұсау кесу»

Балкия: Алғашқы немерем Асылым жер ананға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйлы, ардақты ана, сүйікті әже құрбыма немеремнің тұсауын кестіремін.

Ал, келін балам,кішкентай Асылым ортаға әкеліп, әжесіне табыс ет.

(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)

Бактыбектің әжесі: Айналайын балам,өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа (тфай,тфай)

(Аяғын байлайды, қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі)

Қаз қаз балам, қаз балам

Қадам бассаң мәз болам

Қаз баса ғой, қарағым

Құтты болсын қадамың (Баланы жетектеп жүргізеді)

Әже: Ал, келіндер немеремнің жолына мол қылып шашу шашыңдар.

Із қалдырсын соңына, Алдын кең қып ашыңдар (Ақ жайманың алдын кең қылып ашып, баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.)

Бәрі бірге: Құтты болсын қадамың, Жолың ашық болсын, Ақ жол болсын.

Әжелер хоры «Сәулем -ай »

Танец «Трюк»

1 - жүргізуші:Алдарыңызда өнер көрсеткен «Шұнғыла» би тобы

ФОН ведущие

2- Ведущий:

Дастархан – это не только традиция пира, но и целая философия гостеприимства, семейных и общественных отношений. У тех, кто хоть раз был принят в качестве гостя на казахском дастархане, навсегда остаются в памяти не только экзотические блюда, но и древние ритуалы, суть и смысл которых не обветшали со временем – они до сих пор призваны хранить единство и традиции дружной казахской семьи. 

1 - жүргізуші: иә, Мадина, Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез. Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз!

Фон

Наурыз көже тарату

ФОН

2-Ведущий:

Наурыз– это не только праздник встречи Нового года по древнему обычаю, это праздник весны, пробуждения и обновления. В этот день, когда природа начинает радоваться весеннему теплу, пусть радость жизни войдет и в ваши сердца! Откройте свою душу солнцу, миру, добру, любви и красоте! От всей души поздравляем вас с этим замечательным праздником!

І жүргізуші: Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!