Материалдар / «Қош келдің әз-Наурыз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қош келдің әз-Наурыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
сценарий наурыз мерекесіне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2023
174
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қош келдің әз-Наурыз»

Жүргізуші Жазира;Армысыздар аңсаған дана халқым,

Сәлем беру ежелгі ата салтым

Ұлыстың ұлы күні Наурызбен,

Сіздерді Құттықтаймыз шын жүректен.


Жүргізуші Назгуль; Құрметті бүгінгі мерекеге келген қонақтар

Хош келдіңіздер!

Бүгінгі «Қош келдің әз-Наурыз» атты ертеңгілігімізге қошеметпен «Гүлдер» ауылының балаларын қарсы алыңыздар.

Жүргізуші Жазира: Қазағым, Наурызым құтты болсын,

Көтерген шаңырағын биік болсын.

Тілектерді ұлтымның қабыл болсын,

Жақсылығын бір Алла иіп тұрсын.

Бүгінгі «Қош келдің әз-Наурыз» атты ертеңгілігімізге қошеметпен «Айгөлек» ауылының балаларын қарсы алыңыздар.

Жүргізуші Жазира -- Наурыз тойы - ақ батаның бастауы,

Береке мен бірліктің жалғасуы.

Жеті түрлі қасиетті дәмменен,

Байтақ елдің бір толады астауы.

Ажелерді шашу шашуға шақырайық

Жүргізуші Назгуль -- Әлемдегі жақсылық пен молшылықтың, тыныштық пен берекенің бәрі ананың мейірінен, ақ тілеуінен басталады. Ортаға Ақ анамызды шақырайық.Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші Жазира:

Күн мен түннің,

Қыс пен Жаздың теңелетін

Жер арқасы кеңіп

Күллі тіршілік әлемі,қайта түлейтін

Табиғат мерекесі.

(Музыка ойналады;Күн мен түн кіреді.)

Күн – Түн сөзі

Жүргізуші Назгуль: Наурыздың 21-нен 22-не қараған күні, далада Қыдыр ата аралайды.Бұл күн Қыдыр күні деп аталады.Олай болса балалар Қыдыр атаны ортаға шақырайық.


Музыка әуенімен Қыдыр Ата кіріп Бата береді.

Жүргізуші Назгуль:Уа халайық,халайық әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық.

«Гүлдер» ауылының орындауында «Алақай наурыз» әнін тамашаланыздар



Жүргізуші Жазира: Наурыз біздің әніміз

Салтанатты сәніміз

Наурыз тойда қуанып

Би билейік бәріміз.

«Айгөлек» ауылынының орындауында « » әнін тамашаланыздар

Жүргізуші Назгуль: Наурыз - бақыт пен шаттық мерекесі.
Наурыз – көктем мерекесі. Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған жыр шұмақтарға береміз.


Алдияр:

Ел де тыныш!

Жер де тыныш – бұл күні,

Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.

Табысқан жұрт таныс тауып жатады,

НҰРАСЫЛ:

Батыр

Жамалғандай жүректердің жыртығы!

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

Қымбат білген адамға сөз өнері,

Бұрқ - сарқ етіп қайнасын көжелері.

Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,

Гүлге толсын көгеріп көшелері.

МАНСУР:


Алихан:

Наурыз келді, көктем келді ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың?

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.


АЯНА :

Бөкейхан:

Жадырап күннің жанары,

Бетті өпсе жылы самалы.

Сай - сайға ақса жылғалар,

Бұл Наурыз хабары.

Ашылып аспан шүмегі,

Жауынмен құм да түледі.

Көкмайса жұмсақ құлпырған,

Бұл Наурыз кілемі.

АЛТЫНАЙ:

Али: Қырға көшіп келеді елім менің,

Малын жайып, салатын төріне егін.

Наурыз туып, жан бітті дүниеге,

Жасыл нұрға малынып төңірегім


Жүргізуші Жазира: Қадірлі қонақтар!Біз тарихымызды ой елегінен өткізссек қазағымыздың ұлттық мәдениетін салт-тұрмысы мен ғұрыптарын,кешегі бүгінгі, ертеңгі ұрпаққа таратып жалғастыратын Ата-Бабамыздың дәстүрін еш уақытта ұмытпаймыз. Ондай болса «Айгөлек» ауылы тұрғындарының салт-дәстүріне назар аударайық.

Салт-Дәстүр:Азан шақырып ат қою.


Жүргізуші Назгуль: Құрметті қауім

Біздер боп сіздер боп

Елін жерін сүйетін

Салт-дәстүрімізді сақтайтын

Болашақ ұрпақ тәрбилейік

Еліміз жеріміз аман болсын! «Гүлдер» ауылы тұрғындарының салт-дәстүріне назар аударайық.

Салт-Дәстүр:Тұсау Кесу рәсімі.

Жүргізуші Жазира:

Көзін ашып бұлақтың

Көпшілік көшет еккен күн

Туыс, жекжат- жұраттың

Қадіріне жеткен күн- біздін сүйкімді Ұлжан қызымыздың орындауында наурыз тойына арнаған «----------------»әнін қабыл алыңыздар



Жүргізуші Назгуль—Шалқытып сайыстарда тән салған

Өнерпаз өрендерге, тамсанған

Би –шашуын біздерге алып келген

«Гүлдер» ауылының балаларын қошеметпен ортаға шақырайық.


Жүргізуші Жазира— Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Көңілді әнді бастайық

Биді билеп тастайық

Құрметті қонақтар. Әз-Наурыз мерекесінде арналған көп ұлтты биі «Айгөлек» ауылының балаларын ортаға шақырайық.


Жүргізуші Назгуль—Шалқытып мерекеде ән салайық

Иесіне ән мен бидің тамсанайық

Аңыз бен ертегіні ала келген

Құрметті, Алдар- Көсе АТАМЫЗДЫ қарсы алайық.




Жүргізуші Жазира—Сәлеметсіз бе,Алдар ата!

Сіздің келгеніңізге қуанып отырмыз.

Тойымыздың сәні болыңыздар.

Алдар: сөзі

Ойын; «Арқан Тарту».

Ойын «хан талапай».

Жүргізуші Жазира: Қыздармен ұлдарымыздың орындауында «Қара Жорға» биін тамашалаңыздар.


Жүргізуші Назгуль—Наурыз-құтты болсын.

Жүргізуші Жазира—Дендеріміз сау болып,мықты болсын.

Жүргізуші Назгуль -- Наурыз тойы келе берсін

Жүргізуші Жазира-- Барлық халық бақытты болсын

Жүргізуші Назгуль --Хош сау болыңыздар халайық

Жүргізуші Жазира-- Көріскенше күн жарық болсын

Жүргізуші Назгуль -- Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.

Жүргізуші Жазира -- Наурыз көжеден дәм татыңыздар.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!