«Қош келдің, Әз наурыз»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қош келдің, Әз наурыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қош келдің, Әз наурыз» атты сайысы үш топтың арасындағы сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош келдің, Әз наурыз» атты сайысы

Томирис орындауында «Наурыз» әні

Темірлан: Қайырлы күн! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! «Қош келдің Әз наурыз» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Наурыз келді сайран қақты таң күліп,

Жап жасыл боп кетті дүние жанғырып.

Жақсылыққа жаршы болған наурызым,

Сен өмірдің көктемісін мәңгілік! Бүгін сайысымызда бірінші курс студенттері бақтарын сынамақ.

Мальвина: Дәстүрімізге айналған

Ұлыстың ұлы күні, наурыз құтты болсын!

Күлім деген шуақты көктеммен бірге

қазақ даласы, жер әлемді жайнатып,

әнші құстарды сайратып ,жаңа жыл келеді демекші сайысымызды бастаймыз.

Темірлан: Сайысымыздың әрбір кезеңі әділ өтуі үшін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік 1. «Атбасар қаласы, аграрлық -индустриялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының басшысы Тюлебаев Аскербек Жамантаевич

Мальвина: 2Басшының ОЖ жөніндегі орынбасары Омарова Гульден Ахметжановна

Темірлан : 3 Басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары Толкумбекова Татьяна Петровна

Мальвина: 4 Басшының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Каппасова Раушан Нурлановна

Темірлан: Жастарымыз келіп жетті танысуға

Бойындағы бар дарынды дамытуға

Жігерленіп мінеки, келіп жетті

Әдеппен ізетпенен танысуға демекші сайыстың I кезені «Таныстыру» кезені. Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

1. Топ аты:

  • "Жас қырандар"

  • Ұранымыз: «Қырандай самғап, Наурызды қарсы аламыз!» (П-4)

2. Топ аты:

  • "Наурыз жұлдыздары"

  • Ұраны: «Әрбір Наурыз — жаңа үміт, жаңа бастама!»У-3

3. Топ аты:

  • "Қуаныш шуағы"

  • Ұраны: «Наурыз — жаңару, татулық — күшіміз!» (А-1)

4. Топ аты:

  • Топтың аты "Наурыз"

  • Ұранымыз: «Табиғатпен үндесіп, Наурызды тойлаймыз!» (Э-2)



Мальвина:Қазақ халқы наурыз мейрамында қыз қуу , алдарыспақ, арқан тарту , тенге алу деген ұлттық ойындарды ойнаған.Сонымен қатар айлы түнде алтыбақан тепкен.

Алтыбақан бұл жастардың көңіл көтеріп, ауыл сыртында ойнайтын ойыны. Алтыбақанды құру үшін үш-төрт метрлік жеті томар ағаш, үш арқан керек екен.

Бұған екі адам әдетте боз баламен бойжеткен екеуі мініп бел арқан екі жақтауынан бекем ұстап үшінші адамның тербеуімен тербетілген. Тербеушілер ән бастайды да оның жанындағы адамдар қосылады.( видео слайд)

Сөз кезегін қазылар алқасына береміз 1 кезең бойынша

Темірлан (1 жүргізуші): Наурыз мейрамының мәні мен маңызын тереңірек түсіну мақсатында, II кезеңіміз "Наурыздың мәні" викторинасы. Бұл кезеңде ,біз Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтар қоямыз ,қатысушылар дұрыс жауап беруге тырысады. Викторина арқылы сіздер Наурыздың тарихы мен дәстүрлері туралы білімдеріңізді көрсету мүмкіндігіне ие боласыздар.

Ең көп балл жинаған топ

Мальвина (2жүргізуші): III кезең Асық ату ойыны. Әр топтан бір қатысушы шығады. .

Біздің топтарда ұлдармен үш топ, қыздармен бір топ болғандықтан,: ұлдар Асық ату, ал қыздар бес асық ойнайды. Кәнеки мергендерімізді көрсетейік.

Ал енді 3 кезең бойынша Әділ қазылар өз бағасын берсін

Темірлан (1 жүрг.) Келесі кезек IV кезең—"Мақал-мәтелдер" кезеңі! Бұл кезеңде экранда мақал –мәтелдер суретпен көрсетілген оны шешуіміз керек.

Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Мальвина:5 кезен ЖҰМБАҚТЫ ШЕШ,казір сіздерге әр топка үш жұмбактан беріледі жумбактын жауабын табу, және жауаптағы сөзді орыс тіліне және ағылшын тіліне аудару 3 минуттай уакыт беріледі


Ағайынды бәрі:
Шықса - көк,

Түссе - сары.


(жапырақтар) (орысша-листья, ағылшынша-leaves (э-2)

Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.


(жуа) орысша –лук, ағылшынша –onion (э-2)

Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат - қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ) орысша- капуста, ағылшынша –kale (э-2)


Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз) орысша- арбуз, ағылшынша-watermelon (а-1)


Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз) орысша-учитель, ағылшынша –
teacher а-1


Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап) орысша – книга, ағылшынша –
book а-1



Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы.


(мектеп) орысша –школа, ағылшынша-school п-4

Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін) орысша- голубь, ағылшынша-
pigeon п-4


Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш) орысша-дерево, ағылшынша-
tree п-4
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.
(Сөз) орысша –слово, ағылшынша-
word У-3


Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.
(Үтір) орысша –запятая, ағылшынша-comma У-3

Сырғалы құлақ бір,
Үн - түнсіз сұрап тұр.
(Сұрақ белгі) орысша-вопросительный знак, ағылшынша-question mark У-3




Темірлан: Осымен 5 кезең аяқталды. Әділ қазылар алқасы сайысымыздың 5 кезеңге қорытынды жасағанша

Мың бұралған биші қыздарымызды ортағы шақырамыз қазақ биі

Темірлан (1жүргізуші):Осымен «Қош келдің,Әз наурыз» атты сайысымыз өз мәресіне жетті женімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз.

Мальвина(2 жүргізуші): келесі кездескенше сау сәлемет болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.03.2025
224
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі