Материалдар / Қош келдің, Әз Наурыз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қош келдің, Әз Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарияланатын бұл материалдың негізгі мақсаты наурыз айының бұл мерекесінде күн мен түннің теңелетінінтәрбиеленушілерге түсіндіру. Шығыс халықтары үшін жыл басы болатынын санасына жеткізу. Балабақша тәрбиешілеріне қажет болар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2018
529
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Күршім ауылының балалар бақшасы

Тәрбиеші: Калигожина А.Б.


Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.
Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды әсем әемен ашқымыз келіп отыр
Ән: «Наурыз»
Т:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Б: - Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
- Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.
Көктем:- Мен Көктеммін өзіммен бірге аналар мерекесін және ұлыстың ұлы күні наурыз мерекелерін ала келдім. Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын.
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Алина:
Наурыз-бұл мереке

Құтты болсын береке

Қыдыр ата келсін

Жақсы тілек әкелсін.
Тасқын:
Наурыз көктем наурыз жыр

Ана мейрім,шуақ нұр.

Жан иесін жаңартқан

Аққан бұлақ нәзік сыр.
М.Әмір:

Наурыз самал, наурыз таң

Қалың орман ұйқысынан оянған

Сағынышпен қауыштырған жұптарды

Жылдың басы, он екі айда тоғысқан.

Сафия.

Той думанға келіңіз

Тамашалап көріңіз

Ән айтайық бәріміз.

Қол соғайық бәріміз.
Айя:
Наурыз тойы-елдің тойы.

Көктем тойы-төлдің тойы.

Ән айтатын күні бойы.

Жақсы көрем Наурыз тойын

Тілек.

Көктем келді ,балақай.

Жасарды жер алақай.

Наурыз тойын тойлайық.

Әсем әнге салайық.

Яна.

Наурыз тойы- тамаша

Наурыз тойы-жаңаша

Табиғатта тамаша

Тамылжып тұр жараса.
Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап қайтайық.
Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді. Онда көже ішіп отырған аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан тұрып қарсы алды. Әже балаларға наурыз көже ұсынады.
Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.

А.Елнур.

Наурыз көже пісіріп

Қонақтарға тартамыз.

Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме.

Айназ.

Наурызда шашу шашылды.

Ақ кебеже ашылды

Тәтті наурыз көжеге

Тары уыз қосылды.
Дана.

Өмірдің жаңғыратын

Пейілдің түзелетін

Көңілдің кеңитін кезеңі-

Наурыз мейрамы қүтты болсын.
Тәрбиеші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті Дастархан әніне береміз.
Ән: «Дастархан»
Қыздардың орындауында қабыл алыңыздар!
Тәрбиеші: Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар дәстүр салтымыз
Сән салтымен ел көрікті
Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.
Әжелер, Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ақ мол, дән таусылмасын, жауын шашын көп болсын» деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс атаулыны ырысқа (тары, бидай), аққа (сүт, айран), кәусар бұлақ суына толтырады екен.
Әжелер ортаға шығып шырақ жағып көрсетеді, алдын ала дайындаған ыдыстарға қажетті тағамдар мен суға толтырады.
Тәрбиеші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.

Алижан.

Наурыз айы келгенде

Күн шуағы шашылып

Жылғалардан су ағып.

Ақ әжелер құлпырып.

Жасұлан.

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне

Жылдың басы наурыз

Жердің басы наурыз

Мерекеге арналсы.

Бүгінгі жыр-әніміз.

Жаннұрым.

Наурызбен құттықап

Алыс жақын қауышты.

Көктемдегі жарқын сәт

Көңілдерге ауысты.

Айбек.

Алақай –ау, алақай!

Наурыз келді балақай!

Халық тойды тойлайды,

Әсем әнге салады –ай!

Нейла.

Наурыз тойы –салтанат,

Наурыз тойы –мархабат.

Әт жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

Елнұр.Қ.

Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден –

Құтты болсын, Наурыз!

Ерсұлтан.

Құстар ұшып келеді,

Наурыз келді алақай!

Күн нұрындай төгіледі,

Көк кілемге жамылып жер.
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр.
Қыдыр ата:
Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Тәрбиеші:
Қош келдіңіз.Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр ата бата береді.
Тәрбиеші:
Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!
Ал келіңдер қонақтар
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!
Әжелер шашу шашады.
Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.
Тәрбиеші:
Домбырасыз сән қайда
Домбырасыз ән қайда
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбайма
Айсұлтан Арайлым:
Құрманғазы Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жақсын деп
Елге күйін арнаған
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлеріміз Еркеназ бен Рамазанды қошеметтеп қарсы алайық:
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық тұсау кесу рәсіміне кезек берейік.
Тәрбиеші: Балалар, әжелер! Ұлыстың ұлы күні сіздерге арналған қазақ биін қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші.Балаларымыздың мерекеге арналған тағы да тақпақтары бар екен соны тыңдайық.

Дәулет.

Ағаштар да гүлденіп,

Шашу шашты егінге.

Шаттанамыз қуанып,

Наурыз тойы болғанға.

Нұрәли

Біз бақытты баламыз

Бақыт тілеп баршаға,

Ақ тілекті дос –жаран

Құтты болсын мереке!

Наурыз тойы тамаша,

Қарсы алайық жаңаша.

Шат –күлкі мен қуаныш

Еліме сыйлар жұбаныш.

Ерасыл.

Кең болсын қазағымның керегесі.

Кетпесін алла берген берекесі

Алаштың баласына нәсіп болған

Құтты болсын Наурыз мерекесі.

Ойын: «Арқан шарту»
Тәрбиеші: Балалар ортамызға Наурыз мерекесінің құтты қонақтары, біздің сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері: Батыр мен қаңбақ шалды шақырайық.
Ортаға алпамса денелі батыр сахнаға шыққан кезде қарсы алдынан қаңбақ шал кіреді
Қаңбақ шал: Ассалаумағалейкум, батыр еке! Жолың болсын, қайда шықтың?
Батыр: Әлейкумәссалам, Қаңбақ ата! Наурыз тойына бара жатырмын
«Достық балабақшасындағы» балалар «Батыр ағамыз келсін деп жатыр екен». Ойын тойға қатысып, күш сынасып қайтпақшымын.
Қаңбақ шал: Олай болса, екеуміздің жолымыз бір болып шықты. Олар тойға мені де шақырды. Енді міне, сен сияқты батырмен сапарлас болу бақытына ие болдым. Бірақ менің де саған пайдам тиер. Сен мықты, ержүрек болсаң, мен жеңілмін, әрі кумын.
Осы кезде Жалмауыз кемпір кіріп келеді. Қолында сыпырғышы бар бір нәрседен құр қалғандай жүгіріп шығады.
Жалмауыз кемпір: Ә, бәлем, мен бұлардың қайда жиналғанын біліп алдым. Мені неге шақырмаған. Егер бұлар мені тойына өздерімен бірге ертіп кетпесе, өз обалдары өздеріне, екеуін жолдан адастыру мен үшін түк емес.
Жалмауыз кемпір сыпырғышымен жолды оңды солды сиқырлай бастайды: «Адасып кетіңдер, балабақшаға жете алмай қалыңдар»
Батыр: Сіз мұнда не істеп жүрсіз, әжеке?
Жалмауыз кемпір: Сендер тойға бара алмай қалсын деп жолдарыңды дуалап жатырмын. Ал егер мені алып кететін болсаңдар, ең қысқа жолды көрсетемін.
Батыр: Жарайды, ертіп барайық, бірақ онда қалу қалмауыңды балалар шешеді.
Қонақтар балалармен амандасады, балаларды мерекемен құттықтайды
Қаңбақ шал: Кішкентай достар, сендердің шақыруларыңа қуанып келе жатыр едік. Жалмауыз кемпір ілесіп «тойға менде барамын деп» қалмай қойды. Біз оны ертіп келуге мәжбүр болдық. Бірақ бәрі сендердің қалауларың бойынша шешіледі. Адамға қастандық ойлап, зиян шектіргеннен басқа түк білмейтін Жалмауыз кемпір тойға қаттысынба, әлде қайтарып жіберейік пе?
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар бүгін қасиетті күн. Бұл мейрамда ерекше қалыптасқан салтдәстүр бар. Ұлыстың ұлы күні бір бірімен араз адамдар татуласып, бір біріне деген өкпесін кешіреді. Қатал, қайырымсыз адамдар мейірімді болып, арам адамдар шыншылға айналады. Оның айқын дәлелі осы күні адамдар бір бірімен құшақтасып, көрісіп амандасуы. Олай болса Батыр, Қаңбақ шал бүгінгі қасиетті мейрамда Жалмауыз кемпірді кешіріп, өткен кеткенді ұмытып көрісіп амандасайық.
Музыка ырғағымен Батыр, Қаңбақ шал, Жалмауыз кемпір бір - бірімен көрісіп амандасады.
Тәрбиеші:
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан төлдей
Жамырасып өріскен
Шалдар баға беріскен
Жалмауыз кемпір: Ой ой, маған не боп барады? Менің түрім өзгеріп барады. Жүрегім біртүрлі жылып кетті. Денем де нәзіктеніп, сұлуланып бара жатқандай. Ой, алақай мен мейірімді болдым - деп иығындағы ақ орамалын басына байлап әдемі әжеге айналады. Айналайын құлыншақтарым, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Тәрбиеші: Міне, Наурыз мейрамының ерекше мейрам екеніне тағы бір көзіміз жетті. Жалмауыз кемпір мейірімді әжеге айналды. Ал енді біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

«Ән Наурыз»
Тәрбиеші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!

Қара жорға.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!