Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош келдің, әз-Наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қош келдің, әз-Наурыз!"
Материалдың қысқаша нұсқасы

6 «Нұрай» бала бақшасы











Тақырыбы: «Қош келдің - Наурыз!»

5 «Наурыз» тобы




Тәрбиешілер:Сакенова А.Е.

Курмангужина К.К











Көкшетау

Тақырыбы: Қош келдің - Наурыз!
Мақсаты: Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айтты есептемегенде, біздің қазақтың жалғыз - ақ мейрамы ол - Наурыз.
Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.
2 - жүргізуші Армысыздар ағайын!
Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық
(шашу шашылады)
- Наурыз - шығыс халықтарының жаңа жыл мейрамы. Наурыз - дүниенің ғарыштық сипатын, адам мен ғарыштың ортақ тегін білдіретін мейрам. Олай болса, бүгінгі мерекеге байланысты отбасылық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай-салалар гүрілдер.

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

2-жүргізуші:

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық.




1-жүргізуші:

Наурыз тойын бастаймыз
Бимен оны қостаймыз
БИ: «Қыздырдың орындауында»

1-жүргізуші: Қадірлі ағайын, біз бүгінгі мерекелік кешімізді сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз. Алдарыңызда 4 киіз үй тігіліп, яғни, төрт ауыл салтанат құрып отыр. Бүгін осы төрт ауыл мынадай сайыстар бойынша сынға түседі:

І. Ұлттық киім

ІІ. Ұлттық тағамдар

ІІІ. Ұлттық өнер

ІV. Наурызға байланысты сұрақтарға жауап беру.

V. Салт-дәстүрді сахнада көрсету.


2-жүргізуші: Ауылдарымызға «Бәйшешек», «Наурызша», «Қызғалдақ», «Рауғаш» деген аттар бердік.


Ән «Көктем келді»


1-жүргізуші:  Уа, ағайын! «Наурызым – бабамның сөзі, Наурызым – анамның сөзі, Ғасырдан ғасырға жеткен Даламның сөзі» демекші, тойды бастамас бұрын үш биімізден бата сұрап алайық:

Төле би рөлінде:

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің!

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарханың мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Қазыбек би рөлінде:

Өрендерің ер болсын,

Көре алмаған бағыңды,

Сындыра алмаған сағыңды

Бетін басып жер болсын!

Әйтеке би рөлінде:

Жарылқа, Алла, қабыл ет,

Жарылқаудың қамын ет!

Ізет, абырой, бақ-дәулет,

Қызыр қарап бақ қонып,

Жақсылық үшін қызмет ет!


2-жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз! Алдарыңызда «Наурыз думан» әнімен Бақбергенова Арайлымды шақырамыз.


1-жүргізуші: Алғашқы кезеңімізді бастаймыз. Әрбір ауыл өздері дайындағын киім үлгілерін ортаға шығарса екен (қазақ күйлері қойылады)

Көрініс.

(Күн мен түн ортаға шығады)

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы көп түнмін.

Екеуі: Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін.

Түн: Ал ертең күн ұзақ,

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып

Жүрмеңдер тек жылап.


Балалардың тақпақтары:


Ерасыл:Сәнді көктем - Наурыз!
Наурыз тойы - жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын.
Құлпырсын күн мен ай.
Құтты болсын Наурыз!

Айдар:Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

Айзара:Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз - Наурыз!

Анеля:Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!


Жангир:Наурызтойым, Наурызтойым.
Құттыболсыңхалайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқапәнгесалайық.

Тамирлан:Осыншамажақсылық
АлыпкелгенНаурызым
Төрлетбізгенұрберіп,
Шуақшашыпақжүзің!

С.Әділ
Наурызшаттықәніміз
Салтанаттысәніміз
Әнсаламызбәріміз
Би билеймізбәріміз


Жасмина.Наурызайы - гүлайы
Наурызайы - нұрайы
Наурыз айда халқымның
Құлпыратүсершырайы

Бернұр:Уа, халайық, халайық!
Әсемәнгесалайық
Наурызтойынкөңілді
Біргеқарсыалайық


2-жүргізуші: Бауырласқан тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр менен салтымыз, - дей отырып келесі кезеңді бастайық. Әділ-қазы алқасы әрбір ауылды аралап, ұлттық тағамдарға баға қояды. Олар өздеріне берілген тапсырманы орындап болғанша өнерпаздарымыздың өнерін тамашалайық: «Наурыз көктем», «Наурыз тойы» әндері орындалады.


1-жүргізуші:

Тойлабүгін, тауларым мен боздалам,

Тойлабүгін, қарттарым мен бозбалам.

ҚайтаоралғаннамысымдайНаурызым,

Жаңажылбопқошкеліпсің, Наурызым!


2-жүргізуші:

Жақындатыпөткенге, кеткенгеенді,

Көктемкелдібалбырап, көктемкелді.

Суықсорғанжанымашуаққұйған,

Осы едіғойкүткенімкөптенбері.



Тақпақтар:
Гүлсара:Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Би билейміз тамаша!

Алихан:Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз келді, салтымыз
"Көгерсін"деп халқымыз
Көшеге тал егеді.


Нұраби:
Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа ауызмыз толады
Бар жақсылық болады.

М.Әділ
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне!


Дария:Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.

Нұржан: Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты

Алан:Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы


1-жүргізуші. Ауылдарымыз өз өнерлілерін бәйгеге қосады! Бірге тамашалайық! (Төрт ауыл би, ән, күй өнерін көрсету керек)


2-жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!


Ойын : «Тенге алу»


1-жүргізуші: Енді ортаға әрбір ауылдың басшыларын шақырайық. Олар Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтарға жауап береді.

Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады? (Ақша қар)

Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні)

Жыл басының алғашқы желі? (Алтын күрек)

Жыл басының алғашқы төлі? (Дүбіраяқ)

Жыл басының алғашқы сүті?(Уыз)

Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек)

Жыл басының алғашқы асы (Наурызкөже)

Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу)

Жыл басының алғашқы сый тамағы (Ұйқыашар)

Жігіттердің қыздарға беретін сыйы (Селтеткізер)

Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы (Наурызек)

Наурыз айында өсетін жапырақты, қауашақтытүрлігүл (Наурызшешек)

Келесі кезеңде ауылдар белгілі бір салт-дәстүрді көрініс етіп қояды: «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Келінтүсіру», «Бата беру» т.б.


2-жүргізуші: Барлық кезеңнің тапсырмаларын сәйкесінше орындадық деп ойлаймыз, ендеше әділ-қазылардың бағасын білейік.


Би: «Қаражорға»


1-жүргізуші:

Шығакелдісыланыпсылаңкелер,

Қияңдағықиылдықыранғаерлер.

Қызғалдақтыкешіпжүрқырастында

Мыңбұралажүгіргенбұраңбелдер.


2-жүргізуші:

Ардаөсіп, адалемгенақуызың,

Қалдырғанғасырларғанәрліізін.

Көкбөрілібайрағынжелбіретіп,

КөктүріктертойлағанНаурызым!


1-жүргізуші: Наурызмерекесіқұттыболсын! Келесіжылыамандықтажүздескенше!

ошкелдіңнаурыз!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
449
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12