400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош келдің, әз Наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
22 Наурызға арналған І-кіші топтарға арналған ертеңгілік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош келдің Әз Наурыз!

Мақсаты:Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру.Балаларды елін,Отанын сүюге,ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Имандылық,ианбаттылық ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.


1-Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар.Дәстүрлі мерекемізге айналған,ұлыстың ұлы күні Наурыз айы құтты болсын.Күлімдеген шуақты көктеммен бірге жылдан үміт күтіп, оны ақ ниетпен ақ тілекпен қарсы алады.Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын.

Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен,

Жаңа ағытқан қозыдай жамырасып келіскен.

Шалдар бата беріскен сақтай гөр деп терістен,

Жас қайырлы болсын ағайын,-олай болса келген ата-аналар,қонақтар құшағымызды кең ашып, жыл бізге құт-берекесін әкелсін деп бір-бірімізбен көрісіп алайықшы.

2-жүргізуші: Бұл күні күн мен түн теңелетін,жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін ,жер үстіне шаттық орнаған күн. Ендеше осы Наурыз мерекесі туралы «Тамшылар» тобы балаларының тақпағына кезек берейік.

Сезім

Көктем келді,балақай,

Жасарды жер,алақай.

Саид

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Інжу

Наурыз-шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Тахмина

Наурыз тойы-елдің тойы,

Көктем тойы- төлдің тойы

Үміт

Жеті түрлі дән салып,

Дәм татқызған Наурыз.

Раяна М.

Ой,халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық.

Дамир

Наурыз тойын қуанып,

Жыл да қарсы алайық.




Рахман

Уа, жараңдар, жараңдар.

Бәрің мұнда қараңдар.

Раяна Н.

Тақпақ айтам жыл басы,

Құлағың сап тыңдашы.

Ерсін

Армысың, Наурыз,

Қуаныш боп кір, төрлет.

Бекайдар

Ұлы күні ұлыстың,

Дастарханда дәміміз.

Амира

Наурыз тойы-береке,

Наурыз тойы-жыр аңыз.

Заңғар

Гүлдеп бақша-бауымыз,

Құтты болсын-Наурыз.

Малика

Сәнді көктем нұрымен,

Наурыз тойы жырымен.

Көңіл гүлдей жайнасын,

Наурыз тойы тойлансын.

Абдуррахим

Наурыз тойы бітпейді,

Келер жыл тағы күт дейді.

Ясина

Келген жылым

Жақсылыққа басташы.

Қуанышпен әр үйдің,

Босағасын атташы.

Қайсар

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Каусар.

Наурыз айы-гүл айы,

Наурыз айы-нұр айы.

1-жүргізуші: Наурыз тойын жұп жазбай, Қошеметпен қарсы алып. Досқа құшақ ашайық, Өлең-жырға басайық. Қазақтың бір салты деп, Әнмен шашу шашайық,-дей келе балаларымыздың орындауындағы «Наурыз» әні.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар ендігі кезекті «Балақай» тобының бүлдіршіндерінің «Наурыз» мерекесіне арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар. 1-жүргізуші: Наурыз елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі. Шаңырағы биіктер күнге жақын, Ұланғайыр керілсін керегесі деп-«Тамшылар» және «Балақай» тобы балаларының орындауында қазақтың ұлттық биі -«Қара жорға». (Топқа әжей кіреді)

2-жүргізуші: Наурыз келсе,құт келгені халайық!

Есік ашып,шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық! (шашу шашылады)


Отбасының үлкен қуанышының бірі-сәби.Сәби аяғын алғаш рет басқанда тұсау кесу рәсімі өткізіледі.Тұсау кесу рәсімін бала тез жүріп кетсін деп өткізеді. Әже: Осы отаудың қуанышына кішкентай баламыздың тұсау кесер тойына келіпсіздер,қадамдарыңызға гүл бітсін. 1-жүргізуші: Мына кішкентай бөбек өмірге қадам басқалы отыр.Ауыл әжесі ендеше өзіңізден тұсау кесер батасын сұраймыз. Әже бата береді. Жас ұрпақ ғұмырлы болсын, Қуанышты көңілді болсын. Ақылды зерделі болсын, Абыройлы беделді болсын. Не тілесе тілегі қабыл болсын! Осы тілекке жететіндей, Әрбір қадамы сәтті болсын. Әумин! (бәрі Әумин деп беттерін сипайды) Әже: Баламның тұсау кесер тойына әдейі тілек етіп,мына жіптерді дайындадым. Ақ жіп қостым-адалдыққа апарсын деп,жасыл жіп қостым-ғұмырлы болсын деп,қызыл жіп қостым-молшылықта болсын деп. –Ал келін қызымды әкел,тұсауын кесейін. Қаз,қаз балам,қаз балам, Қадам бассаң мәз болам. Күрмеуіңді шешейін, Тұсауыңды кесейін,-деп тұсау кесіледі.

2-жүргізуші: Ендеше ата-аналар көңілімізді көтеріп,қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс» ойынын ойнайық. Ойынымыздың шарты: Екі топтың ата-аналары екіге бөлініп,арқанды өзімізге қарай тартамыз.Қай топ арқанды өз жағына тартып алса,сол топ жеңіске жетеді.

1-жүргізуші: Құтты болсын Әз Наурыз, Ал халайық тұрмайық. Әндетейік жырлайық, Ортамызды ашайық. Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық-дей келе ата-аналар сіздерден осынау ұлы мерекеге байланысты жақсы көңіл-күйімізді көтеру мақсатында бір ән сұраймыз.

2-жүргізуші:

Бақ дарысын бәріңе,

Ой қосылсын ойыңа.

Бой қосылсын бойыңа.

Аман-есен жетейік,

Келер наурыз тойына.

Осымен мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.

Сіздерді наурыз дастарханынан дәм татуға шақырамыз.





















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
421
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі