400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Қош келдің әз Наурыз 5-10сыныптарға ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшіге тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ мектеп-гимназиясы













Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Қош келдің - әз Наурыз»



















Өткізген: өзін-өзі тану пәнінің

мұғалімі Ескенова А.Т


Петропавл қ, 2018ж.


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қош келдің - әз Наурыз»

Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу.

Көрнекіліктер: слайд, магнитофон, шарлар, гүлдер, асықтар, арқан, сақина, т.б.

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

1-оқушы: Шығыс күнтізбелігі бойынша жыл басы болып саналатын Наурыз күн мен түн теңелетін наурыздың 22-сіне, жер бетінде тіршілік біліне бастайтын мезгілімен тұстас келетін мереке. 
2-оқушы: Наурыз көже- наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол барлық адамдарды жомарттылыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады. 
3 –оқушы: Наурыз тілек. Әр адам өзіне, от басына немесе жақын туыстары мен дос жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір бірінің үйіне кіріп дәм татады. 
4-оқушы: Наурыз бата. Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі- осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата беріледі. 
5-оқушы: Наурызнама- шат шадыман ойын –сауық той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. 
1-оқушы: Наурызшешек. Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қаушақты әсем өсімдік. Оны үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі.

2-оқушы: Селтеткізер. Жігіттер қыз-келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны селт еткізер деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иіссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
3-оқушы: Белкөтерер. Наурыз күні қарттарға үлкен құрмет көрсетілген. Оларға арнап жылы-жұмсақ тағамдардан «белкөтерер» деп аталатын дәм дайындалып, ұсынылады. Үлкендер батасын береді 

4-оқушы: Наурызтөл. Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. 
5-оқушы: Наурызкөк. Наурыз айында ұшып келетін көктем құсын наурызкөк деп атайды. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз, келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді. 

Күй: Орындайтын 6«в» сынып оқушысы


Мұғалім: Ата – салтың – қазынам

Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын таба ма екен балалар,

Сол себептен қоятын сұрақтар бар. (слайдпен көрсету)

1. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен?

(Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)

2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек?

(Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)

3. Наурыз тілек деген не?

(Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)

4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?

(Жауабы: 21 наурыз)

5. Наурыз бата дегеніміз не?

(Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге»).
6) Наурыз айында бірінші өсетін  өсімдік?
(бәйшешек)

7) Жыл басының алғашқы сүті қалай аталады? (уыз)

8) Ұлттық ойындарды ата?

(алтыбақан,ауыдарыспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек,тоғазқұмалақ)

9) Сыбаға дегеніміз не? 

(Құрметті қоңаққа немесе өздерінің жақындарына сақтаған ет мүшелері)

10) Қазақ ұзынсары деп қай жыл мезгілін айтқан? (Көктем).


Мұғалім: Наурызда ойналатын ұлттық ойындарды ойнауға шақырамыз


1-ойын: «Қол күшін күрестіру»

Шарты: Столдың шетіне қарама – қарсы екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылайша ұстасқан екі ойыншы мұғалімнің белгісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай қарсыласының тіреулі қолын жығуға ұмтылады. Білегі жығылған ойыншы жеңіліп ойыннан шығады. Бұл ойынды олимпиадалық немесе айналмалы деп аталатын жүйемен өткізуге болады.


2-ойын: «Сақина салмақ» ойыны

Шарты: Ойында оқушылар санына қарай бірнеше топқа бөлініп ойнайды. Әр топта 8-10 баладан болады. Ортаға бір оқушы шығарып аламын да оның қолына сақина беремін. Тізіліп отырған ойыншылардың біріне сақинаны білдірмей тастайды. Ойынды ортадағы бала оқушыларды айналып өткен соң «Сақинам, сақинам шық!» дейді. Әлгі сақина салынған оқушы ешкімге білдірмей тез арада ортаға ұмтылып шығу керек. Ешбір оқушыға білдірмей тез ортаға кедергісіз шықса, онда ол оқушы сақинаны салып жүргізуші болады. Қалған оқушылар оны ұстап қалуға тырысады. Егер шыға алмаса өлең, тақпақ, би билеп өнерін көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді.


3-ойын: «Бес табан» ойыны

Шарты: Ойыншылар тегіс жерді таңдайды. Ортасына түзу сызық сызады. Оған жағалай асық тізеді. Ойынды бастаушы асық тізілген жерден бес табанға тең аралықты белгілеп алып, шеңбер тартады. Ойыншылар шеңберге кірмей (баспай) ортадағы асықты атады. Сақа тиген асық міндетті түрде шеңберден шығуы керек. Кім көп асықты атып шеңберден шығарса сол ұтады.

4-ойын: «Арқан тартыс» ойыны

Шарты: Ойын кезегі басталатын жердің еденіне үш сызық сызып. Арқанның дәл ортасына белгі беру үшін қызыл мата байланады. Оқушыларды бір –екі санатып сан бойынша екі топқа бөліп. Екі топтың топ басшылары арқанның мата байланған жерінен бастап белгіленген орта сызықтың үстіне дәл келтіре ұстап әр топтың ойыншылары бір –біріне қарам-қарсы тұрып аяқтарын бірін –біріне тіреп арқанды мықтып ұстайды. Ойын жүргізушісінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі.Қай топ қарсылас топтың ойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол топ ұтқан болып есептеледі.


Ән: «Қазақ осы» (барлығы бірге шырқайды)


Мұғалім: Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
32 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
5238
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі