400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"қош келдің, Әз Наурыз" сйенарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобының тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жыл басы - Наурыз
(Балалар
саппен, музыкамен кіреді.)
1-Жүргізуші : Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа-жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жаңұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш сыйласын!
2-Жүргізуші :
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
1-Жүргізуші : Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр
Би: «Қазақ батырлар биі»

2- жүргізуші: Біздің халқымызда «ЕРУЛІК»-деген тамаша дәстүр бар. Бір ауылға басқа жақтан көшіп келіп қоныстанған жанұяны көршілері шақырып, үй-жайын көрсетіп, елге келдің жатырқамай аралас-құралас болайық деген ниетпенен дастархан жайып ас беретін болған. Бір айта кетердігі бұндай шақыруға бала-шағасымен сол жанұяны түгел шақыратын болған.Осы қарым-қатынасты «ЕРУЛІК БЕРУ»-деп атаған.

Көрініс: Ерулік беру.

(Көршілер келіп, үйлеріне қоныстанып жатады.)

Көршісі: Біздің ауылға көшіп келіп жатсыздар, қоныстарыңыз құтты болсын.

Ата-бабаларымыздан қалған салт- дәстүрі бойынша біздің үйге ерулікке келіңіздер.

(көршілерін үйлеріне алып келіп, ерулік береді)

1-жүр: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған өлең шумақтарға кезек береміз.


Томирис: Наурыз тойы-береке, 
Наурыз тойы-жыр аңыз. 
Қызып дулы мереке 
Қызық думан құрамыз. 

Нурикамал: Сені тойлап қарсы алып, 
Бар әлемге жар салып, 
Сәлем бердік, біз сізге! 

Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық

Нұртілеу: О, ағайын, ағайын
Думанға толы маңайың
Мереке болып келіп тұр
Наурыз айы –бал айың

Елнұр: Наурыз тойы –тамаша
Наурыз тойы – жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жараса

Дария: Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Би билейміз тамаша!


Ибраһим: Би биледік бәріміз! 
Егін өңін толқытқан, 
Елдің көңілін шалқытқан. 
Бас иеміз- Наурыз!


Нұрай: Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.


Саида: Уа ағайын - туысқан,
Наурыз күн туды шығыстан.
Сол тойға келдік шақырып,
Ат терлетіп алыстан.


Дана: Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Наурыз тойын бәріміз,
Биыл бірге қарсы алайық.

2-жүр: - Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (арқан тартыс, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, ақсүйек, тақия тастамақ, теңге алу, бәйге, алтыбақан, ханталапай.)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, қазір біз «Көкпар» ойынын ойнаймыз. Шарты түсіндіріледі.
1-жүр: Домбырасыз сән қайда
Домбырасыз ән қайда
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбайма

Ән: .... Еркежан орындауында


2- Жүр: Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетпен жігіттерімізді қабыл алыңыздар.

Би : Жігіттер биі


1-жүргізуші:Мәнге толы қазағымның ғумыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз деп тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.

Інжу әні: «Наурыз»


2-жүргізуші: наурыз мерекесіне арнаған хор әні: «Наурыз келді»


1-Жүргізуші:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Балалар: -
Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.

Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай, әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз!
Балалармен амандасады.
Әже: (қолында тостаған)
Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін!
Ұлыс бақты болсын, әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт –түлігі ақты болсын, қайда барса жол болсын!
- Балалар «наурыз көже» туралы білесіңдерме ?

Әже: Наурыз көжені дайындау үшін жеті түрлі тағам салады. -Қане, қандай тағам түрлері? (күріш, тары, бидай, құрт, су, тұз, сүр ет, )
- Ал, қонақтар, балалар жыл бойы тоқшылық болсын, қазанымыз оттан түспесін, дастарханымыз кең жайылсын деген, ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар!


2-Жүргізуші:- Көшіп келіп жатқан көрші атамыз бата берсін: (Әділхан)

Сұрасаң бата берей

Үстем болсын мерейің 
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Айналайын дарынды болыңдар!
Сөнбейтұғын жалын болыңдар!
Балабақшаның нұры болыңдар!

Әумин!

  1. Жүргізуші: Келген жыл сіздерге шаттық әкелсін!
    Отбастарыңызға бақыт әкелсін!
    Келген жыл көтеріңкі көңіл сыйласын
    Отанымызға шаттық өмір әкелсін
    Мерекелеріңіз құтты болсын!

  2. Жүргізуші:
    Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
    Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
    Той бастаған қадамын құтты болсын,
    Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
    Қош болыңыз, Наурызым ардақты
    Халқым саған бар үмітін жалғапты!
    Жылда осылай келе берсін жарасып!
    Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
    Наурыз береке – бірлік әкелсін!
    Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі