Тәрбие сағаты: «Наурыз – Ұлыстың ұлы
күні!»
Мақсаты: Наурыз мерекесінің ерекшелігін,
табиғат пен адамнын байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген
сүйіспеншілігін арттыру.Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді
құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.
І.
Ұйымдастыру
кезені
-
Балалар, міне Наурыз да
келді. 22 наурыз жыл
басы. Наурыз үлкен мейрам. — Ал, балалар! Бәріміз тұрып
бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз
мейрамымен құттықтайық! Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты
болсын!
Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ,
береке, молшылық әкелсің!
ІІ.
Мұғалім
сөзі:
Наурыз шығыс
күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен
түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун
деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді.
Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені
тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән
шырқап, би билеп, ойын
ұйымдастырады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен
биылдан бастап Наурыз мерекесінің мәртебесі биіктеп, он күн
қатарынан тойланатын болды. Керемет жаңалық
Балалар!
Сонымен, 14 наурыз - Көрісу
күні - Амал мерекесі.
15 наурыз - Қайырымдылық
күні.
16 наурыз - Мәдениет және
ұлттық салт-дәстүр күні.
17 наурыз - Шаңырақ
күні.
18 наурыз - Ұлттық киім
күні.
19 наурыз - Жаңару
күні.
20 наурыз - Ұлттық спорт
күні.
21 наурыз - Ынтымақ
күні.
22 наурыз - Жыл
басы.
23 наурыз - Тазару күні –
болып белгіленді.
ІІІ.
«Наурыз көже
пісірейік!» . оқушылар наурыз көжеге қандай тағамдар қосу керектігін
дұрыс нұсқасы бойынша сәйкестендіреді. /Презентация/

ІV. «Бауырсақ пен Қымыз» ойыны.
Дастарқан үстіндегі
бауырсақтар мен қымызды ішу үшін оқушылар артында жасырылған
сұрақтарға жауап береді.


Наурыз мейрамына байланысты бауырсақ артында
жасырылған сұрақтар:
1.Қазақ халқы наурызды қашан қарсы
алады?(Наурыздың 22-сі күні таңғы сағат
үште)
2.Халықтың түсінігі бойынша
наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім
аралайды?(Қызыр)
3.
Қос қолдап амандасып, тос
соғыстырудың қандай мәні бар ?
( « Өмір тірегім – төсім
, тіршілік көзім екі қолым аман –сау болсын !»
) дегенді
білдіреді.
4.
Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады ? оларды
атаңдар .7 .( соғымнан
қалған сүр ет , сүт . езілген құрт, бидай, пияз, сәбіз,
қойдың басы) .
5
Наурыз тілек – Наурыз күнгі амандасу,
бата тілек айту
6 Наурызшешек
– Наурыз айында гүлдейтін
көпжылдық өсімдік .
7.
Наурыз жыры – Жаңа жыл – Наурызға
арнап айтылатын тұрмыс –салт жырының бір түрі
.
8.
Наурыз бата – Наурызға арнап сойылған
малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәміне берілетін
арнаулы бата .
9.
Наурыз күні не себепті көрісуден
басталады ? (Жаңа
жыл жақсылықтан басталсын .Аман-есен бір-бірімізді ендігі жылға
дейін көрейік деген ырымға
байланысты.
10. Наурыз көжені тоя ішу –қандай ұғымға
байланысты
қалыптасқан? (
«Жыл бойына тоқшылық болсын» деген ырымға
қатысты.
11. Игі тілекпен әндетіп үй-үйді
аралау дәстүрі қалай
аталады? (Жарапазан.)
12. Тоқым қағар
– Бала
бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі
.
13. Бастаңғы – Шешесі бір жаққа жолаушылап кеткенде бой жеткен қыз
жасайды . Қыздың үйіне құрбы- құрдастары
жиналады.
14. Сүйінші – Жақсы хабар жеткізетін
кезде жасалатын рәсім. Немерелі болған әже сүйінші сұратып
жас балалар мен келіндерін жан-жаққа
жібереді.
Қымыз артында жасырылған
сұрақтар?
-
Үш арсызды
ата?
-
Үш жұрт дегеніміз
не?
-
Жеті атаны кім
біледі?
-
Қазақтың ұлттық киімдерін
ата?
-
Киіз үй жабдықтарын
ата?
V.Ұлттық ойындар
ұйымдастыру
«Арқан тарту»
ойыны. Ортаға екі оқушыдан шығады.
Екі жаққа тұрып кезекпен-кезек кубты лақтырады. Кубта жазылған сан
бойынша жасырылған сұраққа жауап береді, сұраққа жауап бере алмаса
бір қадам алға өз адамын жылжытып
отырады.
-
Тұсау кесу қандай
салт-дәстүр?
-
Наурызға байланысты бір мақал
айт?
-
Жұмбақ. Ана ауылдың
бурасы,
Мына ауылдың
бурасы
Желкілдейді
шудасы. (түтін)
-
Жұмбақ.
Жер астында жездемнін қамшысы
жатыр
(жылан)
-
Жұмбақ.
Қаз қанатын
жайды,
Үйрек мойнын
созды,
Төбесіне аққу
қонды.
(киіз үй,
кереге, уық, шаңырақ)
-
Жұмбақ.
Жабық астында жарты
күлше
(ай)
-
Мақалды
аяқта. Туған жердей жер
болмас, Туған елдей ел
болмас
-
Мақалды
аяқта. Адамнан үлкен ат
жоқ, Наннан үлкен ас
жоқ
-
Мақалды
аяқта. Алтыдағы бала атқа
мінсе, Алпыстағы ата алдынан
шығар.
-
Мақалды
аяқта. Төрт аяқтыда бота тату,
Адам баласында бажа
тату.
-
Наурыз туралы қандай өлеңдер
білесің?
-
Наурызға арналған Наурыз батаны
айтыңыз?
V.
Қорытындылау
Наурыз құтты болсын,
Дендеріміз сау мықты
болсын!
Наурыз тойы келе
берсін,
Барлық халық бақытты бола
берсін!
Еліміздің несібесі көп
болсын.
Халқымыз көбейіп тоқ
болсын!
Қош сау болыңыздар
балалар,
Көріскенше күн жарық
болсын!