Тақырыбы: Қош
келдің, Әз Наурыз!
Мақсаты:
Наурыз айының
шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына
жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан
кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып
түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру.
Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық
салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге
тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Телеубаева
Асем
Наурыз айы
жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан
сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен,
шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер
бетіне нұр көктем!
Осыншама
жақсылық,
Алып келдің
Наурызым!
Төрлет бізге
нұр болып,
Шуақ шашып нұр
жүзің!
Ұлыстың ұлы
күні құтты болсын!
Жер шарын
мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз -
қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн
теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл
басы»,
«Ұлыстың ұлы
күні» деп атайды.
Қазақ халқының
күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені
көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы
тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі.
Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға
шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп
атайық.
Балалар хормен:
«Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші:
Телеубаева
Асем Ұлыстың ұлы
күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз
келіп отыр
Би: «Қазақ
биі»
Т:- Балалар
біздер қандай мерекені тойлап
жатырмыз?
Б: - Наурыз
мерекесін тойлап жатырмыз.
- Балалар бізге
Наурызда келіп қалыпты.
Көктем:- Мен
Көктеммін өзіммен бірге аналар мерекесін және ұлыстың ұлы күні
наурыз мерекелерін ала келдім. Мерекелеріңіз мерекеге
ұлассын.
Тәрбиеші:
Телеубаева
Асем Келесі кезекті
осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға
береміз.
Алихан:
Құтты болсын
Наурыз
Жалқаулық қос
жауымыз
Дала толы
егіске,
Малға толсын
тауымыз
Аңсар:
Ұлыс оң болсын.
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң,
жол болсын
Төрт түлік ақты
болсын,
Ұлыс береке
берсін,
Бәле – жәле
жерге енсін
Тәрбиеші:
Телеубаева
Асем Ой балалар
жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып,
әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап
қайтайық.
Тәрбиеші
балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді. Онда көже
ішіп отырған аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан тұрып қарсы
алды. Әже балаларға наурыз көже
ұсынады.
Тәрбиеші:
Телеубаева
Асем Әже, Наурыз
көже өте дәмді екен. Оны қалай
дайындадыңыз?
Әже:
Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі
тамағы.
Оған 7түрлі
тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт,
тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық
белгісі.
Тәрбиеші: Әже,
біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр
екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына
берейік.
Жарқын:
Бата беріп
атамыз,
Бата беріп
әжеміз
Тәтті болып
жасаған
Көжеден дәм
татамыз
Еркенұр:
Құт бауырсақ
шашылып,
Наурыз тойы
ашылсын
Бір бірімен
мына жұрт
Көрімдігін
асырсын
Тәрбиеші:
Телеубаева
Асем Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін
дей отырып кезекті Дастархан әніне
береміз.
Ән:
«Дастархан»
Данара мен
Айшаның орындауында қабыл
алыңыздар!
Тәрбиеші:
Телеубаева
Асем Қасиет еткен
халқымыз,
Жаңғыртар
дәстүр салтымыз
Сән салтымен ел
көрікті
Салт дәстүрді
сыйлау үлкен міндет.
Әжелер,
Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас
деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ақ мол, дән таусылмасын,
жауын шашын көп болсын» деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс атаулыны
ырысқа (тары, бидай), аққа (сүт, айран), кәусар бұлақ суына
толтырады екен.
Әжелер ортаға
шығып шырақ жағып көрсетеді, алдын ала дайындаған ыдыстарға қажетті
тағамдар мен суға
толтырады.
Тәрбиеші:
Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге
бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман халықтарының
төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға
береміз.
Айнара:
Күттіріп келген
жыл басы
Бізбен бірге
жырлашы
Дастарханға
елімнің
Береке ырыс
сыйлашы
Тұрсынай:
Ой, халайық,
халайық
Әсем әнге
салайық
Наурыз тойын
көңілді
Бірге қарсы
алайық
Тұрсынбек:
Осыншама
жақсылық
Алып келген
Наурызым
Төрлет бізге нұр
беріп,
Шуақ шашып ақ
жүзің!
Арсен:
Бәйшешек гүл
ашады
Мұздар сайға
қашады
Суға толып өзен
көл
Кемерінен
асады.
Тәрбиеші: Телеубаева
Асем Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе
жатыр.
Қыдыр ата:
Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты
болсын!
Тәрбиеші:
Қош
келдіңіз
Ұлыс күні қазан
толса
Ол жылы ақ мол
болар
Ұлы кісіден
бата алсаң
Сонда олжалы
жол болар, деп өзіңізден бата
сұраймыз.
Қыдыр ата бата
береді.
Тәрбиеші:
Телеубаева
Асем
Айтқаныңыз
келсін, Қыдыр ата!
Ал келіңдер
қонақтар
Досқа құшақ
ашайық
Өлең жырға
басайық
Қазақтың бір
салты деп
Тойға шашу
шашайық!
Әжелер шашу
шашады.
Тәрбиеші:
Телеубаева
Асем Наурыз қазақ
халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық
аспаптарына тоқталып өткен жол
болар.
Соның ішінде
бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін
киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз
қазақ домбыра» деп бекер айтпаса
керек.
Ернұр:
Домбырасыз сән
қайда
Домбырасыз ән
қайда
Ән мен күй бар
өмірде
От та лаулап
жанбайма
Хормен: Наурыз
тойы салтымыз
Аман болсын
халқымыз
Ұлыс оң болсын,
ақ мол болсын
Наурыз құтты
болсын!
Тәрбиеші:
Телеубаева
Асем Ал, құрметті
халайық, бесікке салу рәсіміне кезек
берейік.
Тәрбиеші:
Телеубаева
Асем Балалар,
әжелер! Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол
салған ата бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті
«Нақыл сөздерге» берейік.
Темірлан: Төле
би айтқан екен
Біліп айтқан
сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан
сөзге шың жетпейді
Өзің білмесең
білгендерден үйрен
Үйренгеннен
ештеңең кетпейді
Әділет: Әйтеке
би айтқан екен:
Ашу бар жерге
ақыл тұрмайды
Ашу деген ағын
су
Алдын ашсаң
арқырар
Ақыл деген
дария
Мөлдір су боп
сарқырар
Ойын: «Арқан
шарту»
Тәрбиеші:
Телеубаева
Асем
Жаңғыртқан
дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін
шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған
қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр
алып, өркен жайсын
Қош болыңыз,
Наурызым ардақты
Халқым саған
бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай
келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы
күні құтты болсын!
Наурыз береке –
бірлік әкелсін!
Сау
болыңыздар!