400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қош келдің, Жаңа 2020 тышқан жылы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл кешіне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош келдің, Жаңа 2020 тышқан жылы»


(видео көрсетіледі)



Бастау  сөз: 

Гүлдана: Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар,

Басталады Жаңа жылдық кешіміз.

Әнде бар, би де бар, асығыңдар,

Шырша жанында қонақтарды қарсы алындар.

Ерік:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамық орап алды маңайды.

Армысыңдар халайық,

Бармысыңдар халайық.

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Бірге:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Гүлдана: Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!

Ерік: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2020 тышқан жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Ал енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.

Гүлдана: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Ерік:Байқаймысың, бұл кеште достарымыз көрінбейді ғой. Бүгінгі сыйқырға, қызыққа толы кешіміздің негізгі кейіпкерлері жоқ қой?!

Гүлдана: Дұрыс айтасың Ерік, менде біз бастағанша келіп болар деп ойлап едім. Әлі келмеген сияқты. Қалай ойлайсың олар қайда кетті екен?

Ерік:– Оқушыларымыз жауапкершілігі мол балалар емеспе, бізге бір ауыз ескертпестен қайда кетті екен?

Гүлдана: Енді қайтеміз жиналып, біздің кешімізді көруге келген қонақтарға не деп айтамыз?

Ерік:Менде бір тамаша ой бар........

Гүлдана: Тез айтшы енді..... Қазір қонақтарға оқушылар жоқ кешіміз болмайды деп айтсақ көңілдері қалып, келесіде кешімізге мүлдем келмей қояды ғой.

Ерік: Біздің мектебіміздің оқушылары неге сонша өнерлі деп ойлайсың? Себебі біздің мектептің ұстаздары өнерлі емеспе?!

Гүлдана: – Ия өнерлі ғой әрине, бірақ ұстаздарымыздың да көңіл-күйлері түсіп кеткен сияқты..... Енді қайтеміз....

Ерік:Ой сенде бір қорқа береді екенсін, айтып отырмын ғой өнерлі ұстазы бар мектеп ешқашан ұятқа қалмайды. Көп созбай сахнаға әсем әнмен әншілерімізді шақырмаймыз ба?

Гүлдана: Сахнада «Мереке» әнімен Еркін Гүлжан мен Арғынбек Гүлнұрды қарсы алыңыздар!


ӘН: «Мереке»

ОРЫНДАЙТЫНДАР: Еркін Гүлжан мен Арғынбек Гүлнұр



(Ән айтылып жатқан кезде Ернұр сахнадағы дорбаны айналып, алып кеткісі келіп жүреді)


Ерік:Тоқта, тоқта сен өзі не істеп жүрсің?

Гүлдана: Бұл кім өзі Ерік?

Ерік: Ернұр қой

Гүлдана:  Ернұр дейсің бе? Оған не болған? Неге мына сыйлыққа толы дорбаны айналшықтап жүр?

Ерік:Негізі біз сахнаны безендірген кезде мынадай дорба қоймаған едік қой... Қайдан келген?!

Гүлдана: Ерік Ернұрға не болған өз-өзіне ұқсамай тұрған сияқты ғой?

Ерік:Негізі мана маған үйден тамақ ішіп үлгермей қалдым қарным ашып түр деген сияқты еді...

Гүлдана: айтпақшы мана мен саған Жанар апайдың дүкенінен сникерс алып берген едім ғой...

Ерік:Мә сникерс же сен аш болсаң өзіне ұқсамайсың...

(Музыка қосылады Ернұр есің жияды)

Ернұр: Ой маған не болды? Сахнада не істеп тұрмыз? Оқушылар қайда кеткен?

Ерік:Оқушылардың қайда кеткенің өзіміз де білмей тұрмыз ғой

Ернұр:Есіме енді түсті мен оқушыларды сиқырлап, жасырып тастадым

Гүлдана: Жасырғаны нес сен олардың ұстазы емессің бе?!

Ернұр:Білмеймін ғой жаңа аш болып жүріп есімді жоғалтып алғанның кесірі ғой

Ерік:Өзің сиқырлап тастадың, өзің оқушыларды қайтар!

(Ернұр оқушыларды сиқырмен сахнаға қайтарады)

Ән: «Жаңа жыл»

Орындайтындар: Ернұр мен Ерік

1-– жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2020 тышқан жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.

2 – жүргізуші: Ал енді құрметті жиналған қауым Жаңа жылға арналған кешімізді одан әрі көңілді етіп жалғастыру үшін құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Садвакасов Олжас Ғабдімәжітұлына береміз.


1-– жүргізуші:

Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.

2 жүргізуші Кел,Жаңа Жыл!Төрле-төрле жеріме,

Құт-береке боп келгейсің еліме

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығына бөлегейсің бізді дей отырып сахнаға 5сынып оқушыларын «Вальс» биімен шақырамыз.


Би: «Вальс»


Орындайтындар: 5 сынып оқушылары

1-жүргізуші: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда,

Жаңа-жылың құтты болсын ағайын

2-жүргізуші: Ерен байлық, береке,

Ырыс, қуат бол Жаңа жыл!

Көп болсын той, мереке,

Тыныштық бол, Жаңа жыл!


Ән: «Қайда?»

Орындайтын: Ерімбетова Айлуна мен Теңіз Аружан


1-жүргізуші: Шырша тойы құтты болсын, ағайын,

Жыр тойында би билеп, ән салайық.

Күлкінің керуеніне біз де ілесіп,

Езу жимай бір жарасып қалайық.

2-жүргізуші: Жайрандап Жаңа жыл келді,

Бар аймақ жаздай түрленді.

Қуаныш май гүліндей төрге сыймай,

Көңілдер жас үмітпен гүлденеді- алдарыңызда «Санта Клаус» биімен 6 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар!


1-жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,

Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.

Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен

Жаңа жылда тағы да алға басамыз.

2-жүргізуші: Жаңа жыл – туған елдің даналығы,

Жаңа жыл – дала ырысы, дала гүлі.

Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі,

Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі дей келе сахнаға «Түнгі лирика» әнімен Ерік пен Ернұрды қарсы алыңыздар.


1-жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Мешін
жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.

2-жүргізуші: Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.- алдарыңызда өнер көрсететін мектебіміздің биші қыздарын қарсы алыңыздар


Қыздардың ФЛЕШМОБ биі


1-жүргізуші: Ұстазым арманымның белесі едің,

Мен бүгін өзіңменен ән шырқаймын.

Ән айтуды өзің маған үйретпесең,

Әнші адам болдым демес едім.

2-жүргізуші: Айым сен неге жаңа жыл кешіңде ұстаз туралы ән жолдарың айтып кеттің?

1-жүргізуші: Себебі келесі сахна төрінде өнер көрсететің Раушан апайымыз бен шәкірті Ардақ емеспе.

2-жүргізуші: Олай болса «Хайот айт» әнімен Раушан апай мен Нағашыбай Ардақты қарсы алыңыздар!


Ән: «Хайот айт»

Орындайтын: Нүрекина Раушан мен Нағашыбай Ардақ


1-жүргізуші: Достарым, түсініңдер сөздің парқын,

Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.

Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,

Бақытқа бөлендерші қазақ халқын.

2-жүргізуші: Жаңа жылым, жол болсын,

Басқан қадам оң болсын!

Төрлет, төрлет, құтты жыл,

Бізге құтты жыл болсын!- дей келе сахнада «Жаңа жыл» әнімен Теңіз Айзат пен Нағашыбай Нүргүлді қарсы алыңыздар!


Ән: «Жаңа жыл»

Орындайтын: Теңіз Айзат пен Нағашыбай Нүргүл


1-жүргізуші: Өтсін солай жаңа өмірдің күндері,

Шарпымасын жүректерді мұң лебі

Жарқылдасын Жаңа жылдың оттары

Таусылмасын Жаңа жылдың дүрмегі

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

2-жүргізуші: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!- сахнада мектебіміздің пародист жігіттерін «Махаббат» әнімен қарсы алыңыздар!


ПАРОДИЯ


1-жүргізуші: Тышқан жылы баршаңды

Кенелтсін зор бақытқа

Білмеңдер бір шаршауды

Бөленіңдер шаттыққа.

2-жүргізуші: Жаңа жыл жаңа жыл

Жаңа бақыт жаңа жыр

Құтты болсын жаңа жыл

Әкелсін жаңа жаңа бақыт нұр

Ән: «Сейв ми»

Орындайтын: Ерімбетова Айлуна


1-жүргізуші: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмегенде арманда,

Жаңа-жылың құтты болсын ағайын

2-жүргізуші: Ерен байлық, береке,

Ырыс, қуат бол Жаңа жыл!

Көп болсын той, мереке,

Тыныштық бол, Жаңа жыл!-дей келе келесі кезекте «Еркем-ай» әнімен Нағашыбай Ардақ пен Нағашыбай Нүргүлді қарсы алыңыздар!


Ән: «Еркем-ай»

Орындайтын: Ардақ пен Нүргүл


1-жүргізуші: Кел,Жаңа жыл,келші,көрші елімді

Дархандықпен ұсынамын төрімді

Дөңгеленген жұмыр жердің бетін

Менің елім тыныштыққа сенімді

2-жүргізуші: Құтты болсын Жаңа жыл!

Құтты болсын жаңа бақыт, достарым,

Тойлап көңіл ашайық

Кәне, әзілге бір басайық

Алдарыңызда мектебіміздің әзілқой өнерпаздары тамашадан үзінді ұсынбақ қабыл алыңыздар!

ТАМАША

1-жүргізуші: Жаңа жылым жаңа бақыт сыйласын,

Көгімізде бейбіт құсы самғасын.

Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы әнін,

Қуанышпен арайласын ақ таңың!

2-жүргізуші:Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық! Алдарыңызда өнер көрсететін «Ай жұлдыз» би тобы қарсы алыңыздар!


ФЛЕШМОБ

ХОР: «Жаңа жыл»

1 Жүргізуші: Келеді жылдар,келеді айлар ауысып,

Доңыз жылы мен тышқан жылы да ауысып.

Береке, бірлік, бейбітшілік төрінде,

Тұрайық әркез татулықпен қауышып

2 Жүргізуші: Бітуге қалды таяп-ай,

Не қыласың аяп-ай.

Кәне халқым қол соқшы,

Жаңа жылда аямай !

2 Жүргізуші: Доңыз жылы-той жылы

Тышқан жылы-вечер жылы,

Жаңа жыл-жаңа нұр жаудырып,

Тышқан жылы-сауық жылы болсын ағайын!
2 Жүргізуші: Құрметті достар! Қадірлі ұстаздар бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәрінде де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
1 Жүргізуші: Ата-аналар, қонақтар!Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Келе жатқан Жаңа- жылдарыңыз құтты болсын!
2 Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға жаңа нұр,жаңа шуақ, бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, көңілді болайық. Жылы жүздеріңізден нұр кетпесін
1 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын. Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар!

Жаңа жыл құтты болсын !




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі