400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің Жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:...................Т.І.Ж.О Қ.Баймуханбетов

Кеш тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»


Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерін ортаға салып, үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарыңда екенін түсіндіру.

Көрнекіліктер: Жаңа жылдық безендірулер

Гүлназ:

Барлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым

Мөлдір: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Гүлназ: Құрметті жамағат, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Ердибаева Айман Утемжаровнаға береміз.

Мөлдір: Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.Жаңа жылдық ертегілер еліне саяхаттауға дайынсыңдар ма, балалар?


(Осы уақытта қойларын айдап қойшы залға кіреді)

Қойшы: Әй қойларым шөк, шөк! Жүріңдер жылдамырақ! (Осы кезде мыстан кемпір келіп,қойшыға тап береді!)

Мыстан кемпір: Ей шал сен мында не істеп жүрсің? Байқаймын қойларың бар екен!

Қойшы: Мыстан кемпір мені аяй көр, маған тиіспе!

Мыстан кемпір: Ей шал жөніңе кет! Мен сенің қойларыңды алып қаламын! Маған сенің қойларың керек! (Қойларын шыршаның артына айдап әкетеді, қойшы жылап қалады )

Қойшы: Енді қайттым, сенгенім, баққаным осы қойларым еді.

Гүлназ: Ата сізге не болды? Неге мұңайып отырсыз?


Қойшы: Менің қойларым бар еді. Ана мыстан менің қойларымды тартып алды. Соған мұңайып отырмын.






Мөлдір: Мұңаймаңыз ата, біздің балалар сіздің қойларыңызды өзіңізге қайтарып береді. Солай ма, балалар? Атаға көмектесеміз бе?


Балалар: Ия


Гүлназ: Олай болса, мыстан кемпірді ортамызға шақырайық.Мыстан кемпір бері шық!


Мыстан кемпір: Қайсы мені мазалады? Не керек, сендерге? (Балаларға қарап айтады!)


Мөлдір: Мыстан апа , бізге атаның қойларын қайтаршы.Мұны мен ғана емес, балалар да өтініп тұр.


Мыстан кемпір: Қайтара алмаймын. Маған оның орнына не бересіңдер?


Гүлназ: Мыстан апа сіз бүгін жаңа жылдық мерекелік кеште тұрсыз,біздің қадірменді қонағымыз болыңыз. Біздің балалар сізге ән айтып, би билеп береді.Бізбен бірге болыңыз. Солай ма, балалар?


Мыстан кемпір: (мұңайып, жылағысы келіп) Сендер мені апа дедіңдер, мені ешкім олай айтпайды, мені қонақ ретінде де ешкім шақырмаған.Сендерге көп рахмет,балалар қардай аппақ көңілдеріңе. Мені кешіріңдер.Мен қойларды қайтарам.Енді олай істемеймін. Сендердің әндерің мен билеріңді көріп, сендермен бірге жаңа жыл кешін өткізуге келісемін. (қойшы қуанып,рахметін айтып, сахнадан қойларын айдап кетіп қалады)


Мөлдір: Олай болса, балалар мыстан апамызға бар өнерімізді салайық. Жарай ма? Сонымен қатар бізбен қоштасқалы тұрған ескі жылымызды ортаға шақырамыз.

Ит:_______________________________________

Мен ескі жыл есіркедім,

Егемендік елдікті

Мен сүйемін батырлықты

Татулық пен ерлікті.

Қарақтарым, қанаттарым

Амандықпен жүздесейік

Ал, жаңа жыл ізбасарым,

Қолыңа ал бір істі!

Қанат бітірқанатсызға

Көркейт елді барысты.





Гүлназ:

Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа нұр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Жасыл шырша жанында
Қол ұстасып тұрайық
Өлең айтып, би билеп
Мерекені тойлайық. Балалар барлығымыз шыршаны айналып мыстан апаға және ескі жылымызға ән арнайық , ортаға келіңдер! (хоровод)

Жаңа жыл, Шыршаға бардық


Мөлдір: Балалар енді біздің мерекемізде кім жоқ деп ойлайсыңдар? Олай болса барлығымыз ,аяз ата мен ақшақарды шақырайық. Қаттырақ айтайық. (Аяз ата мен ақшақар келеді)

Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Қалдарың қалай? Біз алыстан ақшақар екеуміз ат терлетіп шаршап келдік. Сендердің әндерің мен билеріңді көруге асығып келдік. Сонымен қатар біз жаңа жылымыз доңыз жылын да бірге ала келдік.


Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Доңыз жылы кеп қалды ортамызға, Жақсылықпен жалғансын жаңа уақыт! Қош келдің Жаңа Жыл! Қадамың құтты болсын!

Доңыз:____________________________________

Жақсылыққа бағыттаған

Доңызбын мен жаңа жыл!

Жаңа жылда барлығыңыз

Жаңа үміт таба біл.

Ит жылының мерекесін

Мерекеге жалғаймын

Елде, жерде, табиғатта,

Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым – ұят, жаным- халық,

Қызметім де соларға,

Сеніңдер маған барлығың

Қияға ұшып қонарда

Ал,ескі жыл аман бол,

Ізбасарың мен болам.

Аман болсын деп тіле,

Елім, жерім, кең далам.


Аяз ата: Қане қандай өнерлерің бар? Өнер көрсеткен балаға сыйлығым бар!



Гүлназ: Олай болса, аяз ата мен ақшақарға бар өнерімізді аямайық, балалар! Ендеше

1 «а» - сыныбының ұлдарының орындауында «джентельмен» биі қабыл алыңыздар!

(Аяз ата өз сыйлығын береді).


Олай болса, біздің балаларымыздың өнерін ары қарай тамашалай беріңіз !

1 «а» - сыныбының қыздарының орындауында «Шырша» биі қабыл алыңыздар!

(Аяз ата өз сыйлығын береді)



Мөлдір:

Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен еніп, келіп тұр!
Ойындағы бар мейірім, қуанышын
Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!
Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,
Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұр. Олай болса 1 «ә» - сыныбының қыздарының орындауында «Ақшақар» биі қабыл алыңыздар!

(Аяз ата сыйлығы)

1 «ә» сыныбының өнері мұнымен біткен жоқ аяз ата! Енді ұлдарының орындауында «Ақшақар» әнін қабыл алыңыздар.


Гүлназ: Келесі кезекте кішкентай бүлдіршіндеріміз даярлық тобынын ламбада биімен қарсы алыңыздар.


Мөлдір: Осы даярлық тобының орындауында «Жаңа жыл» әні.


Гүлназ: Келесі өнер көрсететін сынып 2 «а» сыныбының ұлдарының орындауында «Батырлар» биі қабыл алыңыздар!


Мөлдір: Келесі кезекте 2 «а» сыныбыны қыздарының орындауында «Бала тілегі» әні қабыл алыңыздар!


Гүлназ:

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық. Аяз атамызға өнер көрсететін келесі сынып 2 «ә» сыныбы қыздарының орындауында «Аққала» биі.


Мөлдір: Сонымен қатар бұл сыныптың өнері әлі бар, 2 «ә» сыныбының орындауында «Жаңа жыл» әні.


Гүлназ: Балалар жаңа жыл мерекемізге тағы қонақ келген сияқты.Ол кім екен. (Осы кезде сиқыршы кіріп келеді)


Сиқыршы: Сәламатсызба! Баллар Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Мөлдір: Балалар, шыршамызға қарайықшы.Қандай әдемі болып жанып тұр.Ендеше бізді сиқыршыға өз өнерімізді көрсетіп, рахметімізді айтайық. Олай болса 3- сынып оқушысы Ерболова Кәусарды корей биімен қарсы алыңыздар.


Гүлназ: Келесі кезекте 3- сынып оқушысы Бектасұлы Мағжанды тамаша әнімен қабыл алыңыздар!


Мөлдір:

Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге. Бәрекелді, олай болса 4- сынып қыздарының орындауында «қамажай» биі.



Гүлназ: Келесі кезекте 4- сыныптың орындауында ән «жаңа жыл» .


Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!

Мөлдір: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!

Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар! (Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)

Гүлназ: Олай болса балалар шыршаны айналып, аяз атаның келгеніне рахмет айтып бәріміз жаңа жыл туралы өлең айтайық.Қане келіңдер шыршаға!

Шырша жыры! (хоровод)





Мөлдір:

Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға! – деп осымен бүгінгі жаңа жылдық мерекелік кешімізді аяқтайық!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.02.2019
482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі