400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың ертеңгілекке деген қызығушылығын ояту
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош келдің, Жаңа жыл»

Мақсаты: Балаларды жаңа жылмен, оның ерекшеліктерімен таныстыру, мерекеге сәйкес көңіл-күй туғызу. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну, әсер алу қабілеттерін жетілдіру. Ән орындау, би билеу, тақпақ айту арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту. Жақсылыққа, достыққа, бір-біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Ойыншықтар ілінген шырша, музыка орталығы.

Жеті лақ ертегісі желісінен көрініс.

Ешкі: Лақтарым, шырақтарым,

Орманға мен барайын.

Сыйлық таңдап алайын,

Сақ болыңдар әркез тек,

Қасқыр келіп қалмасын,

Тойдың шырқын алмасын.

Лақтар: Апатай – ау, апатай,

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз, мә-мә! Біз ешкімге есік ашпаймыз.

Ешкіге Ақшақар кездеседі.

Ақшақар: - Ешкіжан сен қайда барасың?

Ешкі: Мен лақтарыма сыйлықтар алып келуге бара жатырмын.

Ақшақар: Жаңа жыл келіп жатыр, мерекені тойламайсыңдарма?

Лақтарыңды ала жүр мерекені бірге тойлайық.

Ешкі: Тектен – текке тұрмайын,

Жаңа жылға біз дайын.

Лақтармен бірге,

Шырша әнін жырлайын.

Мерекені өте жақсы көремін. Қызықтан бос қалғанды қаламаймын. Лақтарымда бір серігіп қалсын.(Ешкі Ақшақармен лақтарына келеді, үйіне жақындағанда лақтарына қасқыр келіп тұрғанын байқайы.

Қасқыр: Лақтарым, шырақтарым,

Есік аш қарақтарым.

Мамаң келді орманнан,

Сендерге сыйлық әкелді.

Ешкі: Ей, сұм қасқыр, тиме лақтарыма!

Ақшақар: Оданда бізбен бірге жаңа жылды тойлауға жүр.

Қасқыр: Ой алақай мен мерекені жақсы көремін.

Ақшақар: Жүріңдер бірге жолға шығайық.

Жиналып мерекеге жол тартады.

Ақшақар: Достарым бұл жерге не болған?

Ешкім көрінбейді. Қәне дауыстап балаларды шақырайық?

Ақшақар: А-у-у-у-у-у балалар,балалар.....

Қуана қол ұстасқан балалар мерекелік залға ән әуенімен кіреді.


Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме,ата-аналар, қонақтар! Балалар, қараңдаршы, айнала қандай әдемі. Мына ортада тұрған шыршаға қараңдаршы, әдемі безендірілген екен.

  • Балалар, сендерге ұнады ма?

Біздер бүгін жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бізбен бірге ертегідегі Ешкі жеті лақтарымен қонақ болмақшы. Ешкі мен Қасқырда достасып алыпты балалар. Ақшақар бізді мерекеге шақырғаныңыз үшін рахмет. Біздің балалардың мерекеге дайындаған би, ән және тақпақтары бар, бізбен бірге болып балалардың әндерін, тақпақтарын тыңдап қосыла билеңдер қонақтар.

Мерекелерің құтты болсын.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамық орап алды маңайды.

Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық.

Балалар біздің шырша көңілсіз көрінеді, Ақшақардан өтініш жасайық біздің шыршаның шамдарын жарқыратып көңілін көтерсін.

Ақшақар: Жарайды балалар мен сендерге көмектесемін, бірақ бір шартым бар. Шыршаға тақпақ айтып бермесеңдер шырша шамдарын жақпайды.

Шартымды орындайсыңдарма?

Тәрбиеші: Әрине орындаймыз.

Тақпақтар.

Абубәкір:

Жасыл шырша төгеді,

Дейді бәрі көр мені,

Неткен әсем тұр тұнып,

Ойыншықтар тұр тұнып.

Нұрпейс:

Жаңа жылда қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын, жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

Аяулым:

Снег кружится за окном,

Пренесли мы елку в дом.

Шарики повесели –

Сразу стало весело.

Өмірзақ:

Жаңа жылды қарсы алып,

Барлық бала ән салып.

Ақшақар жүр би – билеп,

Қол соғады барша жұрт.


Адина:

Мұздан моншақ тағынған,

Күміс қырау жамылған.

Ортада жүр Ақшақар,

Көптен күткен сағынған.

Ерасыл

Тауда тұрып,тауда өскен,

Шырша келді ортаға.

Қандай жақсы шыршамыз,

Би билейік баршамыз.

Нұртас:

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Тәрбиеші: Ақшақар біздің балалар тапсырмаңызды орындады, енді өтінішімізді орындауға дайынсыз ба?

Ақшақар: Әрине дайынмын. Қәне бірге шыршаға сиқырлы өлең шумақтарын айтамыз.

Қуант шырша таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!


Тәрбиеші: Балалар ендеше қуанышты шыршаға ән айтып берейікші.

Песня: Ёлочка

1.Ай да елочка хорошо хорошо,

Ай да елочка в гости к нам пришла.

При-в

Хлоп хлоп ручками подружней подружней,

Топ топ ножками потанцуем веселей.

2.Ай да ёлочка-высока высока,

Ай да ёлочка – достаёт до потолка.

При-в

Хлоп хлоп ручками подружней подружней,

Топ топ ножками потанцуем веселей.

3. Ай да ёлочка – не колись, не колись,

Ай да ёлочка – огонками засветись.

При-в

Хлоп хлоп ручками подружней подружней,

Топ топ ножками потанцуем веселей.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, біздің балалар әнмен қоса биді де жақсы билейді.

Шырша биі

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар өте тамаша биледіңдер.

Ақшақар: Жарайсыңдар балалар.

Мен Ақшақармын. Мен қардан жасалғанмын. Сендер менің қасымда тоңып тұрған жоқсыңдар ма?

Балалар: Жоқ.

Ақшақар: Сендер сонда аяздан қорықпайсыңдар ма?

Балалар: Жоқ.

Ақшақар: Ал егер қолдарың тоңып қалса не істейсіңдер?

Тәрбиеші-балалар: Біз шапалақтаймыз.

Ақшақар: Ал егер аяқтарың тоңса ше?

Тәрбиеші-балалар: Біз топылдатамыз.

Ақшақар: Ал егер мұрындарың тоңса ше?

Тәрбиеші-балалар: Біз уқалаймыз.

Ақшақар: Сендер бәрін біледі екенсіңдер. Жарайсыңдар балалар, сендер Аяз Атаны жақсы көресіңдерме?

Балалар: Иа.

Ақшақар: Балалар Аяз ата кешігіп жатыр, Аяз Атаны дауыстап шақырып көрейіші? Мүмкін дауысымызды есітіп тездетіп жетіп қалар.

Балалар: Аяз Ата, ау-у-у-у, Аяз Ата, ау-у-у-у, Аяз Ата, ау-у-у-у,

(Әуенмен Аяз ата кіреді)

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме ұлдарым,амансыңдарма қыздарым.Мен сендерге алыс сапардан келдім. Балалар сендерге сыйлық ала келдім.

Мен сендердің өнерлеріңе тәнті болу үшін келдім. Қандай өнер дайындап қойдыңдар? Менің немере қызымда сендермен бірге екен.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе Аяз Ата! Қош келдіңіз, төрлетіңіз балалардың өнерлеріне тәнті болыңыз.

Балалар Аяз ата тақпақтарыңды орындап беріңдер.

Жансерік:

Құлаұшыным басымда,

Қолда жылы қолғабым.

Аттанамын мен сыртқа,

Аяздан мен қорқпаймын.

Бекнұр:

Скоро, скоро новый год,

Скоро Дед Мороз придет.

Снег, снег кружится,

Белая вся улица.

Берекет:

А за елкой Дед Мороз,

Мне мешок конфет принес.

Будем петь и танцевать,

Будем Новый год встречать.

Айғаным:

Скоро Дед Мороз придет,

Всем подарки принесет.

Мы ему стишок расскажем,

Вокруг елочки запляшем.

Аружан:

Дедушка Мороз – красивый,

Очень добрый, очень милый,

Он приходит в каждый дом,

Зажигает елку в нем.

Дархан:

Дед Мороз! Дед Мороз!

Ты нам сладости принес?

Ты в секрете не держи,

Что в мешке там, покажи.

Амина:

Раз, два, три, четыре, пять,

Будеим все мы танцевать.

Ведь сегодня – Новый год,

Дедушка Мороз придет.

Бекзат:

Сақалының ұзын – ай,

Саудыраған мұзын – ай.

Жарқыраған оттары,

Жаңа жылдың қызығы – ай.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар.

Ендігі кезекті Аяз Ата биі.

Өте тамаша биледіңдер балалар.

Тәрбиеші: Өте тамаша биледіңдер балалар. Кезекті әнге береміз.

Ән: Шырша әні

1.Қане достар тұрмайық,

Қарсы алайық жыр басын.

Қызықтан бос қалмайық,

Шырша жыры самғасын.

Қ-сы:

Ал достарым келіңдер,

Келді аяз атамыз.

Би де билеп беріңдер,

Шырша жырын айтамыз.

2.Құтты болсын жаңа –жыл,

Шыршамыз тұр жараса.

Жанында аяз ата жүр,

Қуантады балаша.

Қ – сы.

3.Аппақ қардай береке,

Даламызда самғасын.

Жаңа жылда мереке,

Таба берсін жалғасын.

Қ-сы.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар өте тамаша

Ешкі: Балалар менімен бірге ойын ойнағым келіп тұр. Балалар ойнауға дайынбыз ба? Бізбен бірге Қасқыржан ойынға қосыл сенде ойнағанды жақсы көресіңғой.

Ойын: «Апаннан секір»

Мақсаты: Балалардың ойыға деген қызығушылығын дамыту. балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдыққа үйрету.

Шарты: Кезектесіп апанға секіру.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар өте тамаша, кезекті «Аяз ата» биіне береміз.

Тәрбиеші: Ескі жылымен қоштасамыз.

Ескі жыл: Ризамын мен сендерге қош бол балалар, келер жылды жақсы қарсы алыңдар.

Жаңа жыл ; Менде келдім асыға.

Ит жылы: - Балалар, менің жылым аяқталды. Мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым. Қызықты күндер көп болды деп ойлаймын. Ал енді менің келер жылға орнымды беруім керек.

Тәрбиеші: Кіріп келген жаңа жыл құтты берекелі де, мерекелі жыл болсын. Жаңа жылды қарсы алайық.

Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді,

Болмайды той думанның кеші мұңды.

Жаратқан түгел қылып берсін сенің,

Бақыт пен ырысыңды, несібіңді.

Жаңа жыл: Сәлеметсіздер ме! Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым.

Доңыз:

Мен дағы бір қонақпын,

Он екі жылда оралар.

Үлкендерге ақ ниет,

Сіздерге ақ ниет,

Сіздерге мың рахмет.

Тәриеші: Қош келдіңіз Жаңа жыл төрлетіңіз мерекеге қош келдіңіз.

Кезекті балалардың Жаңа жылға арналған тақрақтарымызды орындап берейік.

Ақбөбек:

Жаңа жылдың таңы некен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Әр қанаттан кең алқапты тарайды.

Зере:

Новый год, новый год,

Ждали мы тебя весь год.

Ярко оганьки сверкают,

Нашу елку украшают,

Нұрпейс:

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын, жарқын ән салып

Жалғасады жырға жыр.

Ақжарқын:

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет – төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Перизат:

Ақ көрпесін жамылып,

Ұйықтап жатқан дала бұл.

Балаларды сағынып,

Келді міне, жаңа жыл.

Айару:

Не ойласаң жаңа жылда,

Орындалады бар арман.

Жаңа жылда сондықтан,

Күтеді барлық балапан.

Жомарт:

Аппақ ақ қар түсті де,

Қыс ызғарын сыйлады.

Менде кидім үстіме,

Жылы тон мен пиманы.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар кезекті «Лақтар» биіне береміз.

Тәрбиеші:Енді жаңа жылға арналған әнімізді айтып берейік.

Жаңа жыл

1.Көк шыршамыз ырғалып,

Жатыр дала қыр нағып,

Жылым келді аппақ жүзі, нұрланып.

Жарасатын еліме,

Төрлет жылым төріне!

Бейбіт жатқан қазағымның жеріне!

Қ-сы

Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Ақ көрпесін жамылғандай дала қыр!

Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр!

2.Шыршамызға шам жағып,

Қараймызғой шам жағып.

Би – билейік, ал қәнекей ән салып!

Аяз ата әніміз,

Ақшақарың сәніміз.

Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз!

Қ-сы

3.Күлімдесін күніміз

Жалындасын жүзіміз.

Қуанышпен келсін жаңа жылымыз!

Жаңа жылым шаттығым,

Арайланып атты күн,

Тілейікші елімізге сәтті күн!

Ешкі: Жарайсыңдар балалар, мен сендермен болғаныма ризамын, көңілді демалдық, рахмет Ақшақар мені мерекеге өз лақтарыммен қонақ қылғаның үшін. Енді өз үйіме кетейін. Қош болыңдар.

Аяз ата мен Ақшақарда балалармен хоштасады.

Қасқыр: Жарайсыңдар балалар менде көңілдімін менде кететін уақытым болды. Қош болыңдар.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар бүгін мерекеге өте жақсы қатыстыңдар қонаққа келген қонтарымыз Ешкі лақтар, Қасқыр, Аяз ата, Ескі жылда риза болды. Енді жаңа жылда көп жақсы жетістіктерге жетеміз. Жаңа жылмен бірге боламыз балалар.

Салем саған, жас үміт, жаңа жылым,

Жаңа жырым көп менің жаңа сырым.

Өрнектей кел келбетім өңірімнің,

Өмірімнің қосайын жаңа қырын.

Егеменді еліміз тыныш болсын,

Тын іс болсын, қоймаға ырыс толсын.

Сақта жылым әрқашан ел саулығын,

Денсаулығы халқымның құрыш болсын.

Жаңа нарқын нұрыммен ерекелді,

Бәрекелді, әкелші берекеңді,

Азаматтың молайтыт ырыс-құтын,

Тыныштықтың жылы бол мерекелі!!! Осымен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

















«Манашы» бөбекжайы» МКҚК















«Қош келдің, Жаңа жыл»









Өткізген: Г.Туракбаева

















Бейнеу ауданы.

Желтоқсан. 2018ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
427
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі