400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош келдің Жаңа жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сайқымазақ: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар мен қонақтар!

Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Сайқымазақ: Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!

(Музыка әуенімен балалар залға кіреді)

Жүргізуші: Келді тағы Жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын мереке,

Құттықтаймыз сіздерді.

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы айналамызға ғажайып қыс мезгілі келіп, даламыз аппақ қарға оранды. Ұлпақарларжалт жұлт етіп көзді шағылыстырады. Ал шыршамыз тіптен әдемі болып тұр.

Сайқымазақ: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық! Олай болса барлықтарымыз бірге:

Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Міне керемет, олай болса балалар қол ұстасып бәріміз шаттанып «Шырша жыры» әнін шырқайық.

Ән: «Шырша жыры»

Жүгізуші: Сайқымазақ енді біздің балалардың шырша туралы тақпақтарына кезек берейік.

Ержігіт: Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Ж.Анель: Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Ә.Анель: Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантып баршаны.

Той маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Аружан: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрле, төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жол болсын.

Құралай: Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Жадырап бар бола жүр.

Жәнібек: Жапалақтап ақша қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?

(Балалардың жауабы)

Сайқымазақ: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 – рет

Осы кезде даладан көзі байланған Аққала келеді.

Аққала: Даурен мен сені ұстап алдым.(Аққала көзін ашады да аңтаң болып жан жағына қарайды)

Сайқымазақ: Сәлеметсің бе Аққала! Қайдан адасып жүрсін?

Аққала: Сәлеметсіңдер ме балақайлар, қонақтар! Мен қайда тап болдым? Мен адасып кеттім ғой. Қой ойнап жүрген балаларды іздейін.(деп кетіп бара жатады)

Жүргізуші: Аққала тоқта, кетпе бізбен бірге Жаңа жыл мерекесіне қатыс.

Аққала: Жарайды. Жаңа жыл мерекесін тойлап отырсыңдар ма? Жаңа жыл құтты болсын!

Сайқымазақ: Аққала қалғаның қандай жақсы болды. Біздің балалардың ойын ойнағысы келеді. Бізбен ойнайсыңба?

Аққала: Олай болса сендермен ойынымды жалғастырсам қалай болады?

Ойын: «Қарларды лақтыру және жылдам жинау»

Шарты: Мына қарларды жерге шашамын, бір бірімізге қар лақтырып, жылдам жинаймыз.

Жүргізуші: Аққала саған рахмет қызықты ойын болды. Ал енді балалар қанекей Аққалаға арнап ән айтып берейікші.

Ән. «Аққала»

Сайқымазақ: Ой, Ой..... балалар шыршамызға Аязата мен Ақшақар жетпей тұр.

Жүргізуші: Олай болса құрметпен Аязата мен Ақшақарды шақырайық.

БАЛАЛАР: Аязата, Ақшақар>3 – рет

Әдемі әуенмен Аязата мен Ақшақар келеді.

Аязата: Сәлеметсіңдер ме, балаларым, қарақтарым! Сәлеметсіңдер ме қонақтар! Көптен күткен Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Баршаңызға бақ, береке, ырыс, өқт тілейміз.

Ақшақар: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамаыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,

Бақыт, шаттық, тыныштық,

Бәрімізге әкелсін мына арайлы жыл.

Жүргізуші: Рахмет Аязата Ақшақар.

Ақшақар: Иә, менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеп, тақылдатып тақпақ айтып беріңдер. Аязатаның дорбасында барлығыңа жететін сыйлықтар бар.

Жүргізуші: Балалар тақпақтарымызды айтайықшы.

Айым: Аязата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзыны ай

Кесіп алсам шіркін ай!!!

Динара: Жылдың әнін бастайтын,

Аязата кеп қалды.

Майысады жасқайын,

Көтере алмай көп қарды.

Әзіретсұлтан: Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы апкелер жаңа кеп.

Мерекені бастаған.

Мұхамедали: Ақ қырауға малынған,

Сақалы да мұрты да.

Аязата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

Ақерке: Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Асылай: Новый год пора чудес,

Сладостей в пакете.

Новый год любимый праздник,

Лучше нет на свете.

Аңсар: Белый снег, белый снег,

Звездочки сияют.

Дед мороз, Дед Мороз.

В гости приглашает!

Сайқымазақ: Жарайсыңдар, балалар енді Аязата мен Ақшақарды ортамызға алып «Жаңа жыл» әнін орындап берейік.

Ән.: «Жаңа жыл»

Аязата: Ал, Аққала, Сайқымазақ сендер балалардың көңілін көтеретін ойын ойнатыңдаршы.

Ойын:

Аққала: Рахмет, сондай керемет кеш болды.Ал, енді мен қайтайын, сендермен көңіл көтеріп ойын ойнадым, әнде айттым.Рахмет. Мені далада ойнап жүрген балалар күтіп қалған шығар. Сау болыңдар балақайлар. Аққала шығып кетеді.

Ақшақар: Ата енді балаларға сыйлықтарын тарататын уақытта болып қалды ғой.

Аязата: Ия, ия қанекей, қайда менің қапшығым.

Аязата мен Ақшақар асып сасып қапшықты іздейді, таппайды.

Осы кезде Қоян мен көжектер қапшықты сүйреп ортаға әкеледі.

Қоян: Уф, әрең дегенде жеттік ау! Сәлеметсіңдерме, балалар, Аязата, Ақшақар!

Аязата: Ой Қоян сен бұл қапшықты қайдан алып келе жатырсыңдар?

Қоян: Мен бұл қапшықты орманда келе жатқанда көріп қалдым, қарасам іші толған сыйлықтар екен. Ой, бұл Аязатаның балаларға алып бара жатқан сыйлықтары болды ғой дедім де, достарымды көмекке шақырып, міне осы жаққа алып келдік.

Ақшақар: Қоян саған көп рахмет, бұл сыйлық болмағанда мына балалардың алдында ұят болатын еді.

Аязата: Қоянды құшақтайды. Саған үлкен рахмет.Бағана мен осы жерге келе жатқанда шанамнан түсіп қалған ғой.Қандай жақсы болды алып келгенің.

Қоян: Ал енді менің кішкентай достарым сендерге би билеп берейік.

Би. «Қояндар»

Жүргізуші: Жаңа жылды тойлауға

Дайындалды қанша қыз.

Шыршалар болып ортада

Би билейміз шаттанып.

(Акшақармен билейді)

Би. «Ұлпақарлар»

Аязата: Ал, кәне, балалар,

Сендерге сыйлығым бар.

Аталарыңның сыйлығын,

Қуанып қабыл алыңдар.

Аязата, Ақшақар, Қоян балаларға сыйлықтарды үлестіреді.

Жүргізуші: Біз өнерлі баламыз,

Ертең ақ өсіп толамыз,

Атамыздың сыйлығын

Рахмет айтып аламыз!

Ән: «Полька»

Аязата: Ал балаларым тағыда Жаңа жылдарың құтты болсын. Енді біздердің қайтатын уақытымызда болып қалды. Ал, келер Жаңа жылға дейін көріскенше сау болыңдар!

Балалар: Қош сау болыңыздар!

Жүрг: Би биледік, жыр жырладық.

Қызығына тоймадық.

Достарменен ойнадық,

Жаңа жылды думандатып тойладық! Ал құрметті қонақтар осымен мерекелік кешіміз аяқталды Рахмет. Сау болыңыздар!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
324
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі