400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің Жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ, Келген жылға қарамаңдар тосырқап. Жаңа жылың құтты болсын аталар, Сергек ұрпақ өздеріңнен нәр алар. Жаңа жылың құтты болсын аналар, Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар. Қара нарлар көтеріңдер жыл жүгін, Соңдарыңнан ере берсін боталар. Армысыздар аяулы ұстаздар, ата – аналар! Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгінгі Жаңа Жыл мерекесіне келдіңіздер!!!
Материалдың қысқаша нұсқасы





Қош келдің Жаңа жыл! (орта топтарға арналған)


Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.
Жүргізуші:

Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын аталар,
Сергек ұрпақ өздеріңнен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
Қара нарлар көтеріңдер жыл жүгін,
Соңдарыңнан ере берсін боталар.
Армысыздар аяулы ұстаздар, ата – аналар! Сәлеметсіздер ме балалар!
Бүгінгі Жаңа Жыл мерекесіне келдіңіздер!!!
Балалар,ортаға шығып «Жаңа Жыл» әннің орындап берейікші
Ән: «Жаңа Жыл»
Ортаға бес бала жүгіріп шығады.
Жангир: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Асхат: Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.
Аққерке: Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Жаңа жыл да жаңа жыр.
Жасыл шырша жаныңда,
Жарқырап бар бала жүр.
Ахмет: Қызық думан күн келді,
Жасыл шырша түрленді.
Аяз ата сүйіп терледі,
Үйге кірді төрледі.
Жүргізуші: Жамыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сол шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бәрі бірге: Қала нұр, дала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Би: «Көңілді би»
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы ортамызға ескі жыл - қоян жыл келіпті
Қоян жыл: Сәлеметсіздер ме балалар!
Балаларым, қарағым,
Күнім, нұрым, жанарым!
Орындалып ойларың,
Құтты болсын тойларын!
Балалар, міне сеңдермен қоштасатын кез келді. Жақсылап Жаңа Айдахар жылын қарсы алыңдар. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші: Балалар, Жаңа жылды қарсы аламыз ба?
Жүздеріне қуаныш нұрын төккен,
Балбұл жаңған беттерін аяз өпкен.
Айналайын, халайық, қарсы алыңдар,
Жаңа жылды асыға көптен күткен!
Айдахар жылы кіреді
Айдахар жылы: Армысыздар халайық
Бармысыздар, халайық.
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Айдахар жылымын. Мені шын ықыласпен қарсы алғандарына рахмет! Жаңа жылдарын құтты болсын!
Бүгін мен сендерге мына тұрған үйіміздің сиқырлы кілтін тапсыруға келдім.
Жүргізуші: Ал ол үйдің ішінде не бар екен?
Айдахар жылы: Оның ішінде көптеген балаларға арналған сыйлықтар бар.
Жүргізушіге кілт тапсырады.
Жүргізуші: Олай болса балалар шыршамызға іліп қояйық. Жаңа жыл кешінен кейін үйді ашамыз.
Кілтті іліп қояды
Айдахар жылы: Мен бүгін сендердің мерекелеріңді көріп тамашалайын,қандай өнерлерін бар екен?
Жүргізуші: Отырыңыз, сізге біздің балалар көптеген өнерлерін көрсетеді. Тамашалаңыз.
Балалар шеңбер жасап тұрады
Ән: «Жасыл шырша»
Жүргізуші: Өте жақсы балалар. Сендердің «Ертегілер еліне» барғыларың келе ме?
Балалар: Ия.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы «Ертегілер елінің» іші тыныш, неткен керемет әдемілік!
Осы кезде қызыл телпек кіреді
Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Сәлеметсіз бе! Сіз ертегідегі Қызыл телпексіз.
Қызыл телпек: Балалар, біздің «Ертегілер еліне» қош келдіңіздер»! Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешіп көріңдер.
Сыбдыр шықса қашады,
Қырдан бір – ақ асады. Бұл не?
Балалар: Қоян
Осы кезде қоян секіріп кіреді
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қай ертегідегі қоянмын? Қалай ойлайсындар?
Балалар: Бауырсақ ертегісіндегі қоянсың.
Қоян: Жарайсыңдар балалар,ал сендер қоян туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар бірге: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы – қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар.Тағы бір жұмбақ жасырайын.
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Бұл кім?
Балалар: Аю
Қорбаңдап аю келеді.
Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен қай ертегіден келдім?
Балалар: Сіз «Маша мен аю» ертегісіндегі аюсыз
Аю: Өте жақсы. Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер. Ал аю туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар: Алып батыр балпаңмын
Ақ ниетім дарханмын.
Басқа аңға тимеймін,
Балпаң, балпаң билеймін
Қызыл телпек: Қандай тамаша.Тағы жұмбақ шешесіңдер ме? Қай ер ертегі екенің таба білесіңдер ме?
Мен атадан қаштым,
Мен әжеден қаштым,
Қояннан да қаштым
Балалар бұл қай ертегіден?
Балалар: «Бауырсақ» ертегісі
Сәлеметсіңдер ме балалар. Ал «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақты кім жеп қояды?Өзі айлакер, қу.
Балалар: Түлкі
Осы кезде майысып түлкі келеді.
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен түлкімін. Жаңа жыл мерекесіне келдім. Маған арналған тақпақты айтып беріңдерші.
Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ло енді
Шырқатайық ән – жырды,
Шырқатайық өлеңді.
Бір бала ән айтады,ал аңдар билейді
Ән: «Ертегілер»

Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар.Бәрі ертегілерді біледі екенсіңдер.Ал маған сендермен жаңа жылды қарсы алуға болады ма?
Балалар: Ия.
Жүргізуші: Отыңыз Қызыл телпек. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын
Ақсақалды шал жылына
Бір – ақ рет келеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді.
Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
Оның орнына сыпырғышпен Мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан кемпір: Ой, қандай керемет шырша! Қандай әдемі, үйге алып кетейін бе?
Шыршаны жұлмалай бастайды.
Жүргізуші: жетай, тиіспеңіз, бұл біздің шыршамыз. Бүгін Жаңа жыл мерекесі.
Мыстан кемпір:Ойланып. Жарайды шыршаға тиіспеймін. Бірақ сендер менің бір жұмбағымды шешіңдер. Балалар шеше ала ма екен?
Қалтасынан кәмпиттерін алып шығады, оның ішінде жұмбақ жасырулы.
Бірінші жұмбақта таппайды;
Екінші жұмбақта кәмпит табылады;
Үшінші жұмбақты балалар шешеді
Мыстан кемпір ашуланып, шыршаның үстіндегі сиқырлы кілтті көріп қояды. Әрі – бері жұлмалап шыршадан кілтті алып, үйді ашпақшы болады.
Кәне ашып көрейін, ішінде алтын бар шығар.
Әне – міне ашам дегенше далада боран соғып, мыстанды боран алып кетеді. Балалар кемпірді қуады. Кілт қалып қояды.

Би: «Санта Клаус» биі.
Жүргізуші: Балалар, тағы да көрейік аяз атаны шақыруға.
Балалар аяз атаны шақырады. Аяз ата кіреді.
Аяз ата: Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,
Құттықтаймын бәріңді
Жасым келіп қартайған
Мен ақ шашты атамын.
Өздерін сияқты балалардың шат күлкілі думан тойын аралап келемін. Міне сендердің орталарыңа да жеттім.
Ау бүлдіршін қыздарым
Жас жеткіншек ұлдарым.
Қандай жақсы жүздерін,
Қуанышты силайын.
Ортаға балалар шығып тақпақтарын айтады
Амина: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жалын қойдық жарық қып,
Шыршамызға шам іліп.
Данил: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Жүргізуші: Шеңберге тұрып Аяз атаға әнімізді шырқайық
Ән: «Аяз ата»
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар. Өлең – жырларына көп рахмет.
Жүргізуші: Аяз ата мен сізге сиқырлы кілтті ұсынайын.
Жүргізуші кілтті ұсынады. Аяз ата үйді ашады. Қаптың ішінен сыйлық беретін кезде мыстан кемпір шығады.
Мыстан кемпір: Ку- кук. Мен мұндамын. Күтпедіңіздер ме?
Аяз ата: Мыстан кемпір не істеп жүр қапшықтың ішінде?
Сиқырлы таяқшасымен айналдырады
Аяз ата: Бір, екі, үш!!!
Сиқырлы таяқша
Бер қапшыққа күш!!!
Осы кезде Мыстан кемпір Ақшақарға айналады.
Жүргізуші: Қандай керемет! Сәлеметсіз бе Ақшақар
Ақшақар: Келді міне Жаңа жыл
Қуанышпен біздерге
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді!
Аяз ата: Қызым кәне шыршаны жағайық. Балалар сендердің көмектерін керек. Бәріміз бірге «Шырша шамы жарқыра» деп айтайық.
Шырша жанады
Аяз ата: Жаңа жылға арналған
Кімнің қандай әні бар?
Айналайық шыршаны,
Кімнің қандай сәні бар?
Ән: «Қыс келді»
Тақпақтар
Томирис: Сылдырлайды моншағы
Шыршамыздың мол шамы
Бізбен бірге жайдары
Жарқырады, жайнады.
Айгерім: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той, маскарад басталады
Аяз оны басқарды.
Заурат: Жаңа жылды қарсы алдым
Мініп алдым күймеге.
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де.
Аяз ата: О...Қандай керемет. Рахмет сендерге.
Осы кезде Чупа – Чупс сахнаға кіреді.
Чупа – Чупс: Мені күтпедіңдер ме? Мен жаңа жылы тойлауға келдім.Менімен бірге көңіл көтерейік. Ойын ойнайық.
Ойын: «Ұлпа қарларды іздеп табу»
Чупа – Чупс: Өте жақсы балалар. Ширақ екенсіңдер. Ал енді мен ата – аналармен бір ойын ойнайын.
Ойынның шарты: Сіздер Жаңа жылға арнап тілек айтуларыңыз керек. Мысалы: «Жаңа жыл құтты болсын». Чупа – Чупсты аузына салып айтуы шарт.
Чупа – Чупс: Ал, балалар осы мерекеге арналған қандай өнерлерін бар?
Би: «Ақша қарлар»
Сағат соғысы.
Аяз ата, Ақша қар, Қызыл телпек, аңдар және Чупа – Чупс сыйлықтарды шанамен алып келеді.балаларға таратты.
Аяз ата: Бізге де қайтатын уақыт келді. Жаңа жыларын құтты болсын!!!Жаңа жыл отбасыларыңызға бақыт, шаттық, қуаныш әкелсін. Қош – сау болыңыздар!!!



Кел, Жаңа жыл біздерге! (ертеңгілік , естиярлар тобы) Кащиева А.Б.-тәрбиеші

Зал іші көз тартарлықтай безендірілген. Ортада әсем де, сұлу шырша. Түрлі-түсті ойыншықтармен безендірілген. Көңілді музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Тәрбиеші:

Жапалақтап ақша қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Қуаныштың бүгінгі, 
Басылмайды ыстығы.
Қосылып біз бәріміз,
Қарсы алайық жыл басын.
Құрметті балалар, ата-аналар! Біз сіздермен бір жыл бойы қызығы мен қуанышы мол, есте қаларлықтай мерекелерге толы ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алғалы отырмыз. Келіңдер, балалар, мерекені бастайық. 
Сатыбалды: Жаңадан тақпақ
Аламыз жаттап. 
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ
Кәусар: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Кел балалар келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Тәрбиеші: Балалар, біз жаңа жыл мерекесін қыс мезгілінде тойлаймыз. Солай ғой, балалар.
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Ендеше балалар орындарымыздан тұрып, қыс әнін орындайық.

Ән орындалады: «Қыс»

( Қоян жүгіріп келеді)
Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен қасқырдан қатты қорқамын. Ол мені орманда ұстап алмақшы болып еді, мен әрең құтылдым. Сендер оны көрген жоқсыңдар ма?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: Жоқ, қоян, біз қасқырды көрген жоқпыз. Сіз қасқырдан қорықпаңыз. Біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз. Сіз бізбен бірге болыңыз. Қасқырдың сізді ренжітпеуіне уәде береміз.
Қоян: Жарайды. Онда мен сіздермен қалып, ойын ойнайын, ән айтып би билейін. Балалар, менімен «Қояндар» биін билегілеріңіз келе ме?
Балалар: Ия
Би «Қояндар»
Тәрбиеші: Қоян, біздің балалардың жаңа жылдық мерекесіне арналған тақпақтарын тыңдағыңыз келеді ме? Келіңіз, мына жерге жайғасыңыз.
Мейіржан: Кел билейік, үйренейік
Ол келгенше жаңа жыр
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл.
Бейбінұр: Қала нұр, дала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл
Жасыл шырша көрікті,
Билеп барлық бала жүр.
Рахман: Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Айда
: A Happy New Har for me,
A Happy New Har for you.
A Happy New Har for everyone,
That is what I wish – I do.
(
Жарық сөндірулі, қасқыр кіріп келеді)
Қасқыр: Қаңғырамын үйім жоқ, 
Ормандардың иті жоқ.
Ұрлық менің кәсібім,
Тамақтанар кәсібім.
Ох, тамақ жегім келіп тұр. Қарным аш. Бәрі жаңа жыл кешіне кетіп қалыпты. Ақшақар болып киініп алайыншы. Жаңа жылдық ертеңгілікке барып балаларды құттықтайын. Мүмкін менің қояным сонда жүрген шығар.
Тәрбиеші: Балалар, қасқыр жаңа жылдық ертеңгіліктерге барып, қоянды іздемекші. Қоянды қасқырдан жасырайық. Ол үшін Аяз ата киімін кигізсек қалай болады, балалар!
Балалар: Солай жасайық!
Тәрбиеші: Ендеше, қоян, сен бар шыршаның артына барып Аяз атаның киімін киіп ал. Біз оған дейін балалармен «Аққала» ойыннын ойнай тұрайық.
Ойын: «Аққала»
Қоян: Балалар, мен Аяз атаға ұқсадым ба? Енді мені қасқыр танымайтын болды. Балалар, менің қасыма көмекшім Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Ақшақар, Ақшақар!
(
Музыка орындалып, ішке Қасқыр-Ақшақар кіріп келеді)
Қасқыр-Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіз бе, Аяз ата, мен сізді орманда іздеп жүрсем, мұнда жүр екенсіз ғой. Аяз ата келіңіз балаларға би билеп, ән салып берейік.
Ән қасқыр мен қоян: «Қайда болдын Ақшақар?»
Қасқыр қоянды алып қашып кетеді.
Тәрбиеші: Балалар, біз қоянды қанша жасырсақта, қасқыр оны танып қойды. Бізге қоянды қасқырдан құтқаруға кім көмектеседі?
Балалар: Мүмкін Аяз ата көмектесер.
Тәрбиеші: Қәне, Аяз атамызбен Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата: Қарашы, біз тойға келдік!
Қәне, балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан.
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Біз сізді асыға күтіп отырмыз.
Аяз ата: Неге шыршаларың жанбаған. Қәне, бәріміз бірге шыршаны жағайық.
Қуант таңырқат, 
Шамдарыңды жарқырат.
Тәрбиеші: Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, отырып балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
Тақпақ: Нұрриза, Ислам.
Ән орындалады: «Жасыл шырша жанында»
Аяз ата: Шыршаны жағып жүздеріңді көрдім, неге жабырқаулы?
Тәрбиеші: Біз қоянды қасқырдан қанша жасырсақта, қасқыр оны алып қашып кетті. Сіз бізге сыйқырлы таяғынызбен қоянды құтқаруға көмектесіңізші.
(
Аяз ата сиқырлы таяқтың көмегімен, қасқыр мен қоянды ортаға алып келеді)
Аяз ата: Қасқыр, сен не үшін қоянды алып қаштың? Бүгін мереке емес пе? Балаларды қарашы, барлығы әдемі боп кейініп алған. Сенде мерекенің шырқын бұзбай қоянмен дос болып, балалармен бірге жаңа жыл мерекесін қарсы ал.
Тәрбиеші: Ендеше барлығымыз орындарымыздан тұрып, жаңа жылдық әнімізді айтайық.

Ән орындалады: «К нам приходит Новый год»
Тәрбиеші: Ал келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз атадан 
Сыйлық алып көріңдер.
Бексұлтан: Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.
О, алақай, Аяз ата, 
Келе жатыр алыстан. 
Санжар: Тамаша, тамаша,
Қандай қызық қараса.
Аяз ата ортада,
Би билеп жүр балаша.
Нұрсила: Безендіріп шыршаны.
Жыл қуантты баршаны,
Той маскарад басталды,
Аяз ата басқарды.
Жансая: Тамаша сыйлық ап,
Келді Аяз атамыз.
Шаттанып куанып,
Шырқап ән саламыз.
Гүлдана: Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Тақпақ айтқан балдарға,
Сыйлықтарын беріп тұр.
Мирас: С новым годом! С новым годом!
Здравствуй, Дедушка Мороз.
Он из леса мимоходом,
Ёлку нам уже принёс.
Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар, балалар! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. 
Тәрбиеші: Аяз ата, біздің мерекеге тиіндер орманнан қонаққа келіпті. Олар өз өнерлерін көрсеткісі келеді. Қәне, соны тамашалайық.
Би: «Тиін»
Қасқыр: Аяз ата, сіздің балаларға арнаған Жаңа жылдық сыйлығыңыз қайда?
Аяз ата: Ой, мен сыйлықтарымды орманда шананын үстіне ұмытып кетіппін ғой. Қоян екеуің барып сыйлықтарды алып келіңдер. Мен сендер келгенше балалармен ойын ойнай тұрайын.
Ойын: «Қар» (кім жылдам жинайды)
Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар! Өте ақылды , өнерлі, тапқыр, шапшаң балалар екенсіңдер.
Тәрбиеші: Ендеше балалар! Біз Аяз атаның сыйлықтары келгенше «Аяз ата сыйлығы» әнімізді айтайық.
Ән орындалады: «Аяз ата сыйлығы»
Би: «Аяз ата» 
(Қоян мен қасқыр сыйлықтарды алып келеді)
Қасқыр: Аяз ата, балалардың сыйлығын алып келдік.
Аяз ата: Жарайды, кел, Ақшақар, балалардың сыйлығын таратып берейік. 
Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенімде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емеспе, қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз шығайық. Қасқыр, қоян, сендерде бізбен бірге жүріңдер. Басқа да балалардың өнерлерін тамашалайық. Ал, балаларым сендер өсіп-өркендей беріңдер. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті, қонақтар, балалар. 2014-ші жаңа жылға арналған мерекемізді топқа барып жалғастырамыз. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!! 






























Құтты болсын 2015 Жаңа жыл

Балалардың кіруі.
Тәрбиешінің сөзі:.
Тақпақтар.
Шыршаның артынан Сауысқан жүгіріп шығып, аяз атадан хабарлама оқиды.
- Асығамын деп жүріп
Сыйлықтарды шашып алдым.
Бұтаққа мен қабымды
Іліп алып, тесіп алдым.
Сыйлықтарды жинағанша
Сендерге мен немеремді
Жіберемін асыға
Қорғап сендер Ақшақарды
Жүріңдерші өтінемін.
(Осы кезде Ақшақар болып киінген Мыстан кемпір кіреді).

Мыстан кемпір: Міне менде келіп қалдым.
Тәрбиеші: Кімсің сен?
Мыстан кемпір: Қалай кім? –Мен Ақшақармын.



Тәрбиеші: А-а Аяз атанын немересі боласын ба?
Мыстан кемпір: Әрине мен. Мені қарсы алыңдар.
Тәрбиеші: Сен Ақшақар болсаң, Аяз ата қайда?
Мыстан кемпір: Сендерге асығамын деп, санамақтарды шашып алды.

Тәрбиеші: Қандай санамақтар?
Мыстан кемпір: Қаптың тұбі тесіліп, санамақтар шашылып.
Тәрбиеші:Ешқандай да сен Ақшақар емессің, кет кәне осы жерден.
Мыстан кемпір: Аяз ата сендерге мені қорғасын деді ғой.
Тәрбиеші: Балалар мүмкін ол шынымен Ақшақар шығар.
Балалар: Жоқ.

Тәрбиеші: Сонда кім болғаны
Балалар: Мыстан кемпір.
Мыстан кемпір: А-а ойланып мені кім екенімді таптыңдар ма. Ақшақар менде, жібермеймін мен оны.
Тәрбиеші: Қане босат сен ақшақарды.
Мыстан кемпір: Мен Ақшақарға пештегі отымды жаққызамын.
Тәрбиеші: Енді не істейміз? Ол еріп кетеді ғой. Не керегін сен айтшы, бірақ Ақшақарды босат.
Мыстан кемпір: Мен мерекеге қатысқым келеді.
Тәрбиеші: Жарайды біз келісеміз, қала ғой.
Би:

Мыстан кемпір аппақ киімге орап тастаған Қарақшыны алып келеді.
- Міне сендердің Ақшақарларын.
Тәрбиеші: Ақшақар, сен неге сонша оранып алғансың. Дауысында өзгерген.
Қарақшы: А - а мен қатты жел тұрғанда ауырып қалғанмын.
- Оданда жұмбақ жауабын табындар.




Жұмбақ:
Балалар: жауабын табады.
Қарақшы:дұрыс таптыңдар.
Тәрбиеші: Балалар мен таң қалып тұрмын Ақшақардың досы мыстан кемпір ме?
Қарақшы: Әрине жоқ...( Аузын жабады). Оданда билейік.
Қарақшы би билеймін деп, ұмытып. Үстіндегі ақ киімін шешіп тастайды.

Тәрбиеші: Балалар қараңдар бұл Ақшақар емес қой! Қане екеуін байлап тастайық.
Мыстан кемпір: Жоқ-жоқ кешіріңдер бізді.
Тәрбиеші: А-а қорқып қалдыңдар ма. Айтыңдар Ақшақар қайда?
Мыстан кемпір: Қазір біз алып келеміз.
( Босатып жібереді)
Тәрбиеші: Балалар қане Ақшақарды дауыстап шақырайық, адасып кетіп жүрмесін.
Балалар шақырады: Ақшақар - Ақшақар
Ақшақар көңілсіз болып кіреді
- Жаңа жылдарыңмен
Тәрбиеші: Не болды? Неге сен көңілсізсің?
- Неге сен мұңайып тұрсың?
- Енді не істейміз?
- Балалар мүмкін тақпақ айтып, би билеп берерміз.
Тақпақ
Би
Ақшақар: Рахмет ( көңілді) қане бәріміз қосылып ән айтайық
(алыстан аяз атанын дауысы естіледі)
Аяз ата: ( құттықтайды)
- Міне менің шыршам, қашып кетті сендерге
Тәрбиеші: Аяз ата біздің шыршаның шамдары жанбайды. Қане қолыңыздағы таяқшамен жағып жіберіңізші.
- Шырша жанады.
Көрініс: үш шырша шығып әңгімелеседі.
Би: «Шыршалар»
Аяз ата: Рахмет сендерге.
Тәрбиеші: Аяз ата бізбен бірге ойын ойнайықшы
Балалар: Қане Аяз ата қарашы сен біздерге
Қане тауып көрші, не істегенімді айтшы.
Балалар: Қобызды ойнағанды көрсетеді.
Аяз ата; Сақалды сипадыңдар.
Балалар: Жоқ.
- үрмелі ойнағанды көрсетеді
Аяз ата: Сүт іштіңдер.
Балалар: Жоқ
Пианино ойнағанды көрсетеді
Аяз ата: күрішті тазалап жатырсыңдар.

Балалар: Жоқ, пианино ойнап отырмыз.
Тәрбиеші: Аяз ата сіз қателестіңіз, сондықтан би билеп беріңіз.
Аяз ата: Ой ыстықтап кеттім қазір мен еримін.
(Балалар қарды алып Аяз атаның үстіне жабыстырады.)
Аяз ата: Қане немерем маған су әкеліп берші.
(кесенің ішінде жылтырауық) Кесені алып ішеді де, оның ішіндегі жылтырауықты ата аналарға шашады.





Тақпақтар:
Мыстан кемпір кіріп Аяз атанын таяқшасын алып кетеді.

Ақшақар: Аяз ата сіз сыйлықтарды беруді ұмыттыңыз.
Аяз ата: Қазір таяғымды алып. Әй Мыстан кемпір сен тағы өз өнеріне кірістің бе?
(Мыстан кемпір Аяз атанын артына тығылып қалады.)
- Балалар: Мыстан кемпір қайда?
- А-а-а міне сен, қазір мен сені қатырып тастаймын
Мыстан кемпір: Ой жоқ керегі жоқ деп, күлкілі қимылда қатып қалады. Жүгіріп Қарақшы келеді, Мыстан кемпірді аяйды.
Қарақшы: Аяз ата мен саған бір сиқыр көрсетемін, ал сен Мыстан кемпірді қалпына келтір. Сиқыр көрсетеді.
Аяз ата Мыстан кемпірді қалпына келтіреді.
Мыстан кемпір: Ой не болды маған, мен бір жақсылық жасағым келіп түр.
Аяз ата: Қандай жақсылық жасағын келеді?
Мыстан кемпір: Сыйлықтар сыйлағым келеді.
Осы кезде үйшік кіріп билейді.

Мыстан кемпір: Маған алдымен, шыршаға артымен қарашы, менің үйшігім.
Үйшік: Аяз ата қайда? Балаларға сыйлықтарды әкеле жатып, қабын орманда тастап кетіпті, тауып алдым.Тереземді қағып сыйлықтарды алыңдар.
Аяз ата мен Мыстан кемпір терезені қағады, оның ішінен бір сыйлық шығады.
Аяз ата: Қалғаны қайда?
Үйшік: Шыршаның астындағы қарды қағып , сыйлықтарды алыңдар.
Ал мен енді орманға кеттім, сау болыңдар.
Сыйлықтар таратылады.
Қоштасу ән айтылып, би биленеді.
































Жаңа жыл да Жаңа жыр

 

Жаңа жылға арналған сценарий.
Аяз Ата –

Ақшақар –
Мыстан кемпір –
Қарақшы –
Сиқыршы –
Қап –
Балалар музыка ырғағымен залға кіреді.
Жүргізуші сөзі: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге!- дей отырып, бүгінгі Жаңа Жыл мерекесіне арналған ертеңгілігімізді

тамашалаңыздар!

Ән: Әпақ-әппақ жапалақтап
Жүргізуші: жұмбақ

Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/
Балалар: - Аяз Ата!

Жүргізуші: Олай болса аяз Атаны шақырайық!
Хормен: - Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата!
(Аяз Ата кіреді)
Аяз Ата:

Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Ән: «Аяз Ата»

Аяз Ата: сендер әнді жақсы айтады екенсіңдер! Ал енді мен жолдан қатты шаршадым, отырып дем алайын. Балалардың дайындаған ертегісін тыңдайын.

Тақпақтар:





Аяз Ата: - Балалар, тақпақтарды да өте тамаша айтып шықтыңдар. Бүгінгі кеш өте көңілді болғандықтан, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын:
Аяз Ата: - Керемет, Керемет! Бүгін мен өзімді сондай жақсы сезініп отырмын. Бүгінгі кешке тағы біреу келе жатқан сияқты...(қолын бұлғап).
Музыка ырғағымен Сиқыршы (Саддам Абдрухман) залға кіреді.
Аяз Ата: - Балалар, бұл келген қонақ жай адам емес, көріп тұрғандай Сиқыршы. Ол 1 сыныпты бітірген, кішкентай болса да, барлық сиқырды жасауды үйреніпті.





Жүргізуші: - Аяз Ата, сіздің немереңіз Ақшақар көрінбейді ғой.
Аяз Ата: - Ал, сиқыршы мектепте қандай сиқыр үйренгеніңді байқайық. Өзіңнің сиқыр мектебінен алған өнеріңмен менің немеремді «Ақшақарымды шығаршы»
Сиқыршы: - Жарайды, бұл өте оңай. (музыка ойнайды) «Ақшақар» (3) пайда бол! (шапалақтау)
Мыстан кемпір көңілді, жұлдызшасымен өлең айтып кіреді.
Мыстан кемпір: - Сәлеметсіз бе, Аяз Ата. Міне мен де келдім. Сен мені шақырдың ба?
Аяз Ата: - Мен өз немеремді танымай тұрмын. Сен не болып кеткенсің, мына сиқын не? Сен қай сұлулық салонында болғансың?

Мыстан кемпір: - Ата, сен білсең ғой, мен сені қалай жақсы көретінімді. Мен сенің немерең Ақшақармын. Танымай қалдың ба?
Аяз ата: - Жоқ, жооқ. Сиқыршы жасаған қатемізді тез түзет.
Сиқыршы: - Қазір қателігімді түзетемін. (сиқырлау). Нағыз Ақшақар пайда бол! (сақалын жұлу)
(Мыстан кемпір сыпырғышына отырып, Ақшақар ұшып келеді)
Ақшақар: - Ха – ха - ха. Неге өлең айтпайсыңдар? Сәлем шал! Менен бұрын неге келдіңдер? Бұнда не жиын?

Жүргізуші: - Бізде Жаңа жыл мерекесі.
Ақшақар: - Жаңа жыл не үшін керек? Қажет емес, қажет емес!
Аяз ата: Ой,ой,ой.(басын шайқайды) – Сен бәрін бүлдірдің! Өзім араласпасам болмайды. (сиқырлау) Музыка ырғағымен айналу.

Осы кезде Мыстан кемпір өз кейпіне еніп, Ақшақардың сыпырғышын жұлып алады. – Бер маған! Біз әлі кездесеміз. Мұнымен іс әлі біткен жоқ! (шығып кетеді).
Ақшақар: - Ата, мені кешіріңіз! Мен өзіме не болғаның түсінбей қалдым. Бүгінгі кеш көңілді өтсін!
Аяз Ата: - Саддам, Балам, саған әлі де болса, көп оқып, үйрену керек.
Сиқыршы: - Балаларға мен әлі де болса білім алып, көп үйренуім керек. Келесі жолы сиқырымды үйреніп келемін. (сиқыршы шығып кетеді).

Ақшақар: - Жаңа жылдарыңызбен, кішкентай бүлдіршіндер! Мен сендерге жаңа жылда абай болып жүріңіздер демекпін!
Жүргізуші: - Ақшақар, Ақшақар сенің көңіл-күйің түспесін! Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің саған арнаған әсем биін тамашалаңыздар!

Би: «
Ақшақар »
(мыстан кемпір сыпырғышқа отырып, вұң, вұң, вұң деп кіреді)
Мыстан кемпір:
- Мына менің астындағы көлігім оталмай жатыр. Еее, жарайды осыны қойшы! (сыпырғышты лақтыра салады.) Не істесем екен? – деп, басын қасиды. Қолын қалтасына салады, түк шықпайды, қолымен шұлығына салып, оң және сол аяғындағы шұлығынан жыртық пакет алып шығады. Ааа, енді есіме түсті, кімнің ойын ойнағысы келіп тұр.

Ойын: «Аққала»» «Ұлпа қар»

Қарақшы кіреді: - Әй,сені мыстан кемпірге әзер таптым ғой.
Мыстан кемпір: - Мені неге іздедің?
Қарақшы: - Мен мына Жаңа жыл кешіне әзірлеп қойған шыршамды сен ұрлап әкетіпсің. Әкел бері!
Мыстан кемпір: - жоқ, жоқ мен алған жоқпын, көргенде жоқпын! Шырша деген ол қандай болады? Түсі қандай? Тікенектері бар ма? – Еееее, олай болса қазір алып келемін.(Шыршаны айналып, кактусты алып шығады)
Міне саған шырша! Өзі жасыл, тікенекті
Қарақшы ашуланады.
Ақшақар: - Бұл кактус қой, шыршаға мүлдем ұқсамайды.





Мыстан кемпір: - Жарайды, жарайды, қоймадыңдар ғой. Шыршаны алып келемін.(шыршаны әкеледі).
Қарақшыға береді.
Мыстан кемпір қарап тұрып, шырша шынымен де әдемі екен?!
Жүргізуші: Енді осы шыршамызды көңілдендірейік!
Ойын: «Шыршаны безендіру»
(Мыстан кемпір тағылған ойыншықтарды алып тастайды, ал балалар іледі.)
Аяз Ата: - Әй, өздерің Жаңа жыл кешін думанға айналдырамыз деп, шулап кеттіңдер ғой.Қане, екеулеріңе тапсырма берейін, мына балаларға арналған сыйлықтарымды алып келіңдерші, ол далада, орманда қалып қойды.
(Қарақшы мен Мыстан кемпір шығып кетеді)

Жүргізуші: Жаңа жылда ғажайып сәттер көп болады. Бізге қонаққа кішкентай палуандар келіп қалыпты

Би: «Палуандар »
Тақпақтар:
Ән: «Шырша»
Би: «Шамдар биі»

Аяз Ата: - Ал, енді қоштасатын сәт келді және балаларға сыйлықтар таратайын! Әлгі кемпір қайда кетті? (залға қап жүгіріп кіреді, оның артынан Мыстан кемпір қапты ұстай алмай қуып жүреді.)
Мыстан кемпір: - Аяз Ата, мына қап мені тыңдамайды. Ұстаңдаршы! Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Аяз Ата:- қазір мен өз сиқырымды қолданып жіберейін! (Аяз ата қапты сиқырлайды, қап шыршаның артында қалып қояды). Нағыз сыйлықты Ақшақар мен қарақшы алып шығады. Балаларға сыйлық таратылып береді. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2013-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
400
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі