400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің, Жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесінің маңызын үйрету. Балалардың есте сақтау қабілеттерін тақпақтарын жаттау арқылы дамыту. Жауапкершілікке, көпшілік ортада өздерін тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош келдің, Жаңа жыл!

Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл!
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесінің маңызын үйрету. Балалардың есте сақтау қабілеттерін тақпақтарын жаттау арқылы дамыту. Жауапкершілікке, көпшілік ортада өздерін тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Мыстан кемпір, қасқыр,түлкі, сайықмазақ, аю, Маша.

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. .

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, қонақтар, «Айгөлек» бақшасының ұжымы, ата-аналар мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден  құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып  келсін дейміз.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Қарлығаш» тобында!

( Балалар музыкамен залға кіреді )

Меруеттің орындауында жеке дауыста

Ән: «Шырша» әні

Біздің балалардың жаңа жылға арналған тақпақтарын тыңдайық.

Қорлан

Праздник мы встречаем,

Елку наряжаем,

Вешаем игрушки

Шарики, хлопушки.

Ибрахим:

Елочка,елочка

Вот она какая.

Стройная, красивая

Яркая, большая.

Алихан
Белыми снежинками

К нам пришла Зима

Нарядила елочки

Улицы, дома

Жүргізуші:

Балалар, біз барлығымыз жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бүгін біздің мерекемізге кім келеді?

Балалар :

Аяз ата!

Жүргізуші:

Дұрыс балалар, ал Аяз ата не әкеледі?

Балалар:

Сыйлықтар.

( Дүрс -дүрс етіп залға Аю кіреді)

Аю:Сәлеметсіздер ме, балалар . Көңіл күйлерің қалай? Сіздер Маша қызды көрдіңдер ме ? Ол мен ұйықтап жатқанда үйден шығып кетіпті.

(Осы кезде залға Маша кіреді)

Аю: Ой, Маша сен кайда жүрдің? Мен сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім.

Маша: Мен орманда серуендеп жүрдім.

Аю: Жүр, үйге барайық.

(екеуі қол ұстасып кетіп барады )

Тәрбиеші: Сіздер қайда кетіп барасыңдар ,бізбен бірге жаңа жылды қарсы алыңыздар.

Аю : Болама қалуға?

Тәрбиеші: Әрине болады.

Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.

Әмір:

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады

Жылтырап жатады

Нұрай:

Дед Мороз прислал нам елку

Огоньки на ней зажег

И блестят на ней иголки

И на веточках снежок.

Камила:

Тамаша ,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Дәулетхан:

Жаңа Жылда сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдің бе аман алыстан

Сәлем Аяз атамыз.

(Әуенмен  Түлкі жүгіріп келеді).
Түлкі:

Ой, балалар, мені құтқарыңдаршы. Ол мені жеп қоямын дейді.

Жүргізуші:

Кім сені ренжітті, сен кімнен қорқып отырсың?

Түлкі:

Кім болушы еді – қасқыр! Мен естігенмін, ол жаңа жыл мерекесінде мені қуырып жеймін- дейді.

Жүргізуші:

Сен бізбен бірге жүр, ешкімнен қорықпа, біз барлығымыз қосылып қасқырдан сені құтқарамыз. Ал қазір бізге ұлдар тамаша би дайындады. Бәріміз бірге билейік.

Түлкі:

Менің де билегім келіп тұр, билесек билейік.

Ұлдардың орындауында:

Би: «Санта клауос».
Жүргізуші:

Мынау кім екен?

Қасқыр:

Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі, ең батыр, ең мықты, ең шапшаң, ол  мен – қасқыр.

Жүргізуші:

А солай ма? Осында қалай келіп қалдың?

Қасқыр:

Мен сендердің мерекелеріңе әдейілеп келдім. Ал сендер түлкіні көрген жоқсыңдар ма?

Жүргізуші:

Ал сен оны қайтейін деп едің?

Қасқыр:

Жай, менің қарным ашты, ой айтып қойдым ғой.

Жүргізуші:

Қасеке, одан да біздің балалардың тақпағын тыңда.

.Біржан

Жаңа жылды қарсы алдық.

Мініп алып күймеге

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де.

Назгүл:

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам мол болсын.

Төрле – төрле жаңа жыл

Бізге құтты жол болсын.

Жүргізуші:

Қасқыр, саған ұят емес пе? Сен неге оны қуалайсың?

Қасқыр:

Мен бәрі -бір оны жеймін.

Түлкі:

Қасеке, сен мені жеме, менің саған деген мерекеге арналған сыйым бар.

(Сайықмазақ шығады).
Түлкі:

Қане, бізге өнеріңді көрсетші.
(бишілерді шығарады).

 Гимнастикалық қойылым
Қасқыр:

Ой, түлкі, сыйлығыңа рахмет, менің көңілім көтеріліп қалды. Мен саған енді тиіспеймін.

Жүргізуші:

Сайықмазақ, сізге біздің балалар ағылшын тілінде тақпақтарын айтқысы келіп тұр.

Сайықмазақ:

Әрине, тыңдаймын тақпақтарын:

Мерует

It is winter ,it is Christmas

Look at our Christmas tree

There are big tall there are all

Many can dlis you can see

Айзере:

Look we have a snaima

He is tall and fat

He has carrot in his nose

He has a fanny hat

Сайықмазақ:

Рахмет, бәріңе. Үлкен, рахмет.

Жүргізуші:

Кешіріңіз, сіз бізге ойын ойнаттыңыз, ал енді біздің балалар сізге ән айтып берсін.

Ән: «Jingl Bells».

 Жүргізуші:

Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?

Балалар:

Иә.

Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді.
(Аяз Ата)

Жүргізуші:

Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар:

Аяз Ата! Аяз Ата!

(Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады).

Мыстан кемпір:

Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетпесем бе екен? 

(Осы кезде мыстан кемпір төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді).

Жүргізуші:

Мыстан кемпір!

(Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды).

Жүргізуші:

Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тименіз біздін шыршамызға!

(Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді. Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып).

Мыстан кемпір:

Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой.

(Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда).

Мыстан кемпір:

Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді үмкін, ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ак,осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!

(Мыстан Кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі).

Сайықмазақ:

Балалар, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Бұл жерде тек сиқыр көмектесе алады.

Ендеше сіздер көздеріңді жұмып іштей Аяз ата келсін –деп тілейсіздер. Содан соң мен сиқырлы таяқшаммен оны алып келемін. Жарайма.

Балалар: Ия, ия, ия..

(осы кезде сиқыршы сөзін айтып, музыкамен залға Аяз ата кіреді, Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді )

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата!

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.

Аяз ата: Айналайын-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсын ба өзің?

Ақшақар: Жоқ , жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.

Аяз ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!

Қарашы, біз тойға келдік!

Кәне, балалармен амандасайық.

Бүлдіршін балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Аяз ата: Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер.

(Ақшақар басын көтермей тұрады)

Аяз-ата:

Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық!

(Сол кезде Ақшақар жылап тұрып).

Ақшақар:

Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым.

(Осы кезде Аяз – ата оны жұбатып тұрып).

Аяз ата:

Қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын.

Ақшақар:

Қойыңыз Аяз-ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

Жүргізуші:

Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар:

Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

Жүргізуші:

Жаңа мұнда мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен?
Қане, барлығымыз іздеп көрейікші?

(Сөйтіп жатқанда балалардың біреуі сиқырлы таяқты тауып алады)

Аяз-ата:

Жарайсың, балапаным!

Жүргізуші:

Қане, шырша жағуға көмектесейік, балалар!

Бәрі:

Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 2 рет.

Аяз –ата:

Мен сендерге осы мерекенің белгісі Жаңа жылды ала келдім. Қарсы аласыздар ма?

Жүргізуші: Әрине қарсы аламыз.

Балалар: Ия, ия.

Аяз ата: Ендеше өнерлеріңді көрсетесіздер! Келісесіздер ме!

Жүргізуші:

Ортаға жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтар.

Асылхан :
Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата- әже, ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл

Бекарыс :

Дети водят хоровод

Хлопают в лодоши

Здравствуй, здравствуй

Новый год! Ты такой хороший.

Нартай:

Келеді деп Жаңа жыл

Қоян, Қасқыр досым да

Жиналыпты осында

Кел, кел Жаңа жыл
Жүргізуші:

Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештер де
Талшыбықтай бұралып
Биші болам өскенде-деп

Қыздарымыздың биін тамашалаңыздар:

Би:«Потолок ледяной»

Жүргізуші:

Аяз ата сіз білесіз бе, біздің балалар сізбен , Ақшақар жыне барлығыңмен ән айтқылары келеді.

(Шыршаны айналып бәрі ән айтады)

Ән: «Шырша әні».

Сахналық көрсетілім:

Ертегі: «Үйшік»

Аяз Ата: Жарайсындар бүлдіршіндерім, енді сіздергеЖаңа жылды шақырып берейін.Сіздер менімен бірге дауыстаңдар жарайма! Жаңа жыл, Жаңа жыл...

Доңыз: Сәлем балалар!!!

Жүргізуші:

Қуанатын шақ болсын

Достарымыз ақ болсын.

Бізге келген жаңа жыл.

Құт береке бақ болсын!

Жүргізуші:

Аяз Ата Сіз біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, Сізге ұнады ма? Сыйлық әкелдіңіз бе?

Аяз Ата:

Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар мына сандықтың кілті қайда?

Ақшақар:

Білмеймін.

Жүргізуші:

Өзі жылтыраған, әдемі кілт пе?

АязАта:

Иә, сол кілт шығар.

Жүргізуші:

Аяз ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды алып кетейін –деді..

Аяз ата:

Қап, әттеген-ай! Қане, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға мыстан кіріп келеді).

Мыстан кемпір:

А-а, мында екен ғой. Таптым, сандық мында тұр екен ғой!

Аяз ата:

Мына ұрлықшы мында жүр ғой! Қане кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.

Мыстан кемпір:

Ойбай, тағы не дейді? Сыйлық өзіме де керек.

Аяз ата:

Ой сені ме… Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)

Мыстан кемпір:

Әй, Аяз шал!Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не істесем екен?

Аяз ата:

Бересің ба сандықтың кілттін?

Мыстан кемпір:

Жоқ, бермеймін!

Аяз ата:

А-а, онда осылай тұра бер! Мен кеттім!

Мыстан кемпір:

Жоқ, Аяз-ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін!
(осы кезде мыстан кемпір қалпына келеді, балаларға жұмбақ жасырады.)
Жұмбақтар:
1.Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп.
(Аяз)

2. Суда қалқиды,
Жылыда балқиды.
(Мұз )

Мыстан кемпір:

Жарайсындар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.

Аяз ата:

Ал, енді біз сыйлықтарымызды таратайық..

(Сыйлықтар таратады).

(Шыршаны айналып бәрі ән шырқайды )

Ән «В лесу родилась елочка.

Мыстан кемпір:

Балалар мен кетейін енді, сендер сыйлықтарыңды алдыңдар, мерекелеріңді бұза алмадым, бірақ маған өте қатты ұнады, сау болыңыздар.

Аяз ата:

Жарайсындар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым?! Біздің сыйлымызға риза болыңдар. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

(қолдарын былғап шығып кетеді).

Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл –деп ортаға «Айгөлек» ясли бақшасының меңгерушісі Айкен Аманқосқызына сөз кезегін береміз.
Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты,
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.


Сау болыңыздар!!!
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
312
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі