400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің, Жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал мұғалімдерге, сынып жетекшілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош келдің, Жаңа жыл! (3а , 3ә, 4 – сыныптар)

1 – жүргізуші:

Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын аталар,
Сергек ұрпақ өздеріңнен нәр алар.

2 – жүргізуші:

Жаңа жылың құтты болсын аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
Қара нарлар көтеріңдер жыл жүгін,
Соңдарыңнан ере берсін боталар.
Армысыздар аяулы ұстаздар, ата – аналар! Сәлеметсіздер ме балалар!
Бүгінгі Жаңа Жыл мерекесіне қош келдіңіздер!!!

1 – жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Келе жатқан доңыз жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда жаңа табыс, бақыт тілейміз. Бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін мектеп директоры Жұмағазина Маржан Бектұрғанқызына және оқу ісінің меңгерушісі Нұржауова Жадыра Маратқызына береміз.


2 – жүргізуші:

Келесі кезекті әсем әнге берейік.

Ән: «Қызыл телпек» Орынд: 4-сынып


«Үнді» биі. Орынд: 3а-сынып


1 – жүргізуші:

Балалар олай болса, мен сендерге жұмбақ жасырайын
Ақсақалды шал жылына
Бір – ақ рет келеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді.
Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

2 – жүргізуші:

Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер. 
Барлығы: Аяз ата, ақша қар, кел! 
(Аяз ата, ақша қар келеді) 
Аяз Ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)

Ақшақар: Амансыздар ма, балалар мен ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Келер жылымыз доңыз жылы табысты жыл, береке, бірлік әкеліп, тарихи жыл болсын деймін.


1 – жүргізуші:

Қош келдіңіз Аяз Ата,

Қарсы аламыз орын беріп,

Ән салыңыз бізбен бірге,

Би билеңіз бізге еріп.


Қарсы алыңыздар! 3ә-сыныбының әсем әніне кезек берейік!


Келесі кезекті 3а және 4-сыныптардың өзбек биіне береміз! Қошеметтеп қол соғып отырайық!


2 - жүргізуші:

Олай болса, Аяз Ата, оқушыларымыздың өзіңе арнаған тақпақтарына кезек берсек.

(оқушылар тақпақ айтады)

Ән: «Шудың бойында» Орынд: 3а-сынып оқушылары. Қошеметтеп қол соғайық.

Би: «Үнді биі» Орынд: 3ә-сынып оқушылары. Қарсы алыңыздар!

Көрініс. Орынд. 4-сынып


1 – жүргізуші:

Би билейік бұралып, 
Қыздар да тұр сұранып. 
Мен де тұрмын құр қалып, 
Шаттанайық қуанып. 
- дей келе келесі кезекті 3ә-сыныптың орындауында «Испан» биі. Қарсы алыңыздар. 

2 – жүргізуші:

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда — жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.


Ән: «Сен қорқақсың» Орынд: 3а-сынып


1 – жүргізуші:

Қандай тату өздері

Күлімдеп көздері

Кәне, кәне, келіңдер

Бір билеп беріңдер – деп ортаға 3ә – сынып оқушыларын «Флешмоб» биімен ортаға шақырамыз.


Ән: «Аппақ қар» Орынд: 4-сынып оқушылары Жанерке мен Ақтілек


2 жүргізуші: Олай болса, 3а- сыныптың өнерін тамашалайық.

«Флешмоб»


1 Жүргізуші: Аяз ата, ақша қардың құрметіне 3ә-сынып орындауында «Вальс».


2 – жүргізуші:

Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын !


Ән:«Сәйгүлік». Орынд: 3а-сынып оқушысы Әбді Сағыныш. Қошеметтеп отырайық.


«Флешмоб» Орынд: 4-сынып


1 – жүргізуші:

Армысың, аманбысың Жаңа жылым.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Доңыз  жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын. Дей келе келесі кезекті әнге берейік.

Ән: «Жаңа жыл!» Орынд: 3а-сынып оқушылары Ақниет пен Тоғжан


Аяз ата: Бізге де қайтатын уақыт келді. Жаңа жылдарың құтты болсын!!! Жаңа жыл отбасыларыңызға бақыт, шаттық, қуаныш әкелсін. Қош – сау болыңыздар!!!


2 – жүргізуші:


Би: «Цыған» биі Орынд: 4-сынып


Келесі кезекті тағы да бір әсем биге берсек. 4-сынып оқушыларының орындауында «Кукла» биі


1 – жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар Жаңа жылда Сіздерге бақыт, табыс, оқуда алғырлық, тапқырлық , еңбекте табыстар тілей отырып Жаңа жылды күтіп алу кеші осымен аяқталады. Келесі кездескенше қош аман сау болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі