400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің Жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош келдің Жаңа жыл!

Күні: 27.12.18

Тәрбиеші: Мұқышева Ә.Б.

Базарбаева А.Т.

Ән жетекшісі: Доғай Е.

Би жетекшісі: Авдеенко М.Ю.

9 «Шұғыла» ересектер тобы


Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Кейіпкерлер: Жалмауыз кемпір, қарақшы, Ақшақар, Аяз ата.

Жоспар:

  1. Балалардың кіруі

  2. Мыстан кемпірдің кіруі

  3. Ән: Кел Жаңа жыл

  4. Мыстан кемпір Қарақшыны алып келуі.

  5. Тақпақ ағылшын тілінде.

  6. Би: Қыс

  7. Ақшақардың келуі.

  8. Тақпақ.

  9. Би: Ақшақар

  10. Тақпақ

  11. Ән: Ақшақар

  12. Аяз атаның кіруі

  13. Ән: Аяз ата

  14. Тақпақ

  15. Ойын: «Сиқырлы қасық»

  16. Тақпақ

  17. Би: Аяз ата

  18. Ән: Қыс күні

  19. Сыйлықтар таратылады

Ертеңгіліктің басталуы

Балалардың кіруі.

Тәрбиешінің сөзі:.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Құтты болсын ағайын!

Тәрбиеші: Балалар аяз атадан хабарлама оқиды.

- Асығамын деп жүріп

Сыйлықтарды шашып алдым.

Бұтаққа мен қабымды

Іліп алып, тесіп алдым.

Сыйлықтарды жинағанша

Сендерге мен немеремді

Жіберемін асыға

Қорғап сендер Ақшақарды

Жүріңдерші өтінемін.

(Осы кезде Ақшақар болып киінген Мыстан кемпір кіреді).

Мыстан кемпір: Міне менде келіп қалдым.

Тәрбиеші: Кімсің сен?

Мыстан кемпір: Қалай кім? –Мен Ақшақармын.

Тәрбиеші: А-а Аяз атанын немересі боласын ба?

Мыстан кемпір: Әрине мен. Мені қарсы алыңдар.

Тәрбиеші: Сен Ақшақар болсаң, Аяз ата қайда?

Мыстан кемпір: Сендерге асығамын деп, санамақтарды шашып алды.

Тәрбиеші: Қандай санамақтар?

Мыстан кемпір: Қаптың тұбі тесіліп, санамақтар шашылып.

Тәрбиеші:Ешқандай да сен Ақшақар емессің, кет кәне осы жерден.

Мыстан кемпір: Аяз ата сендерге мені қорғасын деді ғой.

Тәрбиеші: Балалар мүмкін ол шынымен Ақшақар шығар.

Балалар: Жоқ.

Тәрбиеші: Сонда кім болғаны

Балалар: Мыстан кемпір.

Мыстан кемпір: А-а ойланып мені кім екенімді таптыңдар ма. Ақшақар менде, жібермеймін мен оны.

Тәрбиеші: Қане босат сен ақшақарды.

Мыстан кемпір: Мен Ақшақарға пештегі отымды жаққызамын.

Тәрбиеші: Енді не істейміз? Ол еріп кетеді ғой. Не керегін сен айтшы, бірақ Ақшақарды босат.

Мыстан кемпір: Мен мерекеге қатысқым келеді.

Тәрбиеші: Жарайды біз келісеміз, қала ғой.

Ән: Кел, Жаңа жыл

Мыстан кемпір аппақ киімге орап тастаған Қарақшыны алып келеді.

- Міне сендердің Ақшақарларын.

Тәрбиеші: Ақшақар, сен неге сонша оранып алғансың. Дауысында өзгерген.

Қарақшы: А - а мен қатты жел тұрғанда ауырып қалғанмын.

Тәрбиеші: Онда балалардың ағылшын тілінде тақпақтарын тындайық

Науан:

Фазэ фрост

Брин мэни тойс

Фо литл гелс

Фо литл бойс.

Нурали:

Нью ё дэй

Нью ё дэй

Литс син

Летс ап плей

Ералы:

Э хэппи нью ё фо ми

Э хэппи нью ё фо ю

Э хэппи нью ё фо евриуан

Ай уиш ай ду.

Тәрбиеші: Балалар мен таң қалып тұрмын Ақшақардың досы мыстан кемпір ме?

Қарақшы: Әрине жоқ...( Аузын жабады). Оданда билейік.

Би: Қыс

Қарақшы би билеймін деп, ұмытып. Үстіндегі ақ киімін шешіп тастайды.

Тәрбиеші: Балалар қараңдар бұл Ақшақар емес қой! Қане екеуін байлап тастайық.

Мыстан кемпір: Жоқ-жоқ кешіріңдер бізді.

Тәрбиеші: А-а қорқып қалдыңдар ма. Айтыңдар Ақшақар қайда?

Мыстан кемпір: Қазір біз алып келеміз.

( Босатып жібереді)

Тәрбиеші: Балалар қане Ақшақарды дауыстап шақырайық, адасып кетіп жүрмесін.

Балалар шақырады: Ақшақар - Ақшақар

Ақшақар көңілсіз болып кіреді

- Жаңа жылдарыңмен

Тәрбиеші: Не болды? Неге сен көңілсізсің?

- Неге сен мұңайып тұрсың?

- Енді не істейміз?

- Балалар мүмкін тақпақ айтып, би билеп берерміз.

Тақпақ:

Ақниет:

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға

Айтуар:

Оралды өлкеме

Жаңа жыл, армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау, қарлы шың.

Дархан:

Тоғай да, баулар да

Ақ күміс жамылды.

Дала да, таулар да

Өзіңді сағынды.

Би: Ақшақар

Асель:

Ақ таяғын таянып

Таңмен бірге оянып

Аяз ата келіп тұр

Ақ күпіге оранып,

Ал балалар билейік,

Ойнайықта күлейік.

Арсен:

Аяз ата қуансын

Доңғаланып жүрейік

Көрдің бе Аяз Атаны?

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да,

Аппақ екен шапаны.

Диас:

Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды

Майысады жас қайын

Көтере алмай көп қарды.

Ақшақар: Рахмет ( көңілді) қане бәріміз қосылып ән айтайық

Ән: Ақшақар

Балалар барлығымыз дауыстап Аяз атаны шақырайык

Аяз ата:

- Құтты болсын, балалар

Келген Жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз, ұлдарым

өткен жылы келіп ем

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем

Ойларың мен бойларың да

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал, мен кіммін айтыңдаршы

Мені тани алдыңдар ма?

Тәрбиеші: Аяз ата біздің шыршаның шамдары жанбайды. Қане қолыңыздағы таяқшамен жағып жіберіңізші.

- Шырша жанады.

Ән: Аяз ата

Аяз ата: Рахмет сендерге.

Тақпақ:

Асанәлі:

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Даяна:

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршамызға шам іліп.

Даниял:

Аппақ, аппақ

Жапалақтап

Қар жауады тынбастан

Қалың орман

Қар жамылған

Маужырайды түнгі аспан.

Кел билейік үйренейік

Ол келгенше жаңа жыр

Құтты болсын, құтты болсын,

Құтты болсын, Жаңа жыл.

Алишер:

Әкем таңдап әкелді

Ең үлпілдек шыршаны,

Иісі аңқыған шыршаны

Жарқыраған шыршаны

Жұпар иісі аңқиды,

Апамды да мәз қылды!

Нұрайым:

Тілеймін бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата-әже, әке-шеше

Құтты болсын жаңа жыл.

Нұрали:

Жаңа жылда балалар

Тек жақсылық көріңдер,

Ауырмаңдар ешкашан

Мықты болу өзіннен.

Тәрбиеші: Балалар ойын ойнайықшы

Ойын: «Сыйқырлы қоңырау»

Тақпақтар:

Адият:

Безендіріп біздерді

Жыл қуантты баршаны

Той маскарад басталды.

Аяз оны басқарды.

Мирас:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттытаймыз әрине

Әкемізді анамызды

Қонақтардың бәрінде

Айғаным:

Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Латифа.

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Науан:

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

Ералы:

Аяз ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы жаңа жылды

Ол да көптің бірі болып.

Қайда қызық болса думан,

Аяз ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.

Наргиз:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.


Би: Аяз ата

Мыстан кемпір кіріп Аяз атанын таяқшасын алып кетеді.

Ақшақар: Аяз ата сіз сыйлықтарды беруді ұмыттыңыз.

Аяз ата: Қазір таяғымды алып. Әй Мыстан кемпір сен тағы өз өнеріне кірістің бе?

(Мыстан кемпір Аяз атанын артына тығылып қалады.)

- Балалар: Мыстан кемпір қайда?

- А-а-а міне сен, қазір мен сені қатырып тастаймын

Мыстан кемпір: Ой жоқ керегі жоқ деп, күлкілі қимылда қатып қалады.

Тәрбиеші: Балалар мыстан кемпірді қалпына келтірейікпе?

Аяз ата Мыстан кемпірді қалпына келтіреді.

Ән: Қыс күні

Мыстан кемпір: Ой не болды маған, мен бір жақсылық жасағым келіп түр.

Аяз ата: Қандай жақсылық жасағын келеді?

Мыстан кемпір: Сыйлықтар сыйлағым келеді.


Аяз ата балаларға сыйлықтар таратады.

Қоштасу ән айтылып, би биленеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
352
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі