жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Қош келдің, Жаңа жыл»
«Қош келдің, Жаңа жыл»
1- Жүргізуші:
Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
2-жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым. (бишілер шыға бастайды)
Қандай тату өздері,
Күлімдеп көздері
Кәне, кәне , келіңдер
Бір би билеп беріңдер.
Биден шашу шашайық. (Биші қыздарымыздың орындауында испан биі. )
2 жүргізуші. Құттықтау сөзі мектеп директоры Жансултанов Серік Ғабдоллаұлына беріледі.
1-жүргізуші: Олай болса мерекемізді жалғастырайық. Орманнан келген қонақтарымыздың өнерін тамашалайық. «Аю мен Маша» әлеміндегі жаңа жыл.
2 Жүргізуші:
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған ит жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?
- Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік. (Хормен: Қош келдіңіз,
ескі жыл! (Ортадан ескі жыл шығады)
1 Жүргізуші:
- Ескі жыл сен жаңа жылымыз келгенше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік. Ескі жылымыздың құрметіне « Қар ханшайымдары мен ханзадалары» ортаға шақырайық. /5 «Ә» сыныбы/ Қарсы алыңыздар!. /Би/
Ортамызға ескі жылдың өкілдері «Құтқарушы күшіктерді» шақырайық /7 «А» сыныбы/
Ескі жыл- Ит: 7 «А» сыныбының оқушысы /Гульназ/
Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл қол бұлғап кетіп бара жатады, баяу музыка ойнап турады.)
Ескі жылды шығарып салайық. Жетістіктермен тарих қойнауына кетті
2- Жүргізуші: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
1-жүргізуші: Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.
2 Жүргізуші: Иә, бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.
Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел! (Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл келе жатады.)
2-жүргізуші: Мінекей біздің көптен күткен қонақтарымызда келеді. Олай болса орнымыздан тұрып, қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.
Келді жылым бақытым,
Кемелденді уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.
1- Жүргізуші:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бағыт.
Доңыз жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.
Жаңа жыл: /Айса/
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.
Аяз ата: Ой бәрекелді! Осынау ерекше кешті бірінші рет көрдім.
Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Біз сіздердің жіберген хаттарыңды алып, естіген бойда жолға шығып, сендерге де келіп қалдық.Дендерің сау болып, сабақтарыңды тек қана 4 пен, 5 ке оқыңдар!
Ақшақар: Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен ит жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Доңыз жылына табыс, береке, бірлік әкелсін деп, тарихи жыл болсын деймін.
1-Жүргізуші: Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр.
Жүрекке арман бөлеген
Қош келіспіз , жаңа жыл!
2-жүргізуші: Олай болса Жасыл шыршамызды жағайық. Хормен: Жасыл шырша жарқыра! (Аяз ата сиқырлы таяғымен шыршаны жағады. )
Малика. Қош келдіңіз Аяз - Ата,
Қарсы аламыз орын беріп,
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.
«Мұзды өлкедегі жаңа жыл» /6 А сыныбы,/ ( көрініс, би, ән)
Жүргізуші: Бүгінгі кешімізге келген қонақтардың барлықтарын ортаға шақырамыз. (Музыка ойнап тұрады) Конкурс «Карнавалдық костюмдер»
барлық сыныптың костюм киген оқушылары шығады.
1- Жүргізуші:
Дөңгеленіп тұрайық,
Ойын сауық құрайық.
Ән шашуы шашылсын,
Жаңа жылға лайық!
Аяз ата: Ендеше өнерлеріңді бастаңдар. Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршапта қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
(Ойын ойнатады, жұмбақтар жасырады, Аяз ата мен Ақша қар, сыйлықтарын береді)
«Күлдіргіш» ойыны. Әрбір ойыншы бір есімнен алады., мысалы, Мұз, ойыншық, қар, шырша, т.б, Жүргізуші барлығын айналып жүріп, түрлі сұрақтар қояды: «-Сен кімсің? – Шырша – Бүгін қандай мереке? – Мұз.- Мынау не? (мұрыннын көрсетіп)» - Ойыншық. Әрбір ойыншы барлық сұраққа өзіне берілген «есіммен» жауап беруі тиіс, және де ол сөзді қажетінше септеуіне болады, Оған қоса жауап бергенде күлуге тыйым салынады. Кім күліп жіберсе, ойыннан шығады.
Қызықты ойын. Қатысушыларға ақша купюрасы таратылады. Ойыншылардың мақсаты- 3 рет үрлеп, ақшаны алысырақ жылжыту керек. Бір үрлегенен кейін , ақша түскен жерге жақындап, тағы үрлейді. Кімнің купюрасы алысырақ ұшса, сол жеңеді.
Жұмбақтар:
Шарты: жауабын үш тілде айту.
2 - Жүргізуші:
Ал, ағайын тұрмайық,
Жаңа жылды жырлайық. Мультфильмдер әлемінен келген қонақтарымызды ортаға шақырайық. /5 Б сыныбы/ . Қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Кірді міне, есік қағып жаңа жыл
Ала келді айтылмаған жаңа жыр
Ескі жылмен қоштасамыз әндетіп,
Шыршаларды түрлі-түсті сәнді етіп
Ендігі кезекті «Ертегілер патшалығынан» келген қонақтарға берейік. /6 «ә» сыныбы /
Аяз ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын, Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.
Қош сау болыңдар балалар!
1- Жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз. ( музыка ойнап тұруы керек)
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
1-жүргізуші:
Жаңа
жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсің.
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін
Бүгінгі кешімізге келесі «Ертегілер елінен» келген қонақтарымызды шақырайық. /5 «а» сыныбы/
2-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ендігі кезекті Бүгіндегі сауыққой , қызыл шапанды, ақсақалды Санта-Клаустарға береміз. /7 «Ә» сыныбы/
1- Жүргізуші:
Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ән «Жаңа жыл» / 6 «А»/ (сайысты қорытындылауға)
2-жүргізуші: Ендігі кезекте Жаңа – 2019-ші жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кез де келді. Сөзді әділ қазылар алқасына берейік.
Әділ қазы мүшесі: Сонымен Бұл кештің Ханшайымы......... және Ханзадасы......... атанды. Қане қошемет білдірейік. (Қорытндыны айтып кетеді)
1- Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тоқшылықта болайық.
2 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!
Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.
1-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!
Жұмбақтар:
Бір
ақсақал жылына
Бір-ақ рет келеді.
Көп
қызы мен ұлына
Сыйлық әкеп береді.
(Аяз ата)
Қыста
жерді жауып кетті,
Ал көктемде ағып
кетті.
(Қар)
Көкке
қарап наздана
Қолын созар
күнімен.
Күз,
Қыс,
Көктем,
Жазда
да
Өзгермес бір түрінен.
(Шырша)
Жасыл
ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа
жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің.
(Шырша)
Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық,
Көрінбей кетіп қалыпты.
(Аяз)
Қыс
түсіп, қар жауса, кілең
Дала кезіп
тыншымайды.
Көрінбейтін саусағымен
Бетті
аямай шымшылайды.
(Аяз)
Бет-аузыңнан
сүйеді,
Ерні суық тиеді.
(Аяз)
Бір
кісінің он екі баласы бар,
Іштерінде
ақ, сары, қарасы бар.
Әр баласы сапарға
шыққан сайын,
Отыз шақты серігін ала
шығар.
(Жыл мен он екі ай)
Терезеге
қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)
Тікен,тікен
тік пістe.
Қысы жазы бip түсте
(Шырша)
Айналып жүріп шыршаны,
Барлық адам ән салды.
Барлығы да шаттанып,
Қай мезгілді қарсы алды?
(Қыс)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Аппақ
етіп айналаны,
Ақ көбелек айналады.
(Жапалақтап жауған қар)
Ақ
қонақ,
Қара қонақ, –
Бірін-бірі
қуады,
Кезек келіп тұрады. (Күн
мен түн)
***
Жердің жүзін шарлайсың
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың. Жол
Бір
ақсақал жылына
Бір-ақ рет келеді.
Көп
қызы мен ұлына
Сыйлық әкеп береді.
(Аяз ата)
Қыста
жерді жауып кетті,
Ал көктемде ағып
кетті.
(Қар)
Көкке
қарап наздана
Қолын созар
күнімен.
Күз,
Қыс,
Көктем,
Жазда
да
Өзгермес бір түрінен.
(Шырша)
Жасыл
ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа
жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің.
(Шырша)
Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық,
Көрінбей кетіп қалыпты.
(Аяз)
Қыс
түсіп, қар жауса, кілең
Дала кезіп
тыншымайды.
Көрінбейтін саусағымен
Бетті
аямай шымшылайды.
(Аяз)
Бет-аузыңнан
сүйеді,
Ерні суық тиеді.
(Аяз)
Бір
кісінің он екі баласы бар,
Іштерінде
ақ, сары, қарасы бар.
Әр баласы сапарға
шыққан сайын,
Отыз шақты серігін ала
шығар.
(Жыл мен он екі ай)
Терезеге
қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)
Тікен,тікен
тік пістe.
Қысы жазы бip түсте
(Шырша)
Айналып жүріп шыршаны,
Барлық адам ән салды.
Барлығы да шаттанып,
Қай мезгілді қарсы алды?
(Қыс)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)
Аппақ
етіп айналаны,
Ақ көбелек айналады.
(Жапалақтап жауған қар)
Ақ
қонақ,
Қара қонақ, –
Бірін-бірі
қуады,
Кезек келіп тұрады. (Күн
мен түн)
***

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген