400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің, Жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жылдық сценарий 2019-2020 (Қош келдің,жаңа жыл)

Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер. 
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа 
жыл мерекесін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекеміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! 


Оқушылар ортаға бимен шығады

(Шыршаны айнала «Орманда шырша туыпты» әні орындалады.)

1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке 
жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры м.а Керейбаева С.Ж береміз.
1-жүргізуші:
Армысың, аманбысың 
Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Сиыр 
жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
/”
Жаңа жыл” әні орындайтын ...................../
2- жүргізуші:

Жаңа жылдың, ең керемет сый ғажабын ұмытқан сияқтымыз ғой.

Ол кім екен ?

Жаңа жылда ең құрметті адамдар кімдер еді?

Ақ сақалды, қолында үлкен сыйлық қабы бар кім еді балалар ?

Балалар: Аяз ата

Үлпілдеген ақ торғын көйлегі бар әсем кім еді?

Балалар: Ақшақар

Онда Аяз ата мен Ақшақарды жаңа жыл тойына шақырайық. Ортаға аса таяғымен Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Дауыстап Аяз Атаны шақырады

1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
2-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
1-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата:
Бар бол, балам! Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?

2-жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
/.............../
1-жүргізуші:
Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

2-жүргізуші:

Шыршамыз қандай көрікті!

Балалар мәз болыпты,

Жаңа жылдық шыршаға

Би билеп, ән салыпты.

Ән: «Шырша жыры»


1-жүргізуші:

Келді міне жаңа жыл

Шаттық сыйлап әр үйге

Жаңа бақыт жаңа нұр

Үлкен кіші сәбиге


2-жүргізуші:

Қандай сұлу шыршамыз

Ортамызда тұр жайнап

Жаңа жылда баршамыз

Шаттанайық кел ойнап


1-жүргізуші:

Көк шыршаны қар жауып

Күміс шапан жапты оған

Жаңа жылды қарсы алып

Кел шырқайық бастап ән.


2-жүргізуші:

Кел Жаңа жыл

Бар жұртты ұғыстырып

Бауыр қылып, дос қылып, туыс қылып

Сән-салтанат құрғанға не жетеді

Туған жердің төсінде тыныш тірлік.

Хоровод: «Тауда туып, тауда өскен»


1-жүргізуші:

Жаңа жылда жаңа белден асамыз

Жаңа жылда жырмен шашу шашамыз.

Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен

Жаңа жылда тағыда алға басамыз

Аяз Ата:Балалар, сіздермен бірге болып көп қызыққа кенелдім. Енді қоштасатын уақытта жеткен сияқты. Қош сау болыңдар, балалар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі