400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош келдің, Жаңа жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған ертеңгілік сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.

Кейіпкерлер: Аяз ата мен Ақшақар, Сиқыршы, Аю, Қасқыр, Тышқан.

(Зал іші жаңа жыл тақырыбына сай безендірілген, жүргізуші көрермендер алдына шығып құттықтау сөз айтады.)

Жүргізуші:

Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді,

Болмайды той – думанның кеші мұңды.

Мерекені бастауға келіп тұрған,

Қарсы алайық Ақ көбелек балаларын.

Музыка әуенімен қыздар,артынан ұлдар кіреді. Әрқайсысы өз орындарына тұрып жалпы би билейді.

Би: Жалпы би:

Жүргізуші:

Құрметті балалар, қонақтар, мерекемізге біреу жетіспей тұрған сияқты. Кім деп ойлайсыздар?

Балалардың жауабы.

Аяз ата!

Жүргізуші:

Дұрыс айтасыңдар! Аяз ата мерекеге кешігіп жатыр. Мүмкін бізді таба алмай жүрген шығар. Бір әдемі ән айтайықшы, мүмкін естіп, бізді тез тауып алар. «Ақшақар» әні

(Әннен соң балалар отырады)

Жүргізуші:

(Сырт жақтан дыбыс естіліп, Ақшақар келеді)

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт – жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жаңа жылдарың құтты болсын құрметті қонақтар!

Жүргізуші: Амансыңба Ақшақар, неге жалғыз келдің, Ая атамыз қайда, қолындағы не қағаз?

Ақшақар: Біз Аяз Атамен келе жатқанда Сиқыршы Аяз атаны сиқырлап тастады. Аяз ата қолыма хатты ұстаттыда: «Балабақшаға тезірек жет,балалар көмектесе алады» деді.

Жүргізуші: Олай болса, хатты оқып көрейік.

Хатта:

Құрметті балалар, мені Сиқыршы сиқырлап, қатырып тастады. Сиқыршыны көрсеңдер көзіне қарамаңдар. Маған сендердің көмектерің қажет. Сендер әндеріңді қатты , тақпақтарыңды ұялмай айтсаңдар, билеріңді әдемі билесеңдер, мен қайтадан өз қалпыма түсемін. Сендерге міндетті түрде келемін, кө-ө-өп сыйлықтарымды әкелемін.

Жүргізуші:

Балалар, Аяз атаға көмектесеміз бе?

Балалар:

Иә!

Жүргізуші:

Ендеше , балаларымыздың Жаңа жыл мерекесіне арнап жаттаған өлең жолдарын (тақпақтарын) қабыл алыңыздар!

Тақпақтар.

  1. бала:

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын!

  1. бала:

Жапалақтап ақша қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаналарын арқалап.

  1. бала:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты ол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Сықырлаған дыбыс естіледі. Шанаға Аяз атаны отырығызып алып сүйреп Аю кіреді.

Аю:

Балалар, қараңдаршы. Мен Аяз атаны тауып алдым. Амандассам амандаспайды. Өзі мүлде қозғалмайды. Аяз ата ауырып қалған ба? Сендер көмектесе аласыңдар ма?

Жүргізуші:

Аю, Аяз атаны Сиқыршы сиқырлап тастаған. Сен барып барлық ормандағы аңдарға айтып, Сиқыршыны тауып әкеліңдер!

Аю: Ой, ой,ой!

(Аю келісіп, қорбаңдап шығып кетеді)

Жүргізуші:Ақшақар, балалар біз қайткен күндеда Аяз атаны құтқаруымыз керек. Мүмкін біз бір би билеп берсек Аяз ата қалпына келетін шығар.

«Аққалалар» биі.

Жүргізуші:

Аяз ата біраз жымиған сияқты. Ойын ойнасақ қайтеді Ақшақар? Мүмкін сонда Аяз ата қалпына келер?

Ақшақар:

Ойнайық! Мен бір қызық ойын білемін. Бұл ойын «Ұлпақарлар алу» деп аталады. Бірақ бұл ойынға маған тек қыздар ғана қатыса алады.

Ойын: «Ұлпақарлар алу» (қыздармен)

Ақшақар:

Рахмет қыздар! Жақсы ойнадыңдар! Бірақ Аяз атамыз тек саусақтарын ғана қозғалтты ғой,мүмкін тағы тақпақ айтып берсек пе екен.

Жүргізуші:

Айтып көрейік, келесі кезекте балаларымызды жаттап келген тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Тақпақтар:

1 бала:

Құтты болсын жаңа жыл!

Жаңа бақыт, жаңа нұр.

Тілеймін мен бар әлемге ,

Құт – берекені!

  1. бала :

Ақ қырауға оранған,

Сақалы да, мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.


  1. бала:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдыз,

Көз тоймайды қараса.


Ақшақар:

Аяз атамыз қалпына келмей қойды ғой. Не істесек екен? Мен уайымдай бастадым.

Шырша:

Уайымдамаңдар! Сырт жақтан дыбыс естілген тәрізді, кім келе жатыр екен. Аю мен қасқыр Сиқыршыны тауып әкеледі.

Сиқыршы: Жіберіңдер мені, босатыңдар, мен сендерге не істедім?

Жүргізуші: Сиқыршы, сен біздің мерекеміздің шырқын бұзып көптен күткен Аяз атамызды сиқырлап қатырып тастапсың, Аяз атаға арнап балалардың дайындаған тақпақтары, әндері мен билері бар еді. Балалардың соған көңіл-күйлері түсіп отыр.

Сиқыршы: Ой, мен дұрыс жасамаған екенмін онда. Тезірек сендерге Аяз аталарыңды қайтарып беремін. Бірақ ол үшін маған ата-аналардан, мына жерде отырған қонақтардан көмек қажет. Балалардың көңілін көтеру үшін Машаның сиқырлы сөзін айтып, сиқырды қайтаруларың керек. Бәріміз бірге «Фокус- мокус тру –ля-ля!» деп 3 рет қатты айтамыз.

Ата-аналар бірге: «Фокус- мокус тру –ля-ля!» (3 рет)

Аяз ата:

Керіліп – созылады, жан-жағына қарап амандасады.

Амансыңдарма ұлдарым,

Амансыңдарма қыздарым!

Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді мен беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Жүргізуші: Аяз ата, біздің балалар сіздің сиқырыңыз тарап, балалардың өнерін тамашалағаныңызды қатты күтті.

Ақшақар:

Аяз ата, шыршаның шамдарын жағайық!!!

Аяз ата:

Ой, мүлдем ұмытып кетіппін ғой. Кәнекей бәріміз хормен айтайық.

Қуант бізді, таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!!!

Жүргізуші: Олай болса, біздің балалар Аяз атаға арнап жаттаған тақпақтарын айтып берсін.

Тақпақтар:

  1. бала :

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

  1. бала:

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтары тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар, біздің балалар қаза тілінде ғана емес ағылшынша да ән айта алады.

Аяз ата: ООО, керемет. Онда тыңдап көрейік.

Ән: Ағылшынша

Жүргізуші: Аяз ата, бүгінгі мерекеге біздің ұлдар түрлі аңдар болып киінді, бүгін бізге Сиқыршыны әкелуге көмектескен Аю мен Қасқырдың құрметіне балалар аңдар биін билеп берсін.

Би: «Көңілді аңдар» биі (Аю мен Қасқырда билейді)

Қасқыр мен Аю: Керемет, балалар. Тамаша биледіңдер.

Сиқыршы: Мен бұндай өнерлі балаларды көрмеппін, керемет.

Аяз ата: Олай болса, мен ұлдармен бір қызықты ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Клюшкамен қар жинау» (ұлдар)

Музыка естіліп жыл басы Тышқан келеді.

Тышқан: Амансыңдарма,қонақтар, балалар. Мені қарсы алып жатқандарыңа рахмет.

Аяз ата: Қош келдің жаңа жыл! Төрлет!

Жүргізуші: Міне біздің жаңа жылымыз жыл басы Тышқанда келіп жетті. Төрлет Жаңа жыл. Балалар енді бәріміз орнымыздан тұрып, қол ұстасыз айналып «Жаңа жыл» әнін орындайық.

Ән: «Жаңа жыл»

Аяз ата: Балалар, сендер бір жылда көп нәрсе үйреніпсіңдер, ақылды бала болыпсыңдар,сондықтан сендерге әкелген сыйлықтарымды табыстап кетейін. Ақшақар қызым, көмектісіп жіберші.

Балаларға сыйлықтар таратылады.

Музыка әуенімен залдан Аяз ата мен Ақшақар, Сиқыршы, Аю, Қасқыр шығып кетеді.

Жүргізуші: Жаңа жыл бірлік берсін елімізге
Береке ырыс келсін жерімізге
Қыспақты пейіліміз жеңіп шығып
Қуаныш шашу шашсын төрімізге дей отырып бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.

Балалар мен Тышқан музыка әуенімен қол бұлғап залдан шығып кетеді.




 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
364
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі