жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қош келдің Жаңа жыл!
Тақырыбы: «Қош келдің,Жаңа жыл!»
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт,шаттық әкелсін деп арайлы.
Құрметті қонақтар,ата-аналар!Сіздерді Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.Баршаңызға денсаулық,өмірлеріңізге шаттық тілейміз.
«Қош келдің,Жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді әсем әнмен бастауға рұқсат етіңіздер.
Хор: «Шыршаға бардық!»
Әуен қосылады,сиқыршы шыр айналып кіреді.
Сиқыршы: Жаңа жыл келді,
Азаймасын ән мен жыр.
Ел көңілін көтерсін,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Бәрекелді жәрайсыңдар!Қараңдаршы,айнала неткен керемет,әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен.Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімімізді киіп жиналып қалыппыз.Бірақ...шыршамыз көңілсіз,қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен,сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
(Шырша шамы жанады,қуанып қол соғады)
Жүргізуші: Қандай керемет,ендеше,Жаңа жылға арналған тақпақтарға кезек берейік.
Айару
Тамаша,тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Нұрбол
Әппақ,әппақ қала,
Әппақ,әппақ дала.
Аяз ата келді,
Сыйлықтарын ала.
Айзере
Жаңа жылда жаңаша,
Біздің айтар әніміз.
Келдіңбе,аман алыстан,
Сәлем,Аяз атамыз.
Аруна
Әппақ таңға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оранып.
Мейіржан
Аяз ата әппақ,
Кәмпиттері тәтті-ақ.
Маған кәмпит көп берсең,
Тағы айтамын тақпақ.
Гаухар
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау,қарлы шың.
Жүргізуші: -Балалар, жәрайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші: Қәнекей,ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата,Ақша қар. Аяз ата,Ақша қар. Аяз ата,Ақша қар.
Аю: -Сәлеметсіңдерме,балалар!Жаңа жылдарыңмен!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын,қатты айқай-шудан шошып ояндым,не болып қалды деп сұрап едім,бәрінің айтатындары бір-ақ сөз:Жаңа жыл келіп қалды,Жаңа жыл,дейді.Машаныда іздеп осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған,балалар бұл кім?
Балалар: Аю
Жүргізуші: -Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой,аюды емес...
Балалар: Иә
(Көңілді әуенмен Маша келеді.Шыршаға таңырқап)
Маша: -Керемет... (деп таңырқап жүріп,шыршаның астындағы қорапты тауып алады.Машаны көрген аю,шауып келіп Машаны құшақтап алады.)
Аю: -Әрең таптым-ау,сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)
Жүргізуші: Тоқтаңыздар,кетпеңіздер,бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып,балалардың жанына келеді )
Жүргізуші: Балалар мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен сайқымазақ шығады )
Сайқымазақ: Амансыңдарма балалар! Иә,бұл мен сайқымазақпын.Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды.Ол жерде тар,әрі қап-қараңғы.Ал,мұнда сондай тамаша екен! Менде сендермен Жаңа жылды қарсы алайыншы. (шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы,
Балалар билеп қоршады.
Түрлі-түсті ойыншық,
Шыршада көз тартады.
-Ой балалар,шыршамызға Аяз ата мен Ақшақар жетіспейді.
Бәрі: Қоңырау үні сыңғырла,
Аяз ата,Ақшақар.
Біз сендерді сағындық,
Тез келіңдер ортаға.
Аяз ата,Ақшақар. Аяз ата,Ақшақар. Аяз ата,Ақшақар.
(әуенмен Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Аяз ата: Құтты болсын балалар,
Келген Жаңа жылдарың.
Адаңдамай өсіңдер,
Еркелеп қыз,ұлдарым.
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де,көріп ем.
Жыл өткізіп келем деп,
Уәдемді беріп ем.
Ойларың мен бойларыңда,
Бірдей өсіп қалдыңдарма?
Ал,мен кіммін айтыңдаршы,
Мені тани алдыңдарма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме,балалар!Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт-жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын әппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Әнмін,жырмын,тақпақпын.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер,баршаңызда алыс жолдан шаршап келген боларсыздар...Әсем әні де,биі де бар,
Отыр ата,сәл дем ал.Ұлдарымыздың орындауында «Аяз ата» биін қабыл алыңыздар.
Ақшақар: Құрметті қонақтар,мен алыс жолдан жәй келген жоқпын.Менің сіздерге арналған ойын сұрақтарым бар.
Мен білемін бір ойын,
Үйретейін сендерге.
Мен бастаймын,
Ал,сендер аяқтаңдар ойынды.
-Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр... (Жаңа жыл)
-Қызыл мұрын,ақ мұртты,
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге... (Аяз ата)
-Шырша бүгін кәделі,
Сендер әрі... (Әдемі)
-Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын-күлкі таралсын.
Құтты болсын... (Жаңа жыл)
Жүргізуші: Той,мереке,салтанат,
Думандатты шартарап.
Келді міне,Жаңа жыл,
Тартуларын арқалап-дей отыра келесі кезекте балаларымыздың тақпақтарына берейік.
Асима
Қонақтайды бақтарға,
Ақ көбелек,ақ мамық.
Аунап таза ақ қарға,
Балалар жүр мақтанып.
Дидар
Әппақ,әппақ қала,
Әппақ,әппақ дала.
Жапалақтап ақша қар,
Жауа берсін жауа.
Қазына
Көктем,жаз,күздей,
Күтіп ем үзбей.
Келдіңбе бізді,
Ақшақар іздей.
Бекзат
Жаңа жыл,жаңа жыл,
Төгілсін жаңа нұр.
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне,Жаңа жыл.
Рухая
Өзеніме,көліме,
Әсем ою ойыпты.
Ағаштардың бәріне,
Алқа тағып қойыпты.
Ақжігіт
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті
Жүргізуші: Балалар,Жаңа жыл болса кеп қалды,біздің қоштасатын доңыз жылымыз қайда?
(Осы кезде әдемі әуенмен Доңыз келеді)
Доңыз: Сәлеметсіңдерме,балалар!Сәлеметсіздерме,қонақтар!
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп.
Бір жыл бойы сіздермен,
Дос болдық шаттанып.
Мен барлықтарыңызға ризамын,менің жылым берекемен,мерекеге толы болды.
Жүргізуші: Айта берсек таусылмас,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Кел оданда халайық,
Ойын ойнайық,жаңа бір.
«»
Жүргізуші:
Тамаша,тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
- дей келе қыздарымыздың орындауындағы «Шырша» биін қабыл алыңыздар.
Доңыз: Бір жыл бойы сендермен,
Бірге жүрдім,ойнадым.
Енді міне балалар,
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: -Шыныменен,балалар,біз бір жасқа үлкейдік.Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр,олай болса,сау болыңыз,біз сізге ризамыз!
Бәрі: Қош,қош,Ескі жыл!
(Осы кезде көңілді әуенмен Жаңа жыл,Тышқан келеді)
Тышқан: Мен Жаңа жылмын,
Мен жаңа нұрмын.
Нұрымды да себейін,
Жырымды да себейін.
Жүргізуші: Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні.
Гүлденеді бақшалар,
Жауса,жаусын Ақшақар!
-дей келе,келесі кезекте «Қош келдің,Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.
Бәрі: Аяз ата,Ақшақар сіздер балалардың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой-буй,ұмытшақ басым-ай,әрине қазір...
(Барлығына сыйлық үлестіріледі)
Аяз ата: Жәрайсыңдар балаларым,мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да,балалардың өнерлерін тамашалайық.Ал,балалар сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер,қош болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді)
Бәрі: Сау болыңыздар!Рахмет сіздерге!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,балалар! «Қош келдің,Жаңа жыл!» атты мерекелік іс-шарамыз аяқталды.Осындай керемет өтуге атсалысып жүрген ата-аналар,әріптестерім сіздерге мың алғыс!Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
Жаңа жыл құтты болсын,әр отбасыға бақыт пен қуаныш әкелсін! ! !

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген