жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қош келдің ,Жаңа жыл!"
Авторы:Изкенова Алтынкүл Қайырбекқызы
Қызылорда облысы,Қызылорда қаласы .№30 «А-Айя»балабақшасы Музыка жетекшісі.
Ересек топ. Жаңа жылдық ертеңгілік .
Тақырыбы:«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасынұйымдастыру. Хормен және жеке ән айту шеберліктерінарттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Қажетті құралдар:Сиқырлы таяқша,шана,қапшық,шырша,шыпша ойыншықтары, қарлар, шелек.
Қатысушылар:Аяз ата,Ақшақар,Мыстан әже,Сиқыршы,Ата-аналар,Балалар.
Репертуарда: Тақпақтар:Балалар
Би: 1. «Бразилия» 2. «Тышқандар» 3. «Ұлпақарлар » 4. «Санталар»
Ән: 1. «Жаңа жыл ,Жаңа жыл» 2. «Джингл белз,Джингл белз» 3. «Новый год,новый год –елка шарики хлопушки» 4. «Шыршаға бардық»
Ойын:
Ертеңгілік барысы: Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл құт береке әкелсін! Балаларыңызбен бірге бақытты болыңыздар!
Біздің «Қош келдің, жаңа жыл» ертеңгілімізге қош келдіңіздер!
Музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді
Сиқыршы:
Жаңа жыл
келді,
Азаймасын ән мен жыр.
Ел
көңілін көтерсін,
Құтты болсын жаңа
жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек,
тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады
Жаңа Жылдық карнавал
Карнавалдың
иелерін қарсы алыңыздар!
Әсем әуенмен әдемі киінген балалар билеп кіреді
Т.Раяна:Бізге нағыз Аяз ата келсін!
Асқар:Дендеріңіз сау болсын!
Адина : Анамыз ешқашан ауырмасын!
Мұхаммед:Табысты жыл болсын!
Ибраһим:Бақытты болыңыздар!
Жібек:Армандарыңыз орындала берсін!
Сиқыршы:
Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы,
айнала неткен керемет, әсем мына
шыршамыздағы ойыншықтардың алуан
түрлері бар екен. Бәрімізде әп – әдемі
жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып
қаппыз. Бірақ,… шыршамыз көңілсіз, қане
менің сиқырлы таяғымның көмегімен,
сендердің әдемі сөздеріңмен шамын
жағайық!
Бәрі:
Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды
жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады,
«Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән:
«Жаңа жыл»
Жүргізуші:
Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды
айтайық.
Ибраһим:-Шыршамызда
қаншама
Түрлі – түсті шырақтар
Күлгін
түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.
Мұхаммед:
Оралдың өлкеме
Жаңа
жыл армысың!
Оранды
ақ көрпе
Асқар
тау, қарлы шың!
Жаншуақ:
Қуантып
елді ,
Жаңа жыл
келді .
Өсетін болдық ,
Бір жасқа енді.
Жүргізуші:
– Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы
жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім
келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші:
Кәнекей, ендеше бәріміз бірге
шақырайық.
Бәрі:
Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар ! 3 –
рет
Мыстан
кемпір келеді, қолында үлкен айнасы
бар.
Мыстан
кемпір:
Мәәәәссаған, мынау шырша ғой, қазір
шыршаны құртып бүлдірем. Мына шырша
неге әдемі, балалардың киімдері де
әдемі ,ал мен әдемі емеспін? Қалай осылар
секілді әдемі болам мен? Мыстан шыршаны
құлатқысы келеді, балаларды
қорқытады.
Жүргізуші
:Мыстан
әже біз шырша тойын тойлағалы отырмыз.
Қазір Аяз Ата мен Ақшақарды шақырамыз.
Аяз Ата сиқырлы таяғымен саған
көмектесер.
Аяз
ата мен Ақшақарды шақыру.
Жүргізуші:
Кәнекей, тағы бірге шақырайық Аяз атамен
Акшақарды
Бәрі:
Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар ! 3 –
рет
(әуенмен
бірге Аяз ата, ақшақар келеді)
Аяз
Ата:
Құтты
болсын, балалар
Келген Жаңа
жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп
қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді
де көріп ем
Жыл өткізіп келем
деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен
бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар
ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені
тани алдыңдар ма?
Балалар:
Аяз ата!
Ақшақар.-
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың
құтты болсын!
Сүйсіңдірер
маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт –
жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле
тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай
тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні
жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші:
Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан
келдіңіздер.
Әсем
әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем
ал.
Ән:
« Новый год,новый год»
Тақпақтар :
Даниял:
Нұрландырып маңайды
Шырша
шамы жағылсын!
Жаңа
жылдың құрметіне
Ақ
тілектер ағылсын!
Мансұр:
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел
жаңа жыл, жаңа жыл.
Қызыл
ала шапаны,
Сағындым
Аязатаны.
Асқар:
Даламызға, қаламызға
Жаңа
жыл келіп кіреді
Қартыңызға,
жалпыңызға
Жалынды
сәлем береді
А.Раяна:Жаңа
жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің
бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.
Сұлтан:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз
тұр жараса.
Басында
әсем жұлдызы,
Көз
тоймайды қараса.
Би:Санталар
Ақшақардың
сұрақтары:
Мен
білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен
бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар
ойынды.
Хормен
жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала
тұр,
Келе жатыр….
Балалар:
Жаңа жыл!
Ақшақар:
Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын
тез ата,
Келеді бізге….
Балалар:
Аязата!
Ақшақар:
Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі……
Балалар:
Әдемі!
Ақшақар:
Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын – күлкі
таралсын
Құтты болсын…..
Балалар:
Жаңа жыл! (3 рет)
Ойын:Шырша жасау
Жүргізуші:
Әуеледі
әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды
ортаға алып
Би билейік бәріміз.
Би: «Ұлпақарлар» биі
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер! Ақшақар ау ,біздің шанамыздағы сыйлығымыз қайда? Ақшақар:Білмедім ата!!!Жаңа ғана осында болған ...... Аяз ата:Балалар, сендер байқамадыңдар ма! Балалар:Жаңа ғана мыстан кемпір алып кетті!! \
Мыстан кіреді шана сүйретіп ,үстінде жаңа жыл бар.
Мыстан кемпір: Мен жаңа байқамай сыйлығыңызды алып кетіппін ренжімеңізші атаййййй!Қане түс жаңа жыл....
Ойын: «Қар жинау»
Би :Тышқандар
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Тақпақтар: Жібек: Аппақ аппақ жапалақтап
Аппақ аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.
О, алақай, Аяз ата,
Келе жатыр алыстан!
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл!
Нұршат: Жаңа жыл,Жаңа жыл. Сені күттім елеңдеп, Өзіңменен ілесіп Аяз ата келер деп
Адина:
Дедушка
Мороз придет,
Мне подарок
принесет,
Расскажу ему стишок,
Получу
конфет мешок!
Заведем мы хоровод,
Вместе
встретим Новый год!
Алиби:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз
тұр жараса.
Басында
әсем жұлдызы,
Көз
тоймайды қараса.
Ән:Ағылшын
тілінде
Жүргізуші:
Айта
берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа
жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық
жаңа бір.
Мыстан :Балалар мен сендерің ата –аналарыңмен ойын ойнағым келіп тұр.Рұқсат етесіңдер ме...? Балалар :Иә Ойын: Ата-аналармен
Аяз
ата: мына ата – аналар да мықты екен.
Енді мен дем алсам деймін.
Жүргізуші:
Иә, ата, дем алыңыз, ата-аналардың
құрметіне бразилиядан бишилер келип
қалыпты ,Тамашалайық!
Би: «Бразилия биі»
Тақпақтар
:
Санжар:
Дедушка
Мороз придет
И подарки принесет,
Очень-очень
его жду,
И под елочкой сижу!
Т.Раяна:
Келді
тағы жаңа жыл
Қуантумен
біздерді!
Құтты
болсын қуаныш,
Құттықтаймыз
сіздерді!
Айсулу:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге
арнайы келіпті.
Ойыншығын
балалар,
Шыршаға
әсем іліпті.
Ән: «Шыршаға бардық»
Би: «Флешмоб»
– Аяз
ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың
сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз
ата: Ой
– буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір,
қазір….
Ақшақар
шанадағы сырды сиқырлайды,сыйлыққа
айналады.
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Аяз
– Ата:
Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip
қуантып, алыс жерден шаршап келгенде
көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да
ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген
киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе
қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.
Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да
балалардың өнерін тамашалайық. Ал,
балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей
беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош
болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Мыстанда
бірге шығады.
Балалар:
Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата – аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген