жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қош келдің, жаңа жыл!
«Қош келдің,
Жаңа жыл!»
Жүргізуші:
Жаңа жылдың
таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа
бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен
құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық,
молшылық әкелсін
Бәрімізге мына
жыл арайлы!
Құтты болсын
ағайын!
Жаңа жылың тағы
да
Қол соғып қарсы
алайық
Шақырайық
ортаға
Ертеңгілік
басталсын
Бүлдіршіндер
тобында!
(балалар келіп
шыршаны айналып тұрады)
(музыка
қосылады Сиқыршы шыр айналып
кіреді)
Сиқыршы:
Жаңа жыл
келді
Азаймасын ән
мен жыр
Ел көңілін
көтерсін
Құтты болсын
жаңа жыл!
Құттықтаймыз
сіздерді!
Тезірек,
тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа
Жылдық карнавал
Маска да бар,
би де бар, асығыңдар
Аяз ата
шақырғанның бірі дағы
қалмайды.
Басталады,
басталады Жаңа жылдық
карнавал
Сиқыршы:
Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем
мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде
әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,...
шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен,
сендердің әдемі сөздеріңмен шамын
жағайық!
Бәрі:
Қуант,
бізді, таңырқат
Шамдарыңды
жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол
соғады)
Жүргізуші: Міне,
керемет, қол ұстасып әнімізді
шырқайық.
Бәріміз бірге шырқайық: 1.«Ақ таяғым таянып»
Келесі өнеріміз: 2.БИ «МАД индиский биі»
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы
жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші
еді?
(Балалардың
жауабы) Аяз ата мен ақша
қар
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге
шақырайық.
Бәрі:
Аяз ата, Аяз
ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 -
рет
Аю:
- Здравствуйте,
ребята! С Новым годом!
Мен қысқы
ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не
болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа
жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар
деп келдім.
Жүргізуші:
Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар.
Аю.
Жүргізуші: -
Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой.
Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды
емес...
Балалар:
иә.
(осы кезде Маша
келеді. Шыршаға таңырқап)
Маша.
–
Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып
келіп Машаны көтеріп алады)
Аю.
- Әрең таптым -
ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара
жатады)
Жүргізуші:
Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге
болыңыздар!
(Екеуі қуанып,
балалардың жаныңа келеді).
Жүргізуші: Балалар қанекей Аю мен Машаға өз өнерімізді көрсетіп жіберейікші.
ӘН: МАД әні «шыршаға бардық»
БИ: бала бақша
тобы «жаңа жыл
биімен»
Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз
бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш
шығады)
Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін.
Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі
қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа
жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар
ойнайыншы.
- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар
жетіспейді.
Жүргізуші:
Қоңырау үні
сыңғырла
Аяз ата,
Ақшақар
Біз Сендерді
сағындық
Тез келіңдер
ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 -
рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата,
ақшақар
келеді)
Аяз
Ата:
Құтты болсын,
балалар
Келген Жаңа
жылдарың
Алаңдамай
өсіңдер
Еркелеп қыз,
ұлдарым
өткен жылы келіп
ем
Бәріңді де көріп
ем
Жыл өткізіп келем
деп
Уәдемді беріп
ем
Ойларың мен бойларың
да
Бірдей өсіп қалдыңдар
ма?
Ал, мен кіммін
айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар
ма?
Балалар:
Аяз
ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың
құтты болсын!
Сүйсіндірер
маңайды
Ақшақармын
арайлы
Жалт - жұлт еткен
жүзімнен
Күміс сәуле
тарайды.
Ақшақармын
аппақпын
Қалай тыныш
жатпақпын
Менсіз қыстың сәні
жоқ
Әнмін, жырмын,
тақпақпын.
Балалар бізде өнерлеріңді тамашалайық:
Тақпақ: «тақпақтары» МАД
Би: «Чунга- чанга»
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс
жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де,
биі де бар
Отыр ата, сәл
дем ал.
Жүргізуші: келесі кезек тақпақтар.
Абылай
Тамаша,
тамаша
Шыршамыз тұр
жараса
Басында әсем
жұлдызы
Көз тоймайды
қараса
Дильназ
Шыршамызда
қаншама
Түрлі - түсті
шырақтар
Күлгін түсті
тоқаштар
Жарқыраған алтын
бар.
Асхат
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты
баршаны.
Той - маскарад
басталды,
Аяз оны
басқарды.
Раяна
Киіндік ұл мен
қыз
Аң болып, жан
болып
Танымай тұрсын
деп
Досымыз таң
болып.
Айсұлтан
Ақ қырауға
малынған
Сақалы да, мұрты
да
Аяз ата
сағынған
Сәлем берді
жұртына.
Алтын
Жаңа жылға
сәніміз
Біздің айтар
әніміз
Келдің бе аман
алыстан
Сәлем, Аяз
атамыз.
Олеся
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Наступает новый год
Что же он нам принесет?
Много сладостей,тепла.
Счастья радости сполна.
Амир
Шыршамыз да
керемет
Ойыншықтар
тағылған
Алыс жақтан келіп
тұр
Аяз ата
сағынған.
Гүлбахар
Ақ сақалды таяқты
Қалың қырау қабақты
Аяз ата аямай
Бізге сыйлық таратты
Алинұр
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Са,ындым аяз атаны
Нұрай
Әдемілеп тізілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Олег
Аппақ қыстың бояуы
Аппақ қыстың бораны
Ақ көрпеге оралды
Ақ қар байтақ даланы
Встанем под елочкой
В дружный хоровод
Весело, весело
Встретим новый год
Жүргізуші:
Әуеледі
әніміз
Жаңа кірді
сәніміз
ортаға келіп
алып
Би билейік
бәріміз.
Көрермендермен ойын
жүргізіледі.
Би: «Шляпа биі»
Ән: «Олег и Олеся » песня
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі
екенсіңдер!
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен
өнерлі, тақпақты да жақсы
айтады.
Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп
қалды, біздің қоштасатын доңыз жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен
сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, доңыз қалай дыбыстайды?
Дауысы естілмейді
ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп
ескі жылымызды қарсы
алайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген