400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау, жаңа жыл туралы өлең ,жырларды мәнерлі айта білуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы



Көкшетау қаласы №4 Еркемай балабақшасы:

Тәрбиеші: Иманбаева Айгуль Бегайдаровна





Қош келдің Жаңа жыл !

Мақсаты:Білімділік: Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау, жаңа жыл туралы өлең ,жырларды мәнерлі айта білуге үйрету

Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға ,әсемдікті көре білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: әсемделген шырша, қыс суреті,ойын өткізуге арналған құралдар.

Қатысатындар:

Аяз Ата-

Ақшақар-

Түлкі-

Қоян-

Аю-

Шал-

Орындалатын әндер: (Ән Ақ коян)

«Ән Жана жыл» хоровод

Ән«Ақшақар»

Би Кояндар

Би Ақшақарлар

Би Түлкілер

Би Андар

общий би


Аюлар


Қоян: Жаңа жылды тойлауға.

Асыр салып, би билеуге

Бізде келдік.

Қояндар (Барлығы бірге билейді





Билер: Ақшақарлар , түлкілер, аюлар,қояндар билері


Ойын : әртүрлі

Мақсаты:көңілді ,қуанышты күй туғызу, шапшаңдыққа үйрету.








Қош келдің, Жаңа жыл!

(Балалар әдемі киінген, Түлкі, Аю, Қоян және Ақшақармен бірге сахна сыртында тұрады)

Сахна сыртынан дауыс естіледі (микрофон арқылы хабарлау)

Сәлем бізден баршаға
Құттықтаймыз жар сала.
Бүгін бізде жаңа жыл,
Қош келіпсіз шыршаға.
Жаңа жылда көңілді,
Шырқалады әніміз.
Ата - аналар сіздерді,
Құттықтаймыз бәріміз.
-Қымбатты қонақтар мынау көңілсіз тұрған шыршамыздың айналасын қуанышқа толтыру үшін  ертегілер елінің қызығын тамашалайық!

(Шанасын сүйреткен , қолында балтасы бар шал келеді.

Айналасына қарап шырша іздейді,алдында кішкентай шыршалар тұрады)

Шал (): -Кемпірім құрғыр, шырша алып кел -деп мені орманға жіберіп еді, қайдан тапсам екен, біреулер байқап қалмаса жарар еді. Ой, іздегенім алдымнан табылды ғой,осы біреуін шауып алайын.

(шыршаны алып шанасына салып кетеді, сол жерде бір қолғабын ұмытып кетеді)

Музыка әуенімен Ортаға билеп түлкі 4 балаларымен шығады )

Түлкі (Аида ):-Мен түлкімін,

Тұнып тұрған күлкімін.

Бұлаң -бұлаң құйрығым,

Текке өтпейді бір күнім.

Медина: Бәрің маған жетпейсің,

Алдымнан кесе өтпейсің.

Менен басқа қуың жоқ,

Күніңді көрік еткейсің.

Түлкі: -Ой, балаларым қыста келіп қалды, қайда тұрсақ екен! Кім бізді үйіне кіргізеді дейсің, жаңа жылды қайда қарсы алсақ екен?

Биназир :  -Апатай-ау, апатай,

Таяп қалды жаңа-жыл

Әзірлейік ән мен жыр, !

Айша : Сен орманға барсаңшы,

Сыйлық таңдап алсаңшы,

(бір түлкі шалдың түсіріп алған қолғабын тауып алады)

Биназир :-Апатай мына қараңыз, бұл не?

Түлкі: -Іздегенім осы ғой.Осында тұрамыз!

Айша , Медина: -Қалайша, оған біз сыймаймыз ғой?

Таппақтар-Маша,Биназир,Адия

Түлкі: -Жоқ, сендердің апатайларың сиқыршы, қазір сиқырласам ол үлкейеді.

-Кане, көздеріңді жұмыңдар

(Үрлеп, сиқырлайды, осы кезде үлкен қолғап қойылады)

-Міне, көздеріңді ашыңдар, қандай тамаша үй кане, еріңдер соңыма осында тұратын боламыз, жаңа жылды қарсы алуымыз керек.

(түлкі балаларымен үйге кіреді, ішінде -Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл келіп қалды деп дауыстайды)

Музыка әуенімен ортаға қорбаңдап Аю 5 қонжығымен келеді:

Аю:- Кезген ішін орманның,

Мен аюмын қорбаңмын.

Қалың нудан бал таңдап,

Жүремін мен балпаңдап

- Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шудан оянып кеткенім , не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл!» - дейді.

(дауысты тыңдайды)

Аю: -Қонжықтарымды тұрғызайын, дауыс шыққан жаққа барып көрейін мүмкін солармен жаңа жылды бірге тойлармыз.

(Қар үйіндісінің астында жатқан қонжықтарын оятып алып шығады.)

Қонжықтары: -бізді неге ояттыңыз, ұйқымыз келіп тұр!

Аю: -Қойыңдар, ұйқыны, жаңа жылды қарсы алуымыз керек, жүріңдер ана тұрған үйге барып көрейк!

Келіп «қолғап үйдің» есігін қағады

Аю; -Бұл үйде кімдер тұрады?

Түлкі:-біз түлкілерміз, сендер кімсіңдер?

Аю: -Мен аю қонжықтарыммен жүрмін жаңа жылды бірге қарсы алуға келіп едік, бізді кіргізесіңдер ме?

Түлкі:-жаңа жылда қиянат жасауға болмайды, келіңдер!(үйге кіреді)

Орманға Қоян көжектерімен билеп келеді::

Қояндар-(Ерман, Антон,Амир,Альазим,Тимур,Мирас.)

Үлкен қоян: -Біз ақ қоян, ақ қоян,

Қалқиған ұзын құлағымыз.

-Құлағымызды жел үніне

Тігіп жатар сақ қоянбыз!

Көжегі Амир: -Жаңа жылға қатысып,

Сыйлық алғым келеді.

Альазим: -Орманға тез барайық,

Аяз атаны алып келейік!

Үлкен Қоян: -жаңа жылды қайда кімдермен қарсы алсақ екен,ә! : (ойланады)

Үлкен Қоян: -Ана жақтан дауыс шығады соған барып көрелік, жүріңдер көжектерім! (есікті қағады, ішінен дауыстар шығып кім тұрып жатқандарын айтады, Барлық аңдар шығады)

Аңдар: Қояндар сендерге арналған әніміз бар.

(Ән Ақ коян)

Түлкі: Жүріңдер үйге кірейік, жаңа жылды бірге қарсы алайық. Аяз атаның да келетін уақыты болды.

Музыка ойналып кішкентай ақшақарларымен Ақшақар келеді.

Ақшақар:-Ақшақарларым қараңдаршы, айнала қандай тамаша!

(шыршаны бір айналып шығады)-Сендерге шырша ұнап тұр ма?

Ақшақарлар: -Әрине бізге ұнайды

Мерей:-бірақ жаңа жылды достармен не, таныстармен бірге тойлаған қызықты емеспе?

Ақшақар: -Дұрыс айтасыңдар, ана жақта бір қызық үй тұр , дауыстар шығып жатқан сияқты , байқайықшы.

(барып тарсылдатады)

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, аңдар!!,

Жүздерімізде қуаныш,

Әр көңілде жақсы үміт.

Келе жатқан жаңа жыл,

Әкелсін көп жақсылық!

Қоян: Салеметсізбе сүйкімді ақшақарлар, сіздер де бізге келіп жеттіңіз бе? Бізбен бірге жаңа жылды қарсыаласыз ба?

Ақшақар: Иә, әрине жаңа жылды бірге қарсы алғымыз келеді.

Аю: Ендеше неге тұрмыз барлығымыз бірге қосылып ән шырқайық.

(Ән Ақшакар)

Медина: -Ал,кәнекей,достар,

Ән мен жырға басайық.

Айша: -Той думанды жалғайық.

Жаңа жылда сайланып,

Шыршамызды айналып,

Би билейік ән салып.

Баршамыз да жыр салып.

Түлкі: -Дұрыс айтасың қызым, кане дөңгелене тұрып Ән айтайық.

Ақшақар: Тоқтай тұр түлкі. Бізге біреу жетпей тұрған сияқты, қалай ойлайсыңдар? -Жаңа жылымызды Аяз атасыз қалай қарсы аламыз, кане бәріміз Аяз атаны шақырайық.

Бәрі. -Қоңырау үні сыңғырла,
Аяз ата, Аяз Ата.

Біз Сізді сағындық.
Тез келіңіз ортаға!
Аяз ата, Аяз Ата!

(музыка әуенімен бірге Аяз Ата келеді)

Аяз Ата:-Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың!

Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым.
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем.Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем.Жаңа жылдарың құтты болсын!
Қызым сен осында екенсің ғой!
Ақшақар.- Ия, Аяз Ата! Жаңа жыл құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт - жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.

Түлкілер:

1.Мария : Қол ұстасып бәріміз,

Шырша жаққа келейік.

Аяз ата келді деп,

Өлең айтып берейік

2.Адия: Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Ямур Айша Медина

3.Биназир: Аяз сүйіп терледі,

Үйге кірді терледі.

Сылдырлайды моншағы,

Шыршамыздың мол шамы.

Аяз Ата:-Бәрекелді, жарайсың! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Бәрі: -Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.

(қолдарын шапалақтайды,шырша жарқырайды.)
Аяз Ата: -Ал, тойды жалғастырайық, кане кімде қандай өнер бар?

Түлкі: Тектен-текке тұрмайық,

Жаңа жылға біз дайын.

Қыздарыммен бірге,

Шырша әнін жырлайын.

«Ән Жана жыл» хоровод

(балалар әннен соң орындарына отырады)

Аяз ата: -Кане, қыздырыңдар думанды, менің сыйлығым дайын!

Аюлар:

1.Ибрагим: Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз Атаны.

2.Нурсултан:Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Жауса жаусын ақшақар

Гүлдене бер бақшалар.

3.Саид: Қуантып бізді .

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдым .

Бір жасқа енді.

4.Айсұлтан: Шыршамыз, шыршамыз,

Көңілдіміз баршамыз.
Ән салуға, би билеуге,
Біз дайынбыз бәріміз.

5.Кирилл

Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдым,

Бір жасқа енді.

6.Адлет

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

Андар биі


Қояндар шығып тақпақтарын айтады:

1.Ерман: Тауда туып, тауда өскен

Шырша келді ортаға,

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз!

2.Мирас: :

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

3. Амир: Мен қоянмын қорқақтау,

Кішкене тілім шорқақтау.

Әнді сүйіп тыңдаймын

Бірге айтсақ шыңдаймын.

4.Альазим: Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.,

5.Антон: Келдік тағы бүгін біз

Қуантумен сіздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

6.Тимур: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.


Би Ақшақарлар

Ақшақарлар өлең:

1Арина: Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын жаңа жыл,

Құттықтаймыз сіздерді!

2.Ханшайым

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса,

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

3.Мерей:Құрметпен көп тосқан

Келді Аяз атамыз!

Келіңдер, кел достар,

Қазір ән айтамыз.

4.Қаусар: Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

5.Марина:Тамаша, тамаша .

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайдыжараса.

6.Ева: Ақшақармыз аппақпыз,
Қалай тыныш жатпақпыз.
Бізсіз қыстың сәні жоқ
Әнбіз, жырмыз, тақпақпыз.


Түлкі: - Бізге жетер ешкім жоқ

Біз сұлумыз орманда.

Қанеки бірге косыліп

Ортаға шығып балаларым,

Би билейік жақсылып!

Түлкілер


Қонжық: Түлкіжан мен балалары,

Би биледі керемет!

Биледі сәнді жараса!

Менімен де, балалар,

Би билесін тамаша!

Аюлар


Қоян: Жаңа жылды тойлауға.

Асыр салып, би билеуге

Бізде келдік.

Қояндар (Барлығы бірге билейді.)

Аяз Ата! –Өте жақсы!

Ақшақар: -Қандай керемет ән айтып , би билеп жатырсыңдар.

Балалар : -Аяз ата біз сізді жібермейміз, ойын ойнағымыз келіп тұр!(дөңгелене тұрып Аяз атаны шығармайды)

Ойын ?(екі қорапшаға әдемі мишуралар салынған)

Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: -Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы да, алдадым,
Мынаны да алдадым.
Мен түлкімін айлакер,
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)
Аю: -Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Қой оныңды

Аяз - Ата: -Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.


Түлкі: -Аяз ата енді бізге сыйлығыңызды беріңіз!

Аяз ата: -Міне, сендерге әкелген сыйлықтарым! Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.

(сыйлықтар таратылады) Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош сау болыңдар!

(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: -Сау болыңыздар! Рахмет сіздерге!
Түлкі: -Құрметті қонақтар, балалар! Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
254
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі