400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қош келдің, Жаңа жыл»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қош келдің, Жаңа жыл» 2018 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош келдің, Жаңа жыл» 2018 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

«Қош келдің, Жаңа жыл» 2018 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі
Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Түсіпқалиева Айзада Мұғиқызына береміз.
Жүргізуші: Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.
1 Сайқымазақ: Армысыздар, Халайық!
2 Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ма?
1 Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.
2 Сайқымазақ: Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.
Хоровод ән
1 Сайқымазақ: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.
2 Сайқымазақ: Мен сендерге шығыстың түнін қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір көзіңді жұмасын, ал екінші көзіңмен мына жәшіктегі тесікке қарайсын. Сонымен, ғажайып басталады.....
( Ойынға қатысушының үстіне қара плащ жабады, ойыншы тесікке қарайды, бірақ ештеңе көре алмайды.)
1 Сайқымазақ: Қалай көрдің бе? (ойыншы ештеңе жоқ деп жауап береді.)
1 Сайқымазақ: (ашуланып) Бұны қалай түсінуге болады.
Бұл не сұмдық сен ештеңе көрген жоқсынба? Сен қараңғылықты көріп тұрсын. Ғажайып, жұмбақ шығыс түні дегеніміз енді қара сонда көресің. жәшікке қарайды.
(аржағынан биші қыздар шыға келеді.)
Жүргізуші; Бұрыннан болған екен Аяз ата
Тосады екен балалар қысқы уақытта
Ақшақарды Қасына ертіп алып
Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай
Жүргізуші: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
2 Сайқымазақ: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық!
(Аяз ата ақшақарымен бірге кіріп келеді.)
Аяз Ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)
Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Жылан жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Жылқы жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
Ақшақар; Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.
Би
(билеп жатқанда ескі жыл шығады,)
Жылқы жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2018 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын қойға берем
(Сақнаға ит шығады,)
Қой: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Тауық жыл:
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, тауық, қош бол.
Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
Ән «Қош келдің жаңа жыл»
(шыршаны айнала билейді.)
Би
Аяз ата; Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.
Тауық: Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.
Жүргізуші: Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.
Аязата: Ал енді біз келместен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
Жаңа жылдық би
Жаңа жылдық әнмен шыршаны айналу
Жүргізуші: Қане балалар Аязатамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық.
Ақшақар: Қанекей балалар біріміздің артымызға тұрып алып Аязатаға арнаған тақпақ, өлең шумақтарымыз болса айтамыз.
(аяз ата ортада отырып балалардың өлең шумақтарын тыңдап сыйлықтарын береді)
Ән:
Аязата: Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға мінейік, ақшақарым, Алда барар ауыл, жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аязата, Ақшақар, Аязата ақшақар......
Ән
Би
1 Сайқымазақ: Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін.
2 Сайқымазақ: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақыт боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Жаңа жылдық ән бұл мерекенің соңы сәтті болады.
Жүргізуші: Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын.
Соңы.













1 Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн, Бақытты боп бастады жыл дастанын. Қуанышпен келді той деп жаңа жыл, Құтты болсын жаңа бақыт достарым. 2 Жүргізуші: Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа 2017 жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер 1 Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білікті басшысы Оразбеков Елтай Ниязбекұлына береміз. 2 Жүргізуші: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық, Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық. Бірімізге шынайы тілек тілеп, Бар әлемге бақытпен жар салайық! 1 Жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып, Тек жүрмеңіз сән құрып. Көңілдердей қартаймай, Шырша тұрар мәңгілік. Ал енді барлығымыз шыршаны айналып «Шырша» жырын айтайық. 2 Жүргізуші: Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған маймыл жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың? - Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік. Бәрі: Хош келдің ескі жыл. Ескі жыл: Ауылдастарым, достарым, Алғысым көп айтар менің. Дәл осындай артығырақ, Қарсы алыңдар тауық жылын. 1 Жүргізуші: - Ескі жыл сен жаңа жылымыз келген ше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік. 2 Жүргізуші: Би билейік бұралып, Қыздар тұр сұранып. Мен де тұрмын құр қалып, Шаттанайық қуанып. - Ескі жылымыздың құрметіне сыныптың орындауында биі. Қарсы алыңыздар. (Би биленеді) 1 Жүргізуші: Әнші де құс үні бар, Кірсең кештің сәні бар. Салайықшы шарықтап. Жаңа жылдың әніне Ал ағайын тұрмайық Жаңа жылды жырлайық. сынып оқушысының орындауында ән. Қарсы алыңыздар. (Ән айтылады) 2 Жүргізуші: Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер. Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел! (Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл келеді) 1 Жүргізуші: Келді жылым бақытым, Кемелденді уақытым. Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл, Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр. Аяз ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл - қыздар, бүлдіршін балаларыңа бір сәлем! Қандай жарқын жүздерің, Қандай әсем жырларың. Асулармен алысқан, Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан. 2 Жүргізуші: Сыңғырлашы сырнайым, Жаңа жылды жырлайын. Шашбаулы қыз сырғалы, Ақша қарды тыңдайық. Ақша қар: Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен маймыл жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Тауық жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін. 1 Жүргізуші: Жаңа жыл жол болсын Басқан қадам оң болсын Төрлет, төрлет жаңа жыл Бізге құтты жыл болсын. 2 Жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Тауық жылы кеп қалды ортамызға, Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт. Тауық жылы: Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық, Жаса, жаса достық бірлік туыстық. Құттықтайық жаңа жылды өнермен, Қуаныштың әр минуты тым ыстық. (Ортадан ескі жыл шығады) Маймыл: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім. Жасампаз заман бұл заман Бүгіннен ертең ғаламат Алдыңғы сапта боларсың Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді) Тауық жылы: Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар. 1 Жүргізуші: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылымыздың құрметіне сынып орындауында би. Қарсы алыңдар. (би билеп болғанда сырттан үш ергежей кіріп келеді) Ергежей 1: Аяз ата өзіңізді әрең таптық қой! Аяз ата: Әй жүгірмектер сендер неғылдеп жүрсіңдер? Қайтыңдар. Қалай жеттіңдер бұл жерге. Ергежей 2: Біз сіздің кәрі бұғыңызды жегіп, сонымен келдік. Ергежей 3: Сіз бізді қалай қайтармақ болсаңызда, біз қайталамаймыз. Кәрі бұғы шаршап әлсіреп қалды. Оған демалуға уақыт керек. Аяз ата: Тоқтаңдар! Сендер бұларың үшін жауап бересіңдер. Ергежей 1: Сіз жыл сайын жастардың өнерін көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерімізді байқамайсыз. Бүгін ақыры сәті түсіп тұр екен, біз де осы балаларға өнерімізді көрсетейік. (Бәрі жамырай шулай кетеді) 2 Жүргізуші: Аяз ата! Біз үшін бұл күтпеген жағдай, әрі тосын сый болды ғой. Оларға несін ренжисіз. Оданда бұларда да өнер бар екен біздің оқушылар Сіздің көмекшілеріңіздің өнерлерін тамашалау. біздер үшін ең жақсы сыйлық. Қане оқушылар сендер Аяз атамыздың көмекшілерінің өнерін тамашалағыларың келеме? Оқушылар : Иә Аяз ата: Жасы. Ендеше өнерлеріңді бастаңдар. (Ергежейлердің өнер көрсетіледі) Аяз ата: Ой бәрекелді! Осынау ерекше кешті бірінші рет көрдім. Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі жандарға мән бермей жүр екенбіз ғой. 1 Жүргізуші: Рахмет сендерге. Сендердің де өнерлеріңді тамашаладық. Енді алыстан ат терлетіп келіпсіңдер, біздің оқушылардың да өнерін көріңдер 2 Жүргізуші: Дөңгеленіп тұрайық, Ойын сауық құрайық. Ән шашуы шашылсын, Жаңа жылға ылайық! Ортада сынып оқушысы орындауында ән. Аяз ата: Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер! Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт. Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын. Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын. Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін. Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін. Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар. Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар. 1 Жүргізуші: Ал құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. 2 Жүргізуші:Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз. (Аяз ата, ақша қар кетеді. ) 1 Жүргізуші:Құрметті достар! 2 Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар! 1 Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тоқшылықта болайық. 2 Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/scenarii/5404-jana_2015_jyl.html
© www.ZHARAR.com









Жаңа жыл кешінің бағдарламасы

Жарияланды 16-02-2013, 13:30 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Армысыздар, қадірлі ата-аналар, қымбатты ұстаздар, аяулы оқушылар!
Жаңа жыл кешін ашуға рұқсат етіңіздер!
Қызығын да, қиындығын да көлденең тартқан 2012-ші Ұлу жылы аяқталуға да аз уақыт қалды. Өмірімізге енейін деп тұрған 2013-шы Жылан жылы табалдырықтан аттайын деп тұр.
Олай болса, Жаңа жыл баршаңыздың отбастарыңызға денсаулық пен бақыт, береке мен бірлік, жақсылық пен қуаныш әкелсін.
Ортамызға бүгінгі кештің иелерін шақырайық. (Залға 11, 10 сынып оқушыларын жай музыка ырғағымен қолдарына бенгаль оттарын ұстап кіреді, шыршаны айналып дөңгеленіп вальс билейді.)

1-жүргізуші: Армысыздар, оқушылар, ұстаздар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, сіздер үшін ән де бүгін шырқалар.

2-жүргізуші: Хош келіпсіз ақ пейілді, ата-анам,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамған.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз, балғын шақты ұл-қыздар.

1-жүргізуші: Таусылмасын! Ағытылсын ой көші,
Ағайындар, қысылмастан сөйлеші.
Ақ тілекті ағытып бір бастайық,
Бүгінгі кеш-Жаңа жылдың той кеші.

2-жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Таусылмасын Жаңа жылдың думаны,
Құтты болсын Жаңа жылың, ағайын.

1-жүргізуші: Аталы сөз-баталы сөз.
Асқар тауда асыл көп, аталы сөзде ақыл көп,- демекші, сөз кезегін үлкен кісілерге бермекпіз.

2-жүргізуші: Ағалар-ай, ақ жүзін самал өпкен,
Еңбегің ғой еліңе бағалы еткен.
Аянбай жасап жүрген қызметіңіз
Қамқорлық деп білеміз бізге еткен,- дей отырып, құттықтау сөзді __________________________________ ағайға бермекпіз.
Ән-шашу «Жаңа жыл»
1-жүргізуші: Өз перзентін асылым мен алтыным, жасыл желек жарқыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым деп перзентінің тілеуін тілейтін ата-анаға берелік.

2-жүргізуші: Дүниенің жарық күні – анамыз,
Жарық күннен қуат алған санамыз,- дей келе, 10, 11сыныптардың ата-ана комитетінің төрайымдарына сөз кезегін бермекпіз.
1-жүргізуші: Сіздердің назарларыңызға мектептің көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелерінің орындауында «Асыл әжем».
2-жүргізуші: Жаңа жылды бастайық ән мен жырмен,
Жылан жылын ашайық шашу бимен.
Олай болса кезекті биге беріп,
Қошеметпен шақырайық бишілерді.
1-жүргізуші: Би «Қара жорға», орындайтын 10 сынып оқушылары.
2-жүргізуші: Ал, кәнеки, тойға келген халайық,
Шалқытайық, шаттық әнге салайық.
Ұстаздар мен ата-ана жарасты,
Балқыта бір билеп-билеп алайық.
1-жүргізуші: Тоқта, тоқта, біз әлгі Аяз-ата мен Ақшақарды шақырып алайық. Қане бәріміз шақырайық оларды: Ау-у-у-у-у-у, Аяз-ата...(Аяз-ата мен Ақшақар кіреді. Олармен бірге сайқымазақтар, Жаңа жыл келеді.)
Көрініс.( Орындайтындар: сайқымазақтар, Ескі жыл, Жаңа жыл, Аяз-Ата, Ақшақар.)
2-жүргізуші: Құрметті Аяз-Ата, Ақшақар, Жаңа жыл, қош келдіңіздер! Сіздерді көрмегелі бір жыл болды, сағынып та қалдық. Біздің әнші, биші ұл-қыздарымыз өздеріңізге өнерлерін көрсетсін, төрлетіңіздер.(Балалар өнерлерін көрсетеді)
1-жүргізуші: Елдің жырын жырлаған,
Қайғысында толғаған.
Домбырасыз ешқашан
Жүрекке ем қонбаған.
Ән мен өлең, тәтті күй
Әр жүректі қозғаған,- дей келе, кезекті концерттік бағдарламаға берелік:
1. Оқушылар ән, би, ойын, көрініс, пародия, күлкі керуен орындайды.
2. Лотерея ойыны ойнатылады.
3. Диско-шоу.
2-жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда шаттықты!
1-жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда бақытты!
2-жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда достықты!
1-жүргізуші: Тілейміз біз баршаңызға жақсылық,- дей келе, құрметті халайық, жасыл шыршамен қоштасайық.
2-жүргізуші: Көріскенше күн жақсы болсын, ағайын! Сау болыңыздар!

Жакашева Улбал Бейсенбаевна
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы,
Жамал Ермегияев атындағы орта мектеп
орыс тілі пәні мұғалімі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
408
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі