жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қош келдің, Жаңа жыл!
«Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ
«Қош келдің, Жаңа жыл» ертеңгілігінің сценариі
Күні: 29.12.2020
Уақыты: 10:00
Мақсаты:Балаларға Жаңа жыл
мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің
қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға
қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге,
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Жаксыгелдина
Ж.Ж.
Ақшақар: 9 «А»оқушысы Махаббат
Аяз ата: Бөлеген Ж.
Сиыр жылы: 9 «А» оқушысы Амина
Түлкі: 6 «Б» оқушысы Аян
Қасқыр : 6 «Б» оқушысы Нұрмұхан
|
Кабинет мерекеге сай безендірілген. Музыка әуенімен балалар орындарына отырады. |
||
|
Жүргізуші: |
Құрметті, оқушылар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! Олай болса «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты 2021 жаңа жыл ертеңгілігімізді бастайық! Барлық жандар бір білікке қосқан үн, Бақытты боп бастады жыл дастанын. Қуанышпен келді той деп жаңа жыл, Құтты болсын жаңа бақыт достарым. Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әр біріңіздің үміттеріңіз ақталып, әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын. Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де, билер де, күтпеген таңғажайып оқиғалар болуы мүмкін. Ортамызда өздерін байқағандай әсем шырша тұр, бірақ ортамызға тағы кімдер жетіспейді? |
|
|
Балалар |
Аяз ата мен Ақшақар! |
|
|
Жүргізуші |
Қанекей,олай болса Аяз Атамызды шақырайық! Келіңдер ортаға! |
|
|
Балалар |
Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата! |
|
|
Аяз Ата мен Ақшақар кіреді |
||
|
Аяз Ата
Ақшақар Аяз Ата: |
Амансыңдар ма,ұлдарым, Аппақ сұлу қыздарым, Құтты болсын келіп жеткен Жаңа жылдарың! Өздеріңді сағынып, Көп сыйлықты әкелдім! Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Сүйсіңдірер маңайды Ақшақармын арайлы Жалт – жұлт еткен жүзімнен Күміс сәуле тарайды. Ақшақармын аппақпын Қалай тыныш жатпақпын Менсіз қыстың сәні жоқ Әнмін, жырмын, тақпақпын. Ал,олай болса жаңа жылдық мерекемізді бастайық.Шыршамыздың шамын жағайық! Кел, балалар, келіңдер! Тамашаны көріңдер. Бірге үріп шыршаның Шамдарын жағып көріңдер! Қуант бізді таңырқат Шамдарыңды жарқырат. (Балалар да бірге 3 рет қайталайды) Бір,екі,үш Шырша шамы жана түс! (Шырша шамы жанады). Шырша жыры шырқалсын! |
|
|
Хоровод:«Шырша жыры» |
||
|
Жүргізуші |
Шыршамыз жанды. Көп рахмет сізге, Аяз ата! Ал,енді біздің балалардың сізге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыз! |
|
|
Аяз Ата |
Бәрі келді!Тамашалайық! |
|
|
Балалар өз қалауымен Аяз Атаға тақпақтарын айтады. |
||
|
Аяз Ата |
Ал, балалар, сендер келер жыл қай жануардың жылы екенін білесіңдер ме? Біз айтпастан бұрын жұмбақ шешіп көріңдер. Екі айнасы бар, Екі найзасы бар, Төрт жаптырмағы бар, Бір шыбыртқысы бар.(Сиыр) Жарайсыңдар, балалар!Жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар.Ендеше жыл иесі - Сиырды қарсы алыңдар. |
|
|
Музыка әуенімен Сиыр жылы залға кіреді. |
||
|
Сиыр жылы |
Ал, мінекей мен де келіп қалдым.Енді тышқан жылы артта қалар,Жаңа жыл келер!Барлық сиырларға жолыңды бер!Біз өз қорамызда тату тәтті тұратын жануармыз.Шөп жейміз,ши жейміз - «Му-му-му-му!» маған қошемет көрсетіп қойыңдар - «Му-му-му-му!» |
|
|
Аяз Ата |
Ал, балалар, сендер Сиыр жануары қайда тіршілік ететінін білесіңдер мен? |
|
|
Балалар |
Ауылда, фермада. |
|
|
Осы кезде Жаңа жыл мерекесіне қасқыр мен түлкі кіріп келеді. |
||
|
Қасқыр мен түлкі Сиыр жылы |
Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Біз де фермада тіршілік етеміз,сондықтан да сендердің ертеңгіліктеріне келуді ұйғардық. Әсте, мен біздің ауылдан мұндай тұрғындарды көрмедім!Ал қанекей сендерді тексеріп көрейік, өз көршілеріңді біледі ме екенсіңдер.Жасырған жұмбағымды шешіңдер. Маң – маң басып келеді, Тапырақтап желеді. Мойны ұзын,үсті тау, Ертеден елге бел еді. (Түйе) Бетегелі белге бітем, Найза ұстаған ерге бітем. (Жылқы) Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (Қой) Қайырып басын тастаған, Қайқайып қойды бастаған. (Ешкі) |
|
|
Қасқыр мен түлкі жұмбақты шеше алмайды.Жауаптарын балалар айтады. |
||
|
Сиыр жылы Қасқыр мен түлкі Аяз – Ата |
Сендер бізді алдамақшы болдыңдар ма?Сендер біздің фермадан емессіңдер,шақырылмаған қонақсыңдар!Кетіңдер!Әйтпесе, сүзіп аламын. Бізді сүзбеші өтінеміз!Біз балалардың мерекесін бұзбақшы болдық,сыйлықтарының барлығын алып өзіміз жеп қойғымыз келді.Бірақ бізде ештене шықпады.Рас айтамыз енді ондай жаман қылықтар жасамаймыз!Біз де сендермен көңіл көтергіміз келеді.Бізді кешіріңдерші! Ал, балалар, қасқыр мен түлкіге сенеміз бе? Біздің мерекемізде қалсын ба? |
|
|
Балалар келіседі, мереке әрі қарай жалғасады. Жаңа жылдық флешмоб |
||
|
Ақшақар Аяз ата Қасқыр мен түлкі Балалар: Қасқыр мен түлкі Аяз ата: |
Балалар, сендерге Аяз Атамыздың әкелген сыйлықтары бар. Әрине, бір қап әкелдім. Бірақ қазір сыйлықтарыңды үйге барғанда ата-аналарың береді. Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Жарайсыңдар,балалар!Маған бүгінгі мереке қатты ұнады!Рахмет сендерге!Көңілім бір көтеріліп қалды!Келесі жылы бізді ұмытпай мерекелеріңе шақырыңдар!Шақырасыңдар ма? Иә! Міндетті түрде келуге тырысамыз! Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын Аялаймыз ару құстың ақ таңын. Өтсін солай жаңа өмірдің күндері Шарпылмасын жүректердің мұң лебі, Жарқылдасын жаңа жылдың оттары Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі. Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын!Қош болыңдар! Келесі жылы кездескенше! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді). |
|
|
Балалар: Жүргізуші: |
Сау болыңыздар Аяз ата, Ақшақар! - Ендеше, бүгінгі ертеңгілігімізді жүргізуге көмектескен кейіпкерлерімізге рахмет айтамыз! Жаңа жыл құтты болсын!Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!Осымен шырша тойы аяқталды. Келесі жылы бұдан да қызықты думанда кездескенше сау-саламатта болайық! |
|
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ № 25 орта мектебі
«Қош келдің,Жаңа жыл!»
жаңа жылдық мерекелік ертеңгілігінің сценариі
2020-2021 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген