400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қош келдің жаңа жыл»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зал іші әсем безендірілген. Залға жүргізуші, Айя, Адия кіреді.

Жүргізуші: Адия, Айя бүгін біз қандай мерекені қарсы алғалы жатырмыз?

Айя: Әрине жаңа жыл мерекесін

Адия: Жаңа жылда Аяз ата, Ақшақар келеді, олар біздерге сыйлықтар береді.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар қыздар. Аяз ата балаларға деп өз сыйлықтарын ала келеді. Сонымен қатар Аяз ата сыйлықты жай оңайлықпен бермейді. Аяз ата мен Ақшақарға арнап тақпақ, өлең айтып, өнерлерінді көрсетсеңдер ғана сыйлықтарын таратады. Оны ұмытпағанымыз жөн.Ендеше бүгінгі «Қош келдің жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді бастайық. Балаларды шақырайық. Қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа орап алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,

Бәрімізге әкелсін мына арай жыл!

О.Адия: Ау, жараңдар,

Ал қараңдар!

Жуаып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды,

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан Марстан,

Келіп Аяз атамыз

Жылды тойлап, билеп-ойнап,

Көп қызыққа батамыз.

Айя: Көрсін біздей балғынды,

Көңілденсін ол енді.

Шырқатайық ән-жырды,

Шырқатайық өлеңді.

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел жаңа жыл, біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл!

Жүргізуші: Жаңа жылдық тойында,

Көтерейік көңіл біз.

Би билеп, ән салсақ,

Риза болар шыршамыз.

Ән: «Шырша»

Екі көжектер залға кіреді, шыршаны айнала жүгіреді.

1-көжек: Құтқарыңдар, құтқарыңдар

2-көжек: Қасқыр бізді қуып келеді.

Жүргізуші: Қорықпаңдар, сендерге ешкім тимейді. Өйткені бізде жаңа жыл мерекесі болып жатыр ғой. Мерекеде зұлымдылық жасауға болмайды. Сендер уайымдамаңдар. Біздің әнімізге, биімізге қосылыңдар.

Көжектер: Рахмет сендерге

Қасқыр келеді:

Ааа... көжектерім сендер мына жерде екеңсіңдер ғой. Ұсталдыңдар ма? Ха-ха-ха

Жүргізуші: Қасқыр сен көжектерге тиме, жаңа жылда зұлымдылық жасауға болмайды. Керісініше, достасып, мейірімді болу керек.

Қасқыр: Шынымен, рас-ау. Неге мен зұлымдылық жасап жүрмін. Балалар, мен сендерге сөз беремін. Енді ешкімді, ешқашан ренжітпеймін. Естідіңдер ме?

Балалар: Естідік қасқыр

Түлкі кіреді:

Әй, қасқыр батырым. Сен мына жерде көжектермен мәз-мәйрам болып жүрсін ғой. Мен саған мына көжектерді ұста деген жоқпын ба? Сен не бітіріп жүрсін өзі? Ай-ай-ай енді жаңа жылда аш қалатын болдық-ау.

Қасқыр:

Түлкі мына жерде жаңа жыл мерекесі болып жатыр екен, өзім қызығып кеттім. Балаларға қарашы олар сондай әдемі, сүйкімді балалар екен.

Жүргізуші:

Түлкіжан, батыр қасқырсендер дауласпаңдар. Сендер аш қалмайсыңдар. Біздің мерекеге Аяз ата мен ақшақар өз сыйлықтарын ала келеді. Сендерге сыйлық береді. Көңілдеріңді түсірмеңдер, жаңа жыл мерекесін бірге қызықтаңдар.

Түлкі: Сыйлық дейсің бе? Онда келісемін.

Жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда – жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап жүр бар бала.

(ортаға өз өлеңін айтуға Семен, Даяна, Алидар, Алина, К.Адия)

Семен:

Жылдың әнін бастайын,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайын,

Көтере алмай көп қарды.

Бақша іші мереке,

Ойын-күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.

Даяна:

Аппақ тоңға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Алидар:

Ақ сақалы желбіреп,

Аяз атам елжіреп.

Алды жылдың сәлемін,

Алды сыйын әлемнің.

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Алина:

Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

Кең пейілді, мол мейірлі,

Сағынышпен табысқан.

О, Алақай! Аяз атай!

Келе жатыр алыстан.

Кел билейік, үйренейік,

Ол келгенше жаңа жыр.

Құтты болсын, құтты болсын!

Құтты болсын, жаңа жыл!

К.Адия:

Базарлықты баршаға,

Әкеліпті ол тағы.

Қарасын деп тамсанып,

Безендірдік шыршаны.

Тақпақтарды жаттадық,

Би де үйрендік көрсін деп.

Аяз ата шаттанып,

Бізге риза болсын деп.


Жүргізуші:

Бақша іші мереке ,

Ойын күлкі, асқақ ән.

Жаңа жылды қарсы алып,

Би билеп, көңілді көтерейік.

«Полька» биі (қасқыр мен түлкі биге қосылады)

Түлкі:

Қасқыр, мына балалар жаңа жыл мерекесін тек қана ән, өлең айтпай би де дайындапты. Біз не айтамыз?

Қасқыр: Рас-ау. Енді не істедік?

Түлкі: Қасқыр мына балалар тақпақ, әндер айтып болғанша біз тақпақ жаттап келейік. Әйтпесе біз аяз атадан сыйлық ала алмаймыз.

Жүргізуші:

Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата!

(Аяз атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып, шыршаның қасына тұра қалады.)

Мыстан кемпір: ПАй-пай! Мен қайда келдім? Мына шыршаның кереметі-ай! Үйге алып кетсем бе екен? (Осы кезде еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді)

Тәрбиеші: Мыстан кемпір (мыстан мән бермейді, жұла береді)

Біз «Жаңа жыл» мерекесін тойлап жатырмыз, тимеңіз шыршамызға.

Мыстан кемпір: Туу! (маңдайдағы терді сүртіп) Мына шыршаның терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой! (Сол кезде шыршадағы жылтырлаған кілтті көріп қалады) Мынай қандай қызық кілт өзі? Осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша да болар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!

Тәрбиеші: Кетті ме өзі? Балалар, кәне тойды әрі қарай жалғастырайық. Аяз ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізід шырқап, атамызды шақырайық!

Ән: «Аяз ата»

Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле –шала залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Аяз ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.

Аяз Ата:

Айналайын-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсын ба өзі?

Ақшақар:

Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді. Үйге қайтайын.

Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың? Қарашы біз тойға келдік! Кәне, балалармен амандасайық.

Құрметті қонақтарға, ата-аналарға

Бүлдіршін балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларын

Асаулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

(балалар амандасады)

Аяз ата: Рахмет, балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, балалардан ұят болады, көтер басыңды. (Ақшақар көтермей тұрады)

Аяз ата:Қарашы, балалардың киімдері қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

(Сол кезде Ақшақар жылап тұрып)

Ақшақар: Мен шырша жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!

Аяз ата: Сен жылама, ештене етпейді. Мен қазір өзімнің таяғымен жағамын.

Ақшақар: Қойыңыз ата. Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

Аяз Ата: Ендеше, біз шыршаны сиқырлы сөзімізбен жағайық:

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

(3 рет айтқанда жағылады, Ақшақар қуанады)

Тәрбиеші: Аяз Ата, рахмет! Біздің балалар қуанып қалды. Әрі қарай тойымызды жалғастырайық. Ендеше ортаға А.Айша, Ясмина М., Анатолий, Айымжан, Артур, Айлана, Ерханды шақырамыз.

А.Айша:

Жаңа жылда барлық үйге,

Аяз ата келеді.

Жаңа жылда сәбилерге,

Сыйлық әкеп береді.

Кел, келе бер, келе бер!

Аяз атамыз! Аяз атамыз!

Көп болсын мерекелер,

Көп қызыққа батамыз!

Ясмина М.:

Көрікті, бөрікті,

Аяз ата келіпті.

Беріп жатыр таратып,

Алам, анар, өрікті.

Бар баланың қонағы,

Төрлет ата жоғары.

Енді дала алақай,

Ақ күміске толады.

Жұрттың бәрі атадай,

Қашан жомарт болады.

Анатолий:

Үй алдында таң ата

Үйіліпті қар тіпті.

Қалың орман, дала да

Ақ орамал тартыпты.

Келген беттен қыс екен,

Өз өнерін бастапты.

Терезені мұзбенен,

Оюлап-ақ тастапты.

Айымжан:

Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып.

Ортада тұр ақшақар,

Көптен күткен сағынып.

Кел билейін сенімен,

Дедім тартып жеңінен.

Еріп кетпе Ақшақар,

Адамдардың демімен.

Артур:

Келді міне, жаңа жыл,

Қуанайық қарсы алып.

Асыр салып ойнайық,

Шырша айналып, ән салып.

Ал балалар, келіңдер,

Қуаныштан күліңдер.

Шаттанып бір жүріңдер,

Ән айтыңдар, би билеп.

Ерхан:

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңалық ізде сен.

Жаңа ән, жаңа жыр,

Жазып бер бізге сен.

Айлана:

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны.

Аппақ, аппақ, қар аппақ,

Аппақ, аппақ, дала аппақ.

Қырау, қырау, тал аппақ,

Айналаның бәрі аппақ!


Тәрбиеші:

Балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар. Ендеше «Шырша» ойынын ойнайық. (шартымен таныстырады)

Ойын: «Шырша»

Тәрбиеші:

Аяз ата, Ақшақар,

Тамашаны көріңіздер,

Балалардың өнеріне

Шаттанып бір күліңіздер.

Көрініс: «Үйшік»

Ақшақар:

Балалар, сендер өнерлі екенсіңдер. Мен де сендерге құр келген жоқпын. Өзімнің әнімді ала келдім.

Ән: «Ақшақар»

Айя мен Ясминаның орындауында «Ақшақар» әні

Жүргізуші:

Келді бізге жаңа жыл,

Қуантуға біздерді.

Құтты болсын қуаныш

Құтты болсын жаңа жыл!

(Ортаға Ирина, Ж.Темірлан, Камила, Жанбатыр, О.Айша, Аружанды шақырамыз)

Ирина:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне, сұлу шыршамыз,

Көптен күткен сағынған.

Кел, балалар келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

Ж.Темірлан:

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Енжарлықты тастайық,

Шырша тойын бастайық.

Камила:

Қараңдаршы далаға,

Дала аппақ ақша қар.

Тал мен үйлер қалада,

Жамылыпты ақ шатыр.

Бізбен бірге ойнайды,

Жаңа жылды тойлайды.

Барлық бала бақытты,

Болса екен деп ойлайды.

Жанбатыр:

Аппақ қыстың бояуы,

Аппақ қыстың бораны.

Ақ көрпеге оранды,

Ақ қар байтақ даланы.

Аяз шымщып қояды,

Суық та аздап болады.

Туған жердің ақ қысы,

Ақ құшағын жаяды.

О.Айша:

Ақшақарға малынып,

Аппақ тонын жамылып.

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып.

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып.

Аружан:

Аяз ата ойды қырды,

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы жаңа жылды

Ол да көптің бірі болып.

Қайда қызық болса бумен

Аяз ата сонда болды.

Күндіз бізбен ойнап үйде,

Балалармен бірге болды.

Тәрбиеші:

Үйренеміз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Ақшақар қыз өзіңізге

Ән де салып береміз.

Ән: «Ақшақар»

Ақшақар: Рахмет сендерге, балалар! Сендер мені қуантыңдар. Аяз ата, жаңа жылды қарсы алмаймыз ба?

Жүргізуші:

Жүздеріне қуаныш нұрын төккен,

Балбұл жанған беттерін аяз өпкен.

Айналайын, халайы, қарсы алыңдар,

Жаңа жылды асыға көптен күткен!

Жылан жылы кіреді.

Жылан:

Армысыз, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Амансыздарма, Аяз Ата, Ақшақар! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен жылан жылымын. Мені шын ықыласпен қарсы алғандарына рахмет! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жүргізуші:

Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,

Ұлу жылы мен жылан жылы ауысып.

Береке, бейбіт, бейбітшілік төрінде,

Тұрайық әркез татулықпен қауышып!

Жаңа жыл, балалардың сізге арналған өлеңдері бар. Қабыл алыңыз!

(Ортаға Ясмина Т., Мади, С.Темірлан, Даниал, Мерей, Батуханды шақырамыз)

С.Темірлан:

Оралды өлкеме,

Жаңа жыл, армысың!

Оранды ақ көрпе,

Асқар тау, қарлы шың.

Тоғай да, баулар да,

Ақ күміс жамылды.

Дала да, таулар да,

өзіңді сағынды.

Төбеден күн күліп,

Балалар тұр қарап.

Бәріміз бірігіп,

Тебейік сырғанақ!

Мади:

Аяз ата келіп тұр,

Сый-сияпат беріп тұр.

Балалардың өнерін,

Ақшақар да көріп тұр.

Бар баланы қуантып,

Келді міне жаңа жыл.

Тамаша жыл болса екен,

Бақыт құсы қонса екен.

Ясмина Т.:

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңалық ізде сен.

Жаңа ән, жаңа жыр,

Жазып бер бізге сен.

Жаңадан көп түрлі,

Машина бергейсін.

Жаңадан көк сырлы,

Үйлерге кіргейсін.

Даниал:

Жаңа жылын құтты болсын,

Асыл әже, жан анам!

Жайнап, атып келе жатыр,

Алдымыздан жаңа таң.

Жаңа жылын құтты болсын,

Мейірімді ата-анам,

Шалқып шығып келе жатыр,

Жаңа бір күн жотадан.

Батухан:

Төрлет енді жаңа жыл,

Үлестір құт-береке.

Көп қуаныш әкеліп,

Көп болсыншы мереке.

Мерей:

Жаңадан тақпақ,

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл жақсы-ақ.

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Жолдар мұз боп қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Жылан:

Балалар, мен сендерге ойын ала келдім. Ойынның аты: «Жылан»

(шартымен таныстырады)

Ойын: «Жылан»

Тәрбиеші: Рахмет, сізге жылан жылы. Сіз менің балаларымды бір қуантып, көңілдендірдіңіз.Балалар, ойын сендерег ұнады ма? (иә, ұнады)

Жылан:

Аппақ қардай көңіліміз пәк болсын,

Аппақ қардай арымыз да ақ болсын!

Жаңа жылға жаңа қадам басайық,

Бір алламыз жанымызға жақ болсын!

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнін, әр айын,

Тойларыңыз құтты болсын, балалар!

Тойларыңыз тойдан тойға ұлассын!

Қош сау болыңдар, балалар!

Балалар:

Қош сау болыңыз!

Мыстан кемпір:

А, бәлем! Таптым, сандық мында тр екен ғой. (оны ашайын деп жатқанда еріксіз бір күш артқа итереді)

Аяз Ата:

Мына ұрлықшы мұнда жүр екен ғой. Кәне кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.

Мыстан кемпір:

Ойбай, тағы не дейді. Сыйлық өзіме де керек.

Аяз ата:

Ах, бәлем! Олай болса өзінен көр. Мен сені қатырып тастайын.

Аяз ата: «Кәне таяғым мына мыстанды қатырып таста» (мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады)

Жүргізуші:

Аяз ата, балалар сыйлықтарын күтіп қалды. Кәне, сандықты ашайық.

(Аяз ата сандықты ашады, сыйлықтарын таратып жатқанда түлкі мен қасқыр келеді)

Түлкі мен қасқыр жүгіріп келеді.

Түлкі:

Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Сіз келіп қалғансыз ба? Біз тақпақ жаттап келдік. Біз де жаңа жылға сыйлық алғымыз келеді.

Аяз ата: Әрине, сендерге де сыйлық бар. Кәне, өз тақпақтарынды айта қойыңдар. (Түлкі мен қасқыр тақпақ айтады, аяз ата сыйлық береді)

Аяз ата:

Жарайсыңдар, балаларым! Жарайсыңдар, түлкіжан мен батыр қасқыр! Мен бүгін бір қуанып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер!

Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер! Киген киімдерін де қандай әдемі! Солай емес пе, Ақшақар?!
Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер! Аспандарың ашық болсын! Ақшақар қызымыз біздің кететін уақытымыз келді. Қош сау болыңдар!

(Аяз ата мен ақшақар кетеді)

Балалар: Қош болыңыздар, Аяз Ата, Ақшақар!

Тәрбиеші:

Жаңа жылдың шырақтары тұр жанып,

Бара жатыр қараңғы түн нұрланып.

Шырқай берсе таусыла ма әніміз,

Деп тарқалық үйімізге қуанып.

Ән: «Жаңа жыл»

Жүргізуші:

Құрметті балалар, ата-аналар! Жаңа жылдық мерекемізге арналаған ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл бөліп келгендеріңізге көптен көп рахмет! Жаңа жыл жаңа бақыт, молшылық, табыс әкелсін! Қош сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі