400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің, Жаңа Жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Залдың ішінде түрлі ойыншықтармен көмкерілген жасыл шырша безендірілген және түрлі-түсті шарлар ілінген. Балалар музыка әуенімен қол ұстасып залға кіреді. Жиналған қонақтар ыстық ықыласпен қошемет көрсетіп балаларды қарсы алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош келдің, Жаңа Жыл!

Залдың ішінде түрлі ойыншықтармен көмкерілген жасыл шырша безендірілген және түрлі-түсті шарлар ілінген. Балалар музыка әуенімен қол ұстасып залға кіреді. Жиналған қонақтар ыстық ықыласпен қошемет көрсетіп балаларды қарсы алады.

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа орап алып маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Құрметті ата-аналар, қонақтар, балабақша қызметкерлері және бүлдіршіндер келе жатқан 2017 Тауық жаңа жыл мерекеміз құтты болсын! Жаңа жылымыз жарылқасын, Ескі жылымыз есіркесін дей отырып, бүгінгі «Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүргізуші: Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Балалар: Қыс мезгілі.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қыс мезгілінде қандай мерекені асыға күтеміз?

Балалар: Жаңа жыл мерекесі.

Жүргізуші: Әрине, жаңа жыл мерекесін асыға күтеміз. Біздің ортамызда не тұр?

Балалар: Шыршамыз тұр.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Шыршамызда әдемі ойыншықтар, түрлі-түсті жылтырлар ілініп тұр. Ал, балалар, шыршамызға не жетпей тұр?

Балалар: Шамы жанбай тұр.

Жүргізуші: Ендеше, бәріміз үрлеп, шыршамыздың шамын жағайық.

Балалар: Жасыл шырша жарқыра,

Шамдарыңды жарқырат.

Осы кезде көңілді музыкамен Сиқыршы кіреді.

Балалар: Сиқыршы.

Сиқыршы: Өз сөзін айтады.

Жүргізуші: Ой, қандай керемет, ондай өнеріңіз болса,тіпті жақсы ғой. Қанеки, өнеріңізді көрейік.

Сиқыршы: Шыршаның шамын жағып береді.

Осы кезде мыстан кемпір кіреді.

Мыстан: Бұл жерде не болып жатыр.

Балалар: Жаңа Жыл мерекесін тойлап жатырмыз!

Мыстан: Менсіз қалай тойлап жатырсыңдар? Мүмкін мені күтіп отырған боларсыңдар.

Жүргізуші: Жоқ, мыстан кемпір біз Аяз атамен Ақшақарды күтіп отырмыз.

Мыстан: Мен мына сиқырлы кілтіммен Аяз-ата мен Ақшақарды қамап кеттім.

Сиқыршы:

Осы кезде сиқыршы сиқырлы таяғымен мыстан кемпірді қатырып тастайды. Сиқыршы: Балалар мен осы кілтпен ашып, Аяз-атамен Ақшақарды жіберемін.

Мыстан ашуланады.

Жүргізуші: Мыстан кемпір ашуыңызды басыңыз біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз!

Жүргізуші: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Нұрасыл: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Таңырқанып тұрмаңыздар.

Сәнді шырша шақырады,

Шырша жырын жырлаңыздар.

Келіңіздер, келіңіздер,

Биде билеп беріңіздер.

Қызығы мол жаңа жылдың,

Тамашасын көріңіздер.

Аяжан: Жасыл шырша, қош келіпсің,

Сені аңсап жүрдік біз.

Өзіңменен жаңа жылды,

Қарсы алуға келдік біз.

Жасыл шарша, қош келіпсің!

Сені күтіп жүрдік біз.

Көркейсін деп сенің жүзің

Ойыншықтар ілдік біз.

Бексұлтан: Қанша заман өткенімен,

Ескірмейтін асыл шырша.

Алатаудың көктемімен,

Доссың ғой сен, жасыл шырша.

Өзгермейсің қыс келсе де,

Бояуыңды оңдырмайсың.

Аяз шымшып тістесе де,

Жапырағыңды тоңдырмайсың.

Аружан:Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық, баршамыз.

Бағдаулет: Әкелді жыл ырыс, құт,

Әлемде той тыныштық.

Жарқын өмір жаңаша,

Жаңа жылым тамаша.

Жақсы таумен тұлғалас,

Біз осылай жылды енді.

Қарсы алайық бәріміз.

Жасмин: Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жанашыр.

Ата-әже, ата-әже

Құтты болсын, жаңа жыл!

Тілеймін мен бар адамға,

Жаңа бақыт, жаңа жыр,

Әке-ана, әке-ана,

Құтты болсын, жаңа жыл!

Аиша: Сұлу сәнді шыршаны,

Көз тоймайды қарасаң.

Біздер үшін оманнан,

Жіберіпті мырза атаң.

Жасыл шырша жанында,

Ойнап күліп барамыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Жүргізуші: Балалардың биші аяғы,

Той дегенде тұра алмас.

Жаңа жылда билеп берсе,

Қандай ана қуанабас.

Би: Бүлдіршіндер биі.

Жүргізуші: Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

О, алақай, Аязата келе жатыр алыстан! Ал, балалар, бәріміз дауыстап, Аязата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар: Аязата, Ақшақар, Аязата, Ақшақар.

Аязата: Құтты болсын, балалар,
Келген Жаңа жылдарың.
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп қыз, ұлдарым.
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем.
Жыл өткізіп келем деп,
Уәдемді беріп ем.
Ойларың мен бойларың да,
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы,
Мені тани алдыңдар ма?

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Орман, тоғайдан, үскірік аяздан, қар басқан таулардан шаршамай жеткен Аязата, Ақшақар біздің жаңа жылдық кешімізге қош келдіңіздер. Енді балаларымыздың сіздерге арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Құтты болсын, ағайын!

Жаңа жылым тағыда,

Қол соғып қарсы алайық

Шырша тойын тағыда.

Ән: «Жаңа жыл әні».

Ендігі кезекті тақпақтарға берейік!

Ақсемсер: Ақ қырауға малынған,

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынңан,

Сәлем берді жұртына.

Кел, балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

Аяз ата ортада

Иіліп сәлем беріңдер.

Нұрмұхамед: Ақшақарға малынып,

Аппақ тонын жамылып.

Сақалы мен мұртына,

Күміс моншақ тағынып.

Аяз ата келеді,

Балаларды сағынып.

Жеңісхан: Қызық думан қыс келді,

Жасыл шырша түрленді.

Сылдырлайды моншағы

Шыршамыздың мол шамы.

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Міне, сұлу шыршамыз

Би билейміз баршамыз.

Нұрай: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет, Жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Рамиль: Ортамызда шыршамыз,

Би билейік баршамыз.

Бүгін біздің ортада,

Аязата, Қаршақыз.

Күнсұлу: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аязата оралып.

Осман: Огоньки сверкают ярко,

Свечи, шарики, подарки.

Скоро сказка в дом войдет,

Скоро будет Новый год.

Альфия: В двери Новый год стучится,

Дед Мороз к нам в гости лечится.

В небе праздничный салют,

И часы двенадцать бьют.

Ирада: Долгожданный Новый год,

Мы встречаем вместе.

Будет дружный хоровод,

И стичики, и песни.

Зуля: Целый год мы ждали праздник,

И подарков, и конфет.

На снегу вчера и видел,

Дедушки Мороза след.

Рахымжан: Бар баланың қонағы,

Төрлет ата жоғары,

Енді дала алақай!

Ақ күміске толады.

Дархан:

Жүргізуші: Келіңдер жас ұландар,

Ертегімді тыңдаңдар.

Ертегімде сан қилы,

Қызық, қызық сырлар бар.

Жаңа жылдың кешінде,

Аңдар келіп бір шешімге,

Достаспақшы ниетпен

Жиналыпты келісімге.

Соныменен, балалар,

Жаңа жылға арналған

Ертегімді көріңдер.

Шын бағасын беріңдер.

«Ормандағы аңдар» ертегісін тамашалайық.

Музыка ойналады, шыршаның артынан екі қоян секіріп шығады.

  1. Қоян (Нұрсат): Ау, жараңдар, ал қараңдар,

Жауып қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды,

Сансыз аппақ көбелек.

2-Қоян (Милана): Тым алыстан, марстан,

Келіп Аяз атамыз.

Жылды тойлап би билеп,

Көп қызыққа батамыз.

Секіріп билеп жүргенде қояндардың алдынан аю шығады. Қояндар сасқалақтап қалады.

Қояндар: Амансың ба, аю паң?

Аю (Жасұлан): Жаңа жылдың алдында,

Тойды еске алдым да.

Ұйқымды ашып сергедім,

Ұйықтамаймын мен бүгін.

Жылды қарсы алайық.

Би билеп, ән салайық.

1-Қоян: Жаңа жылдың тойында,

2-Қоян: Жан салайық ойынға.

Екеуі қол ұстасып билейді. Сол кезде түлкі келеді.

Түлкі (Бегімсұлу): Қоянжанға бір сәлем,

Аю паңға бір сәлем.

Достарым жыл келеді,

Сыйлығын ол береді.

Жұмбақ шешкіш түлкінің,

Өнерін жұрт көреді.

Жаңа жылдың кешінде,

Тауып өз сыңарымды.

Тайсалмаймын биге түсіп,

Тарқатамын құмарымды.

Аю мен Қояндар: Рахмет, түлкіжан.

Жүрген жерің күлкі мен ән.

Аю, қояндар, түлкі бәрі билейді. Осы кезде орталарына кірпі келеді.

Кірпі (Инаят): Сәлем достар, аман ба?

Нұр берді шырша алаңға.

Жылға шашу шашайық,

Тойлап көңіл ашайық.

Келші, қоян, бәріміз биге салайық.

Осы кезде тиін келеді:

Тиін (Аймен): Тря-ля-лай, тря-ля-лай,

Өнершіл аңдар-ай.

Өңкей паңдар, тыңдаңдар,

Жаңа жылға әнім бар.

Қол ұстасып, биге басып,

Жыл әнін салыңдар.

Бәріңізге бір сәлем.

Бәрі бірге: Сәлем, тиін, жақсы-ақ биің.

Бәрі қол ұстасып билейді. Орталарына қасқыр келеді.

Қасқыр (Есімхан): Амансыңдар ма, бармысыңдар, ағайын!

Қане, құшақ ашайын.

Бәрі бірге: Жаңа жыл құтты болсын!

Достығымыз мықты болсын.

Жүргізуші: Тақпақ айтсам қуанып,

Би билесем бұралып.

Қошеметтеп қол соқсақ,

Қаламыз-ау қуанып.

Би: 2-би

Жүргізуші: Ал, балалар, олай болса ескі мешін жылын шаықырайық.

Ескі жыл: Ескі жылын есіркеп

Жаңа жылың жарылқап.

Қоштасамын мен бүгін,

Сіздерді қимас көңілмен.

Келер тауық жылында.

Жүргізуші: Аяулы да құрметті 2016 жыл! Сен құтты жыл болдың. Біз саған ризамыз. Ескі жыл! Сен бізден қуанышың мен қызығыңды аяған жоқсың. Енді сені тарих сапарына аттандырғалы тұрмыз. «2017 жыл қонақтап шартарапқа, 2016 жыл жазылды күн параққа». Біз сенімен мүлде қоштаспаймыз, тағы да кездесеміз. Ал, сау бол, Ескі жыл!

Жүргізуші: Келді міне, Жаңа жыл аппақ болып,

Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып.

Айналайын халайық, қарсы алыңдар,

Жаңа жылды асыға көптен күткен.

Ал, балалар, жаңа жылды шақырайық.

Балалар хормен:

Жаңа жыл музыка әуенімен кіріп келеді.

2017-Тауық жылы: Жаңа жылда барлығымыз,

Жаңа үміт таба біл.

Мешін жылдың мерекесін,

Берекеге жалғаймын.

Елде, жерде, табиғатта

Бейбіт жолды қолдаймын.

Ән: хор. Қазақстан

Жүргізуші: Енді кезекті тағы да тақпақтарымызға береміз.

Аймен: Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймыз, әрине.

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрінде.

Есімхан: Тауда туып, тауда өскен,

Шырша келді ортаға.

Бәріміз бір дауыспен,

Дейміз енді шыршаға.

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Бегімсұлу: Әсем әнге, күміс күйге

Толтырамыз ортаны.

Жарқыраған нұр ішінде,

Айналамыз шыршаны.

Нұрсат: Өлеңде әзір, әнде әзір,

Ойында әзір, бәрі әзір.

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Инаят: Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен сіздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

Нұрлыбек: Боранымен буып келді,

Жаңа жылым тағы келді.

Берекесін ала келді,

Нұрға бөлеп біздің елді.

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

Жасұлан: Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Көңілденсін ол енді,

Шырқатайық ән жырды,

Шырқатайық өлеңді.

Милана: Пусть на елке огоньки,

Загорятся ярко.

Всем на праздник Дед Мороз

Принесёт подарки.

Ойын: Балалар мен ата-аналармен.

Би: Соңғы би.

Жүргізуші: Ата-аналар, қонақтар, балабақша қызметкерлері және балалар, сіздерге зор денсаулық, отбасларыңызға амандық тілеймін. 2017 жыл жеңісті де жемісті жыл болсын деп тілей отырып, «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Еркежан балабақшасының меңгерушісі Айгүл Мамадиярқызына және Жақсыгүл Әбдіқұлқызына сөз кезегі беріледі. Ата-аналарға сөз кезегі беріледі.







«Еркежан» балабақшасы







«Қош келдің ,Жаңа-жыл!»

«Қарлығаш » ересек тобы



















Тәрбиеші: ДускееваГ.О











2016-жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі