Материалдар / Қош келдің, Жаңа жыл!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қош келдің, Жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесінің сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2021
426
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қош келдің, Жаңа жыл!


Жүргізуші: Уа, халайық, жараңдар,

Айналаға қараңдар.

Қызық көріп шат болып,

Шалқып күліп, тараңдар.

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр.

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті деп.

Қыстың әнін шырқауға шақырамын.

(Шыршаны айнала Шырша әні орындалады. Ән орындалып біткеннен кейін ертегілер әлеміне бастайтын саз ойналады да күтпеген жерден қара шайтан жүгіріп шығады.)

Шайтан: Мен шайтанмын, шайтанмын,

Көрінбейтін сайтанмын.

Ұнап қалған жандарды,

өзіммен алып қайтармын.

Жүргізуші: - Ой мынау кім? Құдай сақтасын, түрі қандай жаман еді. Аулақ-аулақ,

сәнімізді бұзба!

Шайтан: - Бұзбақ түгілі, бұзамын. Мен жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды

алдап қамап қойдым.Қазір міне, сендердің де апайларыңды алып кетіп,

ешқандай мереке өткіздірмеймін.мереке болмайды, маған мереке

ұнамайды.

Жүргізуші: Тоқта, шайтан. Анықтап қарап көрсем қорқынышты сенің түгінде жоқ

екен, сен сондай әдемісің! Сондай қап-қарасың. Мен әкетпей-ақ қойсаң

қайтеді. Сен мені әкетпеу үшін балалар не істеуі керек?

Шайтан: маған бір көңілді ән салып, би билеп берсеңдер, онда ойланып көрермін.

Жүргізуші: - Қой, балалар, ондай болса шайтекеңнің көңілін табуға тырысып

көрелік. Бәріміз қосылып көңілді үйректер биін билейік.мен әнін айтып

тұрамын. Сендер менің артымнан қайталасаңдар болды.

(Жүргізушінің үлгісі бойынша балалар көңілді үйректер биін билейді)

Шайтан: билерің ұнады. Бірақ та бәрібір мерекелеріңді бұзғым келіп тұрғаны-ай.

өткіздірмеймін дедім, өткіздімеймін.

Жүргізуші: - тоқтай тұр шайтан, келісіп көрсек қайтеді. Біздің балалар саған біраз

жұмбақ жасырсын. Егер сен шешімін таппасаң бізге бөгет болмай өз

жолыңмен жүре бер. Ал мерекемізді жалғастыраыз.

Шайтан: мен шешпейтін жұмбақ жоқ. Айта беріңдер, жасыра беріңдер, бәрін шешіп

аламын.

(әр сыныптан екі баладан жұмбақ жасырады.)

Жүргізуші: - қане балалар, мені шайтан алып кетпесін десеңдер, қиын жұмбақтар

жасыруға тырысыңдар.

(жұмбақтар айтып болған соң шайтан аяқ астынан шыңғырып, «ойбай, анау келе жатқан Алдар ғой. Тыға көріңдер балалар, құтқара көріңдер мені», - деп балалардың артына тығылады.)

Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын!

Балқанға да барғанмын,

Орхонға да барғанмын.

АҚШ қа да барғанмын,

Жапонға да барғанмын.

Шаршанқырап қалған соң,

Шайтанға мініп алғанмын.

  • Ассалаумағалейкум, балалар! Менің шайтанымды көрмедіңдер ме? Бұхараның базарына кіріп шыққанымша қашып жөнелгенін айтсаңшы.

Балалар: Көрдік!

Алдар көсе: өй мынау менің шайтаным ғой жарықтық.

(балалардың артында жүгіріп қашып жүрген шайтанды басына шылбыр салып ұстап алады.)

Шайтан: мен талайдың басын шармап едім, талайдың асын ұрлап едім, Алдар, маған

жазаң ауыр болды. балалардың алдына ант етейін! Енді өйтпеймін,

босатшы мені, Алдар!босата көр, алдареке!

Алдар көсе: шайтанның сөзіне сенеміз бе, балалар?

Балалар: Жоқ, болмайды.

Шайтан: Сене көріңдер балалар, сене көріңдер.

Жүргізуші: Жаңа жылды жақсылыққа ырымдайық балалар.

Шайтан екеш, шайтанда той қонағы саналар,

Көре жатармыз ар жағын, босатсақ болар Алдарым.

Алдар көсе: Өз күнәңді өтеу үшін мына жиылған балаларға бір қызықты ойын өткіз

немесе бір би биле. Егер баларға ұнаса мен сені босатамын.

Шайтан: Қане балалар бәріміз бірге бір би билейік.

Жүргізуші: Қуанбаған бұл күні, ойнамапты күлмепті,

Уа, халайық, той бүгін Бақыт, шаттық мол бүгін.

Таусылмайды бұл тойдың,

Дүбірімен дүрмегі.

Келе жатыр әнекей,

Бес түліктің пірлері.

Жүргізуші: Міне ендеше балалар, әр түліктің пірлері.

Тойдың жайын білгелі, өздеріңді көргелі,

Баталарын бергелі келіп түр.

5 пірдің сөздері:

Шопан ата: Шағаладай құрты бар,

Аппақ қардай сүті бар.

Ай мүйізі шақпақтай,

Шүйделері тоқпақтай,

Тегене құйрық май басқан.

Малды берсең қойды бер,

Шопан ата баласы қойлар бассын жеріңді.

Қамбар ата: Мен бір тілек тілейін,

Шын бергенін білейін.

Өңкей ала шұбардан,

Жал-құйрығы шұбалған.

Құғындарға жеткізбей,

Қашқандарды қоймаған,

Қамбар ата баласы жылқы бассын жеріңді.

Зеңгі баба: дауысы бар азандай,

Желіні бар қазандай.

Мүйізі бар жылтылдақ,

Тұяғы бар сыртылдақ.

Зеңгі баба баласы сиыр бассын үйіңді.

Ойсыл қара: Қотанға сыймас түйе бер,

Түйе берсең үйе бер.

Көзі жарық жұлдыздай,

Мойны иір қобыздай.

Құйрығы ұзын қамшыдай,

Шудасы мөлдір тамшыдай.

Азу тісі қаладай,екі өркеші баладай,

Ойсыл қара баласы, түйе бассын үйіңді.

Сексек ата: Сойса бұлақтай,

Сауса сүті бұлақтай.

Қойды көсем бастайтын,

Өткелден қорқып саспайтын.

Қарағай мүйіз серкені,

Шүйде, жаны, желкені.

Ешкім дегендей осындай – Сексек ата баласы,

Ешкі бассын жеріңді.

Жүргізуші: баталарыңызға рахмет аталар. Біздің қатарымызға қосылып кешіміздің сыйлы қонағы болуларғыңызды сұраймыз.

Ақ киімді денелі ақ сақалды,

Тондырады қасындағы тірі жанды.

Үсті-басы - ақ қырау, демі суық,

Жетіп те қалған шығар ертіп алып Ақшақарды.

  • Балалар, бұлкім туралы айтылған деп ойлайсыңдар. Ендеше ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Шайтан: мен оларды тез барып босата қояйын.Кешіміз көңілді өтсін, иә балалар!

Жүргізуші: Ал біз балалар бәріміз бірігіп, Аяз атаны шақыруды жалғастырайық.Біздің даусымызды естімесе көрші мектепке кетіп қалып жүрер.

Аяз ата: ау, амансың ба ұлдарым,

Ау, амансың ба қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

(Аяз ата мен Ақшақар балалармен амандасады.)

Жүргізуші: Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен

қуаныштымыз.

Аяз ата: Біз де сендерді көруге,

Халдеріңді білуге,

Асулардан асып,

Аппақ қарды басып жетіп қалдық.

Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтап,

Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар!

Жүргізуші: Қане балалар, Аяз атаның құрметіне бір ән салайық!

«Аяз ата» әні орындалады.

Аяз ата: Қасымда бар ақшақар,

Ол да ренжіп қалмасын.

Балаларым тілерім,

Оған да бір ән сыйлаңдар.

(Жүргізуші балаларға Ақшақардың құрметіне «Шырша» әнін шырқауды ұсынады.)

Ақшақар: Рахмет, балалар мені сыйлап құрметіме ән шырқап жатқандарыңа. Өз

кезегімде мен де сендерге арнап әкелген көңілді сыйлығым бар.

(Ақшақар балалармен көңілді ойын өткізеді.)

Аяз ата: Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Өздеріңе оралдым,

Бар сыйлығым жоралғым.

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Жүргізуші: Олай болса, Ақшақар екеуіңіз шыршаның түбінде отырып демалыңыздар.

Ал біздің балалар сіздерге арнап дайындаған сый-сияпатын көрсетпекші.

(Әр сыныптың биге деген өнерлерін тамашалық ұлттық билер.)

Аяз ата: Шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер балалар.Мен сендерге Жаңа Жылды қарсы

алу рәсімі туралы біраз әңгімелеп берсем деп едім. Жаңа жылды қарсы алып

шыршаны безендіру рәсімі Ежелгі Англия мен Германияда басталған екен.

Әр ұлт Жаңа жылды әр түрлі мезгілде қарсы алады. Мұсылмандар жаңа

жылды қашан қарсы алды.(Балалардың жауабы) Наурызбенен қаңтар

қыстың қақаған күнінде де біз көңілді шыршаның қасында, Жаңа жылды

қарсы алуға ешқашан қарсы емеспіз.

Жүргізуші: Рахмет, ата! Сіздің әңгімеңіз балаларға қызықты болып ұнады деп

ойлаймын. Біздің балалар, Ақшақардың биін тамашалығымыз келіп тұр

дейді. Ақшақар біздің балалармен бірге би билеп берсеңдиміз.

Ақшақар: Билесем билеп берейін.

Жүргізуші: Рахмет саған, Ақшақар. Мен уақытқа қарасам Жаңа жылдың келетін

уақыты жақындап қалыпты.Қарсы алайық Жаңа Жылды.

Барыс жыл келеді қарсы алайық,

Көңілденіп күлейік шаршамайық.

Барыстың құрметін бөлісейік,

Барыстардың міндетін атқарайық.

Міне, Жаңа Жыл да келді.

Ал әжейлер, шашыңыздар шашуларыңызды.

Жаңа Жыл: Айтқаныңыз келсін апай,

Мен-дағы бір қонақпын.

Он екі айда оралар,

Үлкндерден ақ ниет,

Тілек айтсын балалар.

Уа құдайым оңдасын,

Қызыр бабам қолдасын.

Келіп жатқан сағынта,

Жаңа жыл бізді жарылқа!

Ойға болып санамыз, 5-тік болсын бағамыз,

Баласындай бір үйдің, татубосын арамыз.

Жамандыққа баспайық, қиындықтан қашпайық,

Еркеліктен аулақ боп, жаңа бір іс бастайық.

Күнделікке жолатпай екіліктен қашайық.

Мықты болып деніміз, сатылмасын жеріміз,

Жауқазындай жалынды, өркендесін тіліміз.

Күйге толып төріміз, ашық болсын көгіміз.

Келген Жаңа Жылымыз ақ тілекпен осындай.

Ар болып үйге кіріңіз! Әумин.

Жаңа жылдың құрметіне «Жаңа Жыл» әні орындалады.

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі күні тілек айтпаған адам қалмасын түгелдей тілегімізді

айтайық.

Ар бол Жаңа Жыл, бар бол Жаңа Жыл!

Қадамың Құтты болсын, Жаңа Жыл!

Бейбітшілік жылы бол, Жаңа Жыл!

Құт береке жылы бол, Жаңа Жыл!

Аяз ата: Ал айналайын, Жаңа Жыл. Келген қадамыңа нұр бітсін!Мынау менің

ұлдарым мен қыздарым, бір өзіңе аманат. Жақсы жыл бол, дария нұр бол.

Жаңа Жыл: Айтқаныңызды орындаймын, атажан!

Аяз ата: Балала, мен біраз дем алдым. Арқа – басым кеңіп, ашу- аязым кеміп барады.

Бүйте берсем мен Аяз емес, тамыз болып кетемін. Сендерге көп рахмет. Алыс-

алыс ауылдар, өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді. Дорбамдағы

базарлықты сендерге таратып берсем балалар. Сендермен қоштасатын сәт

туды. Қош сау болыңыздар, балалар.

Жүргізуші: Қандай жақсы біздің Аяз атамыз,

Ол кеткен соң терең ойға батамыз.

Ақша қар болып қалықтаймыз аспанда,

Құс жолымен ән сап бара жатырмыз. Жаңа Жыл құтты,табысты, бақытты жыл болсын деп мерекемізді аяқтаймыз.

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!