Материалдар / "Қош келдің, ЖАҢА ЖЫЛ!"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Қош келдің, ЖАҢА ЖЫЛ!"

Материал туралы қысқаша түсінік
ЕРТЕҢГІЛІК: ЕРЕСЕК ТОП
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Кош келдің, Жаңа жыл!»

Мақсаты: Балаларды мерекелік көңіл-күй тудыру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну, әсер алу қабілеттерін жетілдіру. Аяз атаның, Ақшақардың, карнавалдық киімдеріне назар аударту,көңілді ойындар ойнату, бірлескен ойындар арқылы достық қарым-қатынастарын ояту.

Кейіпкерлер: Аяз ата, Ақша қар, Аққала, Жалмауыз кемпір, Түлкі, жүргізуші.

Әдемі безендірілген, зал ішіне музыка әуеніне балалар кіреді.

Жүргізуші:

Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойды,

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шат болып,

Мәз боп күліп тараңдар,

Уа, халайық құрметті,

Көмейіме жыр кеп тұр

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы ! Сәлеметсіздер ме,балалар! Бүгінгі «Кош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізге қош келдініздер!

Жүргізуші : Балалар, барлығымыз көңілді боп, жаңа жыл кешін бастайық!

(Музыка ойналып залға мыстан кемпір кіреді)

Жүргізуші: ой,бұл не дыбыс,не боп кетті өзі?

Ол шығып алып өзінің сыпырғысымен шыршаны айналып жүгіріп, балаларды түртеді.)

Мыстан кемпір: Иә,не отырыс? Бәрің өздеріңше әдемі киініп алып.Қалай?,Таныдыңдар ма мені?

Жүргізуші: Тоқтай тұр, сен мұнда қайдан келдің?

Мыстан кемпір: Менсіз көңіл көтерейін дедіңдер ме а? Олай болмайды,қазір шыршаларыңды бұзып кетемін. Ой, мынау не? Ааа, бұл сыйлығы бар сандықтың кілті ғой, шыршаны алмаймын ол тым ауыр, одан да мен мына кілтті алып кетейін,ха,ха,ха, деп сандықтың кілтті алып шығып кетеді.

Жүргізуші: Тоқтай тұр,не істеп кеттің мыстан?

(Сол сәтте көңілді әуен ойнайды. Аққала шығады)

Жүргізуші : Аққала, сен не істеп жүрсің? Аққала саған не болған, көңілсізсің ғой өзің?

Аққала: Ой,ой ой, мен ұйықтап қалыппын ғой, мына жерге сыйлықтар тұрған сандықтың кілтін тығып кетіп едім, балалар көрген жоқсыңдар ма?, - деп кілтті таппай әлекке түседі?

Балалар: Мыстан кемпір алып кетті

Аққала: Ойбуй енді қайттым?

Жүргізуші: Аққала, уайымдама,мүмкін кілт Аяз атада болар.Балалар, Ақшақар мен Аяз атаны шақырайықшы, мүмкін бізге солар көмектесер.

Бәріміз осы жерге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

(Балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырады. Көңілді әуен қосылып, жарқыраған Ақшақар кіріп келеді)

Ақшақар: Сәлеметсңдер ме балалар, қонақтар.

Жүргізуші: О Ақшақар, сенің мұнда болғаның қандай жақсы! Бізге көмегің керек. Мыстан кемпір біздің барлық сыйлықтарымыз салынған сандығымыздың кілтін алып кетіпті, таппай жатырмыз.

Ақшақар: Мен сендерге көмектесемін. Ол үшін бірінші Аяз атаны тауып алуымыз керек. Жаңа жылдық кешке бірге келе жатқанбыз, алдымыздан мыстан шығып, жолымызды орап кеттіп, содан қатты боран болып бір – бірімізден адасып кеттік.

Жүргізуші: Ақшақар сен көңіліңді түсірме! Аяз атаны да табамыз, кілтті де Мыстан кемпірден қайтарып аламыз.Ақшақардың көңілін көтеру үшін қыздарымыз би билеп берсін.

  1. (Қыздар биін билейді)

Жүргізуші: Қане,балалар, Аяз атамызды шақырып көрейікші,мүмкін біздің дауысымызды естіп келіп қалар.

(Сол сәтте әсем әуенмен Аяз ата кіріп келеді)

Аяз ата: естіп тұрмын,естіп тұрмын, келіп қалдым құлыншақтарым.Өздеріңді сағынып келдім. Жаңа жылдарың құтты болсын. Жаңа жыл береке, бірлік әкелсін. Барлығы үшін бақытты да қуанышты кезең болсын. Жаңа жылымызды одан әрмен көңілдірек болуы үшін шырша шамдарын жағайық.

Кәне,бәріміз 1,2,3, шырша шамы жарқырай түс,деп айтайықшы. (Шырша шамдары жағылады)

Жүргізуші: Олай балса жарқырағант шыршамызға арнап. «ШЫРША ЖЫРЫ»әнін айтып берейік

  1. Ән: Шырша жыры

Аяз ата: Қандай керемет! Шеттерінен өнерлі балалар екен. Меніңде сендерге арнап алып келген ойыным бар еді, сол ойынды ойнатып жіберсек қалай қарайсыңдар?

  1. (Аяз ата ойыны ойнатылады) музыкалық ойын

Жүргізуші: Балалардың көңілі көтеріліп қалды. Аяз ата ойыныңыз көңілді екен. Келесі кезекте қыздарымыздың Жаңа жылға арналған жыр шумақтарын қабыл алыңыздар!

  1. (Қыздар жаттауы) тақпақтар

Балалар Аяз ата келіп төрт көзіміз түгелденді. Жаңа жылымыздың сәні кірді. Кешімізді әрі қарай қызықты өтуіне ат салысайық. Аяз ата, Ақшақар сідерге арнап, ұлдарымыздың биін ұсынамыз.

  1. (Ортада ұлдар биі) (САНТА КЛАУСТАР)

Жүргізуші: Мұнымен біздің балалардың өнері таусылған жоқ. Жаңа жылға деген әсем әндерін тамашалаңыздар.

  1. Ән: Келді міне Жаңа жыл!)

АҚШАҚАР: Аяз ата, балалар қаншама өнер көрсетіп жатыр дайындаған сыйлықтарымызды шығара берейік.

Аяз ата: Ия, әрине, қане аққала алып келші сылық толы сандығымды.

Аққала: Аяз ата Жаңа жылдық сыйлықтарымызды балаларға бере алмайтын болдық қой, сыйлықтар салынған сандықтың кілтін Мыстан кемпірге ұрлатып алдым. Кешіріңдерші, Жаңа жылдық кешті бұзғым келген жоқ еді.

(Сол сәтте қу түлкі кіріп келеді)

Түлкі: Қандай тамаша кеш болып жатыр. Мені неге шақырмағансыңдар? Мен сендердің дауыстарыңды естіп келдім, кілт жоғалды дейсіңдер ме,сендер іздеп жатқан сандықтың кілтін алып кеткен Мыстан кемпірдің қайда екенін білемін, бірақ айтпаймын.

Аяз ата: Кел түлкі! Жаңа жылды бірге қарсы алайық, ортамызға қосыл!

Түлкі: Аяз ата менің жай ғана ортаға қосылғым келіп тұрған жоқ!

Жүргізуші: Түлкі біз саған жақсылап өнерімізді көрсетейік. Қабыл ал!

  1. (Ұлдар жаттауы) тақпақтар.

Түлкі: Өөөй,мұндайды мен де айта аламын, түк те таң қалдырмадыңдар.

Аққала: Түлкі,түлкішек балалардың басқа өнерлері бар,мен білем, соны тамашала,керемет әсер аласың

  1. (Оркестр)

Түлкі: Ой,керемет, қандай өнерлісіңдер маған ұнап қалды бәрі,бірақ бәрібір бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты, қалай істесем екен а,мыстанның кілті қайда тыққанын айтсам ба екен, әлде айтпасам ба екен?

Бәрі: Түлкі, айтшы енді тез,балалар сыйлық алулары керек қой.

Жүргізуші: сенің ішіңде жатқан бір қалауың бар сияқты ғой, айта бер, шамамыз келгенше орындармыз.

Түлкі: Менің ойын ойнағым кеп тұрғаны.

Аққала: Мен бір ойын білем және мына қонақтармен ойнағым келіп тұр.

  1. Ойын: «ОРЫНДЫҚ»

Түлкі: Уф,шаршап та қалғандаймын,әрі демалып та, қандай керемет қызықты ойын, көңілем көтеріліп қалды, олай болса мен мыстанды шақырып әкелейін.

Эээйййй,мыстан досым бері кел, мына жерде қызық думан болып жатыр.ЫСҚЫРАДЫ.

(музыкамен мыстан келеді).

Мыстан: Мені шақырдың ба түлкі досым, не болды,ысқырығың жер жарды ғой.

Аққала мен түлкі мыстаннан кілтті сұрайды.

Мыстан кемпір: Менің көңілімді тапсаңдар кілттің қайда екенін айтамын:

Жүргізуші: мыстан кемпір, біздің қыздар ән айтып берсін

ӘН: «Жаңа жыл»

Мыстан кемпір: ммм,қыздар әнді жақсы айтады екен, бірақ әлі көңілім көтерілмеді.

Ақша қар: Ендеше, аққала мен балалармен ойын ойна,көңілің көтерілер.

  1. ОЙЫН: « КІМ ЖЫЛДАМ»

Мыстан: Ой, шаршап қалдым ғой, біраааққ?

АЯЗ-АТА: Тоқтааат! Әй,мыстан жетер енді сенің еркелегенің,қане мыстан кілтті қайтар, әйтпесе қатырып тастаймын өмір бақи қатып тұрасың.

Мыстан: жә,жә Аяз ата,ашуыңызды басыңыз.Кешіріндер мені, бәріңіз!!!! Мен енді балалардың сыйлықтарын ұрламаймын. Келесі де тек мейірімді , сыпайы боламын деп уәде беремін, сөйтіп кілтті қайтарады.

Бәрі: қуанады.

Жүргізуші: Ал, ендеше бәріміз, балалардың «Достық» биін тамашалайық

  1. БИ: «ДОСТЫҚ»

Жүргізуші : Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді.Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын,

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл,

Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым! — дей отырып, құрметті қонақтар, осымен жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет.

Жылдан- жылға аман-сау жете берейік!














БАҒДАРЛАМА «ҚҰЛЫНШАҚ»

  1. КІРУ

  2. Жүргізуші : Балалар, барлығымыз көңілді боп, жаңа жыл кешін бастайық!

  3. Мыстан кіреді

  4. Аққала шығады

  5. Ақшақар кіреді

  6. (Қыздар биін билейді)

  7. Аяз ата келеді

  8. Шам жағады (музыка)

  9. Ән «Шырша жыры»

  10. (Аяз ата ойыны ойнатылады) музыкалық ойын

  11. (Қыздар жаттауы) тақпақтар

  12. Би: (САНТА КЛАУСТАР) (ұлдар)

  13. Ән: Келді міне Жаңа жыл!

  14. ТҮЛКІ келеді)

  15. (Ұлдар жаттауы) тақпақтар.

  16. (Оркестр)

  17. Ойын: «ОРЫНДЫҚ»

  18. Мыстан қайтадан кіреді

  19. ӘН: «Жаңа жыл» қыздар (Сара,Ясмин,Асылым)

  20. ОЙЫН: « КІМ ЖЫЛДАМ»

  21. БИ: «ДОСТЫҚ»


Р















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!