Материалдар / «Қош келдің, Жаңа жыл»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қош келдің, Жаңа жыл»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салыды үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2017
415
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Жаңа жыл мерекесі






Дайындаған: Хабилхан А.



















2017 жыл


«Қош келдің, Жаңа жыл»


Балалар музыка әуенімен залға кіріп,шыршаны айнала тұрады.

Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды!

Жүргізуші :Сұлу шырша түрленген,

Ойыншықтары ілінген .

Неге мұнша көңілсіз ,

Жарқырамай тұр екен!

Ақан : Міне, тағы тұр келіп,

Жаңа бір жыл балалар.

Жадыратып жер үстін

Төрімізге ол шыққан

Бақыттымыз, сәндіміз

Жаңа жылды сондықтан

Бәрі: Құттықтаймыз бәріміз!!!


Жансая: Жаңа жылды біз тойлап,

Мақтанамыз бәріміз.

Өлең де әзір, ән де әзір

Ойын да әзір, бәрі әзір.


Дінмұхаммед: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Кел, балалар келіңдер

Тамашаны көріңдер!


Дамир:Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген,

Қандай сұлу шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.


Ақнұр: Даламызға, қаламызға

Жаңа жыл кіріп келеді

Үлкенге де , кіші ге де

Жалынды сәлем береді!


Айша:Тілеймін мен, бар әлемде

Дос көп болсын жанашыр

Ата- әже, ата- әже

Құтты болсын,жаңа-жыл!


Елназар: Қызық думан күн келді ,

Жасыл шырша түрленді.

Аяз сүйіп терледі

Үйге кірді төрледі .

Сыңғырлады моншағы

Шыршамыздың бар шамы.

Анзор: Тауда туып, тауда өскен,

Шырша келді ортаға

Бәріміз бір дауыспен

Дейік енді шыршаға.

Бәрі : Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

Асылбек: Біздің сұлу шыршамыз

Көңілсіздеу тұр екен !

Жарқырап әсем шамдарың

Көңілденіп күлсе екен!


Жүргізуші: Неге шырша ренжіді

Айтындаршы балалар

Жағу үшін шамдарын

Табамыз тағы амалдар!

Хадиша: Бір амалын табайық

Көңілденсін шыршамыз

Алақанды соғайық,

Бір кісідей баршамыз.

( балалар қолдарын соғады. Шамдары жанбайды.)

Жүргізуші: Шырша бізге өкпелі

Бұл да көмектеспеді!

Мақтау сүйер шыршаны,

Мақтасаң егер қайтеді?

Жүргізуші: Асыл моншақ тағынған,

Көптен күтіп сағынған .

Міне, сұлу шыршамыз,

Ән шырқайық , баршамыз!

Ән«Шырша әні»

Жүргізуші:-Балалар менің бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Мұқият тыңдандар.

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапанды

Күтеміз ...(Аяз атаны)

Жүргізуші:- Дұрыс айтасындар! Олай болса дауыстап Аяз атаны шақырайық!

(балалар аяз атаны шақырады. Орнына сиқыршы- Абдурахман Роман кіреді де, бәріне иіліп сәлем береді)

Сиқыршы: Ассалаумағалейкум , мен сиқыршы Абдурахман Романмын . Неге айқайлап жатырсыңдар? Біреуден адасып қалдындарма?

Жүргізуші:-Сәлеметсіз бе, сиқыршы? Бүгін жаңа жыл. Балалар Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр, сол мерекеге Аяз атаны шақырған едік, сіз пайда болдыңыз!

Сиқыршы: -Ә, солай-ма? Мен сиқыр мектебінін 1-ші сыныбында оқимын. Бірнеше сиқыр жасап үйреніп жүрмін!Сендердің дауыстарыңды естіп көмек керек па деп ойладым.

Жүргізуші: -Әрине сіздің қолыңыздан келсе бізге Аяз атаны тауып беріңіз!

Сиқыршы:- Қане көрейін ! Трах-тиби-дох! Трах-тиби-дох! Аяз ата кел! Аяз ата кел!

( музыка әуенімен Аяз атанын орнына Ақшақар болып киінген Мыстан кемпір кіреді)

Мыстан Кемпір:Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармен арайлы!

Жалт-жұлт еткен жүзімен

Күміс күлкі тарайды!

Алақай-ау, алақай.

Кел, билейік, балалар! (Рэп стилінде айтылады)

Жүргізуші:- Ой, Сиқыршы! Мынау кім? Ақшақармын дейді... Ақшақарға мүлдем ұқсамайды!

Сиқыршы:- Бұл қалай болғаны? Мен бір жерден қателестім! Қазір, қазір! Жөндеймін!

Мыстан Кемпір:- Неге? Неге? Құлағың үлкен, тісің үлкен! Ал, менің жүрегімнің қандай үлкен екенін білесің бе? Көрсетейін бе? (қойнынан резинаға байланған үлкен жүректі тартып алып көрсетеді) Кел, менімен құшақтасқың келе ме?

Жүргізуші:- Жо-жоқ! Сиқыршы,тезірек қатеңді түзе! Бізге нағыз Ақшақарды шақыр!

Сиқыршы: - Қазыр,Қазыр! Трах-Тиби-Дох!Трах-Тиби-Дох! Ақшақарым кел, кел!

(алақанын соғады, музыка әуенімен сыпырғышқа мінген Ақшақар кіреді)

Ақшақар: - Ха-ха-ха! Не болды мені мазалап? Тағы не мереке? У-у-у, қандай балалар, жеп қояйын ба?

Жүргізуші: - Ойййй, сиқыршы мынау кім? Ақшақар ма?

Сиқыршы: - Қазыр, қазыр!Трах-Тиби-Дох!Трах-Тиби-Дох! Ештеңе шығатын емес! Мұның бәрі Мыстан кемпірдің ісі! Менің сиқырымнан да күшті!

Жүргізуші: - Енді не істейміз?

Сиқыршы: - Бізге тек Аяз ата ғана көмектесе алады. Аталарың келмейді пенсияға шығып кетіпті деп естідім!

Ақшақар:- Ха-ха-ха! Пенсияға? Ал, мен белінен радикулит ұстап ауырып қалыпта деп естідім!

Жүргізуші: - Айтасыңдар-ау! Қазыр келеді!

Мыстан кемпір:- Ал, қайда ол?

Жүргізуші: - Балала, мүмкін Аяз атаны дауыстап шақырамыз!

(балалар аяз атаны шақырады, таяғын тарсылдатып, Аяз ата кіреді)

Аяз ата: - Амансыңдар ма, балалар, қонақтар?

Құтты болсын, балалар,

Келген жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелей ұл-қыздарым

Өткен жылы келіп ем

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем

Ойларың да, бойларың да

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал, мен кіммін айтыңдаршы,

Мені тани алдыңдар ма?

Балалар:- Аяз атасыз!

Жүргізуші: - Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз!

Аяз ата: - Балалар,неге көңілсіз отырсыңдар!

Жүргізуші: - Ойй, Ата мына жерде бір түсініспеушілік болып тұр! Мыстан кемпір Ақшақармын дейді, ал, Ақшақар Мыстан кемпір болып кеткен! Нее болғаны белгісіз!

Аяз ата: -Не дейді?

Мыстан кемпір: - Аташка мені таныдыңыз ба? Мен сіздің немереңізбін ғой!

Ақшақар: - Ха-ха-ха! Пенсионер келіп қалыпты ғой! Біз сізді ауырып қалыпты деп естіп, қуанып жатырмыз!

Аяз ата: - Иа, жағдай түсінікті болды! Сиқыршы рас айтқан екен! Мен қазыр келеңсіз жағдайды түзейін! Сиқырлы менің таяқшам

Әмірімді тыңдағың

Мынау кеткен қатені

Өзің жөндеп оңдырған

(таяғымен жерді 3 рет ұрады, Ақшақар қолындағы сыпырғышты тастай салады)

Ақшақар: - Оййй, Ата, маған не болған? Басым ауырып кетті ғой! Ұйықтап қалған сияқтымын!

Аяз ата: - Қызым-ау, өзіңе келдің бе? Жақсы болды! Ау, Мыстан, сен неге үндемей тұрсың?

Мыстан кемпір: - Оййй,ойй! Менің де басым ауырып барады!

Аяз ата:- Мыстан, сен сондай бұзақылығыңды қашан қоясың?

Мыстан кемпір: - Мен не істедім? Бір нәрсе болса, болды мен кінәлі!

Аяз ата: - Мыстан қане, Доғар! Өз кінәңді мойындап, балалардан кешірім сұра!

Мыстан кемпір: (жыламсырап) – Қайдан мені мерекеге шақырмайсыңдар! Сосын мен осылай жасауға мәжбүр болдым!

Жүргізуші: -Жарайды, Мыстан апа, ренжімеңіз! Одан да Аяз ата, Ақшақармен жаңа жыл мерекесін тойлайық!
Би «Маккарона»

Жүргізуші: - Ал, қане балалар, шыршаны айналып, ән салайық!

Ән «Шырша жыры»

Ойын «Ұр тоқпақ»

Аяз ата: -Ой, балалар, мен ыстықтап барамын!

Жүргізуші: - Балалар, қане Аяз атаға жел соқтырайық!

(балалар гуілдетіп жел соқтырады)

Аяз ата: - Рахмет! Ал, мен енді отырып демалайын!

Мыстан кемпір: -Ойбай! Белім үзіліп барады! Шаршап кеттім!

Би «Мыстан кемпір, Ақшақар»

(барлығы отырады)

Жүргізуші: - Ал, құрметті қонақтар, біздің балалардың сіздерге дайындаған сый-сыйапаты бар. Соны тамашалаңыздар!

Би «Валсь»

Аяна:

Жасыл шырша жайнаған

Жарқыраған нұрменен

Қандай ғажап айналам

Құлпырғандай гүлменен

Той думанда тойлаған

Пәк жандармыз мәңгі біз!

Жүректе нұр ойнаған

Бізде сіздей сәндіміз!

Мансур:

Бар баланың қонағы

Төрлет ата жоғары

Енді дала алақай

Ақ күміске толады

Жұрттың бәрі атадай

Қашан жомарт болады

Камила:

Ақ қырауға малынған

Ақшақардай сақалы

Көптен күтіп сағынған

Көрдім Аяз атаны.

Алишер

Базарлықты баршаға

Әкеліпті ол тағы

Қарасын деп тамсана

Безендірдік шыршаны.

Олжас

Тақпақтарды жаттадық

Би де үйрендік көрсін деп

Аяз ата шаттанып

Бізге риза болсын деп

Хадиша:

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Бізбен бірге ойнайды

Жаңа жылды тойлайды

Барлық бала ақылды

Болса екен деп ойлайды

Дінмұхаммд:

Аяз ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата

Асып өтіп асқар тауды

Жеттің бізге таң ата

Барымызды, әнімізді

Аямайық сізден біз

Би «Айша»

Ақшақар: - Неткен өнерлі балалар! Менің де сый-сыйапатым бар!

Ән «Жаңа жыл»

Мыстан кемпір: - Менде бос келген жоқпын! Сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма?

Балалар: - Иә!

Ойын: «Томпи»

Жүргізуші:- Балалардың лебіздерін тыңдап көріңіздер!

Аяна: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Таңырқанып тұрмаңыздар!

Сәнді шырша шақырады

Шырша жырын жырлаңыздар!

Анзор : Тағы келді, жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймын сіздерді

Ақан: Жаңа жылды, қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз

Жарқын-жарқын ән салып

Жалғасады жырға жыр!

Жансая: Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз!

Асылбек: Тілеймін мен бар әлемге

Жаңа бақыт, жаңа жыр

Әке-ана, әке –ана

Құтты болсын Жаңа жыл!

Камила: Сақалы аппақткүмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны!

Анзор: Келді тағы жана жыл

Қуанып қарсы ала біл

Аяз ата сыйлығын

Алайық айтып жаңа жыр

Елназар: Ескі жылмен қоштасып

Шығарып сап келеміз

Жаңа жылмен достасып

Алға баса береміз

Аиша: Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді!

Ән «Жаңа жыл»

Аяз ата: - Ой, жарайсың Мыстан! Балаларды бір қуантып тастадың! Ал, енді біздің баратан жерлеріміз әлі де көп, біздің кетуіміз керек!

Мыстан кемпір: - Қонаққа барғанды мен де ұнатамын! Мені де апаршы!

Ақшақар: - Ата сіз ештеңе ұмытқан жоқсыз ба?

Мыстан кемпір: - Әйй, Ата шынында саған пенсияға кету керек! Балаларға дайындаған сыйлығың қайда?

Аяз ата: - Әйй, Кәрі басым-ай, ұмытып барады екенмін ғой! Қызым сыйлықтар қайда?

Ақшақар: -Міне, міне ата.

Аяз ата: - Міне, балалар сендерга әкелген сыйлығым!(сыйлықты тәрбиешігі ұсынады)

Жүргізуші: - Рахмет Ата, ал балалар, Аяз атаға рахмет айтайық!

Аяз ата: - Келесі жылы кездескенше аман-сау болыңдар!

Бәрі қоштасады, бәрі кетеді!

Жүргізуші: Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!