Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош келдің, Жаңа жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
1-4 сыныптар арасындағы жаңа жылдық мерекеге арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қош келдің Жаңа жыл!

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру.

Қажетті құралдар: Жаңа жылдық көрініс, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары

Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, ертегі көріністерін сахналау.Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген.


Жүргізуші:1

Барлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Олай болса алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Тенизбаев Сәрсентай Ныгметжановичке, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Иргазбаева Анар Кадирбековнаға сөз беріледі.

-рахмет сіздерге!

Құрметті қонақтар қош келіпсіздер! Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып, әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын!

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге. -дей келе жаңа жылдық мерекені қыздыру үшін ортаға 1- сынып оқушыларын «Жаңа жыл» әнімен қарсы алайық.

Жүргізуші Балалар, қарайықшы бізге кімдер жетіспей тұр? (Аяз ата мен Ақшақар) дұрыс айтасыңдар! Осы кезде ортаға қоян кіріп келеді.

Қоян: Балалар! Балалар, орманмен келе жатқан Аяз ата мен Ақшақарды қасқыр ұстап алыпты, енді не істейміз?

Қасқыр кіреді. Мынау неткен керемет жер? Мына жерде не болып жатыр?

Қоян: Қасқыр сен Аяз ата мен Ақшақарды жібер, олар осы жаңа жылдық мерекеге келе жатқан. Мұнда оларды кішкентай бүлдіршіндер күтіп тұр. Сен бір жақсылық жасап босат Аяз ата мен ақша қарды.

Қасқыр: Жақсы босатайын бірақ бір шартым бар, менің көңілімді көтеретін бір би болса?

Жүргізуші: Қасеке сіздің арманыңыз орындалды деп ойлаңыз. Қазір ортаға 3- сынып оқушыларын әдемі биімен шақырамыз.

БИ 3-сынып.

Жүргізуші: олай болса кәне балалар бәріміз бірге Аяз ата, Ақша қар деп ортаға шақырайық.

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші:

Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.

Кәне балалар кім тақпақ айтып береді екен?

Балалар жаттап келген тақпақтарын айтады.

Аяз ата ой жарайсыңдар! Ақшақар кәмпиттерін береді.

Қасқыр: Аяз ата, Ақша қар мен өз ісіме ұялып тұрмын! Сіздер мені кешіріңіздерші, енді бұлай қайталамаймын, балалар сендер маған көмектесіп жіберіңдерші, Аяз атаның көңілін көтерейік, бірге ән айтып берсек қалай қарайсыңдар? 2-сыныптың әні.

Аяз ата: ой бәрекелді! Жарайсыңдар балалар! Өркендерің өссін. (Сый-сыйпатын) береді.

Жүргізуші: Қасқыр сен өз ісіңе өкініп тұр екенсің, біз сені кешіреміз, солай ма балалар? Олай болса ескі жылды ортаға шақырайық. Ұлу жылын, ортаға Ұлу кіреді.

Ұлу: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді) Олай болса ескі жылдың құметіне 1- сыныптың биі.

3-сынып әні: «Шырша жанында»

Жүргізуші: олай болса балалар ортаға жаңа жылымызды шақырайық!
Жылан жылы: келеді.
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.
1 Жүргізуші: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылымыздың құрметіне сынып орындауында би. Қарсы алыңдар. 4-сыныптың әні.

Аяз ата ой бәрекелді. Ақшақар сыйлықтарын таратады.

Ән: 4-сынып. Серік Жібек .Рахмет.

1-сынып: Көзайымның әні.

Аяз атаның сөзі: Мен енді кетейін, сендерге көп рахмет, менің баратын жерлерім көп, жүр Ақша қыз.

Ал қарақтарым мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерін өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар. Ал келесі жыл кездескенше. Сау болыңдар?!

Жүргізуші: рахмет сізге Аяз ата, келесі кездескенше!!! (Аяз ата шығып кетеді).

Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тоқшылықта болайық.
 Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңдар!









«Горный жалпы орта білім беретін мектебі»КММ













«Қош келдің Жаңа жыл!»















Бастауыш сынып мұғалімі: У.Н.Жунусова













2024-2025оқу жылы



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2025
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12