Ордағалиева Гүлназ Мұратқызы
Ақтөбе қаласы
26 «Үміт»бөбекжай -балабақшасы
«Жұлдыз» ересек топ
Қош келдің, Жаңа Жыл!
(ертенгілік)
Амина жүргізуші
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды
маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы
Омар жүргізуші:
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертенгілік басталсын
«Жұлдыз» тобында
(Балалар музыка әуенімен залға кіреді)
«Көңілді достарым» флешмобымен ертенгілікті ашады
Тақпақтар:
Аяна
Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.
О алақай Аяз ата,
Келді бізге алыстан.
Айлина
Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып.
Аяз ата келіп тұр,
Ақ күпіге оранып.
Алнұр
Көрдің бе аяз атаны
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.
Айым
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Алуа
Кел жаңа жыл
нұр шашып,
Кел жаңа жыл қуантып.
Жаңа жылмен жаңарар,
Бақыт сыйлап бұл уақыт.
(Жарық сөніп, боран соғып орманнан қара түнек патшайымы келеді.
Қара түнек патшайымы: Соқ, соқ боран қаттырақ
Бүкіл әлем қара түнекке айналсын.
Алай -дүлей соқ боран.
Барлық дүние шайқалсын.
Тыныштықты бұзатын.
Кімдер бұлай ойнайтын.
Балаларды қаламаймын.
Сарайымды шашатын.
Тәрбиеші:Сәлеметсіңбе , Қара түнек патпайымы.Бұл сіздің сарайыңыз екенін білмеппіз.шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?
Қара түнек патшайымы: Менің сан жылдар бойы сарайымша ешкім жаңа жыл кешін тойламаған сарайымда асыр салып ойнамақшы болдыңдар ма?
Тәрбиеші: Жоқ, жоқ біз мында балалар және аналарымен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы еді.
Қара түнек патшайымы: Жоқ мен рұқсат бермеймін.Мен қазір боран соқтырып, Аяз ата мен Ақшақарды жолдарынан адастырып жіберемін.
(боранның әуені ойнап, шығып кетеді)
Ойын: «Ақ тілек» ата-аналармен
Тәрбиеші:Балалар қара түнек патшайымы бізге ашулы сияқты, қатты шулап мазасын алмайық.
Қара түнек патшайымы:Мына балалар әлі жүрме. Тезірек сарайымды босатыңдар.Ах , босатпайды екенсіңдер мен сендердің сыйлыққа айырбастар ақ ұлпа қарларың алып аламын.
(Шырша жанына барып отырып алады)
Тәрбиеші: Балалар енді біз қалайша сыйлық аламыз?Қара түнек патпайымына бар өнерімізді көрсетейік.Мүмкін біздің өнерімізді көріп, жүрегі жылып ақ ұлпамызды қайтарып беретін шығар.Біздің көнілді жігіттеріміздің сыйқырлы саксофондары бар еді ғой.Мүмкін көмектесіп қалар.
Тақпақтар:
Аяла
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай
Шырша тұрар мәңгілік
Адель
Кең пейілді, мол мейірлі
Сағынышпен табысқан
О, алақай, аяз атай
Келе жатыр алыстан
Санжар
Жаңа жыл, жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне жаңа жыл.
Әбдірахман
Қорықпаймыз аяздан
Шымшысада бетімді
Аппақ қарды кешеміз
Киіп алып етікті
Азиза
Бүгін біз көңілдіміз
Жаңа жылды қарсы алып
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз ән салып
Тәрбиеші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырып көмек сұрасақ қайтеді.
Балалар: Шақырайық
Аяз ата, Ақшақар......
Аяз ата, Ақшақар......
Аяз ата, Ақшақар......
(Әуен ойналып Аяз ата мен Ақшақар кіреді)
Тәрбиеші: Армысың Аяз ата ақсақалым,
Бармысың сұлу көркем Ақшақарым.
Асыға тағатсыздық сезімменен
Күтуде өзңіңізді барша қауым.
Аяз ата: Ау, амансыңба қыздарым.
Амансыңба ұлдарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Ақшақар: Ал, кәнекей балалар,
Ән мен жырға басайық.
Той думанды жалғайық
Тақпақтар:
Ер- Қанат
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз,
Ән салайық баршамыз
Әмір
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Умай
Дала нұр, қада нұр
Құтты болсын жаңа жыл
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Еркебұлан
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып
Теміржан
Аязды келіп қыс
Алғашқы қар ұшты
Аппақ болып үстіміз
Ақ қырау жабысты
Алдияр
Аяз ата жол салып,
Ақ боранмен алысқан
Балаларға базарлық,
Алып келді алыстан
Аяла: Аяз ата біздің шыршамыз көңілсіз болып тұр.Шырша шамдарын жаға аласыз ба?
Аяз ата: Арине қызым.Бірақ маған сендердің көмектерің қажет.
Кәне бәріміз бірге
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат...
(балалар үш рет айтқаннан кейін шырша шамдары жанады.)
Тақпақтар:
Аль-Амина
Оралды өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау, қарлы шың
Батыр
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталды,
Аяз оны басқарды
Іңкәр
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап
Нұрислам
Жаңа жылды қарсы алдым
Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де
.Әкежан
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Ойын:Ата-аналармен «Көніңді қалпақпар»
Тақпақтар:
Ерке
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Алина
Ақша қар, ақша қар
Аппақ болып қонасың
Тоса қалсам қолымды
Алақаныма толасың
Айбар
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән салайық баршамыз
Жан
Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды
Әміре
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Би: «Жаңа жылдық шамдар»
Аяз ата: О қара түнек патшайымы сабыр сақтаңыз.Сіздей әдемі ханшайым дәл бұлай қатал болмас.Сен бізбен келіп жаңа жыл тойласаң қайтеді.
Қара түнек патшайымы:Солайма, жарайды сіздің әдемі деген сөзіңіз жаныма жағып кетті.Мына биден кейін көңілім жайланды.Бір жеңілдеп қалдым.Ой рахмет балалар, шыршаларың сарайыма сән беріп, өздерің жылулық бердіңдер.Менің қара түнек басқан сарайым енді гүл шахарға айналсын.Балалардың шуына толсын.Мен енді сендерге сыйлық алатын ұлпа қарларыңды тәрбиешіге табыстайын.
(тәрбиешіге ұлпа қарларды береді)
Тәрбиеші: Бұл ұлпа қарларды қалай сыйлыққа айысбастайды екенбіз.
Аяз ата: Мен қазір сендерге заманауи сыйлық таратушы құралымды ортаға шақырайын.Бұл құралдың қалай жұмыс жасайтынын тәрбиеші апайларыңы айттым.
(ортаға банкомат келеді.)
Аяз ата: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Ақшақар: сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Би: «Жұлдыз тобыңың жұлдыздары» флешмоб
Қара түнек патшайымы: Балалар енді мен демалайын. Келер жылы тағы келіңдер.
Балалар: Сау болыңыз Қара түнек патшайымы.
Амина мен Омар
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
Амина жүргізуші
Құрметті қонақтар осымен мерекелік ертенгілігіміз аяқталды.
Омар жүргізуші
Келесі мерекеде кездескенше қош-сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қош келдің Жаңа жыл

шағым қалдыра аласыз