Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қош келдің ,Жаңа жыл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға мерекенің мазмұнын түсіндіру. Балалардың топпен бірге ән айтуға, би билеуге үйрету. Мереке кезінде өзін-өзі ұстау, балалардың бір-біріне қошемет көрсету, сыйлау тәрбиесін үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балаларға мерекенің мазмұнын түсіндіру. Балалардың топпен бірге ән айтуға, би билеуге үйрету. Мереке кезінде өзін-өзі ұстау, балалардың бір-біріне қошемет көрсету, сыйлау тәрбиесін үйрету.

«Қош келдің ,Жаңа жыл!»



Әуен қосылып балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті Ата-аналар,апайлар және кішкентай біздің бүлдіршіндер жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Жүргізуші: Балалар қараңдаршы ,біздің мерекеге қандай сұлу шырша келді.Балалар ендеше шыршаны айналып,жаңа жылдық ойыншықтарды тамашалап әнімізді баріміз бірге айтайық. Жаңа жылды біз тойлап. Шаттанамыз баріміз, Өлеңде әзір ән әзір. Кел жаңа жыл біздерге Кел жаңа жыл,жаңа жыл деп келесі кезекті әнге бериік.

Ән: «Келді міне жаңа жыл »

(Қардың дауысы)

Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа біреу келе жатқан сияқты,тыңдаңдаршы, бір дауыс естіп тұрмын.Ол кім болды екен? Сендер де естідіңдер ме?

Музыкамен залға қоян секіріп келеді.

Қоян:  Мен қоянмын, қоянмын, Ақ түске мен бояндым. Сәбіз берсең балалар, Әдемілеп тоямын.

Қоян: қандай әсем шырша қандай әдемі балалар

Жүргізуші: Ұзын құлақ сұр қоян, сен қайдан келдің қайдан жүрсің:

Қоян: Мен сендерді жаңа жыл мерекесімен құттықтауға келдім

Тәрбиеші:Олай болса қоян сен бізбен бірге жаңа жылды қарсы ал.

Біздің бүлдіршіндер саған арнап ақ қоян әнін айтып береді

Ән: Ақ қоян

Жүргізуші:Қоян бүлдіршіндеріміздің әні ұнадыма саған

Қоян: иа қатты ұнады рахмет балалар

Жүргізуші:ендеше балалар Аяз ата,Ақшақар Жаңа жылдың сыйлы қонағы!
Жүргізуші: Кәнекей, бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 – рет Аяз ата:. Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар:Аяз ата Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, аяз ата,ақшақар жол жүріп келдіңіздер отырып біздің бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалаңыз.
Аяз ата:жарайды қанекей тамашалайық

Жүргізуші: Ендеше біздің сізге арнап дайындаған биімізді қарсы алыңыз

Би: «аяз ата\» биі

Жүргізуші: Аяз ата сізге біздің балалардың айтар тақпақтары бар екен:

Әділахад

2. Жаңа жыл, Жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Раяна

3. Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Нұрислам

4. Дала нұр, қала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл

Медина

7. Тамаша тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Жаңа жылда ертегі

Келе ме біздің бақшаға

Мерейлім

20. Жаңа жыл, Жаңа жыл

Төгілсін жаңа нұр

Сыйлығын сүйретіп,

Келді міне, Жаңа жыл

Камила

12. Көрдің бе Аяз атаны

Аппақ екен сақалы

Аппақ екен мұрты да

Аппақ екен шапаны



Аяз ата:ой балалар өрке52310ндерің өссін қандай әдемі тақпақтар.

Ақшақар: Аяз ата, аяз ата.

Аяз ата: Не болды ақшақар қызым?

Ақшақар: Шыршаның артында біреу тұрғой.

Аяз ата: Бұл түлкіғой. Қанекей түлкішек келеғой бізбен бірге жаңа жыл мерекесін тойласын.

Түлкі: (ренжіп тұрады) Жооқ мен сендерге ренжідім. Сендер мені шақырмай жаңа жыл мерекесін тойлап жатырсыңдар

Жүргізуші: түлкі келеғой сен бізге ренжіме кел оданда шыршаны бизендірейік

Әуен қосылып ойын ойнаймыз Ойын: «Шыршаны бизендіру»

Жүргізуші: Аяз ата біздің қыздардың сіздің ақшақар қызыңызға арнаған биі бар биге кезек бериік Би: «Ұлпағарлар» қыздар биі

Балалар отырады.

Әуен қосылып көңілсіз мұрынын жоғалтқан аққала кіреді.

Жүргізуші:Ой балалар қараңдаршы бізге қонаққа аққала келді

Сәлеметсің бе ! Аққала неге көңіл күйін жоқ?

Аққала:Менің мұрыным түсіп қалып соны таба алмай жылап келемін

Сен мұңайма сенің мұрныңды табуға біздің балалар көмек теседі.

Солайғой балалар,көмек тесемізбе аққалаға

Сен аққала бізбен ойын ойнап көңіліңді көтер.

Аққала: әрине ойнаймын.

Ойын: «Қар кесектері»

Ойын арасында мұрын табылады. (Ойын 2 рет қайталанады).

Аққала: Рахмет балалар мұрнымды тауып бергендеріңе және көңіл күйімді көтердіңдер! Енді мен мерекені достарыма барып ары қарай жалғастырайын. Жаңа жыл мереке құтты болсын! Жүргізуші:Сау бол аққала енді үнемі ұқыпты болып жүр.

Балалар отырады.

Аяз ата:Олай болса менде бір ойын ойнайын Ал, қыздарым, ұлдарым бір ойын ойнайық.

Ойын:Мұз қат ойыны

Балалар енді ескі жылмен қоштасатын уақыт келді.Балалар кане көздеріңді жұмайық,

Аяз ата: Ал, айналайын жылан жылы Жаңа жыл, келген қадамына нұр бітсің! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіне аманат!Жаңа жыл берекесімен келсін!Келесі кездескенше сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2025
59
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12