Қош келдің ,жаңа жыл!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің ,жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған дайын сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Ортаңғы «Таңшолпан» топ


  1. Балалар музыка әуенімен залға кіреді

  2. Құттықтау сөзі:


1 Армысыздар халайық! 2 Келеді міне жаңа жыл

Бармысыздар халайық Қуантумен біздерді

Жаңа жылды жұп жазбай Құтты болсын қуаныш

Бірге қарсы алайық! Құттықтаймыз сіздерді!


Жүргізуші: -Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз,

Жүргізуші: - Балалар, айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы) Аяз ата!!!!!
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге Аяз атаны шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
3 Музыкамен Буратина кіреді

Буратина: - Сәлеметсіңдер ме! Мен ертегі әлеміндегі Буратинамын. Мені аяз ата шақырған еді, мына кілітті аяз атаға алып келген едім. Ол мына сандықтың кілті. Мен ерте келіп қойыппын ғой.Достарым мен асығыс едім , мына кілітті кімге берсем екен?

Тәрбиеші: - Буратина келгенің қандай жақсы болды, бұл ненің кілті ?

Буратина: Бұл мынау сандықтың кілті, аяз ата сенде тұра тұрсын, мен ұмытып кетуім мүмкін деген еді.

Тәрбиеші: Жарайды онда, Буратина бізде қонақта бол, аяз ата кешігіп жатыр, бірге шақырайық. Кәнекей, ендеше бәріміз бірге Аяз атаны шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
4 (музыкамен) Аяз ата сөзі

Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?


Ақшақар : - Сәлеметсіңдер ме балалар!

Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін,жырмын,тақпақпын


- Ата, ата, шыршамыз өте сұлу әдемі , қане шырша шамын жағайық

(шырша жағу)


Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

4 Ән «Ақшақар әні»


1 Қар жауды , қар жауды

Бақытты бала - шаға

Қар қызы, қар қызы

Ақшақарды жасайды

Қ-сы

Алтын шашты сүйкімді 2рет

Ақшақар күн секілді


2 Сен сұлу, сен сұлу

Көреміз ғажаптанып

Қайырымды , қарлы қыз

Сені жақсы көреміз

Қ-сы

Алтын шашты сүйкімді 2рет

Ақшақар күн секілді

5 Би: «Ақшақарлар »

6 Тақпақтар


1 Жаңа жыл келгенд 2 Бақша іші - мереке

Қуанып қарсы аламы Ойын күлкі асқақ ән

Аяз ата келгенде Жақсы етіп жаңа кеп

Билейміз, ән саламыз Мерекені бастаған


3 Жаңа жыл мол болсын 4 Жасыл желең жамылған

Басқан қадам оң болсын Асыл моншақ тағылған

Төрле, төрле жаңа жыл Міне, сұлу шыршамыз

Бізге Құтты жыл болсын! Көптен күтіп сағынған


5 Жаңа Жылда балалар 6 Тоғай да, баулар да

Тек қуаныш көріңдер Ақ күміс жағылды

Ауырмаңдар ешқашан Дала да, таулар да

Мықты болу өзіңнен Өзіңді сағынды

7. Ән « Аппақ қар»

1 Аппақ аппақ жапалақтап

Қар жауады тынбастан 2рет

Қалың орман,қар жамылған

Маужырайды түнгі аспан

Кең пейілді ,мол мейірлі

Сағынышпен табысқан


2 Жау - жау қарым жау қарым

Жақсы болар жауғаның

Жердің жүзін жаңартшы 2 рет

Демейінші жаурадым

3 Жау - жау қарым жау қарым

Құмшекер боп саулағың 2рет

Ақ көрпеңмен қымташы

Туған жердің тауларын


4 Жау - жау қарым жау қарым

Сәні кірсін ауланың 2рет

Ақ шәліңмен орашы

Туған жердің бау бағын


5 Жау - жау қарым жау қарым

Жақсы болар жауғаның 2рет

Белгілі ғой көктемде

Береке боп қаларың


8 Би «Жігіттер»


9 Тақпақтар


1 Тамаша, тамаша 2 Келді міне жаңа жыл

Шыршамыз тұр жараса Қуантумен біздерді

Басында әсем жұлдызы Құтты болсын қуаныш

Көз тоймайды қарасақ Құттықтаймыз сіздерді



3 Жаңа жыл, жаңа жыл 4 Жаңа Жыл келгенде

Жаңа жылда жаңа жыр Қуанып қарсы аламыз

Жасыл шырша жанында Аяз ата келгенде

Жадырап барлық бала жүр Билейміз ән саламы


5 Ақ қар жапты даланы 6 Жаңа жылда балалар

Ақ жамылды айнала Тек қуаныш көріңдер

Жарқыратты шамдарын Ауырмаңдар ешқашан

Шырша келді ортаға Мықты болу өзіңнен


7 Жаңа жыл ,жаңа жыл 8 Жылдың әнін бастайын

Құтты болсын жаңа жыл Дос болып келсін жаңа жыл

Ата-әже , әке шеше

Құтты болсын жаңа жыл!


9 Ақша қар ,ақша қар 10 Жаңа Жылда балалар Аппақ болып қонасың Тек қуаныш көріңдер

Тоса қалсам қолымды Ауырмаңдар ешқашан

Алақаныма толасың Мықты болу өзіңнен






10 Ән ««Шыршаға бардық»


1 Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.

Қайырмасы:

Шыршаға бардық

Әсем ән салдық.

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық.

2 Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдық,

Бір жасқа енді.


11 Би « Сыйлықтар»

12 Тақпақтар


1 Аспан жерге төгеді 2 Ән айтамыз, би билейміз

Ақ күмісін уыстап Біз көңілді баламыз

Жаңа жылым келеді Шаршауды біз білмейміз

Бізге қарай жылыстап Тақпақ айтып, би билеп

Аяз атадан сыйлық аламыз



3 Жаңа жылда бақшамыз 4 Тілеймін мен бар әлемге

Гүлдей болып жайнасын Дос боп келсін жаңа жыл

Аман болсын барлық бала Ата -әже, әке шеше

Шат шадымен ойнасын Құтты болсын жаңа жыл!



5 Аспан жерге төгеді 6 Әдемілеп біз ілген

Ақ күмісін уыстап Ойыншықтар тізілген

Жаңа жылда келеді Қандай әсем шыршамыз

Бізге қарай жылыстап Ән шырқайық баршамыз



13 Ойын «Шыршаны әсемдеу»



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі